|  | 

Көз қарас

Үш анық

EldosҮш анық:
Бірінші, әлеуметтік желіде пост жазу біреу үшін ермек немесе уақыт өткізу құралы болуы мүмкін. Олардың ортасы, шақыратын қонағы, әңгімесі де бөлек дегендей. Адамдар әлеуметтік желіні мәдени ортаға айналдыруы міндетті емес. Кейбір азаматтар үшін әлеуметтік желі пікір алмасу ортасы, білім ошағы, ақпарат алу алмасу орыны. Әлеуметтік желіде сапалы контент ұсыну, мәдени орта қалыптастыру, әдепті пікір-талас өткізу тұлғалық дамуыңа қосымша әсер етеді. Кейде түрлі ортаның адамдары сапырылысып араласып жатады. Сенің ұлтқа, мемлекетке деген шынайы күйінішіңнен туған дүниеңді ермекке айналдырғысы келеді. Оларға да ешкім қой демейді, сондай еркін. Бір қарасаң жақсы, бір қарасаң шынымен ыңғайсыз. Өз басым көбінің өз ойын айтуына ерік беруге тырысамын, аузын қақпаймын. Өйткені ол да осы елдің тумасы, осы мемлекеттің жанашыры. Бірақ ұстанған жолы, ойы һәм әдебі басқа болуы мүмкін, оған құрмет!
Екінші, көп уақыттан бері “Алаш” атында кафе, базар немесе шағын дүкенді көрдім. Алаштың аты ондай жерге лайық деп ойламаймын. Меніңше заң законмен шектеу керек. Мысалы Түркияда “Ататүрік” деген атау заңмен бекітілген, оны кез-келген жерге, тіпті кісінің аты-сойына қолдана алмайсыз. Меніңше бізде қазақ, алаш деген сөздерді заңмен бекітіп құқықтық мәртебе беру керек. Қазақстан және Алаш атауы тұрғанда аса маңызды тарихи топоним болмаса алаш, қазақ атауында жер-су, елді мекен аты ешқашан болмауы керек. М: Қазақстан ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алаш кафесі, Алаш көлік жуу тб.
Үшінші, жаһандық соғыс, аштық немесе індеттен соң күйреген һәм күйзелген кейбір ұлттың зиялы қауым өкілдері өз халқын сілкілеп арылту үшін бүкіл күш-жігерін ұлттық мәдени, рухани жаңғыруына, жаңаша түлеуіне жұмсайды. Сөйтеді де қысқа уақытта өз елін бір сападан екінші сападағы жаңа қауымға айналдырып алып шығады. Өз басым қазақ қоғамындағы саяси, рухани жікшілдікті түсіністікпен қабылдаймын, оларды сыпырмайым жоққа шығармаймын. Мысалы біздің қоғам рухани жақтан тәңірші, салафит, сопы, атеист деп бөлінгенді жақсы көреді, сөйтіп елді жік-жікке айырып дауласып жатады. Аталған осы атаулардың бәрінде бір-бір зиялы қауым өкілдері бар. Меніңше бәрінің артында шетелдік күштер отыр дейтін “жаралы сезімді” таңа бергенді қойсақ. Шетелдің бір бармағы бар шығар бірақ біздің ескермей келе жатқанымыз, қазақ зиялы қауым өкілдері немесе саналы азаматтары “қайтсем өз елімді өркендетем” деген саф таза көңілмен барып тәңірші, салафит немесе сопы не атеист болды емес пе?! Сопы сопыдай, тәңірші тәңіршідей, салаф салафтай һәм атеист атеисттей болса қоғамда рухани араздық болмас еді, бәрі ұлтқа, мемлекетке қызмет етер еді. Мысалы АҚШ-та салафит жоқ ба, сопы немесе тәңірші, атеист жоқ ба? Бәрі АҚШ мемлекеті мен мүддесіне қызмет етеді.
Тек ой салу мақсатында…
Елдес ОРДА
22.02.2024

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    Мәми би Жұртбайұлының шежіресінде айтылуынша Керей ұлысының арғы тегі – Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады екен. Аталған тайпалардың біразы ескі тарих беттерінен кездессе, енді бір бөлімі қазірге дейін Керей руындағы аталардың есімі ретінде аталып келеді. Мұның бір себебін арғы тарихтағы аталардың аты өшпесін деп кейінгі ұрпақтарының аталар атын қайта жаңғыртып қойған дәстүрінен қарау керек. Абақ атауына келсек, арыда Керей ханзадалары мен ханышаларының арасында Абақ, Абақберді, Абахан, Абақтай, Абақай, Абақ бике сынды есімдер болған. Сол ата-апаларының жолын жалғаған, тозып кеткен Керей елінің басын қосып, оған әз ана болған Абақ есімді қасиетті ана өмірде болған адам. Қазақ тарихында ру атына айналған әз аналар аз болмаған. Көрнекті жазушы,

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: