АҚШ-тың қазіргі заман тарихында екі президент баптаған жалғыз америкалық әйел
АҚШ-тың қазіргі заман тарихында екі президент баптаған жалғыз америкалық әйел, үлкен Буштың жары, кіші Буштың анасы, 17 немере, жеті шөбере сүйген Барбара Буш 92 жасында дүние салды. Бұл аяулы жанды Америка ерекше жақсы көрді. Елдің есінде қалған әр жылдары айтқан ұтқыр ойлары мен шынайы сөздері көп. Солардың төртеуін төменде тәржіме еттім:
1. Алғаш сүйіскен жігітіммен тұрмыс құрдым. Қазір осыны балаларыма айтсам, құсқылары келеді;
2. Күйеуіме “ЦРУ басқарғаның қалай болар екен, менің аузымда сөз тұрмайды ғой” дедім;
3. Баласының не бүлдіргісі келіп жүргенін анық білетін Америкадағы жалғыз шеше мен шығармын;
4. Басқа да білікті адамдар көп, президенттің Буш әулетінен шыға бергені жөн емес.
Galym Bokashтың facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру