|  | 

Жаһан жаңалықтары

Каспий теңізі: Ашғабад пен Баку 30 жылдық даудың шешімін тапты


Каспий теңізінің Бакудегі жағалауында мұнай платформасы алдында шомылып жүрген балалар.

Каспий теңізінің Бакудегі жағалауында мұнай платформасы алдында шомылып жүрген балалар.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 21 қаңтарда өткен видеоконференцияда “Достлук” кен орнын игеру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын мәлімдеді.

Көмірсутек кен орны бойынша жасалған келісім Каспий жағалауындағы қос мемлекеттің қарым-қатынасын дамытудағы маңызды қадам болып, Транскаспий құбырын салу идеясын қайта жандандырып отыр.

Кен орнының “Достлук” немесе “Достық” деп аталуының өзі “келісімге келу” деген мағынаны береді.

1991 жылдың соңында Совет одағы тарағаннан кейін қос мемлекет кен орнына иелік ету құқығын қатар талап етіп, бұл жерді Әзербайжан “Кяпаз”, Түркіменстан “Сердар” деп атаған.

Бұл – Әзербайжан мен Түркіменстан арасында, Каспий теңізінің ортасында жатқан даулы үш кен орнының бірі. Әзербайжан “Азери” және “Чираг” деп атайтын қалған екі кен орнына Түркіменстан сәйкесінше “Омар” және “Осман” деген атау берген. Әзербайжан Түркіменстанмен арадағы даулы мәселені шешпей тұрып, халықаралық BP консорциумымен бірге 1997 жылы “Чираг”, 2002 жылы “Азери” кен орнын игеру жұмыстарын бастаған.

Бұл шешім Түркіменстанның бірінші президенті Сапармұрат Ниязовтың шамына тиген.

“Чираг” және “Азери” кен орындарында мұнай өндіру жұмыстары басталған кезде Әзербайжан-Түркіменстан қарым-қатынасы күрт нашарлап кетті.

Үшінші Гюнешли кен орнымен қосқанда даулы аумақтағы барланған мұнайдың жалпы қоры 7 миллиард баррельді құраған. Аз уақыттың ішінде аталған кен орындары Әзербайжанда өндірілетін мұнайдың негізгі бөлігін беретін деңгейге жеткен (өндіріс көлемі жоғары болған 2010 жылы күніне 823 100 баррель мұнай өндірілген, содан бері өндіріс көлемі қысқарып келеді).

Бакудегі мұнай скважинасы мен биік ғимараттар. Баку, Әзербайжан.

Бакудегі мұнай скважинасы мен биік ғимараттар. Баку, Әзербайжан.

Бірақ Түркіменстан танкерлердің болмауынан көп мұнайын экспортқа шығара алмады.

Әзербайжан мен Түркіменстанның қарым-қатынасы 2003 жылы Гейдар Әлиев, 2006 жылы Сапармұрат Ниязов қайтыс болғаннан кейін түзеле бастады. Соған қарамастан, 2009 жылы Бердімұхамедов “Чираг” және “Азери” кен орындарына иелік еу құқығын қайтару үшін әлі де халықаралық сотқа жүгінуді ойлап жүрді.

Бердімұхамедов билікке келген бірінші жылы (2007) Түркіменстан Кипрде орналасқан Buried Hill компаниясына үшінші блок – “Сердар” (қазіргі атауы “Достлук”) кен орнын игеруге лицензия берген. Компания сейсмологиялық зерттеу жүргізуді бастаған. Бірақ Түркіменстан мен Әзербайжан кен орнына қатысты дау түбегейлі шешілгенше игеру жұмыстарын тоқтата тұруға келіскен.

Сондықтан Достлук кен орны бойынша меморандумға қол қою қос мемлекет үшін маңызды жетістік саналады. Әлиев “Бұл – екі елдің табанды белсенділігінің нәтижесі” деп мәлімдеді.

Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының ресми өкілі Ибрагим Ахмедов болашақта кен орнын игеру жұмыстарын бастау үшін әлі де көп техникалық және коммерциялық мәселелерді шешіп алу керегіне назар аударып, жаңа меморандумды “Әзербайжан-Түркіменстан қарым-қатынасындағы жаңа кезең” деп бағалады.

Достлук кен орнының дәлелденген қоры 1,4 миллиард баррельді құрайды. Алдағы зерттеулер барысында бұдан да көп мұнай қоры табылуы мүмкін.

Ахмедов “Чираг” және “Азери” кен орындарын игерудің арқасында бізде инфрақұрылым мен Каспий теңізінде орналасқан, өңірді Еуропаның және басқа аймақтардың нарығымен байланыстыратын мұнай-газ құбырлары бар” деді.

Осы тұста жыл сайын Түркіменстаннан Еуропаға экспортталатын 30 миллиард текше метр газды Каспий теңізі арқылы Әзербайжанға жеткізуді көздейтін Транскаспий құбыры мәселесі көтеріледі.

Роберт Катлер – НАТО Канада қауымдастығының энергетикалық қауіпсіздік бағдарламасында аға ғылыми қызметкер және директор болып жұмыс істейді. Ол – Каспийдегі геосат және энергетика саласының жетекші маманы.

Катлер Азаттыққа “2018 жылы Ақтауда жасалған келісімнен кейін жылдам қарала бастаған [түсіністік меморандумы] Транскаспий жобасын жүзеге асыру жолындағы соңғы кедергіні жояды” деді.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев (сол жақта) пен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев (сол жақта) пен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мен оны бөліске салу жөніндегі ұзаққа созылған пікірталас 2018 жылы тамызда Ақтау қаласында өткен саммитте шешілгендей болды. Саммитте Каспий жағалауында орналасқан бес мемлекет (Әзербайжан, Түркіменстан, Қазақстан, Ресей және Иран бар) басшылары Каспий теңізі жөніндегі конвенцияға қол қойды.

“Достлук” кен орны бойынша жасалған келісім Әзербайжан мен Түркіменстанның Каспий теңізіндегі көмірсутек қорын бірлесіп игеру жолындағы әріптестігін нығайтып, Транскаспий құбырының құрылысына жол ашады.

Катлер екіжақты талқылаулар кезінде қос тараптың Транскаспий жобасында әріптес болу мүмкіндігін қарастырып, нәтижесінде осы [түсіністік туралы меморандумға] қол қойғанына күмән жоқ деп есептейді.

Ахмедов айтқандай, әлі де “Достлук” кен орнына қатысты көп мәселені шешіп, оның ішінде жобаны қаржыландыру жағын келісіп алу керек.

Әзербайжанның газы Трансанадолы газ құбырын (TANAP) толтыруға жетпейді. Өйткені жобаның соңғы нұсқасында газ құбырының көлемі 60 миллиард текше метр болады деп белгіленген. Сондықтан TANAP құбыры арқылы газ жіберуге тағы бірнеше мемлекет қатысуы мүмкін деген болжамдар айтылған.

TANAP құбыры арқылы Еуропаға газ жеткізу мәселесіне келгенде негізгі таңдау табиғи газ қоры жөнінен әлемде төртінші орын алатын Түркіменстанға түсетіні белгілі.

Катлердің пікірінше, “Достлук” меморандумына қол қойылғаннан кейін бақылаушылар Транскаспий құбыры жобасының қарқынды жүзеге аса бастағанына таңғалмаса да болады.

Бірақ бұл жерде бір мәселе бар.

Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясы энергоресурстарды экспорттау жобаларына, оның ішінде Әзербайжан газын Түркия арқылы Еуропаға жеткізетін Транскаспий құбырына қаржы құйған.
Қазір Түркіменстан экономикасы дағдарыс жағдайында, сондықтан мемлекет қосымша табыс табудың кез келген әдісін пайдалануға дайын отыр.
Бірақ Әлиев 2018 жылы тамыздың соңында Әзербайжан түркімен газын тасымалдауға қатысатын транзит-ел болуға дайын екенін, ал Түркіменстан газ құбырын салғысы келсе, Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясы сияқты жобаға қаржы бөлуі керегін ашып айтты.

Мемлекет басшыларының видеоконференция кезіндегі жылы лебізге толы сөздерінен Әлиевтің “Достлук” кен орнын игеруге Түркіменстан да қаржылай үлес қосуы керек” деген пікірге қатысты не ойлайтынын түсіну мүмкін болмады.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: