|  |  |  |  |  | 

Зуқа батыр 150 жыл Тарих Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

Көгедай ордасы

2449d5ad23f2aaa5c82aca0494cd4f8dҚытай дерегінде: «Көгедай қазақтың гүңі (сұлтаны), Әбілпейіздің алтыншы ұлы, Цяньлүнның 55 жылы (1790 ж.) патшаға сәлем бере келген, патшамыз оған асыл тас тағылған қос көзді тәж кигізген» делінген Көгедай ордасы (княздігі) – ХVIII ғасырдың соңында Қазақ Хандығы ыдырай бастаған мезгілде пайда болған, Жоңғардан босаған жерге қайта қоныс аударған қазақтардың қазіргі Қытайдың Алтай аймағы мен Шығыс Қазақстанның шығыс аудандарында құрған княздігі. Сипаты жағынан Еділ қалмақтары көшкеннен кейін құрылған Еділ-Жайық арасындағы Бөкей Ордасына ұқсайды, бірі батыстағы шығыстан келген Еділ қалмақтарынан босаған территорияға қайта қоныс тепкен қазақтар жағынан құрылса; бірі Жоңғар мемлекеті жойылып олардан босаған қазақ жерінде құрылды. Бұлардың айырмасы: Бөкей ордасы Патшалық Ресейге бағынса, Көгедай ордасы Мәнжоу империясына сырттай бодан болды.

Атамекенге оралу

1755 жылы шығыста Мәнжоу империясы мен батыста Қазақ ордасының шабуылынан соң Жоңғар мемлекеті жойылады, Жоңғарлар қырғынға ұшырап Жоңғар иелігіндегі Қазақ жері босатыла бастайды, десе де Мәнжоу Цинь империясы қазақтардың атамекеніне қоныстануына барынша кедергі жасайды. Бұл өңірлерге шығыстан, Цахар мұңғұлдарын, сібелер, дағұрлар, мәнжоуларды және Қашқариядан ұйғұр егіншілерін (6000-нан аса адамды Ілеге апарып егін салдырған, Іледегі Мәнжоу әскерінің астығы үшін) көшіріп әкеледі. Құлжа, Үрімжі, Шәуешек қалалары салына бастайды. Осы қалаларға қазақтар керуен тартып келіп, сауда жасайды. Қазақ малшылары ептеп шекарадан өтіп мал отарлата бастайды, 1750-1770 жылдары Жоңғар жойылғаннан кейін қазақтар бейбіт өмірдің арқасында саны молайып кетеді де, «мал өседі, жер өспейді» деген қағида бойынша иелеген жерлері тарылып, ендігі жерде кең әрі тың жайылымдарды қажет етеді.  1771 жылы торғауыттар шығысқа Жоңғарияға көшеді де, Кіші жүздің атақонысының біразы қайтадан қазақтардың қолына көшеді. 180 мың торғауыттан 60 мыңнан артығы ғана Ілеге жетеді, оны Цинь империясы Іле, Бұратала, Қобықсарыға орналастырады, Алтайда ұраңқай мен қалдық дөрбіттер мекендеп тұрады…

Қазақтардың көшіп келіп жатқан қалың нөпірін кері қайтаруға күші келмейтінін түсінген Цинь патшалығы ақырында Алтай мен Тарбағатай және Іле өңірін ресми түрде мұнда келіп орныққан қазақтарға бекітіп берді. Бұл туралы Цинь патшалығының Абылай ханға жолдаған мына хатында айтылады:

«…сендер бірнеше ондаған жылдардан бері ептеп ішкерілеп жылжып еніп келесіңдер. Біздің генерал шонжарларымыздың өтініші бойынша әсілі сендерді жазаға тарту керек еді. Бірақ, патша сендерге кеңпейілдік жасады. Сендердің шекара қарауымыздың бер жағында жатқан иен жерлерге келіп мал бағуларыңа рұқсат жарлығын жариялады. Бұның бәрі сендердің бізбен елдескендерің үшін патшаның жасаған шапағаты. Өздерің өсіп-өркендеумен қатар көршілес елдермен де тату тұрып, патшаның мейір-шапағатына мәңгі бөлене беріңдер» (Цинь патшасы Гаузүун патшалығының орда естелігі. Тайпей. 1964, 793 том, 20 бет).

 Бұл – 1772 жылдан кейінгі оқиға, Мәнжоу билеушілері қазақтарға торғауыт қатарлы мұңғұл руларына жайылымдық жерлерді бөліп бергеннен кейін барып рұхсат береді.

Көгедайды төре сайлау

XVIII ғасырдың екінші жарымында Шыңғыс тауынан қоныс аударып Қалба тауына қоныс тепкен абақ керей бұл жерде көп жыл тұрады, көршілес моңғолдардан басқа арғын, найман, уақ руларымен жер дауы, жесір дауы, құн дауы көбейе береді, бұның басты себебі: жоңғарлар жойылғаннан кейінгі 20 жыл бейбіт өмір кешкен қазақтардың малы мен басы өсіп бұрынғы өріс-қоныстың тарылуына байланысты деп түсінген жөн. Басқа елдер Керейге: «Көмген іргесі, орнатқан ошағы жоқ, ырықты төресі, күл төгер төбесі жоқ, жан күмәнға толмайды» (Татанайұлы Ар. Тарихи дерек, келелі кеңес) деп тойтара береді, бұл кезде абақ керейде төре жоқ екен, сырт ел құрметпен қарайтын, 12 абақ бірдей бағынатын ел басшысы керек болады. Осыны ойлаған Ер Жәнібек батыр мұқым керей баласын шақырып кеңес құрып, ел айтқанына көнетін хан ұрпағынан төре сайлап алуға кіріседі.IMG_0360
1784 жылы Қазыбектің үлкен ұлы Тауасар би бастаған 17 адамды Әбілманбет ханның баласы Әбілпейіздің төренің ордасына аттандырады. Әбілпейіз төре арнайы тарту-таралғысымен келген қонақтарды шын ықыласымен күтіп алады. Тауасардың бұйымтайы оңайшылықта шешіле қоймайды, себебі: Әбілпейіз екі әйел алған кісі екен, үлкен ханымынан: Жанқожа, Ханқожа, Орысты, Пиды, Ағадай, Ақтай, ғада атты ұлдары; кіші әйелі Тұмар ханымнан: Көгедай, Сәмен, Жабағы атты үш ұлы бар екен. Үлкен әйелінің балалары ат тізгінін тартып мініп, ел басқаруға жарап қалғандықтан осылардың бірін қалап сұраған екен, ханымы бұған: «Ел шетінде қиыр жайлап шет қонып жүрген керейге баламды қаңғыта алмаймын» деп көнбепті. Әбілпейіз: «Бәйбішіден туған ұлдарымның барлығының үкі тағып қойған жері бар еді, кіші әйелім Тұмар ханымнан туған Көгедайды алыңдар, сұраған адамды бермеді демеңдер, Көгедайым жас болса да бас болады!» дейді…

   Осылайша Әбілпейіз Тұмар ханымды Көгедай, Сәмен, Жабағы атты үш ұлымен, оған қоса шаңырағына екі құл, бір күң мінгізеді, олардың малын бағып, отын жағуға 11 үйлі малшы-жалшы қосып береді, оған қоса екі үй молла-қожасы қосылып 17 үйімен абақ керейге бірақ көшіріп жеткізеді.  Тұмар ханым балаларымен келгеннен кейін Жәнібек батыр 12 абақ баласымен қоса Әбілмәнбет хан ұрпақтарынан, арғын, найман, қоңырат, қыпшақ, уақ баласынан кісі шақыртып төре сайлайды. Көгедайды 12 абақ баласынан 12 мықты жігіт ақ кигізге салып көтеріп барлық жиналған жұртпен бірге  Қалба тауының биігіне алып шығады. Осы биікте ақсарбас қой сойылып, 12 абақ баласынан бірден кісі шығып: «Көгедайға қарсы келмейміз! Айтқанына бойұсынып, әміріне көнеміз, қарсы келгенімізді қан атсын!» деп қолдарын қанға матырып, құран ұстап ант береді. Осылайша 12 жасар Көгедай абақ керей төресі болады.

 Бұл 1785 жыл еді, 1790 жылы Жәнібек батыр Көгедайға Мәнжоу Цинь империясына қарасты ел болуға кеңес береді, осы жылы оған інілері Сәмен мен Жабағыны, басқа да ел біліктілерін қосып империя астанасы Пекинге аттандырады. Бұл туралы халық аузында: 

Көгедайды көтеріп,

Көктеменің кезінде.

Көкпектіде отырғанда,

Көк қасқа тай сойып,

Көп тілеу тілеп,

Хан жолына аттандырды! Делінетін тәмсіл бар.

Көнсадақ Ахмет ақын мұны:

Барлыбай, Шұбаш ерген Көгедайға,

Жанторы, Байқанда бар осы жайда.

Ежен хан Көгедайға мәнсап беріп,

Ұқсады Абақ елі туған айға, – деп жырлаған. Олар 1791 жылы Қалбаға қайтып келеді. Олар келгенде Ер Жәнібек: «Жігіті бар ел жаудан қорықпайды,

шешені бар ел даудан қорықпайды,

төресі бар ел ханнан қорықпайды,

орының болды кемелді,

Керей енді теңелді!» деп тақпақтай қарсы алған екен.

 Ал абақ керей  Ер Жәнібек батырдың бастауында Сыр бойынан ауды дегенге келсек, бұрынғы замандарда қазақтар қыста оңтүстікті барып қыстайтын да жазда Сарыарқаға келетін, сөйтіп Орта жүз рулары жылына 1000-1200 шақырым көшетін болған. Ал торғауыттар бұдан тек бір жыл бұрын орналасқан екен. Елдің ең батысы Қалба тауында, ал шығысы Маңырақ, Сауыр-Сайқаннан асып Қабаға, тіпті Үліңгір бойына жетіп тоқтайды. 1790 жылы (Циянлұнның 55 жылы) Көгедай 18 жасында Пекинге барып Мәнжоудың Циянлұн патшасына жолығып өзін, абақ керей елін, Зайсан төңірегінен Алтайдың күн бетіне дейінгі жерін мәлімдеп тізімге алдырады, патша Көгедайға «Гүң» (сұлтан) лауазымын береді.

 1821 жылы жазылған Қытай дерегінде: «Көгедай қазақтың гүңі (сұлтаны), Әбілпейіздің алтыншы ұлы, Цяньлүнның 55 жылы (1790 ж.) патшаға сәлем бере келген, патшамыз оған асыл тас тағылған қос көзді тәж кигізген» (Шынжаң туралы қысқаша шолу) делінген. Ол Алтайдағы абақ керейдің 12 ұтығын билеген.

Көгедай ордасының территориялық өзгерісі

Көгедай төре сайланған алғашқы жылдардағы абақ керейдің мекені қазіргі Шығыс Қазақстанның Жарма, Көкпекті, Күршім, Катонқарағай, Зайсан аудандары онымен қоса шығыстағы Алтайдың Жеменей, Буыршын, Қаба, Бурылтоғай, Алтай аудандары төңірегі болады. «Шыңжаң туралы қысқаша шолу» атты кітапта: «Елүн өзені таудан шығыпсолтүстікке қарай 50 шақырым ағып барып көлдің (Зайсан көлі) оңтүстік шығыс бұрышына құяды. Оның шығыс жағалауы қазақ гүңі Көгедайдың қыстауы… Бөкүн өзенінің батысы Көгедайдың жайлауы, Көгедай қазақтың оңтүстік бөлігінің уаңы (ханы) Әбілпейіздің алтыншы ұлы, оған Цяньлұн патша гүң атағын берген» делінген.
IMG_0354

Көгедай 1824 жылы 51 жасында қайтыс болады. Қамбар төремен арадағы араздықтан болған мал барымтасында ауылға келген қуғыншыларды қумақ болғанда жамбасына сойыл тиіп, содан бір жыл өткен соң қаза болады. Екі інісі құнын даулап Цинь патшасына арыз жазады. 87 жасқа келген Нұрбала атты әже Көгедайды былай жоқтаған екен:

Жетісінде бас болған,

Жетелі дегдар қарағым,

Бірін ала көрмеген Абақтың күллі жаранын.

Құты едің еліңнің, Сайыпқыран сарбазым…

Көгедайдан кейін 1824 жылы оның ұлы Ажы гүң болады, 1832 жылы ордаға қарасты абақ керей баласы 15 мың түтіннен асып мыңбасылар сайланады.

Жәдік руы екі мыңбасы, жәнтекей руы үш мыңбасы, шеруші, молқы, қарақас, тиелі, меркіт, шыбарайғыр, жастабан, сарбас руларына бірден мыңбасы сайланады.

Сонымен қатар абақ кереймен қоныстас найманны руларынан бір мыңбасы сайланады. 1836 жылы абақ керейлер Алтайдың Буыршын ауданында құрылтай өткізіп би сайлайды, Көкен, Топан, Бейсенбі, Құлыбек сияқты төрт би сайланып шығады. Сонымен қатар Қазақ Хандығының бұрынғы заң-жарғыларына негізделіп «төрт би төре заңы» жасалады.

Цинь империясы сырттай иеленіп алман-салық жинағаны болмаса, елдің ішкі істеріне араласпайды, ел ішіндегі мәнсаптар мен дау-шарларды елбасылары өздері шешіп отырады.

Көгедай ұрпақтарының әрекеті

1864 жылы Ажы төре 1000 отбасымен Зайсаннан ауа көшіп, сауырға ордасын тігеді. Сол жылы «Қызылаяқ шапқыншылығы» басталады.

 1836 жылы тынымсыз шығысқа ілгерілеген қазақтарды тоқтату үшін дөрбіттер 3 мың әскермен Өр Алтайға шабуыл жасап, Беген байдың ауылын шауып, 30 отау, 170 түтінді байлап әкетеді. Алтай елі оларға қарсы аттанады, қаша соғысқан дөрбіттер Ізғұтты батырды өлтіреді, бұл оқиға ел есінде «Беген шабылған қара сеңгір» немесе «Сайын ноян шапқан» деган атпен қалады.

 Осы оқиғадан кейін Ажының жарлығымен Жарқынбай қол бастап қарсы аттанады. Осы соғыстан кейрын мекендеген керей рулары шығысқа үркін көше бастайды. Алтайдағы елден де басқа жақтарға қоныс аудару белең бере бастайды, мысалы 1868-1880 жылдары Тарбағатайдың Майлы-Жайыр тауларына 1000-нан аса түтін көшіп барады. Қобдаға қарай 1000-нан аса отбасы қоныс аударады. 1867-1868 жылдары қызылаяқтар Алтай еліне шабуыл жасайды, олар Буыршындағы Құланбай ауылдарын, онан Ертісті өрлеп есін Өр Алтай тұтасымен қазақтардың қолына көшеді.

  1864 жылдан кейін Шығыс Қазақстанның аудандаағасы, қазыбек, шыбарайғыр, елгелді руларын шабады. Оларға қарсы Көбеш батыр, Далай мерген, Сыдықай батыр, Тұрым батырлар аттанады, олар қызылаяқтарды қан-жоса етіп қырғындап, Қобдаға асырып тастайды.

1877 жылы Ажы өліп орнына ұлы Қасымхан отырады, ол өте жуас болады, Алтайға Шаған Кеген атты ұлық келіп, елге салынатын салықты арттырады. 1883 жылы Шыңжаң өлке болып құрылады. Осы жылы Бөке батыр бастаған 1000-нан астам отбасы Боғдаға көшеді. Сонымен бірге 1000-нан астам отбасы Зайсаннан Жеменейге көшіп келеді де, абақ керейден Зайсанда бір болыс ел ғана қалады.

Ал кезінде Ер Жәнібектен бері Қалбаның оңтүстігіндегі Шұбартауды мекендеген керейлер де сол жерде түпкілікті қоныстанып қалады. Осылайша Көгедай ордасының территориясы Қазақстан шекарасынан сыртқа ысырылады, бұл сол замандағы екі ірі империяның жер бөлісінің зардабы еді. 1870 жылдары Іле генералы Алтайға 500 әскермен жұн ғалдайды жібереді. 1890 жылдан бастап Қасымханның ұлы Жеңісхан гүң болады.

1887 жылдан 1902 жылға дейін Алтайды Тарбағатай аймағы арқылы басқарады, бұған Алтай қазақтары наразы болады, 1902 жылы елбасылары арыз беріп орталық үкіметке дейін жолдайды, өтініштері орындалып Алтай қайтадан Пекинге төте қарайтын болады.

1883 жылдан 1906 жылға дейін Алтайдағы елдің жарымы Еренқабырға, Боғда, Баркөл, Қобда сияқты жерлерге ауады, басты себеп саны өскен ел үшін кең жайылымдық жер керек еді. Көгедай ұрпағы ауып барған елменде бірге кетіп сол барған жеріне билік жүргізді, мысалы Майлы-Жайырда Мамырбек, Еренқабырғада Сатархан, Қобдада Қожамжар төре билік жүргізеді.

1880 жылдары Жұртбай Қыран өзені бойында мектеп ашады, бұл кейінгі «Абақия» мектебіне айналады. 1904 жылы Мәми бейсі медресе салдырады, 1910 жылдардан бастап жаңаша мектептер ашыла бастайды. 1920 жылдардан бастап бұл мектептерде «Ахмет Байтұрсын емлесі» қолданыла бастайды. 1933 жылы Шәріпхан Көгедаевтің тұсында Алтай бетінде жалпы беттік мектептер ашылып оқушы саны 6200-ге жетеді, Алтайда «Ерікті Алтай» газеті шығады.  1936 жылы «Жаңа Алтай» журналы шығады.

Алтайдағы аласапыран

Zuqa batir 1866-1929  kerey.kz1

1912 жылы Мәнжоу Цинь империясы құлап орнына Қытай республикасы құрылады, оның тұңғыш құрылтайына Алтайдан уәкіл болып Баймолла мен Зәкария барып қатынасады, Пекин Жеңісханның ұлы Әленге «уаң» (хан) лауазымын береді.

1919 жылы Алтай аймағының орталыққа төте қарайтын статусын жойып, Шыңжаң провициясына біріктіреді.

1921 жылы Ресейден Бакич бастаған ақ орыстар Алтайды басып алып, елге ауыр лаң салады.

Qara kopir (Altay qalasi)

Зуқа батырдың басы ілінген Алтай қаласындағы қара көпір

1921-1928 жылдар арасында Алтайда Қытай билігі орнап аудан қалашықтары салына бастайды, озбыр үкіметке қарсы шыққан қазақтар Зуқа батырдың айналасына топталады, сонымен Алтайда Зуқа қозғалысы Барлыққа келіп 1928 жылы батырды қастандықпен өлтіргенге дейін жалғасады.

1933 жылы Шыңжаңда саяси өзгеріс туып, Шың Шысай билікке келіп, коммунистік саясат жүргізеді, 10000-нан аса совет әскерін кіргізеді. Алтайда Әлен уаң мен оның інісі Шәріпхан Көгедаев әкімшілік билік жүргізеді, Шәріпхан басқарған алты жылда Алтайда өте көп жұмыстар атқарылып Алтайдың бет-бейнесі өзгере бастайды. 1938 жылы Баркөлдегі қазақтар үкіметке қарсы көтеріліс жасап, шығыстағы өлкелерге ауа көшеді, бұның арты Тибет асқан көшке ұласады. 1939 жылы Көктоғай ауданындағы дінбасы ғұлама Ақыт қажы бастап қолға алынады, Шәріпханнан тартып мыңдаған адам түрмеге қамалады, бұған қарсы 1940 жылы Есімхан-Ырысхан бастаған көтеріліс бұрқ ете түседі. Неше мыңға жеткен көтерілісшілерді жеңе алмаған соң үкімет өтірік бітім жасайды. 1941 жылы ел Халел тәйжінің бастауында қайта көтеріледі, бірақ бұл жолы сәтсіздікпен аяқталып, көптеген ел басылары қолға алынады.сс(1)(1)(1)

Осы көтерілісті Оспан батыр жалғастырып, 1944 жылы Өр Алтайды алып «Алтай қазақтары төңкерістік үкіметін» құрады. 1945 жылдың соңына дейін Алтайдың 90% жерін азат етеді. Әленнің орнына Зәкихан уаң болады. 1945 жылы Алтай ШТР-дың бір аймағына айналады, 1946 жылдың соңында Оспан батыр ШТР-ға қарсы соғысын бастап, 1947 жылы Бәйтікке шегінеді.

OSPAN BATIR

Оспан батыр

1949 жылы Қытай коммунистерінің 100 мың әскері Шыңжаңға кіреді, ШТР-нің сатқын, үкіметі Совет Одағының пәрменімен Қытайға қосылады, бұрынғы билік түзі күшінен қалдырылады. Осылайша Көгедай ордасының тарихы сонау1206 жылдан бері жалғасып келе жатқан Шыңғысхан әулеттерінің билігімен түбегейлі аяқталады.

  Фотосуреттерді түсірген Заңғар КӘРІМХАН.

Автор: Ерзат КӘРІБАЙ


e-history.kz

 https://e-history.kz/kz/publications/view/kogedai_ordasi__5061

Related Articles

  • САРБАС РУЫ ЖӘНЕ САРТОҚАЙ БАТЫР

    Тарихты түгендеу, өткеннің шежіресін кейінге жалғау – атадан балаға жалғасқан ежелгі дәстүр. Шежіре, ұлт-ру, тайпа тарихы – атаны білу, арғы тарихты білу болып қалмастан ұлттың ұлт болып қалыптасуы жолындағы бастан кешкен сан қилы оқиғалары мен ауыр тағдырынан да мол дерек береді. Шежіре – тұтас халық тарихының іргетасы ғана емес, ұлт пен ұлыс танудың әліппесі  саналады. «Қазақ халқы 200-ден аса рудан құралса да әр рудың өз шежіресі болған. Шежірешілер жүз, тайпа, ру, ата тарихын терең талдай білген»(1). Патшалық ресейдің дәурені аяқталар тұста қазақтың мемлекеттігін қалпына келтіруді мақсат тұтқан Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан (1866-1937) алғашқы болып қазақ тарихының қажеттілігін алға тартып, башқұрттың әйгілі ғалымы Уәлиди Тоғанмен кездесіпті. Уәлиди Тоған өзінің естелігінде: «Мен бірнеше

  • ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан әскері бірігіп өткізген «Бірлестік-2024» жаттығуы. Маңғыстау облысы, шілде 2024 жыл. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет.  Орталық Азия елдері қорғаныс шығынын арттырды, мұның астарында не жатыр? «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есе көп өндіруді жоспарлап отыр, алайда үкімет бұл салада жұмыс күшінің азайғанын есепке алмаған». «Каспий теңізінен Украинаға зымыран ұшырып жатқан Ресей теңіздің экологиялық ахуалын ушықтырып жатыр». Батыс басылымдары бұл аптада осы тақырыптарға кеңірек тоқталды. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОРҒАНЫС ШЫҒЫНЫН АРТТЫРДЫ. МҰНЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР? АҚШ-тағы «Америка дауысы» сайты Украинадағы соғыс тәрізді аймақтағы қақтығыстар күшейген тұста Орталық Азия елдері қорғаныс саласына жұмсайтын ақшаны арттырғанына назар аударды. Бірақ сарапшылар мұндай шығын тұрақтылыққа септесетініне күмән келтірді. Стокгольмдегі бейбітшілікті

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: