|  |  | 

Руханият Әдеби әлем

АЛТЫ АЛАШҚА ЖОЛ ТАРТАР АЛТЫ КІТАП

(ЖӘДИ ШӘКЕНҰЛЫНЫҢ ЖАҢА КІТАПТАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ)Jadi shaken

11 Сәуір 2019 жылы Алматы қаласы Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы, «Ер Жәнібек Халықаралық қоғамдық қоры», «Ел аманаты» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі. Халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі Жәди Шәкенұлының алты шығармашылық еңбегі Алты Алашқа жол тартпақ. Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып мырзаның жүргізуімен өтетін айтулы кештің тұсаукесеріне көрнекті әдебиетші ғалымдар мен қаламгерлер: Темірхан Тебегенов, Жанат Ахмади,Серікқазы Қорабай, Дәулетбек Байтұрсын, Жәркен Бөдешұлы, Ғалым Жайлыбай, Мұрат Шаймаран, т.б. сонымен қатар, баспа сөз өкілдері қатысады деп күтілуде.

Ж.Шәкенұлы 1967 жылы 5 мамырда Қытай аумағына қарасты Өр Алтайда туған. 1997 жылы Атажұртқа қоныстанған.  Тәуелсіз елге келгенен бастап, Ел мен ұлттың қамы үшін еңбек етуге кірісіп кеткен адуынды жазушы  «Шалқар»,  «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ үні» газеттерінде, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында  жауапты әдеби қызметтер атқарған.

Прозада «Бір уыс сәуле», «Жүрек неге жылайды»   әңгімелер жинағы, «Қаралы көш» – тарихи романы жарық көрген. «Қаралы көш» кітабы түрік тіліне аударылған. Балалар әдебиеті тақырыбында «Ақ балапан», «Арманшыл бала» кітаптарын жазған. Бір бөлім мысал әңгімелері оқулықтарға кірген. «Ақ балапан» кітабы Түркияда латын жазуында шыққан. Әдебиеттік сын-зерттеу тақырыбында «Жалғыздың үні» кітабы жарық көріп, оның ішіндегі «Шынжаңдағы қазақ әдебиеті» мақаласы әдебиет теориясы жинақтарына кірген. Қазірге дейін жазушының авторлық туындыларынан 12 кітап, құрастырған еңбектерінен 20 кітап жарық көрген.

Бұдан сырт А.Татанайұлының «Ел қорғаны – Абылай», М.Разданұлының «Алтайдың ақиықтары», С.Әбілқасымұлының «Қуғын», Қ.Шабданұлының «Қылмысы», т.б. көптеген кітаптарды редакциялап, ата жұртта жарық көруіне өзіндік үлесін қосты. Жазушы шығармашылығы хақында – Т.Кәкішев, Т.Бейісқұлов, М.Рәш, Т.Тебегенов, З.Сейітжан, Ж.Ахмади, Ә.Қара, Н.Түсіпхан, Б.Жылқыбек, Б.Бәміш, т.б. қаламгер-ғалымдар құнды зерттеу мақалаларын жазған. Мөлдір Дәукенова есімді студент «Қаралы көш» романы хақында магистрлік еңбек қорғаған.

Осы ретте Жәди Шәкенұлының «Бозмұнар» роман-хикаяттар кітабы, «Алтай алыптары», «Оспан батыр және Шығыс түркістан мәселелері» атты зерттеу еңбектері, «Қытай қазақтарының әдебиеті» атты әдеби сын-зерттеулері, «Бегзат сөз» атты қаламгер шығармашылығы жайында жазылған өзге авторлардың мақалалар жинағы сынды бес кітабы жарық көріп отыр. Сонымен бірге оқырмандар сұранысы бойынша «Қаралы көш» кітабы А.Байтұрсын үлгісіндегі төте жазуда жарық көруде. Салиқалы кездесуде әсем әндер шырқалып, кеш мерейін асырады. Бірегей жазушыға «Арман» АКО ұжымы шығармашылық табыс, зор денсаулық тілейміз.

Рухани азық боларлық руханияттың ордасында Алты Алашқа жол тартар алты кітаптың тұсаукесерінің куәсі болуға шақырамыз.
Подробнее: http://arman-ako.com/zhanalyktar/altyi-alashqa-zhol-tartar-altyi-kitap.html

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: