|  |  | 

Көз қарас Әлеумет

Президент Тоқаевқа ашық хат

19390609_1705040909798212_1463522707629760973_o2020 жылдың 28 мамырында, Мәскеуден жіберілген менің жүгім Қызылордаға келді. CDEK фирмасы, тапсырыс нөмірі 1173341109 жіберілім. Қос чемодан. Менің құжаттарым, базарлықтарым, киім-кешек, ұялы телефондарым өз орнында. Неміс тіліндегі Гёте жинағы,  орыс классиктерінің кітаптары, КСРО журналдары  мен басқа әдебиет те өз орнында. Бірақ, Қыдырбек Рыспекұлы құрастырған, жұдырықтасу жұлдыздарының қолтаңбаларына толы “Қазақ боксшылары” атты кітап жоғалған. Сонымен қатар, тарихшымыз Кәрішал Асан Атаның қос кітабы да жоқ. Әрине, бәрі болуы мүмкін. Алайда, қазақи кітаптарымды орыс жүк тасушысы немесе ресейлік шекарашы жымқырды деп ойламаймын. Погон таққан жергілікті хайуандардың сасық әрекеті болса керек.
Барып тұрған оңбағандар ғой! Мысалы, бокс кітабымда маған арналған Ермахан Ыбырайымов пен Жандос Көкімовтың ізгі тілектері жазылған. Сонда не? Офицер атағымен жамылған қылмыскер ұстарамен менің атымды жойып, өз есімін қоя ма? Ал, Кәрішал Асан Атаның туындылары  -  олар тіпті марқұм жазушы отбасының сыйлығы. Айтпақшы, сыншыл қаламгер болса да, Карекең “Призрак независимости” кітабында сол кездегі сыртқы істер министріміз Қасым-Жомарт Тоқаевты жас, дарынды жетекші ретінде мақтайды.
Менің жеке меншігімде үй-пәтер, автокөлік, зергерлік бұйымдар және басқа құнды бұйымдар жоқ. Жалғыз байлығым  -  осындай кітаптар, рухани байлықтар. Енді не? Қомағай, жемкор жендеттер  маған арналған ардақты ағаларымыздың қолтаңбаларын ұрлаудан тайынбай ма? Осындай ұрлық ақшалай пайданы да онша келтірмейді. Қазақ боксшыларының тарихы мен Кәрішал Асан Атаның жазбаларын “Сотбис”,  “Кристис” аукционынан сатпайтыны да анық. Бұндай қылмыс мәдениет пен  рухани байлықтарымызды аяқ асты ететін пасық әрекет емей немене?!
Сондықтан, президент Тоқаевқа ашық хатымды жолдауға тура келеді.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сіз бен бізді біріктіретін нәрсе  -  шетел тілдері мен кітаптарға қарай құмарлық. Бала кезімде, інішегіңіз Бақытбек Шабарбаевтың көршісі болдым. Алматы аймағындағы Кировский (қазіргі Балпық би) елді мекенінде орын тепкен тұрғын үйінде пәтерлеріміз тіпті жапсарлас болды бір қабатта. Кейде, әкеңіз, жазушы Кемел Тоқаевты да көретінмін. Бақытбек пен Кәбисаның балалары  -  Әсемгүл, Әнел мен кенжесі Шыңғыспен ойнайтынмын. Өкінішке орай, Қасеке, сізді онша көрмейтінмін. Өйткені, сіз сексенінші жылдардың басында да, маңызды дипломатиялық жұмыстармен шұғылданып, көбінесе жырақта жүретінсіз.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Күзет пен бейнебақылау бар қоймалардан жұмбақты түрде жоғалған кітаптарымның қайтаруына қолғабыс беріңізші.
РЕДАКЦИЯ ҮШІН. Менің www.facebook.com/nauryz.daniyar парақшамда бірнеше танымал боксшылармен телефон сұхбаттарым жарияланған: Серік Қонақбаев, Патрицио Олива, Александр Лебзяк… Демек, жұдырықтасу өнеріне ақпараттық қолдау көрсетуге өзімше тырысамын.

Related Articles

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

  • ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    Олар ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде орыс тілінде оқудан бас тартқан. Неге солай ? Өйткені олар қазақ тілін таңдаған! Қазір университетте қазақ тілі курстары ашылып жатыр. Айтқандай, Әзербайжандарға тілімізді қолдағаны үшін құрмет пен құрмет. Олар нағыз бауырлас халық екенін көрсетті. Бірақ қазір біздің қорғаныс министрлігіне сұрақтар туындайды. Бұған дейін барлық шетелдіктерді орысша үйретіп пе еді? Біреу не сұрайды? Әйтеуір, білім – қазақ тілін насихаттаудың ең жақсы тәсілі. Ал неге орыс тілінде оқытады? Ал кім үшін? Ең қызығы, осының бәрін тек Әзербайжандардың арқасында ғана білетін боламыз. Ал неге бұрын қазақша оқытпаған, ең болмаса кейбір елдерде. Неге сол қытай тілін орысша үйретеді? Руслан Тусупбеков

  • Украина(СБУ) «Паутина» стратегиялық операциясы

    Украина(СБУ) «Паутина» стратегиялық операциясы

    Бүгін Украина қауіпсіздік қызметі (СБУ) «Паутина» деп аталатын стратегиялық операциясын жүзеге асырып, Ресейдің әскери авиациясын нысанаға алды. Украиана тарабы операция барысында Ресейдің 41 соғыс ұшағы жойылған алға тартты. Олар Ресейдің А-50, Ту-95МС және Ту-22М3 сынды стратегиялық бомбалаушы ұшақтарын істен шығарып, 2 миллиард доллар шығынға батырған. Украинаның арнайы қызметі операцияны жүзеге асыруға бір жарым жыл бойы дайындалыпты. Операция барысын Украина президенті Владимир Зеленскийдің өзі бақылаған, ал оның орындалуын СБУ басшысы Василий Малюк пен арнайы жасақтардың үйлестірілген ұжымы атқарған. Украина тарабы алдымен FPV-дрондарды Ресейге контрабандалық жолмен жеткізеді. Артынша – ағаштан жасалған шағын үйлер жібереді. Дрондар сол үйлердің шатырының астына тығылған. Кейін бұл үйлер жүк көліктерге тиеліп, Ресейдің ішкі аумақтарына жеткізіледі. Дәл сәт

  • Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Бірақ бұрыннан айтылатын екі принцип сол баяғы өзгермейді. Себебі оны уақыт және өзге елдердің тәжірибесі дәлелдеді: 1. Заң, жарлық, ереже, шешімдермен тілге сұраныс туғызу. Онсыз тіл ешкімге керек емес. Тіл ақша табуға, білім алуға, өзгемен байланысқа түсуге қажет болғанда ғана сұранысқа ие болады, сонда ғана адамдар мәжбүрлі түрде үйренеді. Шетелде оқығың келе ме, IELTS, TOEFL тапсыр. Ол үшін ағылшын оқы. Халықаралық компанияда істеп, көп жалақы алғың келе ме, алдыңғы сөйлемде жазылған шарттарды орында. Сұраныс туғызу механизмі осылай жұмыс істейді. 2. Тіл иесі саналатын ұлт өкілдерінің принципшілдік танытуы. Яғни, тілің кең тарасын десең, оны кең қолдан. Үйде, түзде, басқа жақта. Англияда түріктің кафесіне кірсең, өзара түрікше сөйлесетін. Астанада үй жөндейміз деп

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: