|  | 

Әлеумет

Жетісуда 60 жуық жанұя баспаналы болды

WhatsApp Image 2021-09-23 at 12.10.08

Талдықорғанда алпысқа жуық отбасы баспаналы болды. “Болашақ” шағын ауданында берілген көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы ауданы 5 мың шаршы метрден асады.
“Талдықорғанда соңғы 20 жылда аймақтағы барлық салалар бойынша өсу қарқыны орын алды. Қала жан-жақты дамыды. Жаңадан шағын аудандар ашылып, түрлі әлеуметтік нысандар бой көтерді. Бұның барлығын жасау үшін, қазынаға түсетін салықтың көлемі де артуы керек. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 860 млрд. теңгені құрап отыр. Осының арқасында бүгінгі деңгейге жетіп отырмыз. Елбасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауы да қазіргі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отырғанын атап өткен жөн”,- деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Жаңа пәтер кілтін алғандардың арасында қартаналар, көп балалы және әлеуметтік әлсіз топқа жататын отбасылар да бар.

“Балам бүгін құтты шаңырағының кілтін қолына алды. Бұл қоныс тойды ұзақ уақыт күттік. 2005 жылы шаңырақ көтеріп, бүгінде 4 перзенті бар. Балаларым үшін өте қуаныштымын. Баспаналары берекелі болсын. Бүгін тіпті қуанғаннан көзіме жас алып отырмын”,- деді Нүкен Құлбайқызы.

Related Articles

  • Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге “Аллаһты еске салды” дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы. Екінші, жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, “ұйқыдағы” сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе

  • Әйелдің бағы бес елі екен. Өйткені ол АҚШ-та тұрады…

    Полицейдің жуан білегіне қолын сүйеп, басын иіп шексіз ризашылықтың ишарасын білдіріп тұрған мына әйел күн бұрын дүкеннен бес жұмыртқа ұрлап, қолға түседі. Оқиға орнына жеткен Уильям Стейси ұрының қолына кісен салып, қамаудың орнына бес жұмыртқаға бола басын қатерге тіккен бейбақты сөзге тартады. Сұрай келе үйінде төрт баласы ашқұрсақ отырғанын, екі тәуліктен бері нәр татпағанын біледі. Шиеттей бала-шағамен айына 120 долларға ғана жан бағатынын, оның өзін біреуге ұрлатып алғанын естиді. Мән-жайға қаныққан офицер сол жерде әйелді босатып, үйіне жеткізіп салады. Күдігін сейілту үшін отбасының жағдайымен танысып, байғұс ананың алдамағанына көз жеткізеді. Кетерінде ұрлық жасау – тығырықтан шығар жол еместігін айтып, бұдан былай заң бұзбауын ескертеді. Бие сауым уақыт өткен соң ашқұрсақ

  • Талдықорғанда дәрігерлерге ескерткіш ашылды

    Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында «Аяулы алақан» аллеясы ашылды. Жетісудың бас шаһары Талдықорған қаласының облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай, қаланың көркіне-көрік қосатын тағы бір жер орын тепті. Бұл мекенде ақ халатты абзал жандарға деген алғыстың нышаны ретінде «Аяулы алақан» мүсіні қойылған. Жоба авторы, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов. Мүсінде адамзаттың қос алақаны бейнеленген. Ал екі уыстың арасында жапырағы жайқалған жас ағаш өсіп тұр. Бұл жан жылуының әр тіршілік иесіне өмір сыйлай алатынын бейнелеп тұрған ерекше сәулет өнері. «Пандемияның алғашқы күндерінен-ақ Елбасы үндеуімен еліміз бірігіп, індетті жеңуге жұмылды. Қиын жағдайда алдыңғы қатарда күрескен – медицина қызметкерлері болды. Бүгінгі ашылған «Аяулы алақан» ескерткіш – аса қауіпті індетпен бетпе-бет келген

  • Талдықорғанда жаңа эко-автобустар қолданысқа берілді

    Бүгін, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыс орталығының Талдықорғанға қоныс аударуының 20 жылдығы аясында айтулы оқиға өтті. Көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында қалада автобус паркі жаңартылды. “Жетісу” ӘКК арқылы жалпы сомасы 2,3 млрд.теңгеден асатын газбен жүретін 55 экологиялық автобус сатып алынады, олар тасымалдаушыларға 7 жылға лизингке беріледі (жылдық 4% – бен). Оның 32-сі қала тұрғындарына пайдалануға берілді. Мереке қарсаңында орталық алаңда облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен “Ютонг” маркалы 32 жаңа автобустың алғашқы партиясын-тапсыру салтанаты өтті. Қалған 23 автобус (14 ПАЗ және 9 “Ютонг”) жыл соңына дейін Талдықорған көшелерімен жүреді. “Бірнеше күн бойы жаңа автобустар қалалық бағыттар бойынша сыналды. Жалпы, олар барлық заманауи талаптарға жауап береді. Олардың кейбіреулері – 10 метр, басқалары-8,5

  • Жол картасы: Алматы облысында 60 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

    Алматы облысында былтыр 1051 жобаға 105 миллиард теңге бөлінген. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» аясында атқарылған. Бағдарлама аясында 60 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Карантин кезеңінде жұмысынан босап қалған азаматтардың дені жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылған. «Бағдарламаның негізгі міндеттері: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтарына кіретін азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын орындау, кадрлық әлеуетті дамыту. Биыл біз бұл салаға көп көңіл бөлеміз»,- деп атап өтті Амандық Баталов. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 18 миллиард теңгеге 216 ауылдың жолы жөнделді. Еңбеккерлер жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа алынып, ең азы 85 мың теңге жалақы алып отырған. Осы бағдарлама арқылы жұмысқа орналасқан Фархат Мансапбековтың айтуынша,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: