|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Суреттер сөйлейді

ҮСТІРТ МАУГЛИІ ЖӘНЕ ТАҒДЫРЫ

92375997_503392843872402_5911402908141748224_o

1957 жылы тікұшақпен шыққан бір топ геологтар Үстірт жазығында (Түркіменстан мен Қарақалпақстанның шекарасындағы Сарықамыс көлінің жанында) қасқыр атумен айналысқан.

Геологтар қасқырларды ізінен қуып келе жатып олардың арасында шамамен бес жасар қалыспай жүгірген баланы көріп таң қалады. Бала қасқырлармен бірге аспаннан төнген жаудан қашуға тырысып келеді.

Олар барлық қасқырларды атып, баланы құтқаруды ұйғарады. Тікұшақты жерге қондырып баланы ұстауға әрекеттенеді. Алайда бұл ойлағандай оңайға соқпады. Бала қасқырдың бөлтірігі құсап адамдарға қарай тістеніп айбат көрсеткен. Дегенмен геологтар оны қолға түсіріп , дәрігердің қарауына тапсырады. Баланың қасқыр үйіріне қалай түскенін және ата-анасы кім екені беймәлім. Ауруханада оған олигофрения диагнозы қойылып, Ташауздағы психиатриялық ауруханаға орналастырылған.

Оның өмірінде адам қатарына қосылудың қиын және қайғылы кезеңі басталады. Балаға Жұма Жұмаев есімі беріліп оқытуға кіріседі. Жұма, қасқырлар іспетті төрт аяқпен жүргендіктен тізелері мен шынтақ тұстарының терісі қатайып қалған. Бірте-бірте дұрыс журуге, тамақ ішуге, тістерін тазартуға, шаштарын тарауға, тіпті шахмат ойнауға үйренеді. Кейде әйел дәрігерлер оған аяушылық білдіріп, үйден тәтті кәмпиттер әкеліп, іш киімдерін жуатын.

Он бес жасында Жұма оқып жазуды үйренгенімен қоймай тіпті оның қасқыр арасында өткен өмірі туралы айта бастаған. Көбіне әңгімелері қасқырлардың оған танытқан қамқорлығы мен тамақпен бөліскені , ал адамдардың нашар қарым-қатынасымен оның «отбасын» өлтіргені жайында айтылатын еді. Ол ата – анасының , бауырларының, қарындастарының (қасқыр) қалай өлтірілгені туралы көзінен жасы тамшылап еске түміретін. Қанішер жауыздардың аспаннан оқ атқандарын төбеге саусағын шошайта көрсетіп отырады.

Жұманы бір ауруханадан басқа ауруханаға ауыстыра беретін еді . Ташауздан ол Ашхабадқа, содан кейін Ашхабадтың етегіндегі Калининское ауылындағы алапеспен ауыратын науқастар арасында ұсталды. Содан кейін белгілі уран шахтасына қарасты Қызылкөлдің (Красноводск облысы) жеріне ауыстырылды. Ол кезде түрікмен режиссерлері бұл аймақ туралы фильм түсіруді ұйғарған, бірақ қатаң тыйым салынды.

90-жылдардың басында бұқаралық ақпарат құралдары түрікмендік Маугли туралы ақпарат жарияланғаннан кейін, ол туралы материалдар дайындау үшін Мәскеуден «Московский комсомолец» газеті мен «Огонёк» журналы сияқты танымал басылымдардың журналистері келді. Сонымен бірге, ОРТ арнасының «Взгляд» бағдарламасының жүргізушісі Влад Листьев Жұма Жұмаев туралы бағдарлама дайындады.

Келген журналистер Жұманы хайуанаттар бағына апарып қоршауда отырған қасқырларды көрсетті. Влад Листьевтің айтуынша, қасқырларды көргенде Жұманың мазасы қашып көпке дейін үндемей , кейін қоршау ішіне кіруге тырысқан.

1992 жылы Жұманы Ашхабадқа жеткізіп режиссер Болат Мансұров одан анасының суретін салып беруін өтінінген. Жұма болса қасқырдың суретін салып беріпті. Жұма сөздерді жетік айта алмаса да, оған айтылғанын сөздерді жақсы түсінетін . Б.Мансұров: «Жұма, бұл – қасқыр», – депті күлімсіреп, сол уақытта көзіне жас алып: «Бұл менің анам», – деп жауап берген екен.

Осы әңгімеден кейін режиссер «Түркімен Маугли» атты фильм түсіруді ұйғарады, бірақ кадрлардың белгілі бір бөлігі болғанына қарамастан, фильмге тыйым салынды.

37 жаста Жұма төлқұжат пен жәрдемақы алу құқығын алды. Бірақ өмірінің соңына дейін психиатриялық ауруханада қалу қараластырылған.

Кейін Жұма арнайы мектеп-интернатқа ауыстырылды. Журналистердің онымен соңғы сұхбаты 1996 жылы өткен, содан кейін аурухананың есіктері жаппай бәріне жабылған. Жұма туралы ақпарат құпия түріне өткен. Оның кейінгі тағдыры қалай өрбігені белгісіз. Оның қайтыс болғаны да, қайтыс болмағаны да белгісіз қалды.

Әлемде әйгілі басқа Mаугли адамдарымен салыстырғанда Жұма әлдеқайда ұзақ өмір сүрген. Олардың көпшілігі 40 жасқа дейін жер басып жүрсе Жұма туралы дерек үзілгенге шейін шамамен 50 жаста еді. Қасқырлардың арасында ол шамамен 5 жыл өмір сүрді десек , адамдар арасында 40 жылдан астам уақыт өмір сүрген. Алайда ол адамзат қоғамын түсінбей адами болмысты қабылдамаған сықылды. Жұма Жұмаев феномені ғылым үшін жаңашылдық болатын. Оның есімі ғылыми әдебиетке енген.

Қарақалпақстандық жазушы Өмірбай Өтеулиев: «Жұма Қарақалпақстанның территориясында, Сарықамыс көлінің жанында табылған», – дейді. – Мен бұл туралы Үстірт шопандарынан бірнеше рет естідім. Қасқырлар ерекше сезімталдығымен ерекшеленеді.

Белгілі жазушы және журналист Өмірбай Өтеулиевтің шығармаларында қасқырлар туралы көптеген мәліметтер жазылған.

Аударған Дастан Абдырахманұлы

Related Articles

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. 22 қыркүйек 2025 жыл. Тоқаев пен Зеленский. Сурет: Ақорда 21 қыркүйек күні Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясына барған сапарында Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, Зеленский “Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын” білдірген, ал Қазақстан басшысы “қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет” деген. Зеленский осы кездесу туралы мәлімдемесінде Украина, АҚШ, Еуропа және өзге елдердің соғысты тоқтату жөніндегі талпынысын талқылағанын айтты. Оның сөзінше, қос басшы сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті, қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіру ісіне қатысуға деген қызығушылығын сөз еткен. 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей Қазақстанның ең

  • “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    Руслан МЕДЕЛБЕК Өзбек ойыншысы Абдукодир Хусанов (2) пен БАӘ ойыншысы Луанзиньо (21) әлем кубогына іріктеу ойынында. 5 маусым, 2025 жыл. Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына Өзбекстан құрамасының жолдама алғанына жастар футболының қандай қатысы бар? Өзбекстан футболы жетістігінің себебіне үңілдік. “ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР” Өзбекстан Азия құрлығында Иран, Катар, БАӘ, Қырғызстан, Солтүстік Корея бар топтан екінші орын алып, 2026 жылғы әлем кубогына лицензия иеленді. Өзбек футболшылары тоғыз ойынның бесеуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, бір ойында жеңілген. Осы нәтиже ұлттық команданың әлем чемпионатына шығуына жеткілікті болды. Бұл топтан Өзбекстаннан бөлек Иран да әлем чемпионатына қатысады. Өзбекстан әлем чемпионатына шығуға бірнеше рет өте жақын болған еді. Мәселен, 2014 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде Иран,

  • Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Microsoft компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Билл Гейтс өзінің байлығын қайда жұмсайтынын ресми мәлімдеді. Кәсіпкер Африка елдеріндегі денсаулық сақтау, білім беру және кедейлікпен күрес салаларына шамамен 200 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. «Жуырда мен өз байлығымды 20 жылдың ішінде толықтай тарату жөнінде шешім қабылдадым. Қаражаттың басым бөлігі осы жерде, Африкада, түрлі мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталады», – деді Билл Гейтс өзінің қорымен бірлескен баспасөз мәслихатында. Басты басымдықтар: – инфекциялық аурулармен күрес (соның ішінде безгек, туберкулез, ВИЧ); – ана мен бала денсаулығын жақсарту; – ауылдық аудандардағы білім беру сапасын арттыру; – таза ауызсу мен санитария инфрақұрылымын дамыту; Билл Гейтс: «Бұл – қайырымдылық емес, бұл – инвестиция.

  • Украина “өрмегі” заманауи соғысты қалай өзгертті? Әскери сарапшылар пікірі

    Украина “өрмегі” заманауи соғысты қалай өзгертті? Әскери сарапшылар пікірі

    Украина “өрмегі” заманауи соғысты қалай өзгертті? Әскери сарапшылар пікірі Амос ЧЭПЛ Ресейлік “Белая” әуе базасын шабуылдаған украин дронынан түсірілген видеодан скриншот. Фото:Source in the Ukrainian Security  1 маусым күні жарияланған видеода бомбасы бар квадрокоптерлер жүк көлігінен ұшып жатқаны көрінеді, арғы жағында өрт болып жатыр. Сол күні Украина қауіпсіздік қызметі Ресей аэродромдарына соққы жасағанын, нәтижесінде Кремльдің стратегиялық бомбалаушы ұшақтары жойылғанын мәлімдеді. Әскери тактика бөлмелерінде бұл видеоларды мұқият зерделеп жатқаны анық. “Бұл шабуылды бүкіл әлем әскери қызметкерлері дабыл деп қабылдауы қажет” деді Жаңа америкалық қауіпсіздік орталығының Қорғаныс бағдарламасы директоры Стейси Петтиджон (ханым) Азаттық радиосына. “[1 маусымдағы шабуыл] көптеген қыры бойынша Украинаның ұзаққа ұшатын дрондар шабуылынан тиімді бола шықты. Өйткені шағын дрондар шашырап кетіп, әртүрлі нысандарды көздей алады

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: