Тіккен туы жығылмаған Ер Жабай
Ағашта, биікті айтсаң, қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгембайды айт!
Найзасының ұшына жау мінгізген -
Еменәлі керейде ер Жабайды айт!
Ер Жабай батырдың 340 жылдық мерей тойы қарсаңында, Алматы қаласында қыркүйектің 15 күні “Тіккен туы жығылмаған Ер Жабай” атты ғылыми конференция болды. Тарихшылар мен жазушылар батырдың тарихи ерліктері мен ауыз әдебиетіндегі тарихи бейнесі туралы баяндамалар жасады. Мақсұт Темірбаев, Асқар Сәбит, Зиябек Қабуки-Шоқан, Нәбижан Мұқаметxанұлы, Жәди Шәкенұлы, Уатқан Сәипіл, Әбділдә Салықбай, Әбубәкір Қайран, Асқар Сабит, Айбын Әубәкір- қатарлы белгілі жазушылар мен тарихшылар, Жабай батыр ұрпақтары қатысты.
Ер Жабай батырдың 340 жылдығына( екі жылдан соң) орай мұшәйра (көркем шығарма, ғылыми мақала, жыр, өлең т.б) жарияланатын болды. Ер Жабай батырдың атына қор құру, Қалмақтардың қас жауы болған (батырдың басын алуға кезінде жоңғарлар бәс тіккен) Ер Жабайдың атын тану, таныту мақсатында Моңғолия, Қытай, Қазақстан, сонымен қатар Еуропа елдеріне тарап кеткен қазақтар көк тудың астына, егеменді елімізге жиналмақ. Іс-шараның соңы асқа ұласты.
Сонымен қатар жиын барысында шеттегі қазақтарға “Отан -оттанда ыстық” деген тықырыпта көші қон мәселесі талқыланады. Оған Алматы қаласы көші қон полицисы өкілдерінің қатысуымен құқықтық, құжаттық мәселелер талқыланды.
Kerey.kz
Пікір қалдыру