|  | 

Жаһан жаңалықтары

Серж Саргсян отставкаға кетті

Серж Саргсян

Серж Саргсян

23 сәуірде Арменияның премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кетті. Елдегі оппозиция соңғы он бір күн бойы Ереванда толассыз шеруге шығып, оның екі мерзім президент болған соң үкімет басқаруға қайтып келуіне наразылық танытқан. Саргсян: “Мына туған ахуалға қатысты әртүрлі шешім қабылдауға болар еді. Бірақ мен ондайға бармаймын. Елдің жетекшісі, үкімет басшысы қызметінен кетем” деп мәлімдеді. Саргсян жаппай наразылық шарасын ұйымдастырушы Никол Пашинянның позициясын “жөн” деп мойындаған.

23 сәуір күні Еревандағы оппозиция шеруіне әскери киімділер мен діни қызметкерлер де қосылды.

23 сәуір күні Еревандағы оппозиция шеруіне әскери киімділер мен діни қызметкерлер де қосылды.

Армениядағы оппозицияның жетекшісі, парламент мүшесі, “Елк” саяси блогының басшыларының бірі Никол Пашинян 2008-2018 жылдары екі мерзім президент қызметін атқарған Серж Саргсянның премеьер-министр болуына қарсы шыққан.

Пашинян бастаған ондаған мың армениялық Ереванда он шақты күн бойы демонстрация ұйымдастырып, жолдарын бөгеген полицияны “Саргсянды емес, халықты қорғауға” шақырған.

Саргсян соңғы президенттік мерзімі аяқталар тұста 2015 жылы Арменияда саяси реформа жасап, конституцияға өзгеріс енгізіп, елдің саяси құрылымын квази-президенттіктен парламенттік жүйеге ауыстырған. 9 сәуірде Серж Саргсянның жақын серіктерінің бірі Армен Саркисян Арменияның жаңа президенті ретінде қызметке кіріскен. Ал Саргсянның өзі 17 сәуірде премьер-министр болып сайланып, саяси тәжірибесін жаңа буын жетекшілеріне үйретіп кететінін айтқан еді. Пашинян бастаған оппозиция Саргсянды билікті жеке дара иеленуге тырысып жатыр деп айыптап келген.

22 сәуір күні Серж Саргсян Ереванда Никол Пашинянмен (оң жақта) мәміле жасай алмай, кездесу орнынан кетіп қалған.

22 сәуір күні Серж Саргсян Ереванда Никол Пашинянмен (оң жақта) мәміле жасай алмай, кездесу орнынан кетіп қалған.

 

22 сәуір күні Пашинян қамауға алынып, 23 сәуірде босатылды. Дүйсенбіде Еревандағы ондаған мың демонстрант қатарына әскери киімді адамдар да қосылып жатты.

Саргсянның кезінде Армения Ресейдің жақын саяси одақтасы ретінде көрініп, Еуразия Одағына мүше болып кірген.

Сәуірдегі Ереван толқуы кезінде Ресей әуелі “заң орындалуы керек” деп ескертіп, кейін “бұл – Арменияның ішкі мәселесі” деп мәлімдеген. АҚШ екі тарапты күш қолданбауға шақырған.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ сенаты Украинаға қаржылай көмек қарастырылған заң жобасын мақұлдады

    АҚШ конгресі.  АҚШ сенаты 13 ақпанда Украина, Израиль және Тайваньға 95 млрд доллар болатын қаржылай көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады. Сенатта демократтар басым орынға ие. Енді заң жобасын Республикалық партия басым Өкілдер палатасы қарайды. Өкілдер палатасында жобаның заң статусын алуға мүмкіндігі аз деген болжам да айталады. Президент-демократ Джо Байден біраз уақыттан бері екі палатаны Украина мен АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аумағындағы серіктестеріне көмек беруді жылдамдатуға шақырып келеді. Украина билігі басты одақтасы АҚШ-тан қолдау азайған тұста қару-жарақ жетпей жатқанын бірнеше рет мәлімдеген. Украина президенті Владимир Зеленский бүгін, 13 ақпанда АҚШ сенатының бұл заң жобасын мақұлдағанына алғыс айтты. Құжатта Киевке 61 млр доллар беру қарастырылған. “Американың көмегі Украинаға бейбіт өмірді жақындастырып, әлемдік

  • АҚШ сенаты Украина мен Израильге көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады

    Азат Еуропа / Азаттық радиосы АҚШ сенаты Украина мен Израильге 118 миллиард доллар қосымша қаржы көмегін беру туралы екі партия ұсынған заң жобасын және АҚШ-тың оңтүстік шекарасын нығайту туралы заң жобасын мақұлдады. Былтыр қазан айынан бері жалғасып келе жатқан “ұлттық қауіпсіздікке байланысты қосымша қаржыландыру туралы” дауға нүкте қоятын компромистік мәтін АҚШ сенатының сайтына шыққан. Заң жобасы бойынша, сенаторлар 60 миллиард долларды Украинаны қолдауға, 14 миллиардты Израильге көмекке, 20 миллиардтан астам долларды АҚШ-тың Мексикамен шекарасын қауіпсіздендіруге, шамамен бес миллиардты АҚШ-тың Тынық мұхит аймағындағы серіктерін қаржыландыруға, екі жарым миллиардқа жуық долларды “Қызыл теңіздегі” операцияны қолдауға, тағы да сондай қаржыны АҚШ-тың Орталық қолбасшылығына бөлуді жоспарлаған. АҚШ президенті Джо Байден конгресстен Украина, Израиль және Тайваньға

  • Мәскеу Тоқаевтан Пригожиннің бүлігін басуға көмектесуді сұрады ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Ресей басшысы Владимир Путин. Бұл аптада Батыс басылымдары маусым айында «ЧВК Вагнердің» жетекшісі Евгений Пригожиннің әскери бүлігі кезінде Ресей Қазақстаннан көмек сұрағанын, бірақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев одан бас тартқанын жазды. Сонымен қатар Астана мен Анкара әскери саладағы серіктестікті күшейтіп, 2024 жылы елде дрон шығара бастайтынына тоқталды. Бұдан бөлек Орталық Азия Батыс елдері үшін не себепті маңызды аймаққа айналғанын талдады. ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ ANKA ДРОНЫН ШЫҒАРА БАСТАЙДЫ АҚШ-тағы Jamestown қоры Қазақстан мен Түркия әскери серіктестікті күшейтіп жатқанына назар аударады. Қазақстан 2024 жылдан бастап елде Түркияның Anka дрондарын шығара бастайды. 28 қараша күні қорғаныс министрлігі дрон өндіретін отандық компанияны таңдап жатқанын хабарлады. Мәлімдемеде Түркияның Anka дроны елде

  • Әзербайжан Қарабаққа шабуыл бастады. Қазірге дейін не белгілі?

    Азаттық радиосы Әзербайжан қорғаныс министрлігінің Таулы Қарабақта “армениялық әскерилердің позициясын жойдық” деп таратқан фотосы. 19 қыркүйек 2019 жыл.  19 қыркүйекте Әзербайжан Таулы Қарабақта “антитеррористік операция” бастағанын мәлімдеді. Бакудың бұл мәлімдемесінен соң Қарабақта тұратын армяндар артиллериядан шабуыл басталғанын айтады. “Степанакертте жарылыс естіліп жатыр. Балалар мен ата-аналар жертөлелерге түсті. Балконымнан әр жақтан жарылыс дауысы естіліп жатыр, тоқтар емес. Артиллерия қатты атқылап жатыр, атыс дауысы да толастар емес” деді Таулы Қарабақтағы тәуелсіз журналист Марут Ванян. Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, 19 қыркүйек 11:10-да Әзербайжан күштері Қарабақтағы Аскеран ауданын атқылаған. “Эхо Кавказ” сайты Степанакерт қаласында әуе дабылы қағылғаны хабарланды. Степанакерт қаласында қашып бара жатқан адамдар. 19 қыркүйек 2023 жыл. Таулы Қарабақтағы армяндардың бақылауындағы аймақтың омбудсмені

  • АҚШ украин сарбаздарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге рұқсат берді

    F-16 жойғыш ұшағы.         АҚШ президенті Джо Байден украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшағын басқарып үйретуге рұқсат берді. Бұл жөнінде Пентагонның баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх хабарлады. Оның айтуынша, Нидерланд және Дания оқыту жағына жауап беруі мүмкін. Пентагон өкілі бұдан өзге ақпарат бермеді. Шілде айында Politico журналы Дания мен Нидерланд бастаған 11 елден құралған коалиция украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге дайын екенін, алайда ол үшін ұшақты шығарушы ел АҚШ-тың ресми рұқсаты қажет екенін хабарлаған. Басылымның жазуынша, дегенмен 11 елдің ешқайсысы әзірге ол бағдарлама үшін ұшақ бөлмеген. Шілде айында Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби оқыту мерзімі, орны мен ұзақтығы әлі қарастырылып жатқанын айтқан. Өткен аптада Politico

1 пікір

  1. Ğaliy Baysımaq

    Jeter endi! Serj Sargsýan qashanģy bola bermek. Ómirininh sonhyna deýin boluw kerek pe eken sonda. Bul ne sumdyq. Kórshi elderge qandaý úlgi berip otyr. Taqtan ketsin. Armenia halqy óte durys tanhdau jasady. Keleshegi ģumyrly bolsyn dep tileýmiz.

POST YOUR COMMENTS TO Ğaliy Baysımaq (Cancel)

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: