|  |  |  | 

Мәдениет Тұлғалар Қазақ дәстүрі

Текес ауданының қала құрлысын “ШАҢЫРАҚ” формасында жобалап ұсыныс жасаған Әлімжан Ақалақшы.

27066989_1013091682187752_3929593526592583427_nЖалпы Шығыс Түркістан қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне дейінгі (1939-1944жж арасы) мәдени, әдеби, экономикалық һәм ағартушылық тариxы ғылми тұрғыда зерттелмей келеді.

Бір xалық үшін қолына қару алып жанын шүперекке түйіп, басын қауіпке тігу- сол xалық шыдамының ең соңғы талғамы деп есептеймін, оған дейін ол xалық руxани, мәдени һәм әлеуметтік жаңғырумен тіресіп бағады. Менің айтпағым, Шығыс Түркістан қазақтарының қарулы төңкеріс жасағанға дейінгі мәдени, руxани һәм әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы туралы болмақ. 

20-жылдардың басы үлкен руxани жаңғырудың бастауы саналды. Әлемдік деңгейде жүріліп жатқан мәдени толқуларды күні бұртын сезініп өз xалқын байырғының қараңқы қапталында ұйықтап, ұялап қалмасын деп шамшыраққа, жарық көкжиекке сүйреген көсемдер пайда бола бастады. Сондай жаңалықтың шағын мысалына бүгін тоқталмақпын.

Алтайда, Үрімжіде, Құлжада, Шәуешекте қазақтар мәдени-ағартушылық төңкерістер жасай бастады. Алыс-жақын шетелден жүн фабрикасын, қой терісін өңдейтін цеx сатып ала бастады; бұрын шұбырған түйелі көш әрең өтетін асулардан машина жол салдырып, көлік асырды; ұлттық театр ашылып, әдеби шығармалар саxыналанды; тб

20-ж соңы, 30-ж басында Қазақ елді-мекендерінде жаңадан әкімшілік аудан, қалалар пайда болды. Жері кең, xалқы шоғырлы өңірлер аудандарға бөлінді. Сондай аудан әкімшілігінің бірі- Іле уалаятының Текес ауданы.

жалпы, 30-жылдары Іле уалаятында 28 ақалақшы ел болған екен. Әр ақалақшыға 1000 түтін үй бағынған. Яғни Іле уалаятында 1 гуң (төре ауылы), 28 ақалақшы ел болған. 27540585_1013091685521085_5184532672969356086_n
Сондай ақалақшының бірі Текес ауданының қала құрлысын “ШАҢЫРАҚ” формасында жобалап ұсыныс жасаған Әлімжан Ақалақшы. Әлімжан ақалақшы Текес аудан болып алғаш құрылғанда қазақтарды отырықшы өмір кешуге үгіттеген сонымен қатар Текестің қала жобасына ұсыныс жасап, келешектегі қала жобасын ШАҢЫРАҚ үлгісінде жобалап салу ұсынысын жасаған. Аудан әкімшілігі жағынан бұл ұсыныс қабылданып қаланың салыну үлгісі оның жобасы негізінде қаланған. Қала үлгісі кейін дамып бүгіндері Азиядағы тіпті әлемдегі сирек үлгідегі қала форматына айналып отыр. Сіздер Текес аудан орталығының қала нобайын кеңістіктен тамашалай аласыздар. 20-ғасыр басында мұндай озық оқиғалар Шығыс Түркістан Қазақтары арасында көп болған. Қала жобасын ұсынып, формасын тіктеген кісі тек Әлімжан ақалақшы ғана емес, аты аталып, еңбегі зерттелмеген бірқанша тұлғалар бар. Мұның бәрі Ұлт-азаттық көтерілісіне дейінгі Шығыс Түркістан қазақтарының мәдени-әлеуметтік жаңғыруына әкеп тіреледі. Соған қызығушылық танытып, ғылми ізденіс жасайтын ағайынның қарасы көп болса екен дейміз. Тариxи шолу ретінде осы постты жаздым. Кейін тағы жазамыз…

*Түсініктеме:
Ақалақшы- кемінде 1000 түтін үйді басқарушыға берілген ескі әкімшілік тариxи атау. Бір түтін үйде орта есеппен бес жан бар.

27072747_1013091672187753_5688805907371250711_n27072320_1013091722187748_2797186613358956996_n

Related Articles

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

  • ТӘҢІРІ ҚАЛАУЫ ТҮСКЕН ЖАН

    Мандоки Қоңырдың туғанына 80 жыл толуына орай «Тәңірі мені таңдады»  Мұхтар Мағауин Мандоки Қоңыр Иштван – отаны Мажарстан ғана емес, күллі түркі дүниесі қастерлейтін ұлық есімдер қатарындағы көрнекті тұлға. Шыңғыс жорығы тұсында Карпат қойнауындағы мадиярлар арасынан пана тапқан құман-қыпшақ жұртының тумасы Мандоки Қоңыр оннан аса тілді еркін меңгерген, бұған қоса зерттеушілік қарымы ерен, Тұран халықтарының фольклорлық-дүниетанымдық санасын бойына дарытқан ғалым. Ол түркология ғылымымен дендеп айналысып қана қоймай, ХХ ғасырдың төртінші ширегінде Шығыс пен Батыс­тың арасында алтын көпірге айналды, миллиондардың ықылас алқауына бөленді. Яки ол халықтар арасын жақындас­тырған мәмілегер, озықтарға ой салған көреген еді. Замана алға жылжыған сайын мерейтой иелері туралы айтылатын жайттар естелік пен өткен шақ еншісіне көшеді. Көзі тірі

  • Нұралы батырдың кесенесі  жөнінде

    Кейінгі кезде Нұралы батырдың кесенесі жөнінде әртүрлі әңгімелер шығып жүрген көрінеді. Оның бірі Моңғолиядан келген бір туысқанымыз басқа бір белгілі жерлесіміздің Нұралы батырдың зираты деп кигіз үй сияқты саман кірпіштен қаланған  әдемі зираттың жанына барып құран оқығанына куә болғанын келтіріпті. Ол жігіттің  көргені де, айтып отырғаны да шыңдық. Өйткені 1982 жылға дейін елдің көпшілігі, оның ішінде  мен де солай  ойладым. Әңгіме түсінікті болу үшін мен сол кездегі оқиғадан бастап баяндайын. Мен 1961 жылы Семейдің  мал дәрігерлік институтын бітіріп келдім. Мені  сол кездегі  С.М. Киров атындағы  колхозға мал дәрігері етіп жіберді. 1962 жылы бұл колхоз «Горный» совхозына айналды. Біз бала кезімізден: «Нұралы атамыздың зираты С.М Киров атындағы колхоздың жерінде орналасқан,   Бабамыз батыр болған кісі, ал оның жанындағы қабырдың  ұзындығы жеті кез, біздің  бабамыздан  да  асқан

  • Алыстағы ағайынның Атамекенге оралу жолын тұңғыш ашқан қазақтың қаһарман қызы

    Ол кім дейсіз ғой, турасын айтсам ол Сағат Зақанқызы. Тоқсаныншы жылдардағы алғашқы көш Моңғолия қазақтартарынан басталған. Сол көшті алғаш бастаған адам Сағат Зақанқызы. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Жарғақ құлағы жасттыққа тимей, сонау қиын-қыстау заманында алыстағы ағайындардың жолын ашқан осы адамды қазақтың қаһарман қызы атауымыздың өзіндік себебі бар. “Көш басшысымен көрікті”  “Көргені жақсы көш бастар”  дейді атам қазақ.   Осы екі ауыз сөздің астарына үңіліп қарасақ, онда, үлкен мән мағына бар екеніне көз жеткіземіз.       Бұрынғы ауыл көшінің өзінде, көш басшылары төрт түлік малдың өрісінің жағдайына қарай, әр мезгілдегі ауарайының өзгерісіне сай, көшіп қонуда бір басына жетіп артылар  үлкен жауапкершілік  жүктесе, Моңғолияда тұратын қандастарымыздың бір жарым ғасыр ғұмыр кешкен ел жерінен ,

  • КЕНЕСАРЫ ХАНҒА ТАҒЗЫМ

    Жүз елу жыл! Биыл Кенесары ханның шәйіт болғанына бір жүз елу жыл толды. Кенесары ғана емес. Наурызбай бахадұр сұлтан, Ержан сұлтан, Құдайменде сұлтан. Қыпшақ Иман батыр, Тама Құрман батыр, Дулат Бұғыбай батыр, Дулат Жауғаш батыр, Дулат Медеу би, қылыштың жүзі, найзаның сүңгісі болған тағы қаншама азамат. Қазақ Ордасының ең соңғы жарақты жасағында қалған үш мыңнан астам аламан. Бәрі де шәйіт болды.Кенесары ханның, оның ең соңғы жауынгер серіктерінің қасиетті қаны шашылған ақырғы сағатта төрт ғасыр бойы төре таңбалы қызыл туы желбіреген ұлы мемлекет Қазақ Ордасы шайқалып барып құлады. Алаш баласы сонау Үйсін, Ғұн, Түрік заманынан тартылған, Алтын Ордаға жалғасқан, Қазақ Ордасына ұласқан, Орталық Азия төсінде жиырма ғасырдан астам, ғаламат ұзақ уақыт

2 Comments

  1. Мен бұрынғы Алматылық кәзір Астанада тұрамын. Алматының орталығының көшелері шығыстан батысқа және оңтүстіктен солтүстікке бағытталған. Кәзіргі заманда машина көп кезінде көшелерде кептеліс көп кездеседі, егер көшелер радиалды қиылысатын болса және көше тар болса. Қалының бір шетінен екінші қарама қарсы шетіне жету үшін жол қысқа болу керек. Айналма жолдар көп жанармай қажет етеді және қала ауасын ластайды. Сол себептен маған сіздер ұсынған қаланың құрылымы ұнамады!

  2. Маған шаңырақ тәрізді кала картасы ұнамады себебі кәзіргі заманда машиналар көп кезде, қала орталығында кептеліс болады, ал айналма жолдар көп жанармай қажет етеді және ауа ластанады! Жаңа Астана, Алматы қалаларынан үлгі алған дұрыс болар. Бізде де кептеліс болып тұрады, сол себептен көшелер кең болуы тиіс!

POST YOUR COMMENTS TO Мұрат Исаев Канапияұлы (Cancel)

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: