|  | 

Жаһан жаңалықтары

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі өтетін күн белгіленді 

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек. Лас-Вегас, АҚШ, 16 қыркүйек 2017 жыл.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек. Лас-Вегас, АҚШ, 16 қыркүйек 2017 жыл.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварес арасындағы қарымта кездесу 2018 жылдың 5 мамырында өтетін болды. Кездесу күні белгіленгенін боксшылардың өздері мен олардың промоутерлері хабарлады. Қарымта кездесудің қай қалада өтетіні әзірге жарияланбады.

Головкин мен Альварес арасындағы 2017 жылы қыркүйекте өткен алғашқы кездесу 12 раундқа созылып, төрешілер шешімімен тең аяқталған. Орта салмақ бойынша (74.6 килограмм) өткен жекпе-жектен соң екі боксшы да тең нәтижеге көңілі толмайтынын айтып, қарымта кездесуге дайын екенін мәлімдеген.

35 жастағы Головкин кәсіпқой бокста 38-кездесу өткізіп, бір рет тең түскен. 37 кездесуде жеңіске жеткен. Головкин – WBC, WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) қаңтардың басында Головкинді «жылдың үздік боксшысы» деп таныған.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • Қызғаныш қозғау салған реформа

    Анна КЛЕВЦОВА Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Батыс баспасөзі Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформалар, Қазақстанның дін қызметі туралы заң жобасы және Олимпиада ойындарының құны туралы жазған. ӨЗБЕКСТАННЫҢ “АШЫҚТЫҒЫ” Ұлыбританиялық Financial Times газеті “Бір кездегі репрессиялық Өзбекстан Каримовтен кейінгі ашықтық [дәуіріне] аяқ басты” деген мақаласында Өзбекстанның жаңа президенті Шавкат Мирзияевтің саясатын мақтап, “Freedom House ұйымы саяси құқық, азаматтық еркіндік жағынан Солтүстік Кореяға теңестірген ел қысымды босаңсыта бастағанын білдіретін белгілер байқалады” деп жазған. “13 жыл бойы премьер-министр қызметін атқарған Шавкат Мирзияев те ескі жүйенің бір бөлігі болды, бірақ [23 жыл бойы Өзбекстанның құпия полиция бастығы болған Рустам] Иноятовты қызметінен алуы елді “ашық ету” процесін бастауға бағытталған ең батыл қадам

  • БАҚ: Сириядағы «Вагнер» жауынгерлері Ресейде емделіп жатыр

    Сириядағы әуе шабуылдарынан кейінгі көрініс (Көрнекі сурет). Сирияда АҚШ бастаған коалицияның әуе шабуылдарында жараланған ресейліктер Қорғаныс министрлігінің Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі госпитальдарында емделіп жатыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне зардап шеккендердің екі танысы құпия түрде хабарлаған. Мәліметтерге қарағанда, ауруханаға бірнеше науқас аса ауыр жарақатпен түсіп, қаза тапқандар саны артқан. 7 ақпанда коалиция авиациясы Сирияның Дейр-эз-Зор провинциясында Сирия президенті Башар Асад жағында соғысқан қарулы жасақтарға әуеден соққы жасаған. Әрқилы мәліметтер бойынша, шабуылдан «Вагнер» жекеменшік әскери компанясының құрамындағы жүздеген ресейлік оққа ұшқан. Қорғаныс министрлігі Ресей азаматтарының қазасын растамай отыр. Министрлік әуе соққысы жасалған ауданда ресейлік әскерилер болмағанын айтады. Сирияда халықаралық коалицияның соққысынан ресейлік жалдамалылар зардап шеккенін америкалық CBS телеарнасы Пентагондағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлаған. Жалдамалы

  • Назарбаевты мақтағаны үшін Трамп сынға ұшырады

    Анна КЛЕВЦОВА Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Дональд Трамп. Вашингтон, 16 қаңтар 2018 жыл. ТРАМПТЫ СЫНАУ Америкалық Washington Post газеті АҚШ президенті Дональд Трамптың АҚШ астанасында әскери парад өткізу ұсынысын сынау күшейіп бара жатқаны туралы жазған саяси шолушы Макс Буттың “Америка Трамптың тегеуірініне қарсылық білдіріп жатыр. Тек ұрынып қалмаңдар” мақаласын жариялады. “Трамп “авторитарлы тұлға» деген ұғымға сай” деп санайды Макс Бут. Шолушы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жуырдағы сапары кезінде оны Дональд Трамптың мақтағанын еске салған. “Владимир Путин, Си Цзиньпин, Абдель Фаттах әл-Сиси және Режеп Тайып Ердоған сияқты диктаторларға Трамптың тәнті екені қайран қалдырмайды. Ол тіпті “үлкен, тамаша жұмыс атқарғаны” үшін 97,7 пайыз дауыспен “қайта сайланған” карикатуралық кейіпкер – қазақстандық Нұрсұлтан Назарбаевты

  • “Путиндік Ресей” жайлы 100 сұрақ 

    Азаттық радиолы Татьяна Кастуева-Жанның “Путиндік Ресейге қатысты 100 сұрақ” кітабының мұқабасы. “Путиндік Ресейге қатысты 100 сұрақ” (La Russie de Poutine en 100 questions) – қазіргі Ресейдің жағдайы түрлі дереккөздерден алынған фактілер мен жеке автордың тәжірибесіне сүйеніп сипатталған 100 қысқа тараудан тұратын кітап. Шығарманың мақсаты – либералдық құндылықтар негізінде тәрбиеленген Батыс Еуропа тұрғындарына қазіргі Ресейдің болмысын түсіндіру. “Путиндік Ресейге қатысты 100 сұрақ” кітабында Ресей мен Франция қоғамының арасында түсініспеушіліктер тым көп екені айтылады. Кітап авторы әрі Франциядағы ІFRI халықаралық қатынастар институтына қарасты Ресей және ТМД орталығының директоры Татьяна Кастуева-Жан Азаттықтың Орыс қызметіне сұхбат берді. – Фукуяманың (Фрэнсис Фукуяма – америкалық философ, саясаттанушы, саяси экономист әрі жазушы – ред.) “Тарихтың ақыры” деген кітабы

  • АҚШ санкция ықтималдығымен «Кремль есебін» жариялады 

    Азаттық радиосы Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта), осы елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков (арт жақта) ТМД елдері басшылары жиынында отыр. Сочи. 11 қазан, 2017 жыл. АҚШ қаржы министрлігі жариялаған “Кремль есебінде” Ресей президенті Владимир Путиннің айналасындағы санкция салынуы мүмкін адамдардың аты-жөні белгілі болды. Есепке ілінген 210 адамның ішінде үкімет мүшелері, Путин әкімшілігінің қызметкерлері, олигархтар және “өзге де жоғары лауазымды саяси жетекшілер” бар. АҚШ-та жариялануы көптен күтілген осы тізімдегілер болашақта Америка санкциясына алынуы әбден мүмкін. “Кремль есебіне” Ресейдің 114 жоғары лауазымды саясаткерлері және 96 олигарх қамтылды. Бейресми түрде бұл есеп “Путин тізімі” деп аталады. ТІЗІМДЕГІЛЕР Аталған тізімге алынғандардың ішінде Ресей президентінің баспасөз хатшысы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: