Алматы қаласы комендатурасының хабарлауынша, қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету операциялары жалғасып жатыр. Күштік құрылымдар Әуезов, Алатау және Медеу аудандарында жұмыс істеп жатыр.
“Блокбекеттерде 56 адам, 9 көлік ұсталды. 22 қару және 1412 оқ-дәрі тәркіленді” делінген ресми хабарламада.
Одан бөлек, ұлттық қауіпсіздік комитеті “Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысқан екі экстремистік ошақ жойылғанын” хабарлады.
“Бір ошақтың төрт мүшесі ұсталды. Тұратын мекенжайларын тінту кезінде атыс қаруы, шулы гранаталар, оқ, діни әдебиеттер мен өзге де заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Екінші ошақтың жетекшісі шетел азаматы жаппай тәртіпсіздікерге қатысқан және шетелдегі террористік топтармен байланысы болған” делінген хабарламада.
Пікір қалдыру