|  |  | 

Шоу-бизнис Әлеумет

HALYK BANK көп балалы анаға пәтер сыйлады

Ұстаз Halyk Bank-тің “Ай сайын пәтерлер ұтыс ойыны” ауқымды науқанына қатысқанWhatsApp Image 2020-11-10 at 10.19.53 AM

Алматы облысында мектеп мұғалімі күтпеген жерден пәтерге ие болды. Қарасай ауданы, Ұлан ауылының мұғалімі Галияш Барлыбаеваға пәтер Алматы қаласындағы “Хан-Тәңірі” элиталық тұрғын үй кешенінен берілді. Банк басшылары жыл соңына дейін осы тұрғын үй кешенінде тағы 2 пәтерді сыйламақ.

“Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған ауқымды акция, яғни Алматы қаласының экологиялық таза элиталық ауданында үш жайлы пәтер ұтысқа тігілді. Атаулы ұтысқа қатысу шарттары өте қарапайым: 2020 жылғы 20 желтоқсанға дейін Halyk Bank-те 50% жеңілдікпен тиімді кредит немесе артық төлемсіз 24 айға дейін бөліп төлеуге зат ресімдеп, ай сайын Homebank қосымшасындағы қызметтерді қолдану жеткілікті”,- деп хабарлады банктің баспасөз қызметі. Күтпеген жерден қымбат пәтерге ие болған көп балалы ана, мектеп мұғалімі
науқанның барлық шарттарын орындаған. Клиенттер арасында пәтердің иелері банктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында, тікелей эфирде, Halyk Bank қызметкерлері қатарынан құралған комиссия және нотариустың қатысуымен кездейсоқ сандарды таңдау әдісімен жеңімпаз анықталды.
Ұтыс ойынының жеңімпазы – Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ұлан ауылының мұғалімі, төрт баланың анасы.WhatsApp Image 2020-11-10 at 10.19.53 AM (1)

” Мен ешқашан осы уақытқа дейін қандай да бір ұтыс ойынға қатысқан емеспін, өйткені, шынымды айтсам, ұтысқа сене бермейтінмін. Ал бұл жолы басқа банктен алған кредитімді Halyk Bank арқылы қайта қаржыландыру жасадым. Ресімдеу кезінде қызметкерлер пәтер ұтысына қатыса алатынымды айтты, ол үшін кредитті алғаннан кейін Homebank-те төлемдер жасау керек екен. Аса мән бере қоймадым. Қала сыртында үйіміз болғанымызбен Алматының өзінде пәтеріміз жоқ. Пәтерді армандап қана қоятынбыз. Армандар орындалады екен. Бүгін Халық банктің арқасында пәтерлі болдық. Бұл пәтерді енді өзіміздің игілігіміз үшін қолданамыз. Қыздарым қазіргі уақытта қалаға қатынап оқиды. Қала сыртында тұрғандықтан оқуына барып-келуі қиын. Енді өз үйінде, қала ішінде тұрып, қиналмай білім алатынын болды. Бұл үшін Халық банкке алғысымызды айтамыз. Осындай игі істеріңіз бен науқандарыңыз көп бола берсін. Барлық клиенттер мен жалпы ел тұрғындарына айтарым, ұтыс ойынға қатысыңыздар, пәтер ұтып алыңыздар!”,- деді ұтыс ойынның жеңімпазы Галяш Барлыбаева.

Пәтерлер ұтыс ойыны жыл соңына дейін ай сайын өткізіледі. Кез келген адам Алматы қаласындағы “Хан-Тәңірі” тұрғын үй кешеніндегі жаңа жайлы пәтердің иесі атануы мүмкін.

Homebank-те бір рет несие рәсімдеп, 2020 жылғы 20 желтоқсанға дейін қызмет ақысын төлей отырып, ай сайын келесі 2 пәтер ұтысына қатыса алады.

“Ай сайын пәтерлер ұтысы” науқанына қатысу үшін 2020 жылғы 20 желтоқсанына дейін:
Банк бөлімшесі арқылы 500 000 теңгеден басталатын кепілсіз кредит
Homebank қосымшасында 200 000 теңгеден басталатын онлайн-кредит
Homebank қосымшасында 200 000 теңгеден басталатын сомаға онлайн-бөліп төлеуге зат алу
1 000 000 теңгеден басталатын шұғыл қажеттіліктерге кредит
1 000 000 теңгеден басталатын ипотекалық қарыз, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар (“7-20-25”, “Баспана -ХИТ” ипотекасы).
Homebank-те 7 қыркүйектен 20 желтоқсанға дейін кез келген төлем жасау:
Төлемнің ең аз сомасы – ұтыс ойынның барлық кезеңінде айына 1 000 теңге
Төлемнің ең аз саны – әр айдың 20 жұлдызына дейін 1 төлем (қараша, желтоқсан)

Пәтер ұтып алудың бірегей мүмкіндігін пайдаланыңыз – “Halyk Bank-тен ай сайын пәтерлер ұтыс ойыны” науқаны бойынша кредит алып, Homebank-те төлем жасап және Алматының беделді ауданындағы “Хан-Тәңірі” тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтерді ұтып алыңыз! Кредитті неғұрлым ерте ресімдесеңіз, пәтерді ұтып алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады”,- деді қаржы институының ресми өкілі Досбол Арыстанбеков.

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

1 пікір

  1. ĞaliyBaysımak

    Öte kúantarlık habar eken rasında. Halık bankasına mıñ alğıs! Mümkünşiligi bar ğoy osınday aksiyalar jasauğa. Bizde Almatı kalasında kanşama adamdar cür päterge iye bola almay muhtac candar köp. Solarğa cıl sayın kömek kolın sozıp cerdemdesü kerek.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: