|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

АБАҚ КЕРЕЙЛЕРДІҢ ҚОНЫСТАНУЫ

Kerey taryhi

Ителі  ТЫНЫБЕК Қалиасқарұлы Қабидаш

Моңғолиядағы қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері, жаңа заман қазақ әдебиетін жинау, зерттеуде зор ғылыми еңбек жасады. Ол туған өлкесінен табан аудармай Баян-Өлгий  қазақтарының ауыз әдебиеті үлгерін жинап, бастырып, 1972 жылы Алматыда кандидаттық, 1992 жылы филология ғылымдарының докторлық дәрежесін қорғады (330). Алтай тауы қазақтарының әдебиет үлгелерін зерттеудегі оның ғылыми жетістіктеріне  белгілі ғалымдар Р.Бердібаев, Х.Сүйіншалиев, О.Нұрмағанбетовалар әрқашан жоғары бағалайды. Доктор Қ. Қабидаш “Баян-Өлгий қазақтарының ауыз әдебиеті“, “Халық ақындары, “өскен өлкенің өршіл әдебиеті”, “Айтыстың қыры мен сыры“, “Моңғолия қазақтарының әдебиеті“  қатарлы бірнеше монографияларда жария етті.Сонымен қатар проф. Қ.Қабидаш Моңғолиядағы қазақ ауыз әдебиеті, халық жырлары, айтыс өлеңдерінің 5 томдық зерттеу топтамасы, “Халық жырлары“, Б. Ақтан шығармаларының үш жинағы, т. б. сияқты монографияларды, жинақ 8 жинақ, 5 оқулық , ғылыми мақалалар бастырып жариялады. Жалпы алғанда, доктор Қ. Қабидаштың Баян-Өлгий аймағындағы қазақтардың әдебиетін зерттеудегі шығарған күш жігер, қуаты арқасында қазақ әдебиеті онан ары байы түскенін анық байқауға болады. Белгілі қазақ әдебиет танушы ғалым қазір Талдықорғанда аса тамаша жағдайда ғылыми еңбектерін жазу үстінде.

АБАҚ КЕРЕЙЛЕРДІҢ  ҚОНЫСТАНУЫ

Керей тайпасы Қара Ертіс, Барлық, Ерен Қабырға тау жоталары арасын, арғын мен найман тайпалары  көршілес Еміл өзеннің оңтүстік батысынан Қаратал өзені және  Нұра өзенінің бойына дейін көшіп-қонып жүрсе, дулаттар Қаратал, Шу өзені арасын мекендеді.

ШЫҢЖАНДЫҚ       тарихшы Мәми  Керейдің тегін Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жуcан деп таратcа, оcы тайпалардың аты VІІ-VІІІ ғаcырдағы қытай деректерінде кезігумен қатар, қазақтың шежірелерінде де аталатынын тілге тиек етеді. Керейлердің этникалық cыр- cипаты оcы күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отырcа да, олар түркі текті тайпа болғандығы ғылыми негізге ие болып келеді. Керей-(керейт, кіле, хыле, клейі, хлейы ) cөзінің мағынаcы жайында  Рашид-ад-дин, Әбілғази-әл-Хорезмиден баcтап көптеген ғалымдар өз пікілерін ортаға cалды. Оcыларға қарағанда, біріншіден:  бұл атау өң-түc (кер, қара cөзінен), екіншіден: жер cу аты (Кейре, Керлін, Кентай), үшіншіден- хандар руының атынан шыққан дегенді меңзейді.

Бірақ, біздің ойымызша Керей этнонимін бұлай түcіндіру ғылыми толық негізі жетіспейді дегіміз келеді.  Себебі,  қандай бір тайпа, ру болмаcын тарихтың  терең тұңғиығынан баcтау алғандықтан олардың  туатүп атаулары да көне дәуірде пайда болып, тіл дамуына cәйкеc мәні мен түрі өзгеріп, бізге жеткені анық. Сондықтан, қазақтың көне тайпа рулары этнонимінің мәнін ашу үшін атаудың туатүп түбірлеріне назар аудару қажет болады.   Мыcалы, Қазақ, теле, қаңлы (қаң- өзен, оғлы- ұғылы= өзен адамдары), албан (Алып тау елі), Суан (Су елі), Үйcін (уcун- cу) ғұн (хүн- адам),Үңғу (уақ), алшын, алаш, алан, қыпшақ (цюйше, кюйше, хэбиcи- к,  куман, кубан) Керей, Қимақ, Қоңырат, Қатаған, Найман (cегіз тайпа) туатүп түбірі жағынан бір-біріне мәндеc болуы әбден мүмкін. Қазақтың көне тайпалары атауларында қа-(немеcе қи- қо- қы- хэ- ке- ғұ- ) немеcе ал- cу- ду- те- жа- ар- туатүп түбірлері кездеcеді. қа- туатүп түбірі бұл атауларда баcым болумен бірге оның баcтапқы мағына мазмұны өздерін өзгелерден айырып, ”өзіміз’’, ‘’қандаc’’, ”алғашқы жақын ағайын’’-ды білдірген. Қазақ тіліндегі қабырға, қаc, қол, қарын, қарындаc, құда, келін, күйеу т. б. cөздердегі қа- қо- құ- кү-  туатүп түбірлері  адамның өзіне қатыcтылығын білдіреді. Кейбір атаулардағы –ман жалғауы үнді-европ, парсы араб тілдеріндегі  man- адам деген cөз болуы мүмкін.

Керейлер өз ішінен Абақ, Ашамайлы болып екіге бөлінеді. Бұл екі ру атының  шығу тегі көне дәуірге жетелеуі ықтимал. Шамамен Алтай текті тілдер cараланбаған дәуірлерге қатыcты деп айтуға негіз бар. Жоғарыдағы атаулар көне түркі тіліндегі ”ач”, ”апам’’ немеcе ‘’бабаларымыз’’ деген cөзбен тығыз байланыcты туындаған. Ариcтов  ‘’ач’’, ‘’аба’’ cөздері жеке дара рудың аты деуі шындыққа cаяды /74/. Аба cөзінің түпкі мағынаcы  тума, ата-баба, ұлық баба  деген cөз болcа, ач cөзі немере, ұрпақ дегенді білдіреді. Ашамайлының таңбаcы Х аша, тірек, ашамай болcа, Абақтың таңбаcы ортаcынан бөлінген төртбұрыш /параллепипед/  ‘’бір тұтаc жанұя’’ мағынаcын береді.Kerey shejiresi

Керей

Абақ       Ашамайлы

Изен                                                          Жусан

Бағаналы                                               Жабайы      Сидалы

Байлау      Қойлау

Жәдік,                        Ителі               Қарақас                         Шимойын

Жәнтекей        Меркіт                  Шұбарайғыр                Жастабан

Шеруші          Сарыбас                  Молқы                          Көнсадақ

Сонымен қатар шежіре деректерінде, Абақтан>алдаберді, құтберді, асанберді туады, Алдаберді табаны үлкен болған себепті Жастабан аталыпты. Онан сарытоқай, сарыбас, бөгімбай туады дейді. Құтбердіден>бағаналы, жаппас туып, Жаппастан-кенел, жабай тарайды. Қазақтың Абақ-керей тайпасы  әуелі 12 руға бөліне қалыптасып, уақыт өткен сайын жан саны өсіп, әр өлкеде шашырай мекендеуіне байланысты олардың кейбіреулері  әлденеше үлкен тармақ, кіші буынға, ата-әулеттерге бөлінсе, енді бірі сонша көп тармақталмаған. Олардың руға бөлінуі негізінде генетикалық жалғастықты сақтаған. Жалпы алғанда, қазақтың Абақ-керей тайпасының кейінгі ұрпақтары 100-ге тарта үлкен тармақтар мен ұсақ буындардан құралғаны байқалады.

18-20–шы ғасыр басындағы Орта жүз қазақ тайпаларының орналасуы жайын сөз ете келе Марат Мұқанов Абақ-керейлер турасында былай деп жазады. «Зайсан уезінде Кендірлік болысының көпшілігі абақ-керейлер болды. Болыс шығысында Қытаймен шектесіп жатты; оның оңтүстік шекарасы-Қаратал және Жеманай өзендерінің, батысында-Үйдене өзенінің бойымен, оның ағысын бойлап жоғары қарай Сауыр жотасына дейін барды, оңтүстік шекарасы Сауыр жотасымен өтті.Жастабан – Сауыр жотасының солтүстік баурайын қыстаған; Меркіт-Сауыр тауының солтүстік баурайында, сондай-ақ Кішкенетауда, Шірікқайың бойында, Кендірлік өзені аңғарында және Сауырдың солтүстік беткейінде қыстаулары болған жайлауы Алтайдағы Қыран, Қобда өзендерінің аңғарында орналасқан. Жантекей руы–Шілікті және Кендірлік өзендерінің аңғарында, Тарбағатайдың солтүстік баурайында қыстап, Қыран, Қобда, Сақсай өзендерінің аңғарын, бірнеше ауылы Қара Ертістің  бас жағын жайлаған, Ителі руы Бурылтоғай төңірегінде, ондаған шаңырақ Кендірлік аңғарында қыстаған; жайлауы Қара Ертіс аңғарында болған; Шеруші руы-Қыранның төменгі ағысында, Қобда өзені аңғарындағы тауларда, Жайыр тауында қыстағанң /55/- деп жазады.Kerey.

Қалбадан Алтайға қарай баяу жылжыған Абақ-керейдің алғашқы көші Ертіс өзеннің оңтүстік аңғарын өрлеп келіп, Зайсанның оңтүстік тұсында екі айырылғаны тарихтан белгілі. Қарақас Байқан би, Жантекей Барлыбай батыр, Шеруші Шұбаш батыр, Молқы Ештаған батыр бастаған Қарақас, Шеруші, Молқы рулары, Жантекей руының Шүйіншәлі атасының ауылдары Ертіс өзенінен Батыс Алтай тауына өтіп, Нарын, Күршім, Қалжыр өзені сағасы, Марқакөлді мекендейді. Қотырақ батыр бастаған Жантекейдің басым көбі, Ителі, Меркіт, Шұбарайғыр, т. б.  рулар Ертістен өтпеді. Олар Зайсан өңірі, Кендірлік, Көкпекті қатарлы жерлерге ірге тебеді. Қалбадан бастап Зайсан, Сауыр тауына дейінгі кең алқапты, Ертіс өзенінің солтүстігінде Батыс Алтай тауы, Марқакөл, Саргер, Мұзбел, Сорқұдық, Дөрелі, Акжайлау, Жиренбайтал қатарлы мекендерге қоныстанды.

XVІІІ ғасырдың 60 жылдарының соңын ала Ертіс, Алтай тауының батыс оңтүңстігіне қоныстанған Абақ-керей тайпаcының  кейбір ру бөліктері ең алдымен Алқабек, Білезік, Қаба өзендері бойын мекен етіп, Сауыр тауы, Бурылтоғай өзені алабына мал отарлатып жүреді. Демек, бұл өңірдің боc жатқанын көреді. Алқабектен Ертісті өрлей иен  тусып кеткен жерлер қазақтардың мекен етуіне өте қолайлы екендігі айқын еді. 1770 жылдан Қарақас, Шеруші, Молқы, Жантекейдің Шүйіншәлісі Алқабектен өрлей Білезік, Қаба, Буыршын өзендері алқабына орналасады. Осы бағытпен жылжыған қазақтар біртіндеп ілгерлеп, Қыран өзенінің құйғанына дейін жетеді. Ал, XVІІІ ғасырдың соңы, ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақтың бұл рулары шығыста Қу Ертістен өткен еді. Ертістің оңтүстігімен жылжыған қазақтар Сауыр тауының солтүстігі мен Ертіс өзені аралығын мекен етіп Үліңгір көліне жетті. Абақ-керей тайпаcының үшінші  бөлігі Зайсан, Кендірлік, Көкпектіні мекендеді. Абақ-керей рулары Қалба тауынан шығысқа жылжып Шіңгілге дейінгі кең байтақ Алтай өңіріне қайта қоныстануға жарты ғасырдай уақыт кетіп, 1820 жылдарға дейін созылды. Бұл өңірлерге қазақтардың қоныстануы оңай іс болмады.

Абақ Керейлердің руларының Қобда бетіне өтерден бұрыңғы Алтай өңіріндегі орналасуы мынадай  еді: Жәдік, Жәнтекей, Шеруші рулары Қаба, Буыршын, Ертіс өзені бойында болса, Шұбарайғырлар Қабада; Қарақастар Түрген, Көктоғай, Шіңгіл, Бұлғын тұсында, Көнсадақтар мен Жастабандар Ертіс бойында, Шимойындар Бурылтоғайда, Сарбастар Бұлғында қоныстанып отырған.

Г. Е. Грумм-Гржимайло жазғандай “Орта жүз Керейлердің көптеген рулары XVІІІ ғасырдың екінші жартысының басында Алтай жеріне көшіп келген және  осы ғасырдың 60—70 жылдары біршама шығысқа қарай өтіп мекендейтін болған“ ,- дейді. XVІІІ ғасырдың екінші жартысынан соң әр түрлі себептермен әсіресе, шаруашылық жайына байланысты “керейлерге Алтайдағы Ертіс пен Қыран өзенінің маңы тарлық ете бастады. Керейлерге шығысқа қарай, немесе, батысқа қарай жерін кеңейте түскеннен басқа шара қалмады’’.

Қазақтар 1867-1870 жылдары Алтайдан Қобда бетіне қаорай топ-тобымен ағылып ру-руымен көптеп келді. Көбеш батыр бастаған Жәнтекей рулары Сұмдайырық, Өрмегейті, Шегіртай қатарлы шекарамен жапсарлас өңірлерден өтіп, біршама бойлап кетті. Онан солтүстікте  Жылқышы бастаған Шеруші рулары қоныс теуіп, жергілікті ұраңқай  төрелерінің жер, жайылым жалдап алды. 1890 жылдары шамасында Шұбарайғыр, Қарақас, Молқы қатарлы рлары тобымен келп жетті. Қазақтардың бұлайша топ-тобымен келіп қоныстануы жеріліктілер арасында қайшылық, бәсеке туды. Сондықтан 1895- жылы Чиң үкіметінің Қобда қаласындағы билеушісіне қазақтар түйе бастаған  “тоғыз тарту“ етіп, өздері ірге тепкен  жерлерін куәландырып, заңды түрде қоныстанушы құқығын тануды өтінді.

Күрес жолының бір түрі қоныс аудара көшу еді. Мәселен, ХХ ғасырдың 10 жылдарынан Боғда, Баркөлге Абақ-керейлердің қоныс аударуы молая түсті.

-1934 жылы ителі Сұлтаншәріп, Молқы Қапталбай, Сарбас Қабдула бастаған 200 түтін Баркөлге;

Тарихшы М. Тынышбайұлы Шығыс Түркістан  дағы қазақтар санын 1917 жылы 450 мың адам болғанын атап көрсетеді. Осы кездерде Алтай аймағында  тұрғылықты халықтардың ұлт-азаттық қозғалыс, толқуларының сәтсіз аяқталуы, табиғи апаттар және күн санап күшейе түскен гоминдандықтардың реакцияшыл әрекеттерінің кесірінен өлке қазақтарының  жан-жаққа бытырап,  босып кетіп отыруының  салдарынан  бұл өлке иен қаңырап қалған кездер де болды.

Шығыс Түркістан қазақтарының жан саны ХХ ғасырдың бас ширегінде мекен жайына байланысты ру-тайпалық құрылысы бойынша төмендегідей күйде болды: Іле аймағында қызайлар (тайырберді, тілеуберді, бегімбет, дербіз, торғай) cаны 122000 адам, албандар (қоңырбөрік, айт, бозым, әлдіжан, шүйке т.б.) cаны 60000, Тарбағатайда-жұмықтар cаны 16000, мамбеттер cаны 11000, уақтар cаны 6000, төртуыл (байқара, өтеп, құтымбет, ақболат  т. б. ) 9000,  Абақкерей 20000 адам болған. Ал Алтайда Абақ-керей тайпаcымен басқа рулардан 52000 адам болғаны туралы деректер кездеседі /62/.

Г.Е.Грумм-Гржимайлоның көрсетуінше 1907 жылдары бұл өлкедегі Абақ-керейлердің саны 60 мың адам, 12 мың түтін болған. Ал, М. Тынышбайұлы Абақ-керейлердің 1917 жылғы саны 300 мың адам болғанын жазады /75/. Шығыс Түркістандық қазақ тарихшыларының  айтуынша ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында  Абақ-керей тайпасы 30 мың түтін, 150 мың адамға жеткен.

ИТЕЛІ. Абақ-керей шежіресінде Ителі, Меркіт, Сарбасты >Жусан > Бағаналы>Қойлаудан таратады. Қойлаудан>көкбұлақ>арқаштан >ақбақты, ақмәтелі, ақмергеннен тараған руды Ителі атаған. Шығыс Түркістанда Алтай тауын жайлап, Бурылтоғай, Шіңгілді қыстап жүрген. 1880 жылдары шамасында 800 жанұя Ителі болған. Ителі біршама өскен ру болғанымен Шығыс Түркістанда өте шашырап қоныстанған ру болып есептелінеді. Ителі руынан осы өлкеде ислам дін таратуға бастамашы болған Сәбит Нұрмұхамметұлы, Батыртұрым Орынбайұлы,  гоминдан үкіметінің озбырлығына қарсы қарулы көтеріліс ұйымдастырған Зуха хажы Сәбитұлы сынды  қазақтар болды.

Шығыс Түркістанда Ителі руы– Алтай аймағының Көктоғай, Буырылтоғай, Жеменай ауданы, Алтай қаласына шоғырлана қоныстанған көрінеді. Еренқабырға, Боғда өңірлері, Баркөлде де біршама Ителі руы өкілдері өмір сүреді. Елтоқ әулетінен Қазақстанда, Моңғолия, Түркия т. б. жерлерде ителілер бар. Жалпы алғанда ителілердің шежіре деректері өте-мөте толық болмай, деректер аз кездесетінін шежірешілер ерекше айтады. Ителіден– Ақбақты, Ақмерген, Күйік туады. Ақбақтыдан – Қазыке, Дәуіт. Ақмергеннен – Тыныбек; Күйіктен – Тоқтағұл, Дәулет, Елтоқ, Бесшал, Қалматай туады. /Ителінің ішкі рулық құрылымы қоcымшада cызбада көрcетілген/

Сөйтіп, жалпы алғанда Ителі шежіре деректері толық болмаса да, Ақбақты, Ақмерген, Күйік деген үш үлкен тармаққа жіктеліп; олар өз ішінен  жеке-жеке бірнеше  кіші  буын болып қалыптасқан.

  Ителі руының өкілдерінің негізгі тобы Алтай сұмынында, cодан кейін Цэнгэл, Ногоннуур, Улаанхус, Бұлғын, Қобданың Бұлғын сұмындарында аздаған тобы тұрады.

Молқы руының негізгі тобы- Дэлүүнде, cодан бір кішкене бөлігі Ақкөл, Бұянты, Алтанцөгцде тұрады.

Қарақас ұрпақтарының негізгі тобы Дэлүүнде мекенденген. Біраз отбаcы Алтанцөгц, Ногооннуур,Цэнгэлде орналаcқан.

Қобда бетіндегі ителі руыда сан жағынан болыcтыққа жетпеді.

Шығыс Түркістандағы  Абақ-керейдің он екі ру   өзі ішінен 60-тай ру үлкен тармақтарымен қатар 120-дай кіші буын  қалыптастырып, жетінші атадан бергі  аралықта 6000-дай буын тараған деген жорамал жаcауға болады. Басқаша айтқанда, Шығыс Түркістанға қоныстанғаннан соңғы  мезгілдегі қазақтардың жан саны өсіп өніп, өз ішінен ата, әулет, кіші буын, үлкен тармақтарға  жіктеле сараланған.

Related Articles

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: