|  | 

Жаһан жаңалықтары

АҚШ ресейлік 60 дипломатты еліне қайтармақ


U.S. -- A moving truck enters the Russian Embassy in Washington, December 31, 2016

U.S. — A moving truck enters the Russian Embassy in Washington, December 31, 2016

АҚШ Ұлыбританияда уланған бұрынғы ГРУ офицері Сергей Скрипальдың шуына жауап ретінде 60 ресейлік дипломатты еліне қайтарып, Сиэттлдегі Ресейдің Бас консулдығын жабу туралы шешім қабылдады.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, президент Дональд Трамп ондаған ресейлік барлау офицерін АҚШ-тан шығарып, Сиэттлдағы сүңгуір қайықтар базасы мен Boeing компаниясының штаб-пәтеріне жақын орналасқан ресейлік консулдықты жабу туралы тапсырма берген.

Мәлімдемеде “бұл – АҚШ-тың НАТО-дағы және әлемдегі басқа да одақтастарымен бірге Ресейдің әскери саладағы химиялық қаруды Ұлыбритания территориясында қолданғанына жауап” деп көрсетілген.

Бұған дейін Германия бұрынғы ГРУ офицері Сергей Скрипальдың улануына Мәскеудің қатысы бар деген күдікпен ресейлік төрт дипломатты еліне қайтару туралы шешім қабылдағаны хабарланған.

Чехия, Польша, Дания, Франция, Латвия, Литва, Голландия да елден Ресей дипломаттарын шығармақ. Еуропалық кеңес президенті Дональд Туск 14 мемлекет ресейлік дипломаттарды елден шығаратынын, шаралар мұнымен шектелмейтінін айтты. Еуропа одағына кірмейтін Украина ресейлік 13 дипломатты елден шығармақ.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • «Кейбір елдер Ресейдің Қырымды басып алғанын ұмытты»

    Бірқатар Батыс Еуропа елдері Ресейдің Қырымды аннекциялап алғанын ұмыта бастады. Бұл туралы Анкарада Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют ЧАВУШОҒЛЫ мәлімдеді, деп хабарлайды zhasalash.kz түркиялық «Yeni Safak» басылымына сілтеме жасап. Сыртқы саясат ведомствосының басшысы бұл туралы 7-маусым күні Қырым түріктерінің мәдениеті мен өзара жәрдем Ассоциациясы ұйымдастырған жиында айтты. «Қазір Қырымның жағдайын ұмытқандарыңыз үшін күні ертең Украинада әлдебір оқиға бола қалған жағдайда, сіздер жауапты боласыздар», — деді Мевлют Чавушоғлы Батыс Еуропаға қарата. Ол Түркия өз кезегінде Қырым туралы бір сәтке естен шығармайтынын, сондай-ақ Ресейдің түбекті оккупациялауын ешқашан құптамайтынын айтты. Сонымен қатар, Анкара тарапы қырым татарларына қашан да қолдау көрсетіп отыратыны жайлы уәде берді. Чавушоғлының айтуынша, Түркия Еуропа Кеңесінде, ЕҚЫҰ-да және өзге де халықаралық платформаларда Қырым мәселесін

  • Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның келіссөзі басталды

    Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын (сол жақта) мен АҚШ президенті Дональд Трамп қол алысып тұр. Сингапур, 12 маусым 2018 жыл. Сингапурде 12 маусым күні жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 9-да АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының кездесуі басталды. Кездесу басталар алдында Дональд Трамп пен Ким Чен Ын қол алысып амандасты. Кездесу Сингапурдың Сентос аралындағы шипажайда өтіп жатыр. Дональд Трамп пен Ким Чен Ын екі аудармашымен ғана қалып, жеке кездесті. Әдетте мұндай кездесулерде АҚШ президентінің кем дегенде бір жақын көмекшісі жанында болатын. Екі ел басшыларының алғашқы кездесуі шамамен 45 минутқа созылды. Оңаша кездесуден соң Трамп келіссөз жалғасатынын айтып, Корей түбегін ядролық қарусыз аймақ қылуда “үлкен табысқа” жететінінен үмітті екенін білдірді. Бұдан

  • Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті өтіп жатыр

    Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшылары кезекті саммит алдында. Циндао, Қытай, 10 маусым 2018 жыл. Қытайдың Циндао қаласында бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтіп жатыр. Маусымның 9-ы күні саммиттің ашылу рәсімінде Қытай президенті Си Цзиньпин ШЫҰ “бірлігіне” жоғары баға беріп, ұйым жұмысы “бірегей ұстаным әзірлеуге және өзара тиімді әріптестікке” құрылғанын айтқан. Оқи отырыңыз: Қытайдың маңайындағы елдерге қолданар айласы Қытай мен Ресейдың жетегіндегі бұл аймақтық ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан мен Пәкістан мүше. Соңғы екеуі ШЫҰ мүшелігіне өткен жылы қабылданған. Ал, Ауғанстан, Беларусь, Иран мен Моңғолия бұл ұйымға бақылаушы ретінде қатысады. Бұған дейін биылғы саммит аясында ШЫҰ өкілдері Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ-ОДКБ) мен

  • “Мәселенің Иран режимін ауыстыруға қатысы жоқ”

    Азаттық радиосы АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның “Америка дауысы” радиосына сұхбат беріп отырған сәті АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео “Америка дауысы“ радиосына берген сұхбатында Вашингтонның Иранға, оның ядролық бағдарламасы мен аймақтағы рөліне қатысты жаңа саясатының мақсатын түсіндіріп берді. Мамырдың 8-і күні АҚШ президенті Дональд Трамп 2015 жылы қол қойылған әрі “Бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспары” деген атау алған Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімнен АҚШ шығады деп мәлімдеген еді. 5+1 деп аталған (Германия және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері: АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Францияның Иранмен мәмілесі) келіссөзі деп те аталатын жоспар бойынша әуелде Иранда байытылған уранның көп бөлігі шетелге шығарылатын болады, бірақ ыдырағыш материалдарды байыту құқығынсыз жұмыс істейтін ғылыми орталыққа айналады деп келісілген Фардо

  • Қытай: АҚШ кемесі теңіздегі шекарамызды бұзды

    Оңтүстік-Қытай теңізіндегі Қытай жасаған жасанды арал (Көрнекі сурет). Қытай АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінің кемесін Оңтүстік-Қытай теңізіндегі аймаққа басып кірді деп айыптады. Бұған дейін Reuters агенттігі америкалық ресми тұлғаға сілтеме жасап, Higgins және Antietam әскери кемелері Қытай өзінің аймағы деп есептейтін Парасель аралдарынан шамамен 19 шақырым қашықтыққа енгенін хабарлаған. Қытай Сыртқы істер министрлігі америкалық кемелер теңіздегі шекараның 12 миль аймағын бұзғанын мәлімдеді. Пекин Қытай бұл аймаққа жеке кемелері мен ұшақтарын жөнелтіп, “елдің егемендігі мен қауіпсіздігін қорғау үшін тиісті шаралар қолдануға мәжбүр болды” дейді. АҚШ әскери кемелерінің Оңтүстік-Қытай теңізінде жүруін Пекин тарапынан жасалып жатқан шектеулерге қарсы тұру деп түсіндірді. Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптан пен басқа да америкалық жоғары лауазымды тұлғалар Пекиннің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: