|  |  | 

Спорт Әдеби әлем

Тұңғыш рет қазақ күресінен ақиық ақын Төлеген Айбергеновты еске алуға арналған республикалық ашық турнир Маңғыстаудан бастау алды

IMG-20180415-WA0148

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылында қазақ күресінен 2004-2005
жылдары туған жасөспірімдер арасында ақиық ақын Төлеген Айбергеновты еске алуға арналған
республикалық ашық турнир өтті.
Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған турнирге Оңтүстік-Қазақстан облысы, Атырау,
Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау өңірі және Астана қаласынан 6 команда қатысып, барлығы 9
салмақ дәрежесі бойынша 220 спортшы чемпиондық атаққа таласты. Айта кету керек, Сыр өңірі
құрамасы төрт командадан құралған, олар Қызылорда қаласы, Арал, Жаңақорған және Тасбөгет
ауылы.
Ашық турнир «Байтақ мекенім» қоғамдық қоры және Мұнайлы ауданы «Дәулет ауылы
балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өтті.
Барлығы 36 медаль сарапқа салынды, оның 9 алтын, 9 күміс және 18 қола. Сондай-ақ, жеңіс
тұғырынан көрінген әрбір спортшыға жеке Кубоктан табысталды.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Байтақ мекенім» қоғамдық қорының
төрағасы Сәбит Тоқымбетов қатысушыларға сәттілік тілеп, өңірімізде қазақ күресін қарқынды
дамытуға зор үлес қосып жүрген бапкерлерге алғысын айтты.
«Қазақтың маңдайына біткен ақын Төлеген Айбергеновтың құрметіне орай
республикалық және халықаралық деңгейде түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Ал
спорттан болса бұрын өткізілген емес, бұл біздің өткізіп отырған алғашқы шарамыз. Меніңше
жарысқа қатысушы балалардың болашағы зор, олар бос уақытын спорт залдарда өткізеді, біз
бұған тек қуануымыз керек. Мүмкіндігінше қолдау көрсетіп отыруға аянып қалмаймыз, себебі
спортпен шұғылданатындар көбейсе олардың бойында отансүйгіштік сезім қалыптаса түсері
анық, сондықтан да жасөспірімдер арасында қазақ күресін кеңінен насихаттаудан баршамыз
қалыс қалмауымыз керек», – дейді ол.
Турнирді ұйымдастырушының бірі, қазақ күресінен бапкер Қайрат Иманғазиевтың
айтуынша, жарыстың мақсаты – ақиық ақын Төлеген Айбергеновты еске алу, жасөспірімдер
арасында қазақ күресін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберлігін
арттырып, үздіктерді анықтау болып табылады.IMG-20180415-WA0150
«Турнирге қатысушылар жақсы дайындықпен келген. Олардың арасында болашағынан зор
үміт күттіретіндер көп. Әсіресе Сыр өңірінің спортшылары көрсеткен өнерге тәнті болдық.
Төрешілер әділ бағаларын берді деп ойлаймын. Спортшылар немесе бапкерлер арасында өзара
түсініспеушіліктер туындаған жоқ. Алда түрлі жарыстар күтіп тұр, көп ұзамай соларға
дайындықты бастаймыз. Жалпы біздің облыста қазақ күресі бұрыннан жақсы дамыған,
болашақта Азия және Әлем біріншіліктерінде топ жаратындар ауылдан шығады деп сенемін
және болашақ чемпиондарды дайындауда жұмыстана береміз», – деді ол.
Жарыс қорытындысы бойынша 29 келі салмақ дәрежесінде М.Игілік (Жаңаөзен қаласы), 32
келіде Д.Абыл (Ақтау қаласы), 35 келіде Д.Жолдыбаев (Ақтау қаласы), 38 келіде Ш.Нұрмамбет
(Ақтау қаласы), 42 келіде Н.Ықыласбек (Қызылорда қаласы), 46 келіде Е.Бұрхан (Арал ауданы),
50 келіде М.Алкебаев (Арал ауданы), 55 келіде Н.Ауғанбаев (Мұнайлы ауданы), +55 келіде
Ж.Гушик (Мұнайлы ауданы) жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, кубокпен марапатталды. Айта кету керек,
жарысқа қатысушылар тарапынан республика көлемінде тұңғыш рет Маңғыстаудан бастау алған
қазақ күресінен ақиық ақын Төлеген Айбергеновты еске алу турнирін жылда өткізіп тұру
ұсынылды. Өз кезегінде «Байтақ мекенім» қоғамдық қоры бұл бастаманы барынша қолдайтынын
жеткізді.
Дайындаған Кәмшат Ізбасарова
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Related Articles

  • ОБА…

    Альбер Камю (1913-1960) «Оба»-ны жазды, Орандық ойгер Albert Camus. Өлерінен үш жыл бұрын яки 1957 жылы Нобельге жеткен талант.Фашизмнің саяси індет секілді дертіне қарсы күшті түрен көтерген еңсегей дүлей күш иесі. Ол – «Оба»-мен ең күрделі жол, шүңет иірімге сүңгіді.«Оба»-дағы ең сұрапыл кейіпкер Барнер Рейэнің бейнесі. Көше бойында өлген егеуқұйрықтардың жемтігінен сескену, адам тағдырын ойран ететін кездейсоқтықты сезінген дәрігердің арпалысы. Рейэ өзінің үй қызметшісінің өлімінен кейін алдағы қатерлі жұқпалы дерт жайлы әлеуметке жалбарынып айтпақ болған. Оны көпке танытқан осы абсурды. Бүгінгі тәжтажалдың лаңы секілді түгел парықсыз, райсыздыққа өте ұқсас… Кәрентин, ем мен домның тапшылығы,адамдардың мінез-құлқындағы енжарлық әсіредәуірік парықсыздық. Қоғамдағы құлдық сана, ынжықтық,, құрғақ күйзеліс,титықтау, шаршау, ақырғы шарасыздықтар! Жау жағадан алғанда,

  • МЕРЕЙТОЙҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

    Қадірлі халқым, қара ормандай Қазағым, бәріңізге “Ассалаумағалайкүм!” деп жалынды сәлем жолдаймын! “Аттан жығылсақ та салттан жығылмайтын”, салт-дәстүрін көз қарашығындай қорғап, аялайтын асыл текті халықтың ұрпағымыз. Мен 60 жасқа толу байланысымен, “ДӘСТҮР-САЛТ, ӘДЕТ-ҒҰРПЫМ – МЕНІҢ РУХЫМ” атты жеке шығармашылық кеш өткізіп, халқыма 40 жыл бойы еткен еңбек жемістерімнен есеп беруге дайындалып жатырмын. Шығармашылық кешімді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2020 жылы 13 наурыз күні Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында өткізуді бекітті. Ақпараттық қолдауды Алматы қалалық әкімшіліктің Мәдениет басқармасы міндетіне алды. Бұл кеште “Қазақ кәдесі”, “Қазақ мінезі”, “Қазақ гүл мәдениеті”, “Қазақ аспан есебі”, “Қазақ жұлдыз жорамалы”, “Қазақ түс жоруы”, “Қазақтың алғыстары мен қарғыстары”, “Ақыт ақиқаты” қатарлы 8 кітабымыздың тұсауы кесіледі. Атамыз қазақта

  • ҰЛЫ ОТАНЫМ-АНАШЫМ

    Отан ,Отан оттан ыстық көрінген, Отан орын алған жүрек төрімнен. Тәуелсз боп арқасында Алланың , Жұлдыз жәйнап ,ай туған күн көгімінен. Ел болмайды артық туған Еліңнен, Елін сату бірдей болар өліммен. Бірлік деген-бик қамал алынбас, Бөрілерге жем болады бөлінген. Осы күнді қадірейік біз бүгін , Жақсылыққа қосып әр кез ізгі үн. Қанша боздақ құрбан етті өмірін, Алу үшін егемен ел тізгінін . Қанша ғасыр өтті Халқым жылауда, (Көздің жасын көрді ақыр бір Алла ). Ата -Бабам жанын берген бұл күнді, Ешкігнің де хақысы жоқ сынауға. Қанден Иттер аса алмайтын бір белден, (Ірітпек боп ін қазып жұр іргемнен). Талай залым ,зәндендерді көрдік біз , Іші тұтын ,сырты бұтын жүргенмен. Елді тонап

  • СӨЙЛЕ, ҚОБЫЗ!

    Құдай бұйыртса, ұлы жазушы Мұхтар Мағауин ағамыз келесі жылы мерейлі сексен жасқа толады. Арқалы ақын Ғалым Жайлыбай ағамыз күллі қазақ елін құдіретті қаламымен тамсандырып келе жатқан қабырғалы қаламгерге мынандай жыр жолдарын жолдапты. СӨЙЛЕ, ҚОБЫЗ! Мұхтар Мағауинге – Сөйле, Мұхтар Мағауин! Қарашаның ызғары – нұры тайған қарашық. Кісінеп тұр бесті айғыр үйірінен адасып. Қара қобыз сарыны мұхиттарға жанасып, Алты қырың беріде. бес құрылықтан әрі асып… Азынаса қу тақтай жүрекке ұғар тіл берді, Шыңғыс ханның құйқасы шымыр етіп үлгерді… … Армандының арманын замандардан зарлатып – Жалған күннің жалғанын Сізден өзге кім көрді?! Тоғыз қанат ақ орда қоңыр салқын деп қалдым, Қарашаның ызғары қай жағымнан кеп қалдың?.. Ішігіңіз, ағатай, Хандар киер бұлғыннан –

  • Терроршыл Челахтың қайталанбауына кім кепіл?!

    2019 жылдың 8-21 қыркүйегінің аралығында, ресейлік Екатеринбург қаласында әуесқой бокстан кезекті әлем біріншілігі өтті. Мен осы жаһандық додаға журналис ретінде аккредитацияланған едім. Алты медаль жеңіп алған қазақ құрама командасы тағы да жер жүзіндегі жұдырықтасудың көшбасшысы екендігін дәлелдеді. Сатқын қазы-билердің зымияндығы болмаған жағдайда, Свердловск аймағы шаршы алаңындағы былғары қолғап шеберлеріміздің жетістіктері одан әрі ұлғая түсер еді. Дегенмен, 81 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі жаңа әлем жеңімпазы, соққылары жойқын маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетовтың қарқынды өрлеуіне ешкім тұсау сала алмады. Әр қарсыласын есеңгіретіп жіберді жас чемпионымыз! Тіпті, аты аңызға айналған кубалық Олимпия жеңімпазы Хулио Ла Крустың өзі біздің боксшыдан ойсырата ұтылды. Бір қызығы, ширек финалындағы жеңісінен кейін Ла Крустың қолтаңбасын алдым және ақтық сындағы жеңісінен

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: