|  |  | 

Жаңалықтар Оқиға

Алматының тағы қай аудандары лаңкестерден азат етілді?

 

Алматы полициясы 12 қаңтарға дейін қаланың қай аудандары лаңкестерден азат етілгенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары 12 қаңтарда жасаған жедел қорытындыда Алатау мен Медеу аудандарының учаскелері тексерілгені айтылған.

“Жалпы 1 678 заңсыз әрекетке, тонау және басқа да қылмыстарға қатысқандар ұсталды. 36 атыс қаруы мен 1 476 оқ-дәрі тәркіленді. Қала периметрі бойынша орнатылған бес бақылау-өткізу бекетінде 38 адам ұсталды”, – делінген Алматы комендатурасы ақпарат орталығы хабарламасында.

“102″ пультіне 881 хабарлама, комендатураның call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап еткен 136 дабыл түскен. Барлық хабарламалар тексерілгені айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін 10 қаңтарда Сайн – Райымбек – Карьерная – Жандосов көшелерінің аумағы, Абай – Достық – Әл-Фараби – Желтоқсан көшелерінің аумағы қылмыскерлерден тазартылғаны хабарланған болатын.

11 қаңтарда Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, сондай-ақ “Өжет” ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілгені айтылды.

Related Articles

  • Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді. Құраманың Еуро-2024 додасына шығуға мүмкіндігі сақтаулы

    Руслан МЕДЕЛБЕК Қазақстан құрамасының ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Солтүстік Ирландияны жеңді. Астанадағы матчта жеңіс голын “Ақтөбе” шабуылшысы Максим Самородов салды. Қазақстанның келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі әлі де сақтаулы. Матчтың 27-минутында Абзал Бейсебековтің алаң ортасынан шығарған пасын Максим Самородов әдемі голға айналдыра білді. Максим қатты келген пасты аяғымен тоқтатты да, қарсылас қақпасының сол қапталына бағыттаған. Солтүстік Ирландия қақпашысы Бэйли Пикок-Фаррелл қолын созғанымен жетпеді. Доп қақпада. 30 мың жиналған стадион тулап сала берді. Гол авторы Максим Самородов (10-нөмерде) мен Қазақстан ойыншылары голды тойлап жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Осы голдан кейін Солтүстік Ирландия шабуылды

  • АҚШ украин сарбаздарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге рұқсат берді

    F-16 жойғыш ұшағы.         АҚШ президенті Джо Байден украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшағын басқарып үйретуге рұқсат берді. Бұл жөнінде Пентагонның баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх хабарлады. Оның айтуынша, Нидерланд және Дания оқыту жағына жауап беруі мүмкін. Пентагон өкілі бұдан өзге ақпарат бермеді. Шілде айында Politico журналы Дания мен Нидерланд бастаған 11 елден құралған коалиция украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге дайын екенін, алайда ол үшін ұшақты шығарушы ел АҚШ-тың ресми рұқсаты қажет екенін хабарлаған. Басылымның жазуынша, дегенмен 11 елдің ешқайсысы әзірге ол бағдарлама үшін ұшақ бөлмеген. Шілде айында Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби оқыту мерзімі, орны мен ұзақтығы әлі қарастырылып жатқанын айтқан. Өткен аптада Politico

  • “Лукашенконың қалжыңы”. Тоқаев Ресей-Беларусь одағының Қазақстанға қажеті жоғын айтты

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенко. Ақорда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “ядролық қару да ортақ болу үшін” Қазақстанды Ресей мен Беларусьтің одағына қосылуға шақырған Александр Лукашенконың сөзіне байланысты пікірін жариялады. “Оның қалжыңын лайықты бағаладым. Менің ойымша, одаққа қажеттілік жоқ, өйткені өзге де интеграциялық құрылымдар, соның ішінде Еуразия экономика одағы бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге оның қажеті жоқ. Өйткені Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге және Ядролық сынаққа тыйым салу туралы келісімге қол қойғанбыз. Біз осы халықаралық құжаттар бойынша алған міндеттемелерімізге берік боп қала береміз”, – деді Тоқаев. Тоқаев бұл сөзді бүгін Солтүстік Қазақстан облысына барып, фермерлермен кездескен кезінде айтқан. Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей телеарнасының “Москва.

  • Ninety One тобы ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшілері атанды

    Азаттық радиосы Ninety One тобының мүшелері мен ЮНИСЕФ өкілдері баспасөз мәслихатында. Алматы, 16 мамыр, 2023 жыл. Q-pop жанрында ән салатын Ninety One тобы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы ізгі ниет елшілері атанды. Бүгін, 16 мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен топ мүшелеріне осындай сертификат тапсырды. Топ мүшелері қормен бірге балалар құқығын қорғауға күш салмақ. – Ninety One тобы ұсынысымызды қабыл алғаны – біз үшін үлкен мәртебе. Қазақстандағы балалардың ең өзекті мәселелеріне назар аудартуда топтың таланты мен танымалдығы өте маңызды рөл атқарады. Қазір бірлескен маңызды іс-шара бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жақында Ninety One тобын UNICEF Talks-та (жастар конференциясы – ред.) көретін боласыздар, – деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі

  • Украинаға гуманитарлық көмек көрсеткен Қазақстан халқына рахмет!

    2023 жылдың 11 сәуірінде Украинаның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің көмегімен Украинаға гуманитарлық жүк көлігі тағы бір 29-шы жүк көлігі жөнелтілді. Қажетті азық-түлік, гигиеналық заттардан басқа, 24 генератор, қуатты генератор (165 кВт) жіберілді, ол Харьков қаласындағы ауруханаға ауыстырылып, орн Бір жылдан астам уақыт бойы Украинаны қолдауды жалғастырып, гуманитарлық көмек жинаумен қатар, қайырымдылық акцияларын өткізіп келе жатқан Қазақстан халқына, бизнес үйірмелеріне, гуманитарлық қолдау штабының еріктілеріне және “Посылка” қайырымдылық қорына шынайы алғыс. Иә, екі ай бойы еріктілер Наурыз мерекесіне орай Қоржын шарасын ұйымдастырып, жүзеге асырды. Украинаға гуманитарлық көмек көрсеткен Қазақстан халқына рахмет! Украинаның Қазақстандағы Елшілігі / Посольство України в Казахстані 

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: