ШОЛПЫДАЙ КҮМІС БІР СЫҢҒЫР
Бүгін ҚР Журналистер одағының мүшесі, Әлем халықтары Жазушылар
одағының мүшесі Жұмат ӘНЕСҰЛЫ 72 жасқа толып отыр. Жұмат Әнесұлы
тарихи зерделеу мақалаларымен, әзіл қалжыңдарымен оқырмандарға есімі
кеңінен таныс.Ж. Әнесұлының өлең жырлары «Жұматтың ғазелдері мен
әзілдері», «Ғазелдерім мен әзілдерім» атты кітаптарынан мәлім.
Авторды туған күнімен құттықтап, шығармашылығына даңғыл жол тілейміз!
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, жазушы, ақын
ШОЛПЫДАЙ КҮМІС БІР СЫҢҒЫР
Айдын көл жатыр жарқырап,
Көкте тұр ай сығалап.
Айнала көктем жаңарған,
Тобылғы толған сай алап.
Көл жағасы тіршілік,
айнала қонған кигіз үй.
Жанып жатыр көп ошақ,
маужыраған көңіл күй.
Тобылғы арасы бір сыбдыр,
Екеуден ғана бір қыбдыр,
Сөнбеді анау бір ошақ,
Естіледі көмескі,
шолпыдай күміс бір сыңғыр.
ӨНЕР мен САУДА
Өнер мен сауда
Бір бірінен алшақ дүние ,қарағым.
Өнерге сен қасиетіңді қос,
дарыныңды қос,
Талабыңды қос,
Көтеріп көр сосын,
Көтере аларма екесің!
Ал, тиын мен жез.
Қапшықтап жина,
Салмағы ауыр тым оның.
Көтере алсаң көтер,
Айырарсың,СОДАН ненің АУЫР,
Ненің ЖЕҢІЛ екенін
Лирика
ҚАНАТЫМДЫ ОТҚА САЛДЫМ
Мен сені сүйдім,
Ерніңнен ернім талғанша сүйдім.
Құштым, құшырландым.
Мен қазір ішіңдемін,
мен қаныңдамын,
мен бауырыңдамын,
мен бүйрегіңдемін,
Мен жүрегіңнің дәп ортасынан
орын алдым!
Сен мені сүйдің,
Құшағыңа қысқанда
отыңа күйдім,
Сен менің тағдырыммен күйдің,
ортақ болдың бәріне,
қуанышыма, қайғыма.
Мен де сүйдім,
Сен де сүйдің,
Болдым жалғыз күйдіргің.
Тап қазір қүшағыңдамын,
Ыстық алақаныңмен аялап,
Жүрегімнің дүрсілін бастың
тағдырымның күйігін бастың!
Аяулым, аппағым,
Сен мені сүйдің,
мен сені сүйдім,
Сол үшін.
сонау ұшып жүрген көбелектей,
қанатымды отқа салдым!
О,ТАБИҒАТ, ҚҰДІРЕТ!
О,табиғат, құдырет,
мың сан қадіріңді,
адам болып,
білмей жүру мүмкін бе?.
О, табиғат, құдырет!,
сан саяңды,
адам болып,
сезбей жүру мүмкін бе!
О,табиғат,
дауылыңа да төтеп бердім,
өлмедім.
Жауыныңа да бір гүлдедім,
төрледің!
Сан рахатқа
талай, талай бөледің,
Сан алғысымды айттым саған,
әлде мүмкін білмедің?
О, табиғат, құдірет!
Парызымда, қарызымда бар саған!
Ғұмырымның әмірі тек сен ғана,
Аман болса,
Сәті түссе,
Топырағың мен жапырағыңды жамылып,
Құшағыңа мәңгі енермін!
СӨЗ ІШІНДЕ "НЕ ЖАМАН?"
——————————–
БЕТПАҚ СӨЗ АЙТҚАН ЖАМАН
Бет алды лағып,
СӨЗ айтқан жаман,
Желдей ағып,
Ағын сөз айтқан жаман
"Ананыкі бұрыс",
"менікі дұрыс" деп
Сөз айтқан жаман.
Не айтсаңда,
көздеген жеріңе
тигізе алмай жатқан ЖАМАН.
Құтылмас жерде,
көптің атынан сөйлеген жаман.
Өзін құдайға теңеп,
"Құдайдың сөзін" айтқандай көріп,
Бедірейіп,
Бетпақ СӨЗ айтқан ЖАМАН!
Бір мұң,-бір ғазел
ШІРКІН ДҮНИЕ, ТАР СИЯҚТЫ
Дүние шіркін кеңістік,
шексіз әлем.
Біз кішкентай бөлшегіміз
бұл ғаламның.
Құртақандай болсаңда
тірлігіңе тоймай жүрген.
Сен –Адамсың,
Сансыз арманыңмен,
Таусылмайтын қиялыңмен,
Кең дүниеге сыймай жүрген.
Кең дүние саған тар сияқты,
Шын досың болмағасын,
Шын сырласың болмағасын,
Емініп, құшағында жататын,
нақсүйерің болмағасын.
Кең дүние саған тар сияқты,
Бұл әлемді аппақ гүлмен
жайқалта алмағасын!
ТЫРНАЛАРМЕН ҚОШТАСЫП
Уақыт дегеннің белгісі жоқ,
өлшеусіз,
Зымырап өтіп барады
байқаусыз.
Суық жел соққан терістен,
өңменнен өтіп барады,
тоқтаусыз.
Арқадан қайтқан тырналар,
тізіліп сап құрады,
Көңілдің кірін жапқан бұлт,
Жөңкіліп қайда барады?,
жылы жаққа, шамасы,
–ақаусыз.
Өңменнен өткен
өткір Желмен қоштасып,
Оңтүстігін сағынған,
тырналармен қоштасып,
Қол бұлғап тұрмын қимастай,,
көңілімде- мұз,
астым -сыз.
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ,азушы, ақын
kerey.kz
Пікір қалдыру