|  | 

Тарих

Доғал шайқасы

480576486_9254090851356163_8872931876660168450_n1917 жылы Торғай даласында атақты Доғал шайқасы болды. Бұл Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысындағы ең ірі шайқас саналады. Шайқаста Амангелдімен қатар, оның жауынгер серіктері Ыбырай Атамбеков, Кейкі Көкембаев ерекше ерлік көрсетті.
Доғал шайқасы немесе Доғал–Үрпек соғысы – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі А. Иманов бастаған Торғай қазақтары көтерілісшілерінің Ресей Үкіметінің жазалаушы отрядына қарсы соңғы соғысы. Шайқас 1917 жылы 22-23 ақпан күндері Доғал қопасы мен Үрпек қонысы аралығында болған. Бұл кезеңде көтерілісшілердің негізгі күші Торғай қаласынан 150 шақырым қашықтықтағы Батпаққара елді мекенінің маңындағы Жалдама, Торғай өзендерінің бойына орналасқан еді. Ал екінші бөлігі Торғай қаласынан 140 шақырым жердегі Жыланшық өзенінің бойына, үшіншісі қаладан 80 шақырым қашықтықтағы Перовск жолының бойында топтастырылған.
Торғайдағы көтерілісті біржолата басу мақсатымен арнайы ұйымдастырылған генерал-лейтенант Лаврентьев басқарған жазалаушы отряд құрамындағы полк. Тургенев басқарған 13-орынбор казак полкі Торғай-Жыланшық өзендерінің бойындағы көтерілісшілерді жоюды мақсат етті. Полк кұрамында 6 казак жүздігі, 1 атты батарея взводы, 1 жаяу әскер батареясы взводы, 6 пулемет, 4 зеңбірек болды. Бұл қарулы полк 18 ақпанда Қарақоға болысының 6-ауылын, 21 ақпанда Құмкешуді басып алып, Батпаққараға жетті. 22 ақпанда Доғал аңғарында көтерілісшілерге қарсы соғыс басталды. Амангелді Иманов бастаған көтерілісшілер полкі Тургеневтің осы қарулы полкіне 20 мың сарбазбен қарсы тұрды. Олардың қатарында білтелі мылтық, бердеңкелермен қаруланған 171 мерген болды, қалғандары айбалта, қылыш, найза, шоқпар ұстаған атты сарбаздар еді. Шайқас қарсаңында өткізілген соғыс кеңесінің ұйғаруы бойынша, қолына қару ұстамаған ел түгел дерлік қырдағы қопаларға көшірілді. Арнайы соғыс жоспарына сай Жалдама, Сымтас өзендері бойын – Қараторғай, Көртоғай, Сарыторғай болыстарының, Сарықопа, Мұқырды – Сарықопа, 1-Науырзым, 2-Науырзым болыстарының, Қарасу, Доғал, Сорбұлақты – Қараторғай, Қайдауыл, Аққұм болыстарының сарбаздары мен Көкшетау, Әулиеата, Түркістан, Ақтөбе, Байқоңыр, Қарсақпай, Атбасар, Жаңақала, Ақмешіттен келген көтерілісшілер қорғауға тиісті болды. Сорқұдық, Кемер, Тоқанай бойын – Қарақоға, Тосын, Шұбалаң болыстарының сарбаздары қорғады. Күші басым жазалаушылар отрядына қарсы екі күнге созылған ауыр айқаста Амангелді батырдың қолбасшылық қабілеті айрықша көрінді. Дұшпан шебіне оқыстан шабуыл жасау, күтпеген жерден тосқауыл қою, жазалаушыларды оппа карға, жылымға түсіріп, тез шегініп кету сияқты тапқыр айла-әрекеттер жасап бақты. Ақыры 23 ақпан күні ымырт үйіріле екі жақтан да атыс тоқтатылды. 24-25 ақпанда Тургенев полкі қайтыс болғандар мен жаралы жауынгерлерін 45 шанаға тиеп, Торғайға шегініп кетті. Доғал шайқасы Торғай көтерілісшілерінің ұйымдық жағынан бекіп, соғыс шеберлігін меңгерген қарулы күшке айналғанын, сарбаздардың бостандық жолындағы күрестегі табандылығы мен жеңіске деген жігерін танытты. Көп ұзамай Ресейде Ақпан төңкерісі жүзеге асырылды да, Торғайдағы жазалаушы отрядтардың шапқыншылықтары тоқтатылды. Сөйтіп Торғай көтерілісшілері өздерінің алға қойған мақсатын орындап шықты.
Материал “Қазақ энциколпедиясынан” алынды, ал, мына ескерткіш Үрпек ауылында тұр.
#1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
#Торғай жері, Доғал-Үрпек

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: