|  | 

Тарих

Гагариннің ғарышқа ұшқанына 60 жыл. Адамзат космосты игере алды ма?


Гагариннің ғарышқа ұшуына 60 жыл толуына арналған баннер. Санкт-Петербург, 7 сәуір 2021 жыл.

Гагариннің ғарышқа ұшуына 60 жыл толуына арналған баннер. Санкт-Петербург, 7 сәуір 2021 жыл.

Бүгін, 12 сәуір күні адам баласының ғарышқа ұшқанына 60 жыл толып отыр. 1961 жылы осы күні Совет ғарышкері Юрий Гагарин Байқоңыр айлағынан Жер орбитасына ұшқан еді. Осылайша СССР ғарышты игеруде Америкадан озғандай болды. Гагариннің ұшуы АҚШа қалай әсер етті? Алпыс жыл ішінде ғарышты игеру қай деңгейге жетті? Илон Маск космонавтика символына айналды ма? Азаттық радиосының Орыс қызметі осы және өзге де сұрақтарды Джордж Вашингтон университетінің профессоры Джон Лонгсдонмен және Russianspaceweb сайтының жетекшісі Анатолий Закпен талқылады.

Америкалықтардың өз ғарыш қаһармандары бар және ғарыш тарихы да бай. Ал Ресей халықаралық ғарыш станциясына жасаған драмалық қиын-қыстау сапарларымен еске түседі. Джон Логсдонның айтуынша, АҚШ-тың ғарышты зерттеу бағдарламасын қолға алуына, Айға сапарға дайындалуына Гагарин түрткі болған.

– Кеңес Одағының бұл жетістігін (Адамды ғарышқа бірінші болып ұшыруын – ред.) бүкіл әлем таңдана қабылдады, – дейді Джон Логсдон. Тіпті, Рим папасының өзі Гагариннің ғарышқа сапарын бәріне ортақ игілік деп атады. Алпыс жыл өткеннен кейін Гагарин ғарышқа ұшпағанға дейін нені білмегенімізді елестетудің өзі қиын. Біз адамдардың ғарыш кеңістігінде және жерге келгеннен кейін тірі қалар-қалмасын да білмедік. Жерді айналып шыққаннан кейін Гагариннің қайтып келуінің өзі басты жетістік болды деп айтар едім. Американы бұл жаңалық есеңгіретіп тастады. Совет Одағы Жердің жасанды серігін жіберіп, бізді (Американы – ред.) басып озды. Одан кейін совет ғарыш аппараты Айға қонды. Артынан совет ғарышкері ғарышқа ұшты. Жас президентіміз Джон Кеннеди мұны өрескел жағдай деп атап, Айға адам жіберу міндетін қойды. АҚШ пен СССР ғарышқа адам ұшыруды бір уақытта жоспарлай бастады. Бірақ Совет Одағы Р-7 құрлықаралық баллистикалық зымыранының арқасында бізді басып озды. Бұл зымыран ауыр ядролық оқтұмсықты жеткізу үшін құрастырылған еді. Бізде 50-жылдары орбитаға ауыр ғарыш кемесін жеткізуге қабілетті зымыран болған жоқ, сондықтан біз қатты асықпадық. Бірақ Гагариннің сапары жағдайды өзгертті.

– Кейінгі 60 жылда адамды ғарышқа ұшырудағы жетістікті қалай бағалайсыз? Біз планетааралық сапарды армандағанымызбен, Жер орбитасынан алысқа шыға қоймадық қой?

– Әуелі, 1969-1972 жылдары Айда 12 америкалықтың болғанын ұмытпау керек. Кеңес Одағы Айға ұшуға сәл-ақ қалғанымен, Н-1 аса ауыр зымыранын қолданыса алмады. Кемінде 21 жыл бойы халқаралық ғарыш станциясында үнемі адам болды. Қазір АҚШ та, Ресей де адамды Жер орбитасынан тыс жерлерге жіберуге ниетті. Әрине, ғарыш кеңістігін автомат ғарыш аппараттары арқылы қолданатынымызды да ұмытпау керек. Байланыс жүйесі, навигация, барлау туралы айтып отырмын. Мұның бәрі – ғарышты зерттегеннің және игергеннің нәтижесі. Басқарылатын сапарларды айтсақ, бұл алдымен біздің қиялымызға әсер етеді. Бұл бізді шабыттандырады. Жаңа нәрсені байқап көру, адамзаттың тәжірибесін кеңейту, жер атмосферасынан тыс жерлерде болу – адамдардың ғарышқа сапарының негізгі құндылығы.

– Ғарышқа адам ұшыруда алда не күтіп тұр деп ойлайсыз?

– Меніңше, АҚШ пен оның серіктестері алдағы онжылдықта – 2030 жылға қарай Айға адам жібереді. Одан ерте жіберуі де мүмкін. Ресей мен Қытай Ай станциясын құру туралы меморандумға қол қойды. 2040 жылы Жер тұрғындарының Марсқа да жетуі ғажап емес. Біздің Марсқа қоныстануымыз екіталай, бірақ техникалық мүмкіндік бар кезде мұндай ғарыш сапары бәрібір жүзеге асырылады.

НАСА иллюстрациясы. Онда Artemis жобасы ғарышкерлерінің Айда жүргені бейнеленген. 2020 жылғы 30 сәуірде НАСА 2024 жылы Айға адам ұшыратынын мәлімдеді.

НАСА иллюстрациясы. Онда Artemis жобасы ғарышкерлерінің Айда жүргені бейнеленген. 2020 жылғы 30 сәуірде НАСА 2024 жылы Айға адам ұшыратынын мәлімдеді.

– Кейінгі кездері АҚШ Ресей мен Қытайдың спутникке қарсы қаруды сынағанын жиі жазады. Сіз бірлескен зерттеу, ғарышты қолдану туралы айтып отырсыз, бірақ бұл оқиғаның екінші аспектісі де бар ғой. Бұл ғарышты милитаризациялау. Бұл феномен қаншалық қорқынышты?

– Ғарыш Гагариннің сапарына дейін де милитарланған еді. Әскерилер алғашқы спутник ұшырылғаннан-ақ ғарышты өз мақсатында пайдалануға тырысты. Ғарыштағы басқа объектілерді жою мақсатында ол жерде қару ұстау тенденциясы алаңдатады. АҚШ, Ресей, Қытай ғарышта пайдалануға болатын қару-жарақ жүйесін жасап жатыр. Осы күнге дейін ғарыш кеңістігі қарулы қақтығыстардан ада еді. Болашақта да бұған жол бермейміз деп үміттенемін. Бірақ ғарышта ешқашан әскери қақтығыс болмайды деп ойлау аңғалдық болар еді, – дейді Джон Логсдон.

– Анатолий Зак, «Роскосмостың» қазіргі басшысы Айды отарлау немесе игеру, Марсқа сапар туралы айтқанды жақсы көреді.

– Қазіргі таңда Ресейде (Айды) отарлауға қажетті техникалық құралдар мен техникалық мүмкіндіктер жоқ. «Роскосмос» басшысы айтқан шеңберде де оған техникалық мүмкіндік жоқ. Бірақ ғарышкерлерін Айға қондыру Ресейдің ғарышқа адам ұшыру бағдарламасының ресми мақсаты саналады. Экономикалық және техникалық мүмкіндігі жетсе, Ресей мұнымен сөзсіз айналысады.

– 70-жылдары совет адамдарын Айға адам жіберудің қажеті жоқ, роверді ұшырса жетеді деп сендірді.

– Ресей – өз пропагандасының құрбаны. Себебі совет ғарышкерлері Айға қона алмағанда, олар Ай ровері мұны адамнан да артық орындайды деген ұран таратты. Бірақ шын мәнінде Ай роверлері қаншалық жетілген болса да, адамның қонуы жаңа мүмкіндіктер ашады. Бірақ қай жерде адам, қай жерде техника қажет екені әлі анықталмаған.

Мен ғарыш техникасы жетілген сайын адамның Айға ұшатынына, ол жақта геологиялық барлау жасайтынына, іргелі зерттеулер, ғылыми және өндірістік зерттеулер жүргізетініне сенімдімін. Себебі, адамзатта Жерден тыс жерде өмір сүру мүмкіндігі болуы керек. Мәселе техникалық деңгейде мұның қалай жүзеге асатынында.

Perseverance дейтін америкалық ровер Марс бетінде. Ақпан, 2021 жыл.

Perseverance дейтін америкалық ровер Марс бетінде. Ақпан, 2021 жыл.

Ай мен Марсты игеру үшін радиация, шаң, жер бетіндегі өткір тастар, табиғи кедергілер секілді мәселелерді де шешу керек. Бұл мәселелерді ашық ғарышта, халықаралық ғарыш станциясына ұқсайтын модуль базаларын салу арқылы шешкен жеңілірек. Айға қону да, Марсқа қону да жүзеге асырылатынына күмәнім жоқ. Бірақ адам өзі баратын ұзақмерзімді базасын Айда сала ма, Марста ма, әлде жасанды қоныстану жасай ма – бұл әлі де жауабы жоқ сұрақ.

– Ресейде кейінгі 10-15 жылда күтпеген және мықты қарсылас пайда болды. Бұл – Илон Маск пен оның SpaceX компаниясы. Бұл америкалық ғарыш бағдарламасын жекешелендіру нәтижесі деуге де болады. Осылайша НАСА орбиталы ұшуға ғарыш кемесін жасау процесінен өздігінен шеттетілді.

– Илон Маск Ресейді коммерциялық нарықтан ығыстырып тастады. Ресейде қазір шағын сектор ғана қалды және Ресей соны дамытуға тырысып жатыр. Мысалы, кішігірім аппараттар «Союз» зымыранымен ұшырылады. Бірақ қымбат тұратын, ең табысты сегментті Ресей ішкі істердің дұрыс ұйымдаспағанынан және Илон Масктің іскерлігінен жоғалтып алды.

– Ол нақты нені жоғалтты?

– Ол геостанциялық орбитаға коммерциялық мақсатта ұшыру, орта және төменгі орбиталарға үлкен аппараттар жіберу, заманауи байланыс спутнигі нарығынан айырылды. Ал спутниктік байланыс – бұл миллиондаған, тіпті миллиардтаған пайда әкелетін бизнес. Ол айналу уақыты Жердің айналу уақытымен сәйкес келетін орбитада болуы керек. Яғни, Жерде тұрған адам үшін бұл спутник қозғалмайды, сіз оған антеннаңызды іліп қоясыз. Спутниктік телеарна, радио осылай жұмыс істейді. Бұл аппараттар геостанциялық орбитада болады және оларды ол жерге жеткізу үшін қуатты зымырантасығыштар қажет. Себебі ол Жерден 36 мың шақырым қашықтықта орналасады. Пайдаға кенелтетін бұл саланы Совет одағы үлкен күш салып өзіне алған еді, кейін Ресей зымырандардың апатты жағдайы кесірінен жоғалтып алды. Илон Маск пен SpaceX компаниясы керек кезде керек жерден табылды және олар осы нарықты алды. Илон Маск коммерциялық және федералды тапсырыстардан көп пайдаға кенелді және оның зымыран техникасын да, ғарыш техникасын да дамытуға үлкен мүмкіндігі бар. Олар қазір бүкіл әлемге интернет тарату ісінде революция жасайтын спутниктер тобы – «Старлинкті» құрастырып жатыр.

– Маск бірнеше мәрте қолдануға жарайтын зымыранымен Ресейден қаншалық озды?

– Иә. Илон Маск кейінгі жылдары сан рет ұшыруға жарайтын зымырандарды пайдаланып жүр. Ал Ресейде бұл тек қағаз жүзінде ғана және мұндай зымырандарды жасау үшін көп уақыт кетеді. Ресейдегі зымыран технологияларының даму тәжірибесі қолда бар зымырантасығыштардың өзін жетілдіру Ресейдің жағдайында көп уақыт алатынын көрсетеді. Илон Маск федералды және коммерциялық келісімшарттар арқасында өте жиі және көп ұшады. Ол сөзсіз бұл бәйгеде алда келеді.

Ғарыш саласында Ресей АҚШ-тан қалып барады

– Жақсы, Маск Ресейді басып озды және оның компаниясы Ресейді табысынан және адамдарды халықаралық ғарыш станциясына жіберуден айырады делік, бірақ ғарышта кейінгі онжылдықта Қытай да көрініп жүр ғой. Қытай Ресейге бәсекелес бола ала ма?

– Қай тұрғыдан қарағанға байланысты. Бірақ қазірдің өзінде ғарыш игерудің көптеген саласында Қытай Ресейден алда келеді. Мысалы, Ресей әлі күнге дейін Айға ұшатын аппаратымен бас қатырып жүр. Ол биыл ұша ма, ұшпай ма, білмейміз. Қытай кейінгі онжылдықта Айға бірнеше аппарат қондырды. Оның бірі Айдың көрінбейтін бетіне қонды. Қытайда Айды айналып жүретін және байланыс орнататын стутник-ретранслятор бар. Оның сондай-ақ Ай бетінде жүрген ровері бар. Ал Ресейде Ай ровері жобасы әлі жасалмаған. Айды игеру саласында ресейлік бағдарлама ондаған жыл артта деуге болады. Біз тағы бір маңызды аспектіні ұмытып кеттік. Мемлекет оқшау бағыт алғанда, ондағы ғылым мен техника үнемі жапа шегеді. Ресей бұл жарыста серіктестерінің соңында қалып қана қоймай, оның ғылыми-техникалық нарықтағы жағдайы Мәскеу саясатының салдарынан да нашарлап жатыр.

Азаттық радиосы Орыс қызметінің Нью-Йорктегі тілшісі Юрий Жигалкиннің сұхбатынан ықшамдалып аударылды. Түпнұсқаны сілтеме арқылы таба аласыз.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • КЕНЕСАРЫ ХАНҒА ТАҒЗЫМ

    Жүз елу жыл! Биыл Кенесары ханның шәйіт болғанына бір жүз елу жыл толды. Кенесары ғана емес. Наурызбай бахадұр сұлтан, Ержан сұлтан, Құдайменде сұлтан. Қыпшақ Иман батыр, Тама Құрман батыр, Дулат Бұғыбай батыр, Дулат Жауғаш батыр, Дулат Медеу би, қылыштың жүзі, найзаның сүңгісі болған тағы қаншама азамат. Қазақ Ордасының ең соңғы жарақты жасағында қалған үш мыңнан астам аламан. Бәрі де шәйіт болды.Кенесары ханның, оның ең соңғы жауынгер серіктерінің қасиетті қаны шашылған ақырғы сағатта төрт ғасыр бойы төре таңбалы қызыл туы желбіреген ұлы мемлекет Қазақ Ордасы шайқалып барып құлады. Алаш баласы сонау Үйсін, Ғұн, Түрік заманынан тартылған, Алтын Ордаға жалғасқан, Қазақ Ордасына ұласқан, Орталық Азия төсінде жиырма ғасырдан астам, ғаламат ұзақ уақыт

  • Тарихшы: Батыс Сібір – байырғы қазақ жері. Көшім хан – ұлттық батырымыз! 

    Абылай МАУДАНОВ Қостанайлық ғалым Сібір жерін орыс патшалығынан бұрын қазақ рулары игергенін кітап қылып бастырмақ, деп хабарлайды Express Qazaqstan. Тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлының есімі ғылыми ортада кеңінен танымал. Ол үнемі “Тәуелсіз ел өз тарихын өзіндік көзқарасы тұрғынан қарап, талдап, баға беру керек” деген ұстанымды айтып келеді. Қостанайлық тарихшы бірнеше жыл бұрын үлкен бір жобаны қолға алды. Бүгінде ол ұлы Еркін Әбілмен бірге “Алтын Орданың Батыс Сібір ұлысы: этно-саяси тарихы” атты еңбек жазып жатыр. Бұл кітап алдағы жылы (орыс тілінде) жарық көрмек. Мұнда қазіргі Қазақстанның шекарасынан тыс қалған байырғы қазақ жері мен руларының көптеген тарихы қамтылады.Express Qazaqstan тілшісі ғалымды осы тақырыпта сөзге тартып, әңгімелескен еді. Батыс Сібір — біздің байырғы

  • НКВД атқан ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ

    Сталиндік репрессия жылдарында Алаш қайраткерлерімен бірге атылған қазақтың қайсар қызы Шахзада Шонанова атылған қазақтың үш қызының бірі. НКВД жендеттерін Шахзаданың шыққан тегі шошытты, сондықтан айуандықпен әбден азаптап болғасын атып тастады. Сонымен Шахзада Шонанова кім ? Шахзада Аронқызы Шонанова-Қаратаева 1903 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым (Жымпиты) ауданында дүниеге келді. Әкесі Арон Қаратаев, алаш қайраткері, Ресей Думасына депутат болып сайланған Бақытжан Қаратаевтың інісі. Шахзаданың өзі Шыңғысханныі тікелей ұрпағы еді. Шахзаданың тегі былай: Шыңғысхан-Жошыхан-Тоқай Темір-Өз Темір-Өз Темір хожа Бадақұл ұғылан-Орысхан-Құйыршық хан-Барақ хан-Жәнібек хан-Өсік сұлтан-Қаратай сұлтан-Бисәлі-Дәулетжан-Арон-Шахзада. Шахзаданың анасының да тегі мықты, Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің немересі Хұсни-Жамал Нұралыханова. Қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді мұғалима 1894 жылы Бөкей ордасында қазақ қыздарына арналған алғашқы мектеп ашты,

  • БАЙБАТЫРҰЛЫ ЫҚЫМ.

          Байбатырұлы Ықым Алматы облысы ( 1940-жылға дейін Шұбартау Алматы облысына қараған) Шұбартау ауданы, Қосағаш ауылында 1876 -жылы қой төлдеген уақытта ауқатты отбасында дүниеге келеді. Жастайынан өзінің  пысықтығы мен әкесі Байбатырдың қолдауымен Шұбартау өңіріне танымал Нақысқожадан арабша, кейіннен латынша оқып хат таниды. Көптеген шығыстың хисса- жырларын оқып жатқа айтатын. Өзінің парасаты мен білімділігінің арқасы шығар ол Семей облысы, Шұбартау ауданы, Мадениет ауылдық округі, Бақанас өзенінің бойына (Ақүшкел аталған) 1923-жылы  Тойғарин Бейсенбаймен бірігіп, алғашқы мектеп салдырады.  Ынтасы бар ауыл балаларын Ташкенткке апарып оқу орындарына орналастырады. Солардың бірі – Ибраев  Кәрімді  Ташкентке апарып САГУ-дің (Среднеазиатский государственый университет) медицина факультетіне түсіреді. Ауыл тұрғындарына қамқорлық көрсетіп, еңбекке тартып, отырықшылық өмірге бейімдеуге септігін тигізеді. Егістік жерлерді суғару үшін

  • ҚҰНАНБАЙДЫҢ САПАРҒА АТТАНАР АЛДЫНДА ҰЛЖАНҒА АЙТҚАНЫ:

    Бәйбіше, үй серігім ғана емес, өмір серігім едің. Ұзақ кешкен тірлікте қай белдің астында жүрсем де, артымда отырған бір бел өзің едің. Өзіме тағдыр бақ берген жанмын деуші ем. Айтыспасақ та, жер танытып отыратын қабақ пен жүрек бар еді, соған сенуші ем де, кейде шәлкес, кейде қия да басып кете беруші ем. Бағыма масайып еркелегенім болса керек. Енді қай дөңнің басында қалармыз, кім біледі. Сенің айтар кінәң болса да, менің саған артар бір түйірдей назым жоқ. Адал жүрек, ақ бейілің үшін балаларыңның бағы ашылсын. Мен айтарды өзің айтыпсың. Менің арманымды өз арманың етіпсің. – деді Бұл – жүрер алдындағы Құнанбайдың Ұл­жанға айтқан сөзі. Қалың туыс, үйірлі ағайын, шоғырлы бала-шаға, дос-жаран,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: