|  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ шежіресі

Тұрсын Жарқынбаев кім еді?

 

Tursyn jarqynbaiТұрсын Жарқынбаев Кеңестік саясаттың пайымынша –ұлтшыл, атаман
Анненковтың әскері құрамындағы «Алаш полкінің» сардары, бай
тұқымының өкілі. Ал, коммунистік қытай үкіметінің пайымынша, «жапон
тыңшысы», «төңкеріске қарсы элемент». «Ертіс өңірі» газетінің 2009жылғы,
5-тамыздағы, №31 санында Р.Нүсіповтың «Алаш полкінің ақиқаты» атты
мақаласын оқып отырып, аталмыш мақалада айтылған Т.Жарқынбаевтай
абзал жан туралы оқырманмен ой бөліссем деп едім.
«…Сөйтіп, үзіліп қалған арман жібі қайта жалғанды. Кешігіп келген мені қала
мектебіне еш қағидасыз-ақ қабылдап, білімнің ұзақ сапарына өз қолымен
қосқан – белгілі ағартушы, Алаштың асыл азаматы Тұрсын Мұстафин
еді».(Қ.Жұмәділов. Таңғажайып дүние. 82-бет, Алматы, «Тамыр»,
1999ж.)Бұл заманымыздың заңғар жазушысы Қ.Жұмәділовтың жүрекжарды
лебізі. Әлде, Тұрсын ағамыз бала Қабдештің келбетінен болашақ қазақ
зиялысының бейнесін таныған шығар-ау? Бұдан әрі, Қ.Жұмәділов:
«Алаштың асыл азаматы, Шәуешек зиялыларының талай буынын тәрбиелеп
шығарған, ұлт қамын жегеннен басқа жазығы жоқ, қадірлі ұстаз Тұрсын
Мұстафин ату жазасына кесілді»(бұл да сонда, 107-бет). «Бір күнде
орындалған өкім» ( «Мөлдір сана» газеті, №24 саны, 28-қыркүйек
2007ж.)деген мақаласында Аягөз қаласының тұрғыны Ғазиз Қамытбаев та
көргенін жіпке тізгендей баян етеді.Тағы да Қабдеш ағамызға жүгінейік:
«Тұрсын Мұстафин жасында Семейдің мұғалімдер семинариясында Мұхтар
Әуезовпен қатарлас оқыпты.Кейін сол жақта әртүрлі қызметтер атқарған.
Кезінде Алашорда басшыларының біразын көзімен көріп, тәлім алағаны тағы
бар»(бұл да сонда, 98-бет).
«…Арбаның артқы жағын лық толтырып келе жатқан қоңқақ танау қара
кісі сөзді самарқау тыңдап, үнсіз бас изеп қояды.Бұлардың жастауы –
гимназияның директоры Нұрбек те, егде тартқан семізі Тұрсын Жаңабаев
еді» (Қ.Жұмаділов, 4-ші том, «Соңғы көш», Алматы, «Қазығұрт»,
2005ж.102-бет),-деп тыңға түрен салған ерек дүниесі- «Соңғы көшіне»,
Тұрсынды прототип етіп алады.Тұрсынның білім дәрежесі туралы
жоғарыдағы мақала авторы Ғ.Қамытбаев «…Көл дария білімнің иесі, төрт
тілде бірдей көсіліп сөйлейтін, үлкен ғалым. Арабша, орысша жетік
білетін.Ташкенттегі Шығыстану факультетін бітірген.Алашорданың белді
мүшесі болған.Тұрсын аумалы-төкпелі заманда Қытай асып, ол жердегі сот
қызметін, білім басқармасын, мектеп директоры қызметтерін атқара жүріп
қытай тілін меңгерген.Тарихи әңгімеге бай Тұрсын Қазақстан Алашорда

үкіметінің көсемдері: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып
Дулатов жөнінде көп айтып,әңгімелеп отырушы еді.»,- деп айта кетеді.Сол
жылдары Ташкенде екі жылдық коммунистік бағытта оқытаттын институт
болғаны рас, бірақ Тұрсынның онда оқығаны туралы нақты дерегіміз жоқ.
Семейдегі семинарияның, Лепсі оязының мұрағат қорын үңілу керек
сияқты.Бұл, әрине, болашақтың еншісіндегі шаруа.Қазақстанның Халық
жазушысы Қ.Жұмәділов бір сұхбатында: «Жастайымна ұлттық езгіні,
зорлық-зомбылықты көріп өстім.Бізге сабақ берген мұғалімді көз алдымызда
нақақтан-нақақ атып тастады.Күні кеше Алаш азаматтарының сарқытын
ішкен тамаша кісі еді.Осының бәрі мені жазуға итермеледі»,-дегенде Тұрсын
Жарқынбаевты айтып отығаны айдан анық.(Көпен Әмірбекке берген
сұхбатынан«Ертіс өңірі» газеті,2007ж.4 сәуір, «ЕӨ – дайжест»).
«Мысалы,аталмыш үш шығармадағы(«Тағдыр», «Соңғы көш», Дарабоз»
романдарын айтып отыр)Қабанбай батыр, Абылай хан, Төле би, Қазыбек
би, Бұқар жырау, Ақтамберді жырау, Ысмайыл, Күдері, Қанағат би,
Қайыңбай, Жағда, Естай(автор), Оспан батыр, Тұрсын(астын сызған
Автор),Шәкен, Керімбай, Нұрбек, Демежан, Башбай бай, Әсет пен Әріп
сияқты кейіпкерлер тарихта нақты болған адамдар»,- атап өтеді Қабдеш
ағамыздың шығармашылығы жайлы ғылыми зерттеу жазған филология ғ.д,
профессор Руда Зайкенова.фото2_
Р.Нүсіповтың мақаласына қарасақ, Тұрсын алашордашыл азамат
Отыншы Әлжановпен үзеңгілес болған екен.О.Әлжанов 1909-жылы Лепсі
оязына(қазіргі Үржар ауданы) жер аударылып келеді.1917-жылы, 5 –
13желтоқсанда Орынбор қаласында, 2-ші Бүкілқазақ Құрылтайында Әлихан
Бөкейханов бастаған 15 адаммен бірге «Уақытша Халық Кеңесіінің»
құрамына сайланған.1919-жылы Үржарда жасақталған «Таудың Қызыл
қырандары» жазалаушы отряды соңына түсіп, қоршауға түсіп қалғанда
шіркеуге бекініп алып берілмеген жанқияр жанды таптық күрес идеясын
бойына сіңірген, комсомолдар отряды шіркеумен қоса өртеп
жібереді.(Құсмілия Нұрқасымов, «Ұмытпаңдар мені».Алматы, «Ата мұра»,
2002ж. 149-бет ).Тұрсын Мұстафаұлының руы-Шақантай керей. Бұл
жөнінде Шақантай Керейлерлердің ата қонысы, Шұбартау өңірінің адамдары
біле бермейді. Р.Нүсіповтің айтуынша Тұрсынды оқытуды мақсат еткен ата-
анасы, аласапыранның алдында ертерек Көктұмаға(қазіргі Мақаншы
өңіріндегі Бақты ауылы) көшіп кетеді.Көктұмада Мұстафаның мешіті болған,
қыңырлау шал болса керек, қызылдың өрті тұтап тұрған сәтте де,
мұнарасына шығып азан шақырады екен, жарықтық.Мешіттің ғимараты,
алдымен қызыл әскерлерге казарма, кейіннен ат қора болғанын сол ауыл

тұрғындары жақсы біледі.Сол өңірдің тумасы, кейіннен Аягөз өңірінде
тұрған ұлты өзбек Рашид ағамыздың айтуынша, ат қорада «конник» болып
істейтін «жер аударылып» айдалып келген бір латыш болыпты. «Сол латыш
ат қорадан алтын тауып алып мемлекетке өткізіпті де, өзіне тиесілі ақшаны
ішіп жатып өлді, байғұс»,- деп отыратын.1953-жылға дейін ондай адамдар
елдеріне қайта алмады ғой.
Жарқынбаев Тұрсын Мұстафаұлы 1894 жылыбұрынғы Шұбартау
ауданы, Қосағаш ауылының аумағындағы «Жарқынбай қорасы» деген
қыстақта өмірге келген. Тұрсынды оқыту мақсатында, оның 7-8 жасында
ата-анасы Көктұмаға(қазіргі Бақты ауылы)қоныс аударады.Оқу ақысына
«…жылына екі сиыр төлеп, орысша «старославьян»қарпіндегі гимназияда
оқытады.Тұрсын орысша сөйлеп, орысша жазғанда орыстың небір
сауаттылары басын шайқап риза болып, таңданады екен»,-деп жазады
Р.Нүсіпов жоғарыда айтылған мақалада. Шыныда да Тұрсын, атаман
Анненковтың штабында «писарь» болған ғой.Ол кісі Кеңес өкіметі жылдары
Лепсі оязына қатысты Мақаншы өңірінде 1927 жылға дейін Көктұма
аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы,1926-29жылдары аудандық
сот қызметтерін атқарған. Жақында, Kerey.kz порталында Шақантай Керей
шежіресінің толықтырылған төртінші басылымында Қытайда ғұмыр кешкен
Тентексары ағамыздың шежіресі бойынша/ Тайтөлеу Ысқақұлы Төлтай,
«Шақантай шежіресі» (төртінші басылым) , Kerey.kz порталы / Тұрсын
атамыздың ата –тегі жазылыпты.
Жарқынбаев Тұрсын Мұстапаұлы, руы Керей Шақантай, Торғай. Торғай
бабаның бірінші әйелінен сегіз ұл болған:Телеу, Бөлеген, Әбіл, Қабыл,
Арғанаты, Кейікен, Айтбай, Нысан.Бөлегеннен он бес ұл:Жарқынбай,
Ілебай,Жолбай, Арыстанбай, Еркебай, Тұғыл, Жидебай, Кеңесбай, Кеңесбек,
Әли, Бобай, Рахмет, Бұғыбай, Найманбай, Жарқын. Жарқынбайдан: -
Мұстапа, Омар. Бөлегеннің тұңғыш ұлы Жарқынбайдан: Мұстапа.
Мұстападан: Тұрсын, Қабдолла. Бөлегеннің екінші ұлы Омардан ұрпақ
жоқ.Сонымен, Тұрсын ата мен Қабдолла атамды(Менің шешем-Гүлшәрбану
Қабдолланың қызы.Автор) осылай таратсақ керек: Абақ Керей, Жастабан,
Бейімбет, Бекназар, Құдайберді, Жауқашар, Шақантай(Жаңыл), Торғай,
Бөлеген, Жарқынбай, Мұстапа, Мұстападан: Тұрсын мен Қабдолла.
Тұрсыннан жалғыз ұл –Шыңғыс(Үйленбеген, Аягөзде қайтыс болды).
Қыздары: Раушан, Қажия, Зібайла, екінші әйелі Қадишадан –
Мукарама(Мақаншыда тұрады). Қабдолладан: Патқолла. Қыздары:
Гүлшарбану(Шакен)- менің шешем/ мен Күлпан.Тұрсынның екі әйелі болған,

бәйібшесі –Зейнеп, тоқалы – Қадиша. Зейнепті көзім көрді, үлкен ұялы қой
көзді, толқынды бұйра шашы жаулығына симай тұратын, қызыл шырайлы,
нұрлы адам еді. Әкесінің аты-Жалықпас.Тұрсын атылған соң, сол жылдары
салт жүрген «әмеңгері» нағашы атам Қаболламен тұрмыс құрған.1966-жылы
Шыңғожа ауылында өмірден өтті.Тоқалы-Қадиша, Мәмбетте –Өмір,
Жанқараның қызы.Ол кісі туралы басқа дерегім жоқ.Қабдолла атамның
алғашқы әйелі-Елен(Қадиша) Мәмбетте Жамбол, Жаманкөздің қызы. Ал,
атақты Башбай мен Жаманкөздің ағайындас адамдар екенін Мақаншы өңірі
мен Қытайдағы қазақтардың әммасы біледі.Алайда, әлдебір себептермен
Қадиша апамыз Қаболладан ажырасып1949жылы бері өтіп кетеді де, үш бала
Тұрсын атамыздың тәрбиесінде өседі.Қабдеш ағамыз «Таңғажайып
дүниесінде» Шыңғыс пен Патқолла туралы да айта кетеді.Р.Нүсіпбаев
Шыңғыс туралы: «…Содан баланың есі ауысып, 1960жылдардың
ішінде(дұрысы 1963жыл 27 жасында,Автор)Аягөз маңында пойыздың
астына түсіп, қаза болды»,-деген жолдарына келіспегендіктен қолыма қалам
алып осы мақаланы жазып едім.Алайда, мақала авторын жазғырмаймын,
алғыстан басқа айтарым жоқ.Уақыт өте келе Тұрсындай адамды елдің аңызға
айналдырып жіберері бар емес пе? Әкесі атылғанда, Шыңғыс он алты жаста
болуы керек.Әкесінің нахақтан атылуы бала жүрегіне өте ауыр тиді.
Коммунистік идеямен «уланған» тобырға, «төңкеріске қарсы элементтің
баласы» деп кез-келген жерде «көз түрткі» болу, кешегі ел сыйлаған қадірлі
адамның ұлына өте ауыр тиді.Саясат кіналаса да, бала жүрегі әкесіне кіна
арта алар ма?1959-жылы әпкесі Раушан, жездесі Қантай Әзірбаевтармен
«совет гражданы» болып шекарадан бері өтеді. Құдандал, жамағайын елі-
Тоғалақ, Оспан дегеннің үйінде тұрып, теміржолға жұмысқа тұрады.Ақыл-есі
ауысқан адамды теміржолдай беделді кәсіпорын жұмысқа ала ма? «Бойы
ортадан аласалау, ұқыпты, таза киініп жүретін, ақсары ашаң жүзді, бауырмал
жігіт еді»,-дейтін көзкөргендері.Шыңғыстың өлімі –жаны жабырқап,
жалғызсыраған жас адамның рухани баз кешуі деп білуіміз керек сияқты.Өзі
өмір сүрген қоғамға, адамдардың екі жүзділігі мен аярлығына қарсылығын
паш етуі шығар деп ойлаймын.
Ғ.Қамытбаевтың мақаласында атылар алдында Т.Мұстафинге сот үкімі
оқылғанда: «Шекарадан өткенде атысып, екі қызыләскерді өлтіріп кетіпті-
мыс»,-деген айып та тағылған болатын.Р.Нүсіповтың мақаласында
Тұрсынның Қытайға өтуін «тайға таңба басқандай» етіп, тәптіштеп жазғаны
жылдар бойы жанымызды жегідей жеп жүрген күдікті ойдан
сейілтті.Мақалада: «Т.Жарқынбаев 30-дай адаммен Т.Қозыбаевтың(Тұрсын
Қозыбаев (1896-1969)ауатком төрағасы, руы – Тоғас. Авт.)кеңсесінде

жиналыс өткізеді.Алда қиын заман келе жатқаны, жұмыстың бір азып-
тозатыны, сонан соң келістіріп отырып сұрайтыны, басыңның қайда
қалатынын білмейтін күн туатыны туралы айтылады.Тұрсын: «Бізге қашудан
басқа амал жоқ» дейді.Бірақ, оған Т.Қозыбаев көнбейді. Т.Қозыбаевты
кеңсесінде қолын байлап, арбаға салып, кешке таман бұрын Жетісу
майданында болған қарулы 30-дай жігітпен әскери гарнизонға
келеді.В.Черненко(әскери гарнизон бастығыАвт.) мен Т.Жарқынбаев жеке
сөйлеседі.Командир не атуға, не атпауға бұйрық бере алмай тұрып
қалады.Қарауылда тұрған әскер аспанға бір-екі рет оқ атады.Аналар
шекарадан өтіп жүре береді»,-деп жазылған. Сол үшін де, мақала авторына
Тұрсынның туыстары атынан алғысымды айтамын.Шекарадан Тұрсын әкесі
Мұстафа екеуі салт атпен өтеді де, сақтық жасап балалары мен әйелдерді
інісі Қабдолла Еміл өзені арқылы түнделетіп өткізіп кеткен еді.Үлкендердің
айтуы бойынша, менің шешем бір жасқа тола қоймаған, ал Раушан іште
болуы керек.Раушан туған соң шешесінің емшегінен сүт шықпай қалып,
менің нағашы апам-Елен(Қадиша)екеуін егіздеп емізеді.
«Тоғалақ(Бәйжігіт, Мәмбет руынан тарайды.Автор) ру басыларының
надандықпен күресіп, баланы оқыту ісі Темірбек, Шалғынбай заманынан
басталып, 1930жылдың басынан ауылдық мектеп ашыла бастаған.Оған
Тоғалақтың сол кездегі зиялы азаматтары Әдікей, Нұртаза(Үкірдай болған,
«қапқа түсіп» өлді, Автор), Құсайындар мұрындық болған. Мысалы, Тұрсын
Мұстафин 1951жылы Қытайда атылған.(Шындығында 1951жылы қамауға
алынып, 1952жылы атылған.Авт.)Байпақ, Шұлғау ауылында мектеп ашып
бала оқытқан»(Мәуілітқан Сейітханұлы, «Тоғалақ шежіресі». Алматы,
«Алматы», 2002ж. 161 бет).(Бұл кітаптың авторы әйгілі телекоментатор
Амангелді Сейітхановтың әкесі Авт.) Кейіннен Тұрсын осы ауылмен
құдандал болып, үлкен қызы Раушанды Құтиғажының жалғыз ұлы- Қантайға
береді.
«1935жылы ағасы Темірбек үкірдайға хатшы бола жүріп, Темірбектің
көмекшісі болып жүрген замандас туысы Нұртазамен бірлесіп, жондағы
Ойқұдық мектебін ашқан.(Тоғалақта – Әдікей би Бүйінтіұлын айтып
отыр.1951жылы, 61 жасында Қытай түрмесінде өзіне-өзі қол
жұмсаған.Авт.)Ол төрт жылдық мектеп болып қалыптасқан.Алғашқы ұстаз
Мырзабек деген кісі болған.Кейін бұл мектепте Тұрсын Мұстфин ұстаздық
еткен» (Бұл да сонда, 147бет).
Қытай жеріндегі өмірін киіз үй тіктіріп мектеп ашудан бастаған
Т.Жарқынбаев Шәуешекке келіп оқу ісіне араласады. «Әр ұлттың баласы өз

мектебінде оқуы керек»,-деген ұстанымды мақсұт етті. Солақай саясат үшін
бұл ұстаным «ұлтшылдық» болғанымен, ұлтын сақтар ел үшін басты қағида
болып қала бермек.Қытайдың сол жылдары жүргізген «ортақ тіл» саясаты,
біздің кеңестік саясаттағыдай халықты ұлтсыздандырудың бастапқы
қадамдары еді.
«Социалданбаған» Тұрсындай кешегі «Алашордашыға» бұл қоғамнан
орын жоқ екені бесенеден белгілі жайт. Әріптесі Шәкен мұғалімді айыптаған
жиналыста: «Шәкен жау болса, мен де жаумын!»,-дегені көзсіз
ерлік.Көпшіліктің көзінше дар алдында тұрып та шындықты айтудың үлгісін
көрсетті. «Халқым, нақақпын!» Бұл оның мойнына салынған қыл тұзаққа
қылғынып тұрып тұрып айтқан соңғы сөзі еді…(Ату жазасына кесілген әрбір
адамның артында, тұтқынның мойнына тұзақтап салынған арқанды ұстап
бір-бір сарбаз тұрады. Тұтқын билікке жақпайтын сөз айта бастаса, сарбаз
тұзақпен қылқындырып үнін шығармай қояды).Тұрсынның руы Шақантай
болса да, онда Шұбартау өңірінің халқы ол туралы неге білмейді деген заңды
сұрақ туындайды? Шұбартау көтерілісінің батырлары Айдынкөл – Шалқарды
бұл ел жақсы біледі(Сол жылдары ағайынды жігіттердің аттарын
қосарлап айтатын үрдіс болған.Мысалы: Кенебай-Садық, Қалибек-Тәкіман.
Авт).Менің шешем Гүлшарбануды Тұрсын он тоғыз қара «қалың малын»
алып, әкем- Рахметолла Ақынпатшаұлына ұзатқан.(Ашамайлы Керей,
Тарышы, бергі атасы-Ажы, Көсе).Жасы жүзден асқан, бүгінде көзі тірі
жеңгем, Күлсағат апамыздың айтуынша құдалыққа Тұрсынмен бірге
Айдынкөл және Шақантай Керей Қайралас үшеуі келген.Қайралас кедейлеу
болғанмен тілге жүйрік адам болыпты.Ұрпақтары Аягөз ауданында тұрады.
«Қайраластың қорасы,
Іші толған борасын.
Биылша қыстап шығайын,
Келер жазда боғым сасып қаларсың»,-деп өз қорасын әзіл-шыны аралас
өлеңге қосады екен, жарықтығың.Айдынкөл туралы «Ертіс өңірі» газетінде
қаламгер М.Жұмабаевтың «Айдынкөл- Шалқар кім немесе Зият
Шәкәрімұлының ажалдан құтқарылуы» деген мақаласы жарық көрді. Бұл
мақалада Айдынкөлдің осы жақтағы туыстары Қытайдағы моласының
басына тас қойғандығы жайлы да айтылады.
Қытай елінің Шыңжаң өлкесінде Мәскеу қолдап, Әлихан төрені бас
қылып «Шарқи Түркістан» мемлекеті құрылып, «Үш аймақ»(Іле, Тарбағатай,
Алтай)көтерілісі ұйымдастырылады.Әлихан төре Сағни(1885-1976), ғұлама

оқымысты, екі рет қажылыққа(1905,1924)барған.Тегі Үндістан-Моғол
билеушісі Бабыр шахтың серіктерінің бірі болған, Қылыш Бұрхан төреден
тарайды.Қытай мемлекеті, Кеңес үкіметінің әскери плацдармы,
Моңғолияның тәуелсіздігін таныған соң, Мәскеудің көзқарасы кілт өзгеріп
сала берді.Олардың ендігі мақсаты, коммунистік Маоны қолдап, Қытайда
социалистік мемлекет құрылуына ықпал ету болатын.Ол жоспарлары іске
асып, 1949жылы Қытай халық Республикасы жарияланды.Коминтернді бет-
перде еткен «коммунистік қозғалыс» дүние-жүзін шарлай бастады. Оның
салқыны Шыңжаң өлкесіне де жетті.Отызыншы жылдардың соңында, бұл
өлкенің әкімі Шың-Шицайдың қылышынан қан тамып тұрды. «Әсіресе,
Мәскеумен астаса отырып, 1937жылдан бастап «Шыңжаңдағы жапон
тыңшыларын», «троцкийшілдерді(анығында түркішіл, исламшыл, ұлтшыл)
зиялы қауымды қырып жоюға келгенде, Шың Шицай Кремльдегі «мұртты
көкесінен» еш кем соққан жоқ.Сталин «халық жауы» деп айдар тағып,
«мойындатып» атып өлтірген болса, Шың-Шицай қазақ-ұйғырдың сорпа
бетіне шығар ел ағаларын «жиналысқа» шақырып алып, бас салып
тұтқындап, қырып салып отырды.1937-42 жылдар аралығында қандықол
Шың-Шицайдың бейкүна өлтірген адамының саны 4 000-нан асып
жығылған»(Дүкен Мәсімхан, «Қаһарман Қалибек», «Егенмен Қазақстан»,
5қараша, 2008ж.)Тағы бір дерек көздеріне жүгінсек: «Мұнан соң басқыншы
қызыл империяны ақылшы еткен Шың Шицай қызылдардың істегенін істеді.
Кеңес Одағында басталған «халық жауларынан тазалау» атты сталиндік
репрессияны Шығыс Түрікстан өңірінде Шың-Шицай да жүзеге
асырды.Айналасы бір-екі жылдың ішінде Шыңжан бойынша әр ұлттан 60
мыңдай көрнекті, парасатты басшы адамдар «сатқындар» деген жаламен
тұтқындалды. Зерттеушілердің анықтауына қарағанда, 12 мыңдай адам
атылып, мал-мүліктері тәркіленген, бала-шағалары жер аударылған»,-деп
жазады өз естелігінде Ғалым Нөкішұлы(Дидар газеті, №156-157, 17
қыркүйек, 2009ж.)
Тұрсындар Қытай жеріне Алаш идеясын алып барды.Қытай
ұлықтарының езгісіндегі халықтың көзін ашып, ұлттың рухын оятты.Оспан
мен Қалибек хәкім(Еуропадағы қазақ қауымдастығының көшбасшысы,
Мюнхендегі «Азаттық» радиосының қызметкері болған Хасан Оралтайдың
әкесі)көтерілістері жаншылып, Оспан 1951жылы атылды.Ақын Ақыт қажы
Үлімжанұлы(1868-1940)1939жылы Үрімшіге алдап шақырылған он шақты
адаммен бірге тұтқындалып, 1940жылы түрмеде өлді. Тұрсынмен қатар
қарапайым оқытушы Шәкен Елубаев та атылды.Ал, 20жылға сотталған
гимназия мұғалімі Үркінші Садықұлы Қазақстанға келіп, 1998жылы қайтыс

болды.Үркіншімен бірнеше рет кездесіп, әңгімелестім.Тұрсын атылған соң
бір жылдан кейін «мұртты көсем» де өмірден өтті.ҚХР өзінің сыртқы саясат
концепциясын қайта қарап, Кеңестер Одағынан іргесін аулақ салды. «Енді
бір жыл ғана тұра тұрғанда Тұрсындар тірі қалар ма еді, кім білсін?»-деп
армандап отырушы еді, әкем көзі тірісінде.Ол кезде мен бала болдым, қазір
ондай сұрақ болса, сол елде кейіннен болған«мәдени революция» сынды
жойқын саяси науқаннан бәрібір аман өтпеуші еді деп жауап берер едім.
«Еркек тоқты – құрбандық» дегендей, Тұрсын Жарқынбаев ел мұрат үшін
шейіт болған асыл ерлердің бірі. «Батырдың аты өлмейді, Хәкімнің аты
өлмейді» деген бар емес пе?Тұрсын шын мәнінде, Хәкім дәрежесіне жеткен
ұлағатты ұлт ұстазы деп білемін.
Алдаберген Рахметоллаұлы, Қазақстан Журналстер одағының мүшесі,
ақын.
24.01.2019ж. Аягөз қаласы

kerey.kz

Related Articles

  • САРБАС РУЫ ЖӘНЕ САРТОҚАЙ БАТЫР

    Тарихты түгендеу, өткеннің шежіресін кейінге жалғау – атадан балаға жалғасқан ежелгі дәстүр. Шежіре, ұлт-ру, тайпа тарихы – атаны білу, арғы тарихты білу болып қалмастан ұлттың ұлт болып қалыптасуы жолындағы бастан кешкен сан қилы оқиғалары мен ауыр тағдырынан да мол дерек береді. Шежіре – тұтас халық тарихының іргетасы ғана емес, ұлт пен ұлыс танудың әліппесі  саналады. «Қазақ халқы 200-ден аса рудан құралса да әр рудың өз шежіресі болған. Шежірешілер жүз, тайпа, ру, ата тарихын терең талдай білген»(1). Патшалық ресейдің дәурені аяқталар тұста қазақтың мемлекеттігін қалпына келтіруді мақсат тұтқан Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан (1866-1937) алғашқы болып қазақ тарихының қажеттілігін алға тартып, башқұрттың әйгілі ғалымы Уәлиди Тоғанмен кездесіпті. Уәлиди Тоған өзінің естелігінде: «Мен бірнеше

  • ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан әскері бірігіп өткізген «Бірлестік-2024» жаттығуы. Маңғыстау облысы, шілде 2024 жыл. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет.  Орталық Азия елдері қорғаныс шығынын арттырды, мұның астарында не жатыр? «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есе көп өндіруді жоспарлап отыр, алайда үкімет бұл салада жұмыс күшінің азайғанын есепке алмаған». «Каспий теңізінен Украинаға зымыран ұшырып жатқан Ресей теңіздің экологиялық ахуалын ушықтырып жатыр». Батыс басылымдары бұл аптада осы тақырыптарға кеңірек тоқталды. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОРҒАНЫС ШЫҒЫНЫН АРТТЫРДЫ. МҰНЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР? АҚШ-тағы «Америка дауысы» сайты Украинадағы соғыс тәрізді аймақтағы қақтығыстар күшейген тұста Орталық Азия елдері қорғаныс саласына жұмсайтын ақшаны арттырғанына назар аударды. Бірақ сарапшылар мұндай шығын тұрақтылыққа септесетініне күмән келтірді. Стокгольмдегі бейбітшілікті

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: