|  | 

Жаңалықтар

Еуропа Одағы Президенттің саяси реформаларын толық қолдайды

Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Тери Хакаланы қабылдады-деп хабарлады

Ақорда баспасөз өызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропа Одағымен арадағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельге 10 қаңтардағы бейнебайланыс режимінде өткен кездесу барысында елімізді қолдап сөйлегені және ынтымақтастықты нығайтуға нық сенім білдіргені үшін ризашылығын айтып, сәлемін жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тери Хакаланың өтініші бойынша «қасіретті қаңтар» оқиғасы жөнінде айтып берді. Сондай-ақ Бас прокуратураға болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын ашық әрі әділ жүргізу жөнінде тапсырма берілгенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы адам құқықтары мен бостандығының сақталуы еліміздегі барлық билік тармағы үшін басымдық саналатынына назар аударды.

Қазақстан Президенті саяси жүйені одан әрі жаңғыртуға және әлеуметтік теңсіздікті сәйкестендіруге, ұлттық экономиканы әртараптандыруға бағытталған Жаңа экономикалық бағдарды іске асыру жоспары жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағымен ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша тығыз байланыстарды дамытуға және бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды жүзеге асыруға ниетті екенін нақтылады.

Өз кезегінде Тери Хакала Брюссельдің Қазақстанмен арадағы байланыстарды дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Еуропалық дипломат Президентке мазмұнды әрі пайдалы пікір алмасқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ Еуропа Одағы Президенттің саяси реформаларын толық қолдайтынын және еліміздің өркендеуіне, тұрақтылығына  мүдделі екенін айтты.

Related Articles

  • Құлбаба батыр

    Ресейдің Челябі облысында тұратын қазақтар Құлбаба батырды жыр қылып айтады. Құлбаба батырлығымен танылған. Орал бойын мекен қылған қазақтар сол кезде кедей-кепшіктің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, көтеріліске басшы болған Емельян Пугачевты қаба сақал ақ патша деп атаған. Оның қалың қолына қосылған башқұрт батыры Салауат Юлаевтың туы астында жүздеген қазақ сарбаздары шайқасқан. Бірде қазақтың бір шоғыр ауылы қазіргі Магнитогорск қаласының маңайындағы Жантас тауына ат басын тірейді. Қанды шайқастан әбден титықтаған, халқы қойдай қырылып, азып-тозған ел осы жерге табан тіреп, өзара ақылдасып, бір тоқтамға келеді. Жаудан қорғануға от-қару керек болғандықтан, зеңбірек құюды үйрену үшін Құттықадам бидің баласы Құлбабаны бас қылып бірнеше жігітті көршілес орыс қалаларына аттандырады. Міне, осылайша зеңбірек құю ісін меңгерген Құлбаба

  • Ратбай Мырзақұлов «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» рейтингіне енді

    ENU профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Ратбай Мырзақұлов «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» рейтингіне енді. Жыл сайынғы рейтингті Стэнфорд университетінің сарапшылары 2022 жылғы 3 қарашада жарияланған Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметтеріне сәйкес құрастырған. Стэнфорд университетінің зерттеушілері библиометриялық зерттеу негізінде жыл сайын әлемдегі ең үздік ғалымдардың рейтингін жасайды. Зерттеу екі дерекқордан тұрады. Бірінші рейтингте өз мансабында жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар көрсетілсе, ал екіншісінде соңғы жылда жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар бар. ENU профессоры Ратбай Мырзақұлов 2021 жылы ең көп сілтеме жасалған автор және өз мансабында әлемде жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалым ретінде қос тізімге де кірді. «Жұмыстарға сілтеме жасау әріптестердің ғылыми жұмыс нәтижелеріне жоғары баға бергенін көрсетеді. Менің

  • X-37B ҚҰПИЯ КОСМОПЛАНЫ 908 КҮННЕН СОҢ ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

    2022 жылы 12 қарашада АҚШ Ғарыш күштерінің Boeing X-37B ұшқышсыз космопланы Кеннеди ғарыш орталығының қону жолағына сәтті қонды (фотода). Ол ғарышқа 2020 жылы 17 мамырда көтерілген еді. Сөйтіп, орбитада 908 күн болған X-37B өз рекордын тағы жаңартты. Бұған дейін кезек ұшатын екі X-37B кемесі орбитада 22.04.2010 – 03.12.2010 (224 тәулік), 05.03.2011 – 16.06.2012 (469 тәулік), 11.12.2012 – 17.10.2014 (675 тәулік), 20.05.2015 – 07.05.2017 (718 тәулік), 07.09.2017 – 27.10.2019 (780 тәулік) аралығында болып қайтқан. Космоплан орбитаға зымыранмен шығарылады. Алты миссияның бесіншісін Falcon 9, қалған бесеуін Atlas V ұшырды. Ал жерге оралғанда, X-37B кәдімгі ұшақша жолаққа қонады. Боинг корпорациясы жасаған кемелердің ұзындығы 8,9 м, биіктігі 2,9 м, қанат құлашы 4,5 м. Ұшу

  • Вольфганг Кропп және қазақтың жаңа мұнайы

    Алдағы 20 жылда барша қазақтың болашағы осы швед азаматына тікелей байланысты болмақ. Швецияда тіркелген, Еуроодақтың жасыл энергетикадағы алпауыт компаниясы – “SVEVIND Energy Group” төрағасы Вольфганг Крооп әлемдегі инвесторларды Қазақстанда мыңдаған жел мен күн генераторларын қойып, одан келетін экологиялық таза электр энергиясына “жасыл” гидроген (сутегі) өндіретін зауыт жасауға көндірді. Қазақ даласында, Каспий түбіне қойылатын зауыт “HYRASIA ONE” деп аталатын болады. Маңғыстау жазығында Шыңғысханның әскерінен де көп күн батареялары мен жел генераторы салынады. Олар 40 гигаватт қуат береді. Осы энергия Каспий теңізінің жағалауындағы электролизерлерді айналдырады. Сонда зауыт жылына екі миллион тонна жасыл гидроген (сутегі) өндіреді. Бұл 2030 жылы Еуроодақ тұтынуы мүмкін барлық сутегі көлемінің 20 пайызы. Бір сөзбен айтқанда, бұл сутегі әлеміндегі

  • Үкімет: Қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді

    Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет “Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы”заңға өзгеріс мәселесін қарастырып жатыр. Бұл өзгеріс бойынша, мемлекеттік тілді, мемлекет тарихы мен негізгі заңдарын білмеу – Қазақстан азаматтығын беруден бас тартуға не азаматтығын қалпына келтіруден бас тартуға қосымша негіз бола алады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың депутат сауалына жолдаған жауабына сілтеп, Kursiv.Media жазды. Премьер жауабында бұл талап қос азаматтыққа жол бермеу үшін де енгізіліп отырғанын айтқан. “Қазіргі заң бойынша Қазақстанда заңды негізде кемі бес жыл тұрақты өмір сүрген немесе Қазақстан азаматымен кемі үш жыл некеде тұрған, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұру мақсатында келген және жақын туыстарының бірі Қазақстан азаматы болып саналатын бұрынғы одақтас республика азаматтарына Қазақстан азаматтығы беріледі” дейді премьер-министр. Қазіргі қолданыстағы заңға сай, мына

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: