|  | 

Жаңалықтар

ҰҚШҰ онлайн-сессиясы басталды,Тоқаев не айтты?

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының сессиясы бір минут үнсіздіктен басталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сессияға Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Беларусь президенті, Армения премьер-министрі, Қырғызстанның Президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров және ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась қатысып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан содырлар жасырыну үшін сақалын қырып, киімін ауыстырып алғанын айтты.

Келтірілген барлық дерекке қарамастан, кейбір дереккөздер Қазақстандағы билік бейбіт шерушілерге қарсы күрес жүргізіп жатқанын мәлімдеп отыр. Бұл – жалған ақпарат. Біз ешқашан бейбіт шерушілерге қарсы қарулы күштерді қолданған емеспіз, қолданбаймыз да”, – деді  ҰҚШҰ жиынында сөйлеген сөзінде.

“Терроризмге қарсы операция аясында қылмыстарға қатысқан адамдар анықталып жатыр. Бүгінде полицияға 8 мыңнан аса адам жеткізілді. Құқық қорғау және арнайы органдар олардың терроризмге, адам өлтіру, тонау және басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Жасырын шабуылдаушыларды анықтау мақсатында жоспар жасалып жатыр. Олар ерекше түрде жасырынады – азаматтық киім киеді, сақалдарын қырады. Қарқынды жұмыс істеу қажет”, – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, бірінші кезекте бейбіт шерулер өткен.

“Кейін Алматыда саяси митингтер өтті. Содан соң қалаға үш бағыттан қарулы күштер басып кірді. Басында өздерін бейбіт демонстранттар секілді ұстап, тұрғындарды арандатты. Кейін тарихта Алматы трагедиясы деген атпен қалатын оқиға басталды”, – деді Мемлекет басшысы.

“Террористердің қатысы барын сеніммен айта аламын. Оның ішінде Қазақстанға қарсы шетел содырлары бар. Бүлікшілердің түнде мәйітханаға шабуыл жасап, қаза болған жақтастарының мәйітін алып кеткені жай емес. Содырлар да соғыс алаңынан жақтастары мәйітін алып кетеді. Бұл әлемдік белгілі террористік топтардың қолданысындағы тәжірибе. Дәл осылай олар ізін жасырады. Біздің шекара аумағында бүлік жасап, билікті басып алу ойы болғаны айқын көрініп тұр”, – деді Тоқаев ҰҚШҰ жиынында.

“Жақын арада алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін әлемдік қауымдастық сотына елімізге қарсы террористік шабуыл дайындалғанын растайтын дәлелдерді ұсынамыз. БҰҰ, ЕЫҚҰ, және халықаралық ұйымдар террористер, қылмыскерлер, қаскөйлер әрекетін толық тергеуге мүдделі екеніне сенімдімін”, – деді Тоқаев.

Сонымен қатыр, Мемлекет басшысы ерте қорытынды жасамауды сұрады. Сондай-ақ, ол әу бастан Қазақстан тарихындағы бұл қиын кезеңді жеңіп шығатынына сенгендерге алғыс білдірді.

– Шын мәнінде, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бірінің қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен тұтастығын қамтамасыз ету үшін Ұйымның бітімгерлік күштерінің ауқымды түрде жұмылдырылу жағдайы бірінші рет болып отыр. Біз үшін ҰҚШҰ бойынша әріптестеріміздің әскери ғана емес, моральдық қолдау көрсетуі де аса маңызды. Ұйымға мүше мемлекеттердің бәрі біртұтас майдан болып, Қазақстанның үндеуін бірауыздан қолдады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Related Articles

  • Құлбаба батыр

    Ресейдің Челябі облысында тұратын қазақтар Құлбаба батырды жыр қылып айтады. Құлбаба батырлығымен танылған. Орал бойын мекен қылған қазақтар сол кезде кедей-кепшіктің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, көтеріліске басшы болған Емельян Пугачевты қаба сақал ақ патша деп атаған. Оның қалың қолына қосылған башқұрт батыры Салауат Юлаевтың туы астында жүздеген қазақ сарбаздары шайқасқан. Бірде қазақтың бір шоғыр ауылы қазіргі Магнитогорск қаласының маңайындағы Жантас тауына ат басын тірейді. Қанды шайқастан әбден титықтаған, халқы қойдай қырылып, азып-тозған ел осы жерге табан тіреп, өзара ақылдасып, бір тоқтамға келеді. Жаудан қорғануға от-қару керек болғандықтан, зеңбірек құюды үйрену үшін Құттықадам бидің баласы Құлбабаны бас қылып бірнеше жігітті көршілес орыс қалаларына аттандырады. Міне, осылайша зеңбірек құю ісін меңгерген Құлбаба

  • Ратбай Мырзақұлов «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» рейтингіне енді

    ENU профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Ратбай Мырзақұлов «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» рейтингіне енді. Жыл сайынғы рейтингті Стэнфорд университетінің сарапшылары 2022 жылғы 3 қарашада жарияланған Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметтеріне сәйкес құрастырған. Стэнфорд университетінің зерттеушілері библиометриялық зерттеу негізінде жыл сайын әлемдегі ең үздік ғалымдардың рейтингін жасайды. Зерттеу екі дерекқордан тұрады. Бірінші рейтингте өз мансабында жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар көрсетілсе, ал екіншісінде соңғы жылда жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар бар. ENU профессоры Ратбай Мырзақұлов 2021 жылы ең көп сілтеме жасалған автор және өз мансабында әлемде жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалым ретінде қос тізімге де кірді. «Жұмыстарға сілтеме жасау әріптестердің ғылыми жұмыс нәтижелеріне жоғары баға бергенін көрсетеді. Менің

  • X-37B ҚҰПИЯ КОСМОПЛАНЫ 908 КҮННЕН СОҢ ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

    2022 жылы 12 қарашада АҚШ Ғарыш күштерінің Boeing X-37B ұшқышсыз космопланы Кеннеди ғарыш орталығының қону жолағына сәтті қонды (фотода). Ол ғарышқа 2020 жылы 17 мамырда көтерілген еді. Сөйтіп, орбитада 908 күн болған X-37B өз рекордын тағы жаңартты. Бұған дейін кезек ұшатын екі X-37B кемесі орбитада 22.04.2010 – 03.12.2010 (224 тәулік), 05.03.2011 – 16.06.2012 (469 тәулік), 11.12.2012 – 17.10.2014 (675 тәулік), 20.05.2015 – 07.05.2017 (718 тәулік), 07.09.2017 – 27.10.2019 (780 тәулік) аралығында болып қайтқан. Космоплан орбитаға зымыранмен шығарылады. Алты миссияның бесіншісін Falcon 9, қалған бесеуін Atlas V ұшырды. Ал жерге оралғанда, X-37B кәдімгі ұшақша жолаққа қонады. Боинг корпорациясы жасаған кемелердің ұзындығы 8,9 м, биіктігі 2,9 м, қанат құлашы 4,5 м. Ұшу

  • Вольфганг Кропп және қазақтың жаңа мұнайы

    Алдағы 20 жылда барша қазақтың болашағы осы швед азаматына тікелей байланысты болмақ. Швецияда тіркелген, Еуроодақтың жасыл энергетикадағы алпауыт компаниясы – “SVEVIND Energy Group” төрағасы Вольфганг Крооп әлемдегі инвесторларды Қазақстанда мыңдаған жел мен күн генераторларын қойып, одан келетін экологиялық таза электр энергиясына “жасыл” гидроген (сутегі) өндіретін зауыт жасауға көндірді. Қазақ даласында, Каспий түбіне қойылатын зауыт “HYRASIA ONE” деп аталатын болады. Маңғыстау жазығында Шыңғысханның әскерінен де көп күн батареялары мен жел генераторы салынады. Олар 40 гигаватт қуат береді. Осы энергия Каспий теңізінің жағалауындағы электролизерлерді айналдырады. Сонда зауыт жылына екі миллион тонна жасыл гидроген (сутегі) өндіреді. Бұл 2030 жылы Еуроодақ тұтынуы мүмкін барлық сутегі көлемінің 20 пайызы. Бір сөзбен айтқанда, бұл сутегі әлеміндегі

  • Үкімет: Қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді

    Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет “Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы”заңға өзгеріс мәселесін қарастырып жатыр. Бұл өзгеріс бойынша, мемлекеттік тілді, мемлекет тарихы мен негізгі заңдарын білмеу – Қазақстан азаматтығын беруден бас тартуға не азаматтығын қалпына келтіруден бас тартуға қосымша негіз бола алады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың депутат сауалына жолдаған жауабына сілтеп, Kursiv.Media жазды. Премьер жауабында бұл талап қос азаматтыққа жол бермеу үшін де енгізіліп отырғанын айтқан. “Қазіргі заң бойынша Қазақстанда заңды негізде кемі бес жыл тұрақты өмір сүрген немесе Қазақстан азаматымен кемі үш жыл некеде тұрған, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұру мақсатында келген және жақын туыстарының бірі Қазақстан азаматы болып саналатын бұрынғы одақтас республика азаматтарына Қазақстан азаматтығы беріледі” дейді премьер-министр. Қазіргі қолданыстағы заңға сай, мына

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: