|  | 

Тарих

Шығыс Түркістан

Ерзат Кәрібай

Сурет: Автордың мұрағатынан алынды. 

демографиясы, әкімшілігі мен қарулы күштері

Кеңестер одағының көмегімен Алтай, Іле, Тарбағатайдағы қазақты негіз еткен әр ұлт халқының күресі 1944-1946 жылдардағы «Шығыс Түркістан» республикасының құрылуына негіз болды. Десе де осы бір тарих әліге дейін бұрмаланып келеді.

Кейбір саяси топтар бұны өз білгенінше мақсат-мүдделеріне пайдаланып жүр. Қазақты негіз еткен 30 мың қарулы армиясы бар мемлекет (толық дербес болмаса да) 20-шы ғасырдың басы мен ортасында болмаған жағдай. Өмір сүру уақыты төрт жыл ғана (нақты атымен екі жыл ғана) болғанымен, Орта Азия әсіресе, Қазақстан тарихында белгілі мән-маңызы бар екенін басып айтқан дұрыс! Өйткені осы уақытша мемлекеттің құрылуына мыңдаған қазақстандық жауынгерлер мен оқыған зиялылар ат салысты. Тіпті Қырғызстан мен Өзбекстаннан барған адамдарда аз болған жоқ. Ал осы саяси қозғалысқа тұтқа болған тұлғалар мен жауынгерлер, сонда түрлі қызметтер атқарған адамдар, тағы да жәй бұқара болып 200 мыңға жуық адам 1955-1962 жылдары Кеңестер одағына өтті. Олардың ұрпақтарының саны кемі 3-4 есе өсті десек, 800 мыңға жетер еді.

Осы бір қазақ тарихының бір тарауы қазір алыс шетелдерде жат ниетте пайдаланылуда! Олар бұл қозғалысты ұйғыр ұлтына ғана меншікті етіп көрсетуде. Халықараға да осылай танытқысы келеді. Бірақ, бір қызығы – олар ұйғыр ұлты қоныстанған Ілемен ғана, оның ішінде тек Құлжа қаласымен шектеліп, Алтай, Тарбағатай туралы ауыз ашпайды. Осы үш аймақта негізгі ұлт қазақ халқы екенін білсе де, көз жұма қарайды немесе жасыруға тырысады. Ендеше шын тарих тасада қалмауы үшін нақты деректер келтірейік:

Осы ұлтазаттық қозғалыстың куәгерлерінің жазған естеліктері аз емес, соның ішіндегі Қожай Доқасұлының дерегі бойынша:

1944 жылы Шыңжаң өлкелік амандық қорғау басқармасының санағынан алынған архивтерде мынадай жан саны бар екен: Алтай, Тарбағатай, Іле – үш аймақта 725 949 адам болған, оның ішінде қазақ 383 569 (53%) делінген. Десе де бұл есепке Алтай аймағының Көктоғай, Шіңгіл аудандарындағы 30 мың қазақ кірмеген. Өйткені ол кезде олар ол жерлерден Гоминдаң қарулы күштерін қуалап шыққан. Пәтіқан Сүгірбаев екі ауданда 30 мың қазақ бар еді деп анық айтқан. Ал 1944 жылы Тарбағатай аймағында 170 мыңнан аса халық болып, оның ішінде қазақ 103 мың болған (1).

Ал Іле аймағында 450 мың халық болып, оның ішінде қазақ 220 мың еді. Ал есептейік, ол кезде Алтайда 83 мың халық болған  (2), Пәтіқан Сүгірбаев өзінің «Алтай арпалыстары» атты естелігінде Алтайдағы барша халықтың (83 мың) 90%-ын қазақтар құрайды деген (3). Ол бойынша Алтайда 75 мыңдай қазақ болады, енді үшеуін қоссақ 398 мың, яғни 400 мыңға жуықтайды. Бұдан үш аймақта 700 мыңнан аса халықтың 400 мыңы қазақтар екенін, жалпы халық санының 57%-ын құрайтынын көруімізге болады. Ал демографиялық санақ жүргізу қиын, сол жылдар тұрғысынан қарасақ үш аймақтағы қазақ халқының саны бұданда көп болуы әбден мүмкін.

1944 жылы Шыңжаң қазақтарының саны 430 000 және 1949 жылы 443 мыңға жуық болған (4). Бұны толық санақ деуге келмейтін, 1938-1947 жылдары Шыңжаңмен іргелес Цинхай, Гансу провинцияларында 10 мыңнан аса қазақ босып жүрген еді. Оған 1944 жылы Шыңжаң үкіметінен бөлектеніп кеткен Алтайдың шығыс екі ауданындағы 30 мың қазақты қоссақ, қазақ саны 470 мың болар еді, ал 1949 жылы 500 мыңның айналасында болған, оның 400 мыңы осы Алтай, Тарбағатай, Іле үш аймақта болған. Шыңжаң халық санынң 12%-ын иелеген.

 

 

Суретте көк реңк қазақ көп орналасқан жерлерді (Алтай, Тарбағатай, Іле, Санжы, Баркөл), қызыл реңк ұйғыр көп орналасқан жерлерді көрсетеді.

 

 

Үш аймақта қазақтан кейінгі саны көп ұлт ұйғырлар болып, олар туралы Қожай Доқасұлы өз кітабінда 90 212 адам деп көрсеткен. Ал «Шығыс Түркістан дербестікке ұмтылу қозғалысы» атты деректі ғылыми зерттеу кітабының авторы Уаң Хы қазақтар 367 204 адам болып,  52,1%, ұйғырлар 178 527 адам болып 25,3%-ын иелейді деген (5).

Ал ұйғыр тұтас ұлт атауы ретінде 1934 жылдан бастап жалпыласты да, Іле аймағында тараншылар ол кезде бөлек ұлт ретінде тіркелді. Екі түрлі сандық мәлімет осы мәселеге келіп тіреледі. Жалпы ұйғыр 178 мың, ал оның ішінде тараншы ұйғырлар 90 мың дегенді білдіреді. Ұйғырлардың басым көпшілігі Іле аймағына шоғырланып, Алтайда тек 2500-ден аса, Тарбағатайда 10 мыңға жуық болған, ал Бұратала ол кезде Ілеге қарайтындықтан 450 мың Іледегі халыққа Бұраталаның қазағы мен ұйғыры да, моңғолы да кіретін. Іледе 158 мың ұйғыр болып, олардың басым көбі Құлжа қаласына шоғырланған, Құлжа қаласы мен ауданында 100 мыңдай халық болған (6). Негізін ұйғырлар құраған, ұйғырлар 450 мың Іле халқының 35,1%-ын құрап, аймақта қазақтан кейінгі екінші ұлт болған, олар тағы Чапчал, Қорғаста да тұрады, Бұраталада көп тұрады.

Іленің шығыс жане оңтүстік бес ауданының дені қазақтар еді. Іле аймағында 200 мыңнан асатын, ал Бұраталаны қосқанда 220 мыңнан асатын еді. Уаң Хы Іле халқының 45%-ын қазақтар құрайтынын жасыра алмаған. Іледе алдымен қозғалыс басталған Нылқы ауданында 45 мыңан аса халық болып (7), оның да жарымынан артығы қазақ, онан кейін моңғол мен ұйғыр болған.

Ал бұл 178 мың ұйғыр тек сол дәуірдегі 3 миллионға жуық ұйғырдың 16-17-ден бірі ғана еді. Демек ұйғырдың басым көбі 1944-1949 жылдары бұл қозғалысқа қатысқан жоқ! Керісінше, Шыңжаң қазағының көп сандысы қатысты.1949 жылы Шыңжаң бейбіт жолмен азат етілгенде халық саны 4 миллион 333 мыңға жетті. 1953 жылы 3,6 миллион болса (бүкіл өлке халқының 74%-ы, 1964 жылы 3,9 миллион болды (8).

 

 

 

 

Бұл деректердің бәрі Алтай, Тарбағатай , Іледе 1940-1950 жылдарда негізгі ұлт қазақтар екенін дәлелдейді. Ұйғырлар негізінен Қашқар, Хотан, Ақсу, Корла, Тұрпан, Құмылға шоғырланған.

Үш аймақта сан жағынан 3-ші орында қытайлар болып, 56 121 адам болған. Олар Алтайда сақшы жане үкімет органдарының қызметкерлері еді. Саны 4-5 мың болған. Тарбағатайда 25-26 мың болып, Шиху мен Сауанда ең көп орналасып, егін салған. Шәуешек пен Дөрбілжінде біршама болса, Қобық пен Шағантоғайда өте аз болды. Іледе қытайлар негізі Құлжа қаласы, Сүйдің, Күре, Қорғас сияқты әскери қалашықтарда тұрды, жалпы саны 27 мың болған.

Моңғолдар 43 164 адам болып, негізінен Бұраталада, Тарбағатайдың Қобық, Шиху аудандарына,  Іленің Моңғолкүре, Нылқы аудандарына шоғырланған. Алтайда тек 2000-дай ғана моңғол болды.

Дұңғандар 21 399 адам болып, Іледе ең көп орналасты, онан қалса Тарбағатайдың егіншілік алқаптары мен -қалашықтарында тұратын.

Орыстар 18 522 адам болып, негізі бөлігі Іледе, онан кейін Тарбағатайдағықалалы жерлерде болды. Алтайдың Буыршынына қарасты Шұңқыр деген жерде де орыстар болды. Көбі 1919 жылы революцияда қашып келген ақ орыстар еді. Осы ұлттардың жиынтығы 717 мыңға жетеді, қалған 8 мыңы татар, өзбек, қырғыз, сібе (4-5 мың), дағурлар еді (9).

 

 

Үш аймақтың әр жеріндегі қарулы көтерілісшілер

1931-1937 жылдары Шыңжаң өлкесінде ұйғыр халқының дербестікке ұмтылу қозғалысы болып, 1931 жылы Құмылдан басталды, онан ары бүкіл Тарым ойпатын шарпып,  Қашқарда «Шығыс Түркістан» республикасы атты мемлекет құрды, мемлекет тек 90 күндей ғана өмір сүрді де, дұңған әскерлері жағынан жойылды.

1934 жылы Кеңестер одағының көмегімен билікке келген Шың Шысай бір жағынан Кеңестер одағынан экономикалық, әскери көмек алып, Шыңжаң провициясында бұрын болмаған жаңа даму үдерістерін барлыққа келтіреді. Мектептердің жаппай ашылуы, жолдардың салынуы, қала-қалашықтардың бой көтеруі, кендердің ашылып, заводтардың салынуы Шыңжаң тарихында бұрын болмаған алғабасарлық еді. Десе де 1937-1938 жылдары Кеңестер одағында жүргізілген жаппай қудалау саясатын көшіріп қолданып, 4 миллионға жетпейтін өлке халқының 250-300 мыңын қолға алып, түрмелерге жабады.  70-80 мың адам түрлі жолдармен өлім құшады. Әрине бұл жаппай жазалауға Кеңестер одағының маманданған жендеттері де үлкен үлес қосады. Ашығын айтқанда, 1933-1939 жылдар аралығында Шыңжаң Кеңестер одағының меңгеруіндегі районға айналады. Осы саяси қудалау ең ауыр тиген жерлер: Баркөл ауданы мен Алтайдың шығыс екі ауданы болады. Баркөлде 1935-1938 жылдары 25 мыңнан аса қазақ түп қотарыла көршілес Цинхай, Гансу провинциясына көшіп, онан ары бір бөлімі Тибетке, Пәкістанға кетеді.

Осы көштен соң Шың Шысай қазақ халқын өзіне қауіп төндіретін ең басты күш деп қарап, жаппай жаныштау жүргізеді. Себебі ауып кеткен қазақ дұңғандармен бірігіп, Шыңжаңға басып кіруі мүмкін деп алаңдады да, «Моңғол, қазақ, қырғыз құрылтайы» дегенді шақырып, көшпенді ұлттардың көп санды рубасыларын қолға алады. Алтайдан Әлен уаң, Бұқат бейсі, Табын бейсі, Шолтым лама, Жәмлиқа мүпти, Жанымқан, Қабыл, Дәулетше, Қабыл, Көкенай, Дәлелқан, Кәкен, Нәзір сияқты тәйжілер, Қажынәби, Зейнел, Қалибек (Жарболды) қатарлы үкірдайларды қамтыған 40-50 адамды қолға алады (10), (11). Ел ішінде тінту жиілеп, қысым күшейді. Неше түрлі жасанды жалған делоларды қолдан жасап, көптеген жазықсыз адамдарды қолға алып, түрмеге жабады (12). Сонымен қатар халық қолындағы қару-жарақ атаулыны тінтіп, жинай бастайды. Онымен қоймай, ислам дінін қорлап, Өр Алтайдағы дін басы Ақыт қажыны қолға алады, осыдан соң қарулы көтерілістер шыға бастайды (13), (14).

Бірінші бөлім: Алтайдағы қазақ қарулы күштері

Алтай қарулы күштері 1940 жылы Есімқан Иманбайұлы, Ырысхан Ноғайбайұлы бастаған Көктоғай-Шіңгілде қарулы көтеріліс басталып, қарулы қазақтардың саны екі мыңнан асып кеткен. Олар Шың Шысайдың 7000 адамдық армиясымен жеті айдан аса уақыт соғысып, жиыны 11 рет шайқас болған. Жаудың неше мың әскерін жояды (Пәтіқанның дерегі бойынша жиыны 1200-ден аса адамды жойған, көтерілісші қосыннан да 50-60 адам қаза тапқан, 200-ден аса жәй халық қаза тапқан). Ақыры басымдықпен жауды келіссөзге келтірген (15), (16).

 

 

1941 жылы Алтайдағы екінші реткі көтеріліс басталды да, қатысқан адам саны, яғни, қарулы қазақ саны 2000-ға барған. Оларды бастықтыруға 7000-нан аса ауыр қаруланған әскер жіберілген (көбі кен қазатын жұмысшылар деп жасырын әкелінген) (17), (18). Бір айдан аса соғыста жаудың  екі мыңнан аса адамы жойылған. Ақыры сәтсіздіктен кейін қаруын тапсырмаған Оспан батыр бастаған топтың негізінде дамыды. Олар 1942 жылы 80 адамнан асса, 1943 жылы жазда 400 адамға жетіп, оларға Оспан батыр жетекшілік еткен. 1943 жылы желтоқсанда олар Шіңгілдің Бұлғын өзені бойында «Алтай қазақтарын көркейту комитеті» атты ұйым құрған, Оспан батыр төраға , Сұлубай батыр қарулы күштердің жетекшісі болған (19), (20), (21), (22).

 

 

1944 жылы 4-ші айда жалпы саны 2500 адамнан асып, Алтайдағы 10 мыңнан аса қытай қарулы күштерімен тірескен (23). Пәтіқан 1945 жылы күзге қарай Алтайдағы қазақ қарулы  5000 адамнан асты дейді (24). Бұлар бес үлкен отрядтан құралды:

 

 

1. Қуанышбай, Нұрғожай бастаған топ (Жәнтекей қосы, жәнтекей-шақабай жасағы депте аталады).

 

 

2. Әбдірасыл, Ноғай тобы (Әр рудан құралған).

3. Қаби, Мұқан бастаған топ, қарақас руын негіз еткен. 1944 жылы Қаба мен Буыршынға барып, елге үгіт айту, елді көшірумен айналысқан.

4. Жылқайдар, Қапас, Келес, Тескенбайлар бастаған топ, (Молқы руын негіз еткен).

5. Зұңғыруп бастаған Қобықтағы моңғол-қазақтардан құралған (25).

6. Жеменей партизандары, Рамазан Бөлімұлы бастық, Молла Ислам орынбасары болып, 1945 жылдың күзінде 500 адамға жеткен (26).

 

 

Осы Жеменей партизандары туралы қате түсінік қалыптасқан. Ол болса – Рамазанды атамай, оның орынбасары Молла Ислам Смайылов деген ұйғыр азаматты бүкіл Жеменей партизан басшысы ретінде көрсету. 1946 жылғы мәліметтер бойынша, Жеменейде 7500-ден артық қазақ болған, аудан қалашығында 100-ден аса қазақ отбасы, 100 отбасыдай қытай, 50-60 үй ұйғыр, 40-50 үй дұңған жане өзге ұлттар тұрған екен.

Ал Молла Исламға ерген қарулы ұйғыр тек 17 адам еді, кейін Кеңестен келгендер қосылып 50 ұйғыр болады. Жалпы Жеменей партизандары саны 1945 жылы 500-ге жуықтаған (27), (28). Кеңестер одағының азаматы Әріпбай Әбілмәжінұлы (Алматы облысы Кеген ауданынан) осы қозғалыста ақылшы ретінде жұмыс істеген, Қобықтық моңғол, қазақтан да 200-дей адам қосылған. Сонда Жеменейде қалай Молла Ислам бастаған ұйғыр партизандары болуы мүмкін? Бұны Уаң Хы мырза да қате түсінген. Ал ол Жеменей партизандарында қазақ көп, бірақ басшы ұйғыр депті. Ең маңыздысы Жеменейдің батыс-оңтүстік жағында Рамазанов, Рипов бастаған Кеңестер одағының бақылау штабы болған. Молла Ислам, оның ағасы кейін Шәуешек әкімі болған Өмәрахұн барлығы осы штабпен байланыста болған, оның Жеменей партизандарында орынбасар болуы осыған тіке қатысты екенінде дау жоқ.

1941 жылы Совет-Герман соғысы басталды, бастапқы жылдары Кеңестер одағы ауыр жеңілістерге ұшырады. Германдықтар 45% өнеркәсіп райондары мен 40% халқы бар териториясын басып алды. Осы кезде Кеңестер одағының шипасы бітті деп қараған Шың Шысай Кеңестер одағынан бет бұрып, мыңдаған Кеңес азаматтарын қуып шықты. Осылайша Шың Шысай Сталиннің шамына қатты тиді. Ол ендігі жерде соғыс беталысы жақсарған 1943 жылы Шың Шысайға қарсы Оспанға көмек бере бастады.

Екінші: Алтай қазақтарының төңкерістік уақыттық үкіметінің құрылуы

1944 жылы көктемде Шіңгіл толық азат болды. Қозғалыс Алтайдың аудандарына кеңейді, Көктоғайдың да көп жері азат етілді. Осы жылы күзде Бурылтоғай, Сарсүмбе қазағының дені, Буыршын қазағының жарымы Моңғолия арқылы Өр Алтайға көшірілді. Жеменей, Қаба ауданының халқы Кеңестер одағына өтіп, қыстайтын болды. Моңғолия үкіметімен байланыс қоюлап, жиыны 1000-нан артық қару әкелінді жане 300-ден аса Моңғол елі қазақтарынан құралған қарулы қосын көмекке келіп соғысқа қатынасты.

 

 

 

 

Олардың басында генерал Доржы, Моңғолия ішкі істерінің агенті Қалқабай Орынұлы қатарлылар болды. Кеңестер одағының ақылшыларынан Әріпбай полковник бастаған бірқанша адам болды. Моңғолиядан Қасен деген адам арнаулы келіп «Көк үйдің адамдары» деп аталған (29).

 

 

1944 жылы көктемде1941жылы жоғалып кеткен Дәлелқан Сүгірбаев Алтайға Моңғолия арқылы келеді. Бірақ ол Кеңестер одағында екі жыл оқып келгенін жасырып, Шың Шысай түрмесінен қашып шықтым деген.

1944 жылы қазан айының ортасында Шіңгілдің Бұлғын деген жерінде «Алтай қазақтарының төңкерістік уақыттық үкіметі» құрылды. Үкіметке Оспан төраға, Дәлелқан орынбасары әрі әскери қолбасшы болды. Үкіметтің 12 жорасы болды. Олар төраға Оспан батыр Исламұлы, әскери қолбасшы Дәлелқан Сүгірбайұлы, сот істер бастығы Көксеген Үкірдай, қазына меңгерме бастығы Ләтіп Мұстапаұлы, қауіпсіздік істері меңгерме бастығы Кәріп, онан өзге Момынбай би, Әділқан би, Келес, Уәтқан, Асхат Мәңкей, Камал, Жеменей партизан бастығы Рамазан Бөлімұлы, оның орынбасары ұйғыр Молла Сіләм үкімет мүшелері болды (30), (31), (32), (33).

1944 жылдың соңына қарай құрылған үкімет қозғалысты Алтайдың өзге аудандарына кеңейтіп, 1945 жылы тамыз айында Алтайдың Шіңгіл, Көктоғай, Бурылтоғай, Қаба, Жеменей аудандарын басып алды. Қытай армиясынан 10 мыңға жуық әскерді жойды (Дабусұн соғысында 1500 жауды жойған). Тек Сарсүмбе қаласында 2500, Буыршында 500-дей әскер қалашықтарда қорғаныста қалды.

Бұрыннан қалыптасқан тарихи логика бойынша, осы Алтайдағы қазақ қарулы күштері мен қазақтар құрған уақыттық үкіметті барынша төмендетіп көрсету. Басы 1940 жылы басталған төңкерісті төмендетудің ары жағындада ұйғырды жоғарылату, 1944 жылы Іледе қазақтар алдымен бастап, оны аз санды ұйғыр қостағанын далитып көрсету, төңкеріске еш үлес қоспаған адамдардың аяқ астынан министр болып шыға келуі – Кеңестер одағының ықпалы еді. 1944 жылдың соңында Кеңестер одағы өздері тіке әскер шығарып құрған Құлжадағы үкіметтің жұмысын 1-ші орынға қойып, өзгесін төмендетуде сайқал саясат жатқаны анық.

Алтай партизандары аймақтың денін өздері азат еткен, оларға 300 моңғолиялық қазақ сарбазы көмекке келгені, Моңғолиядан қару алғаны, оның Кеңестер одағының қаруы екені анық ақпарат. Бірақ Алтайдағы уақыттық үкіметті қазақтар өздері құрды, қарулы күштерге де Кеңестік жүйе қолданылған жоқ. Қайта көне далалық дәстүр бойынша болды, тулары «Шығыс Түркістан» туы емес, Ер Жәнібек батырдың ақ туы болды. Зеңбірек, броникті қосын, мотоцикил зводы, әскери доқтырхана болмады, әскери киімдері де болмады, әскери қамдауы мен тамағы да бөлек болды. Былайша айтқанда, Кеңестер одағының көмегі мен ықпалы өте аз болды. Ал Құлжадағы үкіметте бұл өте басым болды.  Кеңсай атты полкті Лескин бастап келіп, Буыршынды көп шығынсыз Алтай партизандарымен бірігіп алды, ал Сарсүмбені Алтай қарулы күштерімен бірігіп, соғыссыз алды. Демек Алтай азаттығына Шығыс Түркістан үкіметінің қосқан үлесі төмен болды.

Үшінші: Нылқы партизандары

Іле – Шыңжаң провициясындағы ең шұрайлы аймақ, екі жағын Тәңіртауы қоршап жатады. Үрімжіден әскер келу үшін қарлы таулардан асады, ал батыс жағы жазық, Алматы облысымен шегараласады.  Кеңестер одағының әскері еш кедергісіз келе алады. Іленің шығысында Нылқы аталатын таулы аудан бар. Жер түзілісі күрделі, партизандық соғысқа қолайлы. Онан ондағы қазақтардың ақсүйек әулеттері, Мақсұт ақалақшы сияқты әскер ұстаған адамдар болғандықтан, қарулы көтеріліске көп жақты негізі болды. Алтайдағы қозғалыспен салыстырғанда бұл аймақтағы қозғалыстың ерекшелігі: Қозғалысқа тек қазақ ғана емес, ұйғыр, орыс, моңғол, татарларда көбірек қатысты.

1944 жылы тамыз айында Нылқының Ластай (Ұластай) деген жерінде қарулы  партизандар барлыққа келіп, ашық көтеріліс бастайды. Олардың бастаушылары «Алты ұры» атанған Әкбар Есбосынұлы, Сейт Көрпебайқлы, Пәтих Мүсілимов (татар, кеңестер одағынан), Науан Есбосынұлы, Қайнам Әбдулла (ұйғыр, лақабы Ғини батыр), Байчурин (татар, кеңестер одағынан) бастаған 35 адам еді (24 қазақ, 4 ұйғыр, 3 татар, 2 орыс, 2 моңғол) болған.  Әкбар да, оның маңындағы серіктері де ержүрек азаматтар болды, кейін қатары көбейіп, 500 адамға жетіп, үш үлкен топқа бөлінді:

1. Қазақ тобы. Әкбар мен Сейт жетекшілік етті. Олар 200 адамнан 250 адамға көбейді.

2. Ұйғыр тобы. Қайнам жетекшілік етті, саны 180 адам.

3. Орыс тобы. Иван басқарған 120 адам (34), (35), (36), (37).

1945 жылы Бұратала соғысында жараланып, емделгеннен кейін Құлжада болған, 40-тан аса әйелі болған, жәй бұқараға зәбірі көп тигендіктен, 1951 жылы Қытай үкіметінің «кері төңкерісшілермен зұмыгерлерді жаныштау» қозғалысында үстінен қалың арыздар түскендіктен Кеңестер одағына қашып кетедіде Алматыда қайтыс болады).

Осы үш топтағы қарулы күштер кейін 800 адамнан асты (38), Әкбар қолбасшы, Фәтих ішап бастығы болды.

1944 жылы қазан айының басында Ысқақбек Мунонов пен Кеңес Одағында Нылқы партизандарының жетекшісі Фатихпен кездесіп, екеуі Нылқыда көтеріліс бастауға шешім қабылдады (39).

Қараша айының басында Ластай партизандары үш бағытта Нылқы қалашығына шабуыл жасап, басып алады. Көп өтпей, Құлжадан көп әскер аттанып, Нылқыға беттейді де Нылқыны күшпен қайта басып алады. Осы жаумен соғыста Әкбарға артынан оқ тиеді. Осы сәтте Құлжадан хабар келеді, Құлжада тек 800 әскер қалыпты. Енді жауды шырғалауға аз адам қалдырып, негізгі күшпен Құлжаға аттануға шешім қабылданады. Сейт, Қайнам, Иван бастаған паптизандар жасырын жолдармен түнделетіп Құлжаға аттанады.

Жоғарыдағы деректерден байқайтынымыз, Іле өңіріндегі қозғалыста ұйғырлар бастаған қозғалыс емес, Ғани батыр бүкіл Іледегі қозғалыстың бастаушысы емес, қайта партизандарға кейін келіп қосылған адам әрі қосынның бір бөлігі болған ұйғыр отрядын басқарған.

Теріс ниетті адамдар осы бір адамның атағын асқақтатып жүр. Бірақ ол сол кездегі жеті де сегіз топ партизанның бірінің ғана басшысы, әрі сол бір топтың ішіндегі бір бөлімді басқарған. Бұратала соғысында жараланып, онан қайтып соғысқа қатыспаған. Соғысқа қатысу тарихы 5-6 ай ғана, ал 1940-1951-ге дейін соғысқан, бүкіл аймақтағы қозғалысты басқарған Оспан батырды көп деректер әсіресе, ұшқары ұлтшылдар осы тұлғадан төмендетуге тырысады. Әмалиятта Ғани Әкбардан қорыққан әрі сыйлаған, бірақ Әкбардың өлімі де осы адаммен байланысты болуы мүмкін. Оспанның өкілі Ләтіп Құлжада төрт ай тұрып, бәріне көзі жетіп қайтады. Көрген, естігенінің бәрін Оспанға айтқан. Оспан Нұрғожаймен оңаша әңгімесінде:« Ағаш құман болмас, алаш туған болмас» деген рас екен. Ілеле Әкбар қозғалыс бастаған екен, оны сарттар көре алмай, жасырын атып тастапты»(40) деп келтіреді.

Іле Өңіріндегі өзге партизандар:

Байчурин (татар) тобы 65 адам болды, татарлар.

Фатей Иванович Лескин бастаған Кеңсай партизандары 1944 жылы 11-ші айда 300 адамнан асты (41). Лескен – Қазан төңкерісінен кейін Құлжаға көшіп келген орыс. 1940 жылдары Шыңжаң тас жол бюросының Іле бөлімшесінде жұмыс істеп, Гуозигудағы Кеңсай тас жолы учаскесінің бөлім бастығы қызметін атқарған. 1944 жылы Іледе революция басталғанда, яғни 1944 жылдың қараша айында Кеңсайда оннан астам орыс, қазақ жастарын біріктіріп, Ертай партизан жасағын құрып, партизан отрядының бір бөлігін басқарып, Гуозигоу, Кеңсай және басқа жерлерді басып алды. 1944 жылы желтоқсанда тас жол бойымен Иньге келе жатқан ұлтшыл әскерлерге тойтарыс берді. 1945 жылы ақпанда ол Ертай партизан жасағын Сантайдағы ұлтшыл қорғаушыларды қоршауға басқарды және Іле атты партизандық бригадамен бірге Сантайдан Утайға дейінгі ленияныы бақылау үшін шайқасты (42), (43).

Ол орыс тілінен басқа қазақ, ұйғыр, татар, сібе, қытай, араб тілдерін білген. Бұдан оның тегін адам емес екенін көруге болады.

Бұл екі топтағы партизандар Кеңестер одағынан келген агенттерді негіз еткендер әрі 1920-жылдары келген ақ орыстарда оларға қосылған.

Төртінші: Құлжаның алынуы жане Шығыс Түркістан республикасының құрылуы

1944 жылы Кеңестер одағы үлкен жеңістерге жетіп, Шың Шысайды Жияң Жиешімен бірге қыспаққа алып, Шыңжаңнан кетірді.

Құлжа қаласының алынуына Нылқы партизандарнан тыс көптеген Кеңестер одағының әскерлері мен бұқараша жасанған жансыздар ат салысты. Нылқыдан 800-ден аса адам қатысты, жалпы Іле аймағында ол кезде 2500-ден аса қытай әскері тұрған, олар Құлжа  қаласы мен оған іргелес Қорғас, Сүйдің, Күре сияқты қалашықтарға көп шоғырланды. Нылқыдан партизандар келуден бұрын, қалаға Кеңестер одағының көптеген жансыздары жасырын кірді, қаруларды жеткізді. Октябр революциясын еске алу күні яғни, 11-ші айдың 7-сі күні Құлжа шайқасын бастады. Ол туралы:

«13 қарашада үкімет әскерінің басшысы Цзян Сюаньцюань үкімет әскерін Нылқыдан Құлжаға қайтарды. Олар кенеттен кеңестік консулдықтың артында кеңестік киім киген 100-ден астам адамды кездестіріп, екі жақ кескілескен шайқасқа түседі. Осыны негізге ала отырып, Цзян Сюаньцюань бастықтарға жолдаған жеделхатында: «Бұл бандиттік мәселе емес, Кеңес Одағы мен біздің армия арасындағы ресми қақтығыстың басы», – деді. Дәл осы күні Құлжадағы үкімет әскерінің жоғарғы қолбасшысы Цао Рилин Жу Шаолянға жолдаған жеделхатында: «Бұл аты қарақшыларды басып-жаншу болғанымен, бірақ бұл шын мәнінде халықаралық соғыс»; «Қаладағы бандиттердің барлығы орыстар мен татарлар, олар консулдық маңын өздерінің базасы ретінде пайдаланады және олар алған қару-жарақтардың бәрі Кеңес Одағында жасалған». Сондықтан ол ымыраға келу және достық көмек сұрау үшін дипломатиялық құралдарды пайдалануды ұсынды, бірақ Кеңес Одағына әскер жіберуге мүмкіндік бермеді (44).

Бұған ұқсас дерек:

«9 қарашада Құлжа гарнизонының бастығы Цао Рилинг Чжу Шаолянға телефон арқылы «соғысты «бандитизмге қарсы» деп атағанымен, шын мәнінде бұл халықаралық соғыс», «қаладағы қарақшылардың барлығы орыстар мен татарлар, олар консулдықты өздерінің базасы ретінде пайдаланады, ал олар алған қару-жарақ түгелдай Кеңес Одағында жасалған» – делінген (45).

Бірнеше күнге созылған сұрапыл соғыс арқылы ақыры Құлжадағы қытай армиясы мен  бұқарасынан 8 мыңдай адам қала маңындағы Айрамбаққа шегінді. Сұрапыл соғыста Сейт ауыр жараланып, қайтыс болады. Қожай Доқасұлы «соғысқа қаладағы ұйғырлар мен дұңғандар да көмектесті» – дейді. Бұл анық іс, бұларды Әлихан төре бастаған «Құлжа азаттық ұйымы» Байтолла мешітіндегі уағыздар арқылы ұйыстырған болса керек.

Құлжа қаласы алына сала, 12.11.1944 Құлжа қаласын негіз еткен бұқаралық жиын ашылып, «Шығыс Түркістан республикасы уақыттық үкіметі» құрылғанын жариялады. Бұл кейінгі Алтай, Тарбағатай, Іле үш аймақ халқы сайлаған әрі бірігіп құрған үкімет емес еді! Тек Құлжа қаласымен шектелді. Үкіметті құру, басшыларын сайлауға тіпті, Іледегі 450 мың халықтың да дені уәкіл жіберіп қатыса алған жоқ. Сондықтан бұл тұтас үш аймаққа уәкілдік ететін заңды үкімет емес еді. Тек Кеңестер одағының саяси мүдделеріне жету жолындағы бір майдан саяси ойын, әскери операция болды, бірақ бұған қатысқан халық алданғанын кеш білді.

Демек Құлжаны алған Нылқы патризандары мен Кеңестер одағының әскерлері, оны ұйғырлар алды деген негізсіз, десе де ұйғырлардың да ат салысқанын жоққа шығаруға болмайды.

Бесінші: Шығыс Түркістан үкіметінің құрлымы

1944 жылы Құлжа қаласы азат болғаннан кейін қаладағы халықты негіз етіп, бұқаралық жиын ашылып, «Шығыс Түркістан уақыттық үкіметі» құрылғаны жарияланды. Үкіметтің 16 мүшесі болды, олар: Әлиқан төре (өзбек), Әкімбек қожа (ұйғыр), Әбілқайыр төре (қазақ), Әбдікәрім Аббасов (ұйғыр), Петр Романович Александров (орыс), Әбдірауып Махсум (ұйғыр),  Салжанбай Бабажан (өзбек), Мұхамеджан Махсум (ұйғыр), Хабип Юнүшев (татар), Рахымжан Сабырқажы (ұйғыр), Пауел Павлович Москалов (орыс), Әнуар Мұсабаев (ұйғыр),  Бука Әмбал (моңғол), Ғани Иолдаш (ұйғыр), Әбілиміт Әлихалпе (ұйғыр), Қайнам Әбдулла (ұйғыр).

Президент Әлихан төре, орынбасары Хакімбек қожа, үкіметтің бас хатшысы Әбдірауып Махсум белгіленді.

 

 

Кеңестер одағынан, Қырғызстан Тоқмақ қаласынан, өзбек, шағатай әулетінен деген сөз бар. Бұл адамда Кеңестер одағының миссиясын орындаған адам болуы мүмкін. Десе де 1946 жылы Шығыс Түркістан үкіметін таратуға қарсы болғандықтан КГБ жансыздары жағынан ұсталып, Ташкентке апарылған.

 

 

Әбілқайыр төре мал шаруашылық минстрі, Әнуар Мұсабаев қазына минстрі, Хабип Иунүш оқу-ағарту минстірі, Әбілиміт Әлихалпе діни істер минстрі, Салжанбай Бабажан (Азаматтығы белгісіз, Кеңестік Өзбекстан адамы болуы да мүмкін) (46) ауылшаруашылық минстрі, Мұхамеджан Махсум (Кеңестік Қазақстанның Жаркент ауданының ұйғыры) (47) жоғары соттың бастығы, Әбдікәрім Аббасов ішкі істер минстрі (қосымша үгіт бөлімінің бастығы),  Қайнам Әбдулла әскери сот бастығы болып тағайындалды. Әлександров қарулы күштердің қолбасшысы болды.

 

 

Сәйпидин Әзизи оқу-ағарту минстріне орынбасар етілсе, оған тағы Уақаш ажы Мерсанов (татар) қосылды әрі 16 үкімет мүшесінің бірі болды (Хабип Иүнүш 1945 жылдың басында жұқпалы аурудан қайтыс болып  оның орынына белгіленді), Зүнун Тейіп әскери істер меңгерме бастығы болды.

Зәрыпқалы қажы (Ұлты анық емес) діни сот бастығы, Қасымжан Қамбари (Атұштық, бірақ бала кезінде әкесіне еріп Кеңестер одағына көшіп кеткен. Ол алдымен Яркантта, кейін Ташкент ұлттық академиясында оқыды. 1919 жылдың басында Ташкентте «Ұйғыр лигасы» құрылды. Ұйым Кеңес Одағында ұйғырларға социалистік және жаңа мәдени білім беруді жүзеге асырды, ол да сол кезде білім алған. 1930-1931 жылдары Орта Азиядағы ұйғырлар арасында мәдени ағарту, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 1932 жылы Шыңжаңның Құлжа қаласына оралды) (49) денсаулық сақтау минстрі болды. Құсайын Таранов (татар, Кеңестер одағынан) мемлекет банк бастығы, Пәтих Аллажар (татар, Кеңестер одағынан)қазына минстрінің орынбасары, мемлекеттік бақылау мекемесінің бастығы Ғани Иолдаш (Ғани Йолдаш (1908-1971) Кеңестер одағынан, ұлты анық емес) (50) болса, Рахымжан Сабырқажы қорғаныс минстрінің орынбасары болды. Үсен Басыров (ұйғыр болуы мүмкін) «Азат Түркістан» газетін басқарды. Советтік Мұқысын (татар) үкіметтің бас ақылшысы, Әли ішкі істер ақылшысы Сүлеймен Розиев (өзбек? ұйғыр?) халық сотының ақылшысы, Абдуллаев оқу-ағарту минстріне ақылшы, Жаппар Дамолла (өзбек не ұйғыр) дін істер ақылшысы, Владимир Степаонвич Егнаров бас әскери ақылшы болды. Кеңестер одағының ақылшылар үйірмесі 1-, 2- номерлі үйдегілер аталып маңызды саяси, әскери істерде шешім қабылдап басқарып отырды.

Жоғарыдағы адамдарға қатысты деректерден осы республика билігінде басшы болғандардың дені Кеңес азаматтары екенін, онан қалса Кеңеспен байланысты, сонда ержеткен немесе сонда оқыған Кеңестер одағына адал адамдар екенін көруге болады. Сол үшін осы адамдарды пайдаланды, мақсатына жетіп республиканы таратқандада осы адамдар қарсы болмады.

Іле толық азат болған соң әр ауданға әкімдер белгіленді, Жәйірбек Сасанұлы(қазақ) Күнес ауданының әкімі әрі Құлжадағы үкімет мүшесі , Оспан Сыбанұлы(қазақ) Нылқы ауданының әкімі(кейін Пәтих Мүсілимов әкім болды), Тоққожа Текес ауданының әкімі(қазақ), Жанболат Сөртіұлы(қазақ) Тоғызтарау ауданының әкімі болды. Әбдулла ажы (ұйғыр)Сүйдің ауданының әкімі, Мәмет ажы(ұйғыр) Қорғас ауданының әкімі, Ычыр Амбал (моңғол) Моңғолкүре ауданының әкімі, Әшім Оспан(ұлты белгісіз) Бұраталаның әкімі,  Буджап бұха(моңғол) Арасан ауданының әкімі , Чияң Зуды Жұлдыз ауданының әкімі, Әбдулла Уәли Жың ауданының әкімі болды (51).

Жоғарыдағы мәліметтерге қарап отырсақ Іленің қақ жарымын ұстап отырған қазақ халқынан үкімет мүшесі болған жалғыз Әбілқайыр төре Рабатұлы. Бұл таңғаларлық жағыдай, не үшін бұлай болды? Ал үкімет басына келгендер тіпті Нылқыда қозғалыс бастаған не оған қатысқандарда емес, Нылқыдан қозғалысқа қатысқан Әбілқайыр төре мен Әбдулла Қайнам ғана, бірақ оларда негізі басшылықта емес еді. Кей деректерге негізделгенде бұл үкімет Алматы қаласында алдынала дайындалған. Нұрғожай батыр ол туралы:«Төңкеріске үлес қоспаған, бір тал оқ атпаған жансыздар ұқықтарды иелеп кетті!…» (52) деп өкінішпен баға береді.

Бесінші: Соғысқа Кеңестер одағының тіке араласуы

Нылқы партизандары Құлжаға суыт тартып, 3 бағытта қалаға шабуылға өтті. Осы сәтте Кеңестер одағынанда қарулы адамдар келіп, соғысқа қатынасты. Ашық деректерде Кеңестер одағының әскерлері Құлжадағы соғысқа қатысқаны туралы мынадай деректер бар:

Петр Романович Александров бастаған 60-тан аса қарулы Кеңестік әскер(53), Александров октябр революциясын еске түсіру күні Құлжа шайқасын бастауды ұйғарып, «Құлжа азаттық ұйымы» бастауын, оған Нылқы партизандарының да ұштасуын талап етіп, адам жібереді.

11-ші айдың 12-сі күні Палинов бастаған екі машинамен 60-тан аса Кеңестер одағының әскерлері келді (54).

Іледе 2500 қытай әскерінің 1000-нан артығы жойылды, бірақ Үрімжіден, Ілемен іргелес аудан аймақтардан 5-6 мың қытай армиясы көмекке келе жатты. Оларға күреске шыққанына 4 ай ғана болған партизандар төтеп беруі қиын еді. Қытай әскері Тәңіртаудан асып, Құлжа қаласына 25 км жерге жетіп келді. Уақыттық үкімет әр ұлттан құралған партизандарды ұйымдастырып, оларға қарсылық көрсетті. Десе де сан жағынан да басым, ауыр әрі озық қарумен қаруланған жау асуды күшпен алып, Құлжаға қарай ілгеріледі. Дәл осы қысылтаяң сәтте Кеңестер одағы тіке әскер шығарып, партизандармен бірлікте жауды ауыр шығынға ұшыратып, кері шегінуге мәжбүр етті. Осыған қатысты мына деректерге қарайық:

Алайда, кем дегенде 1945 жылдың сәуіріне дейін Шығыс Түркістан республикасы ұлттық армиясының  құрамында «Ысқақбек атты әскер бригадасы» болған жоқ. Шығыс Түркістан республикасынан қытай үкіметі әскерлері тұтқындаған тұтқындардың мойындауларына сәйкес, Шығыс Түркістан республикасының әскеріндегі ең қуатты бөлімше – Кеңестік Орта Азиядан келген қазақ, қырғыз және өзбектерден құралған, оларды Ысқақбек деген адам басқаратын. Жалпы 3000-ға жуық атты әскер бөлімі болды (55). Әскері Кеңестік қазақ, қырғыз, украин және басқа ұлттардан құралған Ысқақбек бөлімшесінің (Кеңес қазақтары, генералдар деп аталады) 3000-ға жуық атты әскер полкі бар, толықтай жарақталған ірі пулеметтері, шағын зеңбіректері, минометтері бар. Танкке қарсы зеңбіректер мен портативті пулеметтер және әр жауынгерде семсер бар еді, бұлар кезінде Шыңжаңда тұрған «Қызыл 8-ші полк» болуы әбден мүмкін еді.

Күре қалашығына шабуыл басталғанда Ысқақбек Кеңестер одағынан келген әскерлер мен зеңбірекші әскерлердің сәйкесуімен, қалашықты алды (56). 16 қарашада Ысқақбек атты әскер батальонын Иньинге басқарып, Айлинбақ сияқты Гоминдаң бекіністерін қоршауға қатысып, жеңіске жетеді (57). Құлжаға қытай армиясы 20 км қалған кезде Кеңестер одағы бір бөлім атты әскерлер мен зеңбірекші әскери бөлімдерді шығарып, соғысқа қатыстырды (58). Кеңестік әскерлер мен Кеңестер одағынан әскери тәлім-тарбие алған  Шыңжаңдық қарулы адамдар арт-артынан Құлжаға келіп шайқасқа қатысты.

Ысқақбек Қырғызстанның әскери адамы болып, 1937 жылы Қашқар мен Хотандағы Шығыс Түркістанның Мамұт полковниктен қалған бөлімдері мен Дұңған әскерлерді жою үшін Шың Шысайдың ұсынысымен, Қырғызстаннан келген, тағы Мәуленов деген қырғыз полковник те әскер бастап келіп, ұйғырлар құрған «Шығыс Түркістан» күштерін жойған.

Ал енді міне, Кеңестер одағының тапсырмасымен Шығыс Түркістанды қорғауға әскер бастап келіп отыр. Шығыс Түркістан операциясына Қырғызстаннан көп адам қатысқан, әрине, қазақ көп үш аймаққа Кеңестер одағы тек қазақ жіберуді дұрыс көрмеген. Мүмкіндігінше өзге ұлттарды басшылық орынға көптеп қою арқылы Қазақстанның іргесінде қазақтар тұратын үш аймақта қазақты негіз еткен үкімет құруды дұрыс санамады.

1944 жылдың қараша айының соңында Кеңес Одағы Шыңжаңның Құлжа  қаласында «No 1 үй» (Кеңес Қызыл Армиясы Владимир Козлов басқарған) және «No 2 үй» (КГБ Владимир Степанович Егнаров жетекшілігімен (59) құрып), Берияны Алматыға Шыңжаңдағы, Қытайдағы Кеңес әскерлерінің соғысын бақылауға жіберді (60).

 

 

Ол 1944 жылдың 5 желтоқсанынан 1946 жылдың 1 қарашасына дейін – КСРО НКВД-ның арнайы тағайындау бөлімінің бастығы. Арнайы тапсырмалар бөлімі 1944 жылы 5 желтоқсанда құрылып, 1946 жылы 20 желтоқсанда таратылды (61). Негізгі мақсат – Шыңжаңдағы мұсылмандардың ұлт-азаттық қозғалысына көмек көрсету. «Иван Иванович» деген бүркеншік атпен Шығыс Түркістан республикасы (Шыңжаң, Құлжа қаласы) үкіметінің кеңесшісі болды (62).

«Үш бағыттағы (1-ші бағыт Жың мен Шихуды алу, 2-ші бағыт Алтай, Тарбағатайды алу, 3-ші бағыт Ақсуға шабуыл жасау) ұрыс жоспарында» Кеңес жауынгерлері бар ма деген сұраққа келсек, бұрынғы Кеңес одағы мұрағаттарынан Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы шекара тарихы мен географиясы ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Ли Шэннің мәліметтері шешуші мәнге ие. Осы мұрағат деректеріне сүйене отырып, ол 1945 жылы маусымда КГБ Орталық Саяси Бюросының «Шығыс Түркістан республикасының» әскерін күшейту туралы шешім қабылдағанын көрсетті. Мұнда Кеңес Қызыл Армиясының 500 офицері мен 2000 сержанты жіберілді. Сонымен бірге Шыңжаңға артиллерия мен оқ-дәрі, көлік машиналары, әскери байланыс пен қолбасшылыққа арналған байланыс құралдары, көптеген қару-жарақ, түрлі техникалар үздіксіз тасымалданды. Кейбір маңызды ұрыс жоспарларын Кеңес әскерлері мен Уақытша үкімет әскерлері қатарластырып орындады(63). Кейінгі кездерде саны 30 мыңнан асқан ұлыттық армияда бұл сан тіпті көбейген сияқты, нақты қанша мың екені анық емес. Десе де тұтас армияның 3/1 болуы әбден мүмкін.

Осы соғыстарға түркі тектес ұлттардан тыс, жерлік моңғолдарда көптеп тартылды. Ерде бастаған моңғол партизандар отряды (64) Бұраталаны алуда негізгі күш болды.

Ал шеттегі ұйғыр ұйымдары осы тарихи шындықтарды терістейді немесе айтпауға тырысады. Әйтеуір үш аймақ әсіресе, Алтай, Тарбағатайда ұйғырлар жағынан тез азат бола салғандай етіп көрсеткілері келеді. Әр жерде кімдер болды, ол жерлерде қандай соғыстар болды, ол туралы да айтылмайды.

Үкімет тілі туралы

Жоғарыда айттық, тұтас үш аймақта да, Іле аймағында да қазақтар негізгі халық, бірақ Кеңестер одағы өз құрамындағы Қазақстан одақтас республикасының іргесінде тағы бір қазақ республикасын құруды қаламады. Керісінше саны қазақтан екі-үш есе аз ұйғырларды қолдан билікке көптеп қойды (олардың да көбі Кеңестік ұйғырлар), тіпті бұлардың арасында да Қазақстан мен Қырғызстанның ұйғырлары, коммунистік тәрбие алған, Кеңестер одағының айтқанын екі етпейтін, Ахметжан Қасыми сияқты ұйғырлар көп болатын. Сондықтан ұйғыр тілі Құлжадағы үкіметтің тілі болып, негізгі құжаттар осы тілде шықты. Бірақ үш аймақта қазақ көп болғандықтан, екінші тіл қазақ тілінің қолданыс аясы ұйғыр тілінен кең болды. Ұйғыр тілін үкімет тілі ету туралы Түркістан үкіметі мынандай бұйрық шығарған:

«1944 жылы 12 қарашада Шығыс Түркістан республикасы уақытша үкіметінің құрылтай жиналысында «Тоғыз тармақтан тұратын саяси бағдарлама» жарияланды (бұдан әрі «1944 жылғы бағдарлама»). Шығыс Түркістан республикасының конституциясы болмағандықтан, «Тоғыз тармақтан тұратын саяси бағдарлама» іс жүзінде конституция рөлін атқарды. Оның негізгі мазмұны мыналар: (1) қытайлық теріс саясаттың барлық түрлерін жою; (2) үкімет демократиялық жүйе болып табылады; (3) әскер халықтыққа тән; (4) барлық этникалық топтар тең; (5) дінді құрметтеу керек; (6) барлық деңгейдегі лауазымды тұлғаларды халық сайлайды; (7) кеңестік саясатты жүзеге асыру; (8) білім беруді дамыту; (9) ұйғыр тілін уақытша үкіметтің ортақ тілі етіп белгілу».

 

 

Әрине Кеңестер одағының осы саясаты қазақтардың наразылығын тудыратыны табиғи еді, Оспан батыр мен Қалибек әкімнің қарсы шығуының себебінің бірі осында еді.  Іледегі қозғалыстың екі негізгі басшысы Әкбар мен Сейіттің жұмбақ өлімі де осымен байланысты. Үкімет басшылығына қазақты шығармау, үкімет тілі қазақ тілі болмау, «бәрің бір түрік тілдессіңдер, сондықтан бәріңе ортақ Түркістан үкіметі болып отыр» деген сөзге көп қазақ илана қоймайтын. Өйткені «түрік», «Түркістан» атаулары  қазақтарға бейтаныс еді, көп санды бұқараны былай қойғанда, зиялы қазақтарда да  түрікшілдік идея, Шығыс Түркістан идеиясы болмаған.

Ал Кеңестер одағының билікке қазақтарды жолатпауының тағы бір себебі болды: Бұл уақыттық ойын, осы операция арқылы Гомин қытай билігін Моңғолия тәуелсіздігін мойындауға қысау, ал ол мақсатқа жеткеннен кейін бұл қуыршақ мемлекет керек болмайды, оны тарата салады. Егер қазақ негіз еткен осы үш аймақта қазақ тілі үкімет тілі, қазақтар билікте болған қазақ мемлекеті құрылып, кейін оны тарататын болса, қазақтар қарсы шығатыны даусыз. Соңы дүрбелең болуы мүмкін, сол үшін қазақ наразы болатын, риза болмайтын жүйе құрса, ондай үкіметті таратқан кезде қазақ қарсы шықпайды деп болжағаны анық, расында да солай болады. 1946 жылы жазда «Шығыс Түркістан уақыттық үкіметі» таратылған кезде ешкім қарсы болмады, ал сол үкіметтегі ұйғырлардың да ешқайысысы қарсы шықпады.

Ұлттық Армияның құрылуы

Іленің жерлік партизандары мен Кеңестер одағы армиясының күшімен толық азат болған соң, уақыттық үкімет ұлттық армия құрды, оның негізгі жүйесін Кеңестер одағы қызыл армиясының жүйесі бойынша көшіріп жүргізді.

1944 жылы 16 қарашада  Александров, Палинов, Ысқақбек бастаған бір баталюн (500-ден аса адам) әскер Құлжаға келді. Сонымен бір уақытта Кеңестер одағынан генерал-лейтенант Козилов,  Виктор Колебиликин бастаған әскери ақылшылар үйірмесі келді.

1945 жылы Қорғаста Кеңестер одағының көмегімен әскери тәрбиешілер келіп, командирлер курсы ашылды. Әр кезек курс мерзімі үш ай болып, кейін Баяндайда үш кезек курс ашылып, 450 курсант тарбиеленіп шықты (65). 1945 жылы 3-ші айдың 6-сы күні ұлттық армия бас қолбасшылық штабын құрды. Оған артқы шеп бөлімі, саяси бөлім, әскери сот, әскери прокурарура, барлау, соғыс, кәдірлар, шаруашылық басқармасы қарады. Армияның қолбасшысы Иван Григоривич Палинов, орынбасары Варсанови Михайлович Мажаров болып белгіленді. Әскери істер меңгерме бастығы Зүнун Тейіпов (татар, Алматы қаласынан), артқы шеп бөлім меңгерушісі Пахридинқожа Расулов (өзбек),  Саяси бөлім бастығы Әбдікәрім Аббасов (ұйғыр), әскери соттың бастығы Қайнам Әбдулла, әскери прокуратура бастығы Әбдіғұпыр Сабырқажы (ұйғыр), әскери дін істер бастығы Дамолла Разиев болды.

 

 

Бұдан білетініміз – ұлттық армияның құрылуына да Кеңестер одағы ықпал еткен әрі әскери мамандарын жіберіп, жерлік халықтан оқыған азаматтарды тәрбиелеген. Соның өзінде армияның бас қолбасшысынан тартып, полк командирлері, саяси комиссарлары, т.б түгел Кеңестік орыстар жане қазақ, қырғыз, татар, өзбек, ұйғырлар болды.

 

 

4-ші айдың 8-і күні Құлжа қаласында ұлттық армия құрылу салты өткізіліп, оған 10 мыңнан аса адам қатысты. Әлихан төре арнайы сөз сөйлеп, ту ұсынды, әскери парад өткізілді. Ол кезде Іледе құрылған ұлттық армияның жалпы әскер саны 15 мыңдай адам болып, оған мына полктар қарады (67):

Құлжада құрылған ұлттық армия саны бастапқыда 15 000 адам еді, бірақ Алтай мен Тарбағатай толық азат болғанда 30 мыңға жетті. Ал Құлжадағы алғаш құрылған 15 мың адамдық ұлттық армия құрамы төмендегідей болды (Суреттер көбі дәл сол полктарды көрсетпейді):

Іле жаяу әскер 2-ші полкі, Командирі Фидаев (орыс), саны 1500 адам, бұлар дені Құлжа қала маңы мен Айранбаққа шабуыл жасаған әскерлерден құралды.

Запас 4-ші полк құрылды. Командирі Қайымбек (ұлты анық емес).

Текес атты 1-ші полк, командирі Мәуленов (қырғыз, Кеңестер одағы Қырғызстан).

Текес атты әскер 2-ші плок, командирі Ноғайбаев (қырғыз, Кеңестер одағы Қырғызстан). Олар Қорғас пен Сүйдыңды қоршап шабуылдаған әскерлер мен партизандардан құралды (Қырғызстан әскері сияқты).

Бұдан осы әскерлердің құрамында Қырғызстандық әскерлер көп болғанын байқауға болады, полк командирлеріде Кеңестік Қырғызстан азаматтары екені белгілі болып тұр.

Сүйдың атқыштар 1-ші полк, командирі Могутинов (орыс, Кеңестер одағы).

Дүңген атты 10-шы полк, (Бұрын атты баталюн болған), командирі Мәнсур Ломиев (Дұңған, кеңестер одағы). Бұлар Кеңестер одағының дұңғандары болуы мүмкін, әрине Іленің жергілікті дұңғандары да бар екені шүбәсыз. 1934 жылы Қашқарда Кеңестер одағына тізе бүккен дұңғандарда осы полк құрамына кіруі ықтимал.

Кеңсай атты 3-ші полк, командирі Лескин (орыс, жергілікті ақ орыс, қазақтардан  құралған ролк. Лескин кейін Кеңестер одағына кетіп, Алматыда қайтыс болған).Ұлттық армияның орыс әскерлері. Кеңсай атты полкы өте тез құрылған полк, бұған қарағанда Кеңестік орыс әскерлер болуы мүмкін, олар тағы Алтай мен Тарбағатайды алу соғыстарына қатынасқан әрі сол аймақ әкімшіліктеріне Кеңестік адамдарды қойып отырған.

Арасан Бұраталадағы партизандар мен моңғолдардан құралған моңғол атты 8-ші полк (бұрын атты әскер баталюны еді), командирң Ерде (моңғол), саяси комиссар Тоқты Еменов (ұйғыр).

Тоғызтарау 5-ші атты полк, командирі Нүсіпқан Көнбайұлы (қазақ), орынбасары Тұрсын Мәнтязаров (қырғыз, Кеңестер одағынан), штап бастығы Торғалиев Тұрсын (қырғыз, Кеңестер одағынан), 1200 адам. Тоғызтарау, Күнес, Нылқы аудандарының қазақтарынан құралған, Нылқы партизандарының нағыз жалғасы осыларда көп болған.

Сібе скадроны, командирі Нарбанов, саяси комицар Мүртизан, саны 170 адам. Бір полкта екі батальон, бір батальонда 3 рота, бір ротада 3 звод, 1 зводта 3 отделение болған, әр полкта 2500-ге дейін адам болған.

 

 

Тарабағатай партизандары

Осы уақыттарда яғни, 1941-1944 жылдары Тарбағатай өңірінде тағы да көптеген азаматтар қолға алынды, солардың қатарында жазушы Қажығұмар Шабданұлы, этнограф Жағда Бабалықұлы, Балқаш Бапин да бар еді. Шәуешек қаласында Дубек Шалғынбайұлы бастаған қазақ азаматтары «Жауынгер группа» құрды (68), оның көбі Шәуешектегі гимназия оқушылары еді. Олар Тарбағатайдың жер-жерінде ұлт-азаттыққа үгіттейтін көптеген әрекеттер жасады, деседе ұйымның көп мүшелері қытай үкіметі жағынан қолға алынды.

 

 

Тарбағатай аймағындағы қазақтардың көлемді ұлт-азаттық күресі екі жерде пайда болды: бірі – Майлы тауында, енді бірі – Еренқабырға тауында тұтанды.

Майлы партизандары туралы деректерде былай делінген:

«Тарбағатай аймағының батыс-оңтүстік өңіріндегі таулы райондарда қазақ малшылары партизандар отрядын ұйымдастырып, Бұраталадағы Моңғол атты әскерлер батальонының көмегімен олар 200 адамға көбейіп, Шағантоғайдың Ұзынбұлақ деген жерінде Гоминдаң әскери бөлімдерімен соғысты. 6-шы айдың 16-сы күні олар 300 адамға көбейіп, «Майлы партизандар отряды» болып құрылып, Нұрсапа Сейтжанұлы мен Қали Қизамаденұлы жауапты болды. Олар Толы, Шағантоғай өңірінде белсенді қимыл жасап, Гоминдаң әскерлері мен сақшыларына соққы берді» (69).

Осы үш аймақтағы ұлт-азаттық күрестің куәгері әрі қатардағы жауынгері болған Қожай Доқасұлы өзінің «Отқа оранған жылдар» кітабында Майлы партизандары туралы былай мәлімет келтіреді:

«Гоминдаңға қарсы оқты тұңғыш рет Алтайда Есімқан, Нылқының Ластай тауында Әкбар Есбосын ұлы, Еренқабырғада Нұрпай, Майлы-Жәйірда Байкенже, Нұрсапа Сейтжандар атты…Бесінші үлкен топ Толы партизандары Нұрсапа, Қайса, Байкенжелер бастаған 200 адам» (70).

Оспанның батыры болған Нұрғожай өз естелігінде былай дейді:

«Тарбағатай қозғалысында Қалибек тобын басшылыққа алдық, Нұрсапа батыр жайында да естіген едім, бірақ бұларды әңгімелемедім, өйткені қозғалыс басшысы Қалибек әлі тірі болғандықтан ол туралы өзі айта жатар…» (71).

1945 жылы көктемде ашық көтеріліске шыққан осы «Майлы партизандары» тамыз айына дейін Толы өңірінен 200-ге жуық қытай әскерін жойған, саны да артып 700-ден асқан.

7-ші айдың басында Шығыс  Түркістан  ұлттық  армиясы бас қолбасшы Палинов Лескиннің Кеңсай атты әскер 3-ші полкын, Ерде Мыңиевтың моңғол атты әскер батальонын, қорғаушылар батальонын бастап Сәнтай, Бұраталадан өтіп Тарбағатай аймағына (Шихуға) кірді.

7-ші айдың ортасында олар (Кеңсай атты полк) Ұзынбұлақта майлы партизандарымен бірігіп, ұлттық армия бас қолбасшылығының Тарбағатайды азат ету жөніндегі бұйрықты жариялады. Ұлттық армия мен Майлы партизандары алдымен Ұзынбұлақ шоқысы мен Үш қарасуды алды, 7-ші айдың 15-і күні Шағантоғай ауданын алды. Майлы партизандары мен моңғол атты әскері батальоны Шиху мен Шәуешекке баратын жолдағы Ұрымтал бекет Ұтыны алды (72).

Майлы партизандары 700 адамнан асты да, керей азаматтарын негіз еткен «Тарбағатай 6-шы атты полк» құрылды.

Ұлттық армия Тарбағатайдағы егіншілер мен малшылардан әскер алып, құрамына қабылдады. Тамыз айының 10-ы күні ұлттық армия қолбасшылығы штабы бұйрық түсіріп, Майлы партизандарынан «Тарбағатай 6-шы атты полкты» құрды.

Тағы «Дөрбілжін 4-ші атты полк» құрылды, олар Кеңсай атты әскер полкімен бірігіп, атты бригадаға айналып, саны 2400-ден асты. Олардан бір бөлім күшті шығарып, Шихуға шабуыл жасады, енді негізгі күш Қобыққа шабуыл жасады (73).

 

 

Қожай Доқасұлының айтуынша:

«Дөрбілжін 4-ші атты полк, командирі Айтуған (қазақ, Кеңестер одағынан), орынбасары Юсупов (татар, кеңестер одағынан), саяси комицсар Ахыметшаев(Кең одағынан), жиыны 1200 адам.

Тарбағатай 6-шы атты полк, орыны Шыхызы (Тасырқай), командирі: Қайса Дүйсенбеков (Кеңестер одағынан, қазақ). Орынбасары Қайса Жұмыкеұлы. Саяси комицсар Әбдрахман Оркен ұлы (Кеңестер одағынан, қазақ), штаб бастығы Саму Сәбитов (ол Шепейзіні алу соғысында қаза болып, орынына Нұрлан Бөгенбаев тағайындалды, екеуі де Кеңестер одағынан), штаб бастығының орынбасары Жағда Бабалықов. 1200 адам (74).

Еренқабырға партизандары

8-ші айдың 11-і күні ұлттық армиядан 600-дей адамы Совет  одағының әскери ақылшысы Бәйділдә Доскеновтың бастауында Қобыққа жетіп, 8-ші айдың 22-сі күні Қобықты азат етті (75).

Құлжадағы «Шығыс Түркістан» үкіметі Үрімжіден Іле мен Тарбағатайға баратын көлік жолдарын, телефон сымдарын үзіп, жау әскерінің шабуыл жолын кесу үшін осы Еренқабырға өңіріндегі қазақтарды аттанысқа келтіруді көздейді, бұл маңызды стратегиялық мәнге ие еді. Осы партизандар туралы мынадай деректер бар:

Үшінші топ – Қазықан тобы, Іленің шығыс бес ауданынан жиналған 400-ден аса адам Тәңіртауынан асып, Сауан, Манас аудандары аралығында әрекет етті, Сауанды азат етуде үлкен үлес қосады.

Төртінші үлкен топ – Еренқабырғадағы Сауан, Манас елдерінің азаматтарынан құралған партизандар, бастаушылар Қалибек Райымбекұлы, Тәкіман, Бала қамзалар, олар Қазықан тобымен бірлесіп, Гоминдаң әскерлеріне қарсы күресте сүбелі үлестер қосады.

1945 жылы көмек сұрай келген Төлеген, Бейсембай, Зәйкен, Бала қамзаларды қабылдаған ұлттық армия бас штабы Мажаровтың ұйғаруымен, Қазықан Манасбаев бастаған , Қанафия майор, Қашқынбайлар бастаған Нылқы, Күнес аудандарынан адам ұйымдастырып, Сауан ауданына көмекке жібереді. Олар Сауан халқымен бірлесіп, Гоминдаңның 1500-дей адамын жойып (онан бұрын жойылғандарымен қосқанда 1700-ден асады), Манас, Анжыұай көпірлерін талқандап, телефон сымдарын үзіп, Үрімжі-Шиху арасындағы хабарласу линияларын үзді. Соның нәтижесінде Еренқабырға халқын негіз еткен Сауан 7-ші атты полк құрылады.

 

 

 

 

Сауан 7-ші атты полк, командирі Қазықан Манасбаев, саяси комицсар Сәрсенбек Әбішұлы (76), бұлар осы Еренқабырға елінің азаматтарынан құралған еді.

Бұлардан басқа саны шағынырақ тағы бір қазақ партизандар тобы болды, олар -Шағантоғай партизандары – Жағда Бабалықұлы, Балқаш Бапин бастаған 70-80 адам.

Осы Тарбағатайдағы қазақтардан өзге орыстардан ұйымдасқан партизандар да болды, олар:

«Алтыншы топ – Илияев бастаған Шәуешек партизандары, саны 130 адам.

Жетінші топ – Николаев бастаған орыс партизандар, Орқыда тұрған, адам саны 130 (77).

Бұл екі топ та арнайы тапсырмамен міндет өтеп жүрген Кеңес одағының әскерлері екені күмәнсіз.

Бұлардан бөлек тағы да Сопахұн Суров бастаған, Майтауда көтеріліс жасаған бір рота ұйғыр әскерлер бар, олар Майтаудан шығып, Құлжаға барған, кейін Ақсуға шабуыл жасаған.

 

 

Артқы шеп жаяу әскер полк. Орны –Анжыхай. Командирі – Қайымбек, саяси комиссары – Ғылажиден Қариев (ұйғыр? өзбек?), штаб бастығы – Бастов, 2500 адам.

Сандоухызы атты 3-ші полк. Командирі – Иганов, саяси комиссар – Фәтих Жабықбай, штаб бастығы –  Зейтінков (орыс, Кеңестер одағынан) (78).

Алтайдағы қарулы күштер

1945 жылы Алтай толық азат болған соң, Алтайдағы 5 мыңға жуық қазақ қарулы күштері таратылды да, орынана қайтадан Алтай атты полкі құрылды.

Алтай атты әскер 5-ші полкы, командирі – Бәделқан Сүгірбаев (қазақ), комиссары – Иүсүпжан Ясынов (ұйғыр), штаб бастығы – Айтыкен Аманжолұлы, адам саны 1000 адам.

Атты 3-ші полк, Алтай атты плоктің бір бөлігінен құралған, командирі – Динисов, саяси комиссары – Әннас, штабп бастығы – Қайранбек (қазақ), 900 адам (79).

Оспан батыр бастаған «Алтай қазақтарының төңкерістік үкіметі» мен оның қарулы күштері өз міндетін орындап болды деп қараған Кеңестер одағы оларды таратып, олардың орынына Кеңестік идеядағы сөз тыңдайтын шенеуніктермен атты полк құрды, бұл Оспан батыр және оны қолдаған Алтайдың шығыс үш ауданы мен Құлжадағы үкімет ара қайшылықтың негізгі себептерінің бірі болды.

Ұлттық армияның жалпы құрамы туралы

1945 жылы күзге дейін үш аймақтағы қытайдың 20 мыңнан аса әскерін жойғаннан кейін, үш аймақ армиясы Үрімжіге бет алып, Манас бойына келгенде Кеңестер одағының бұйрығымен тоқтап қалды. 1945 жылы қазанда ұлттық армия Манаста шеп құрғанда жалпы саны 29 650 адамға жеткен. Нүсіпқан Көнбайұлының дерегі бойынша, жалпы жауынгерлердің 60%-ын қазақ жауынгерлері құраған. Армияда 17 полк болып, жоғары дарежелі басшылардың көбі Кеңестер одағынан келген орыс, қазақ, татар, қырғыз генералдар мен полковниктер болды. 13 атты полк болды, екі атты дивизия, бес бригада болған (80). Полктардың жалпы құрлымы төмендегідей:

Алдыңғы шеп қолбасшылық штаб, орыны Шыхызы (Тасырқай), бас қолбасшы Палинов, комиссары Дауітов, штаб бастығы Борни (орыс, Кеңестер одағынан). Штабта 550 адам болған. Оған қарасты жаяу 1-ші бригада Манас өзенінің батысында тұрды, бригада командирі Могутинов, саяси комиссары Марғұп Ысхақов (татар) болды. 2-ші жаяу әскер бригадасы да Манас өзенінің батысында тұрып, командирі Пидаев, саяси комиссары Моллахұн болды, дербес минамет батальоны да Манастың батысында тұрды.  Манас бойындағы тағы бір бригада құрылған. Ол Манас бойындағы әскери күштің жеткіліксіздігін толықтыру мақсатында құрылып, бригада командирі Лескин, саяси комиссар Мұратқалы болды (81), (82). Алдыңғы шепке қарасты полктар:

1. Сүйдың атқыштар 1-ші полкі, командирі Могутинов (орыс, Кеңестер одағынан).

2. Дүңген атты 10-шы полкі. Бұрын атты батальон болған, командирі Мәнсур Ломиев (дұңған, Кеңестер одағынан).

3. Кеңсай атты 3-ші полк, командирі Лескин (орыс).

4. Арасан Бұраталадағы партизандар мен моңғолдардан құралған моңғол атты 8-ші полкі. Бұрын атты әскер батальны еді. Командирі Ерде (моңғол), саяси комиссар Тоқты Еменов (ұйғыр), бұндағы Ерде нақ қай жердің моңғолы ол туралы дерек таппадық, бірақ бұлда кейін Кеңестер одағына өтіп кетті де, Алматыда дүние салды).

5. Тоғызтарау 5-ші атты полк, командирі Нүсіпқан Көнбайұлы (қазақ), орынбасары Тұрсын Мәнтязаров (қырғыз, Кеңестер одағынан), штап бастығы Торғалиев Тұрсын (қырғыз, Кеңестер одағынан), 1200 адам. Тоғызтарау, Күнес, Нылқы аудандарының қазақтарынан құралған.

 

 

6. Сібе скадроны, командирі Нарбанов, саяси комицар Мүртизан, саны 170 адам.

7. Дөрбілжін 4-ші атты полк, командирі Айтуған (қазақ, Кеңестер одағынан), орынбасары Юсупов (татар, Кеңестер одағынан), саяси комиссар Ахыметшаев (қазақ, Кеңестер одағынан), жиыны 1200 адам.

8. Тарбағатай 6-шы атты полк, орыны Шыхызы (Тасырқай), командирі: Қайса Дүйсенбеков (қазақ, Ккеңестер одағынан). Орынбасары Қайса Жұмыкеұлы (Майлы партизандарының басшысы). Саяси комиссар Әбдірахман Оркенұлы (Кеңестер одағынан, қазақ),  штаб бастығы Саму Сәбитов (ол Шепейзіні алу соғысында қаза болып, орынына Нұрлан Бөгенбаев тағайындалды, екеуі де қазақ, Кеңестер одағынан), штаб бастығының орынбасары Жағда Бабалықов.1200 адам.

 

 

9. Сауан 7-ші атты полк, командирі Қазықан Манасбаев (қазақ, Кеңестер одағынан), саяси комиссар Сәрсенбек Әбішұлы (Кеңестер одағынан) (83).

10. Сандоухызы атты 3-ші полк, командирі Иганов (орыс, Кеңестер одағынан), саяси комиссар – Пәтих Жабықбай, штаб бастығы Зейтінков (орыс, Кеңестер одағынан).

 

 

11. Артқы шеп жаяу әскер полк, орыны – Анжыхай, командирі – Қайымбек (ұлты анық емес), саяси комиссары – Ғылажиден Қариев, штаб бастығы – Бастов, 2500 адам.

12. Дөрбілжін сақшы скадроны, командирі – Спаков (орыс, Кеңестер одағынан), 250 адам.

Осы полктардан Дөрбілжін атты плок, Кеңсай атты полк Манастың батысына, Дұңған атты полк Шыхызыға, моңғол атты полк Сауанға орналасты (84).

Жоғарыдағы мәліметтерден 30 мыңдық армияның ең көбі Манаспен іргесіндегі Шыхызы, Сауанға орналасқанын көрдік, ал Алтайдағылары Оспан күштерін тізгіндеу мақсатында сонда тұрғызылды, ал Іленің оңтүстігіндегілер Ақсудағы қытай армиясынан сақтану үшін сонда тұрды. Тағы бір маңызды міндеті – Майтау мұнай кенін қорғау болды, әскери көліктердің жанар майы осы кен орынынан алынатын. Қытай армиясы осы кеннен айырылған соң ырықсыз күйге түскен. Майтау мұнай кен бастығы болып Кеңестің қазақ Әділбек Жүнісбеков тағайындалды.

Алтай толық азат болғаннан кейін, Шығыс Түркістан үкіметі Алтай қарулы күштерінің қаруларын тапсыруын талап етті. Шіңгіл, Көктоғай, Бурылтоғай аудандарынан әскер алуды шектеп (Алтай қарулы күштері дені осы аудандардан құралған), төменгі Алтайдан, Кеңестіктер немесе өзге жердің адамдарынан Алтай атты полк ұйымдастырып, олар Алтайда тұрды. Басты міндеті – Көктоғайдағы уран кенін қорғау, ол кеннен алынған уран Кеңестер одағының атом бомбасын жасауы үшін маңызды болды.

Алтай атты әскер 5-ші полкы, командирі Бәделқан Сүгірбаев (қазақ), комиссары Мұхамеджан Сенбаев (қазақ, Кеңестер одағынан) болған, кейін Иүсүпжан Ясынов (ұйғыр), штаб бастығы – Айтыкен Аманжолұлы (қазақ, Кеңестер одағынан), адам саны 1000 адам (85).

 

 

Ұлттық армияның қолбасшысынан полковниктері дені Кеңестік адамдар екені, бас қолбасшыдан тартып полк командирі, саяси комиссар, штаб бастығының дені орыстар мен татарлардың, қырғыздардың белгілі санды иелеп отырғанын көрдік. Әрине Алтай атты полк пен Тоғызтарау 5-ші атты полкте жергілікті қазақтар басшы, ал Сауан, Дөрбілжін атты полктері мен Тарбағатай 6-шы атты полктіңде басшылары қазақ, бірақ Кеңестер одағының яғни, Қазақстанның қазақтары негізгі орынды иелеген. Ал аз санды ұйғыр командирлерде Кеңестік ұйғырлар екені белгілі. Армияның ұқығы Кеңестіктердің қолында болды, сондықтан олар Кеңестер одағы қытаймен келісімге келген кезде Маскеуден келген бұйрық Манас бойында тоқтатты. Егер ШТР дербес тәуелсіз болғанда, оны тыңдамай Үрімжіге шабуыл жасары анық еді. Армияның санында да 3/1 Кеңестік әскерлер болуы мүмкін екенін айттық. Сонымен қатар армиядағы ұшқыштар, зеңбірекшілер, минометшілер, мотоцикл зводы, әскери доқтырхана таза Кеңестер одағыныкі әрі сол мемлекет жүйесі бойынша болды.

Тарбағатай аймақтық әкімшілік құрлымы

Тарбағатай аймағына Басбай Шолақұлы (қазақ) аймақ әкімі әрі Құлжадағы үкімет мүшесі, Қасымахун Смайылов (ұйғыр) орынбасар әкім, қосымша Мәнсур Розиев ақылшы, Әбілимит Қажиев хатшы (өзбек) болды.

Тамыз айының басынан бастап аудандық үкіметтер құрылды, Өмәрахұн (ұйғыр) Шәуешек әкімі, Қалдыбай Қанапия (қазақ) Шағантоғай әкімі, Нұрсапа Сейтжанұлы (қазақ), Дөрбілжін әкімі, Нәсіридин (ұйғыр) Шиху әкімі, Сауан әкімі Қалибек Райымбекұлы (қазақ, Қалибек Райымбекұлы 1947 жылдың аяғында басым көп Сауан елі Манасқа өткен соң, иен қалған ауданға Сәбит Буақажы деген ұйғыр әкім болған) Сауан әкімі болды, Гүңчың лама (моңғол) Қобықсары әкімі болды (86), (87).

Тарбағатай аймағының басшылық құрлымында да Кеңестік адамдар, мысалы, орынбасар аймақ әкімі Әлімжан, хатшы Әблимит, Өмәрахұн  Смайыловтар болды. Қазақ саны басым Шиху мен Шәуешекке ұйғырдан әкім қойылды, бұл да қазақ басым аймақта әкімшілікте қазақтардың ықпалын шектеу үшін болды. Тарбағатай аймағының Толы, Шағантоғай, Сауан  - үш ауданының көп жерін жерлік қазақ партизандар алғанымен, Шихуды алуға Кеңестер одағынан көп әскер қатысты. Шәуешек пен Дөрбілжінді алуға да Кеңсай атты полк негізгі күш ретінде үлес қосты, сол үшін де Тарбағатай жерінде Кеңестіктер немесе коммунистік идеияға бейім адамдар нақты құқықтарды иелеп кетті.

Осы Тарбағатай аймағының партизандық қозғалыстары, әкімшілік құрлымы, ұлттары туралы да тарихты бұрмалап жүрген адамдар мен топтар негізі ауыз ашпайды.

Алтай аймақтық әкімшілігі

Алтай толық азат болғаннан кейін Оспан Сіләмұлы Алтай аймағының әкімі, Шәмси Мәмиұлы мен Әріпбай орынбасар әкім, Дәлелқан Алтай өңіріндегі солтүстік әскери бригада командирі, болды. Оспан, Дәлелқан, Зәкихан Әленұлы Құлжадағы үкімет мүшесі болды. Құмар Жәкей хатшы болды. Молла Сіләм (ұйғыр) Сарсүмбе ауданының әкімі болды. Келесі жылы Қажынәби Досқайұлы оның орынына әкім болды. Салық тәйжі Көктоғай ауданының әкімі (1947 жылы Қалман Ақытұлы болды), Нәзір Жапарұлы Шіңгіл ауданының әкімі,  Мәлік Мұхамеджан Бурылтоғай ауданының әкімі (Пәтіқан Сүгірбаев Нәсіпқазы әкім болған дейді), Рашат Әбілмәжін Буыршын ауданының әкімі, Көкенай Дабықлы Қаба ауданының әкімі, Мәнкен Қабылұлы Жеменей ауданының әкімі болды (88), (89).

Алтайдағы әкімшілікте тек Сарсүмбе әкімдігін бір жыл атқарған Молла Исламды қоспағанда, негізі қазақтар еді. Алайда әр әкімге бір-бірден Кеңестік кеңесші қосып белгіленді. Бұрынғы  «Алтай қазақтарының төңкерістік үкіметі» таратылып, 4500 қарулы күштің қарулары жиып алынды да, орынына ШТР ұлттық армиясы үлгісіндегі Алтай атты полкі құрылды. Аймақтың бір орынбасары Әріпбай да Кеңестік адам болды. Пәтіқан Сүгірбаевтың айтуынша, Оспан Алтай әкімшілігіндегі басшылық құрамда санаулы ғана бұрынғы Алтай үкіметі мүшелері (Оспан, Дәлелқан, Ләтіп) болғанын, жарымынан көбінің өзге ұлыттар мен Кеңестік адамдар болғанына үлкен пікір де болды. Бірталайының орынына өз адамдарын, әсіресе, аймақтық полция, Алтай атты полк, қазына мекемелеріне өз адамдарын қойуды ұсынды, бірақ ШТР жақ бұны қабыл алмады, осылайша қайшылық басталды дейді (90).

1946 жылғы келісімнен кейінгі ұлттық армия

1946 жылғы Совет-Қытай келісімнен кейінгі ұлттық армия саны 14 мыңға қысқартылып, полк саны 6-ға азайтылды. Жоғарыда аты аталған Кеңестер одағынан келген қолбасшылар, полковниктер бұйрық бойы еліне қайытты (91). Қытай үкіметі Моңғолияның тәуелсіздігін мойындады, Кеңестер одағы ойлағанына жетті. Енді «Шығыс Түркістан үкіметі» керек болмай қалды. Бұл кезде Шығыс Түркістан атауы күшін жойып, «үш аймақ төңкерісі» деген атау қолданыла бастады. Шыңжаң біріккен үкіметі құрылып, ұлттық армия сөз жүзінде сол үкіметтік шекараны қорғайтын амандық сақтау бөлімдері ретінде қаралды. «Үш аймақ үкіметі» деп өзгертілген үкіметке Ахыметжан Қасыми басшылықы етті.

Ахеметжан ​​Қасыми Іледе туылғанымен, бала кезінде шешесіне еріп, Қазақстанның Шонжы ауданындағы нағашыларына кеткен. 1937 жылы Мәскеу Шығыс университетіне қабылданды. 1942 жылы университетті бітіргеннен кейін біраз уақыт кеңестік білім беру саласында қызмет етті. Бүкілодақтық коммунистік (большевиктер) партиясының қатарына өтіп, Коммунистік Интернационалға қызмет етті (92). Бұған қарағанда оның Кеңестер одағына адал коммунист әрі агент екенінде дау жоқ.

 

 

Үш аймақ ұлттық армиясына бас қолбасшы Ысқақбек Мононов (қырғыз, ол Кеңестер одағының азаматы болса да, осы Қызылсудың қырғызы деп әдейі қолбасшы етіп қойған), орынбасар бас қолбасшы Дәлелқан Сүгірбаев (қазақ) болды. Саяси комиссар Қасенов (ұйғыр), штаб бастығы Мажаров (орыс, Кеңестер одағынан), саяси бөлім меңгерушісі Нұрсадыров кейін, Зәйір Сауданов (ұйғыр) болды. Армия бас штабы Құлжа қаласында тұрды, ондағы орган қызметкерлері саны 246 адам болды (93).

Штабқа төте қарайтын бөлімдер:

(1) Сібе скадроны, 106 адам.

(2) Қарауыл ротасы, командирі – Мәтсопы Селбеуұлы (қазақ), орыны Құлжа, 280 адам.

(3) Артқы шеп қамдау бөлімі, бастығы – Расулов (өзбек, Кеңестер одағынан).

(4) Әскери дохтырхана, 119 адам.

(5) Қарауыл батальон, командирі – Уалинов (орыс, Кеңестер одағынан), 498 адам.

(6) Артқы шеп полкі, командирі – Әбдірейім Самсақ (ұйғыр), саяси комиссар – Садыков, штаб бастығы – Баукей (қазақ), саяси бөлім меңгерушісі – Тоқты Ибырайым (ұйғыр), саны 1359 адам.

(7) Қарауыл рота, командирі – Нұртай ажы.

(8) Әскери мектеп, бастығы – Нұрдиев, орынбасары – Әсен Жүнісұлы (қазақ), генерал штабына қарасты осы бөлімдердің жалпы адам саны 3401 адам (94).

Өзге полктер:

1. Шиху жаяу әскер полкң. Командирі – Марғұп Ысхақов (татар, Кеңестер одағынан), саяси комиссары – Қайым Мұса (ұлты анық емес), штаб бастығы – Рамазан (қазақ), орыны Шиху, 1837 адам.

2. Құлжа жаяу 2-ші полкі. Командирі – Айтуған (қазақ), орыны Анжыхай, саны 1989 адам.

3. Қобық атты 2-ші полкі. Командирі – Нүсіпқан Конбайұлы (қазақ), орынбасары – Жағыда Бабалықұлы, саяси комиссары – Қазықан Манасбаев, штаб бастығы – Рамазан Оспанұлы (қазақ), Қобықта тұрған.

4. Сауан атты полкі. Орны Сауан, командирі – Маметимин Еменов, саяси комиссары – Әбілез Рахыманов (кеңестік), штаб бастығы – Мәлік Гемадиев (татар, Кеңестер одағынан), саяси бөлім меңгерушісі –Қайдар (қазақ), 1108 адам.

5. Зеңбірекші бөлім. Командирі – Асхат Тейіпов (татар, Кеңестер одағынан), орыны – Анжыхай, саяси комиссары – Мұсаев, штаб бастығы –Сұлтанғали (қазақ), саяси бөлім меңгерушісі – Самсақ, 323 адам.

6. Мотоцикил зводы. Командирі – Порбиев (орыс, Кеңестер одағынан), 216 адам.

7. Шиху әскери дохтырханасы. Бастығы – Рашат Қайбуллин (татар, Кеңестер одағынан), 27 адам.

8. Текес атты полкі. Командирі – Мәуленов (қырғыз, Кеңестер одағынан), кейін орынына Хамит Әлиев (татар, Кеңестер одағынан) болған, саяси комиссары – Құрбанов, штаб бастығы –Аманов, саяси бөлім бастығы – Құрбан Мамытов (ұйғыр), 1037 адам, орыны Жұлдыз.

9. Шаты 1-ші полкі. Командирі – Біләл Естемесұлы (қазақ), адам саны аз.

10. Сарсүмбе (Алтай) атты 3-ші полкі. Командирі – Бәделқан Сүгірбаев, саяси комиссары – Кәкім (қазақ), штаб бастығы – Сыдық Салахидин (ұйғыр), орынбасар штаб бастығы – Әсен Жүнісұлы (қазақ), саяси бөлім бастығы – Әбдуали (қазақ), 1225 адам, орыны Алтай аймағы.

11. Тарбағатай 4-ші атты полкі. Командирі – Стадинков (орыс, Кеңестер одағынан), саяси комиссары – Балқаш Бапин (қазақ), штаб бастығы –Нүкішов (қазақ, Кеңестер одағынан), 1315 адам.

 

 

Сарсүмбеде солтүстік әскери штаб орналасып, оған Дәлелқан Сүгірбаев тіке басшылық етті. Оған қарасты бөлімдер Сарсүмбе 3-ші атты полкі, Қобық 2-ші атты полкі, Тарбағатай 4-ші атты полкі қараған. Қосымша Сарсүмбе қарауыл 6-шы скадроны қарап, командирі Әбілахат Қасымов, саяси комиссары Тоқты, штаб бастығы Нұрахымет болып, 296 адам болған. Сарсүмбе әскери дохтырханасында 30 адам болып, бастығы Ахат (татар) еді. Тағы солтүстік штабқа моңғол атты батальоны қарап, командирі Ерде (моңғол), саяси комиссары Тоқты Еменов болған (95).

Қытаймен арадағы келісімнен соң, Кеңестер одағының азаматтары көбі қайтып кеткенімен, бір бөлімі Шыңжаңның жергілікті адамы деп, туған жерлері өзгертіліп, баяғысынша армияда Кеңестер одағының ықпалы сақталды. Үш аймақ ерекше район ретінде Гомин әскері кіре алмайтын жер болып қала берді.

Осы мезгілде ұлттық армия негізінен соғысқа араласқан жоқ, тек Алтайдағы Оспан батырдың қайта ұйымдастырған қарулы күштерімен 1946-1947 жылдары соғысты, Сауандағы Қалибектің мың әскерімен соғысты.  Бұнда да негізінен қазақ пен қазақ соғысты.

1947 жылы 1 шілдеде Шыңжаң өлкелік біріккен үкіметі құрылды. Одан кейін «American Life» журналының журналистері Истунис Барбара мен Фаг Фалкор Құлжаға барып, уақытша үкімет төрағасының бұрынғы орынбасары және Іле аймағының комиссары Акімбек Қожадан, Қаржы департаментінің бұрынғы директоры және Іле префектурасы комиссарының орынбасары Әнуар Мусабаевпен, қолбасшы Ысқақбек Мононов, әскери сот бастығы Ғанидан сұхбат алды. Сол арқылы Кеңес Одағының үш аймақты қолдауы туралы білмек болды (96).

1949 жылдан кейін

1949 жылы қазанда үш аймақ коммунистік қытай үкіметіне өз еріктерімен бағынып, халық азаттық армиясының 5-ші корпусына өзгертілді (Кеңестер одағының бұйрығымен болғаны анық). Корпус командирі Лескин, орынбасары Марғұп Ысхақов болды. Саяси комиссары Дүң Шииұң, саяси бассқарма бастығы Ли Иүйхуа, орынбасары Зәйір Сауданов, штаб бастығы Марғұп Ысхақов болды. Бұл корпус 13-ші, 14-щі двизияларға бөлінді.

13-ші  дивизия (ұйғырды негіз еткен) штабы Қашқарға орналасып, командирі Мәметимин Еменов, саяси комиссары Ма Хұңшан болды. Бұл дивизияға 3 полк қараған, 37-ші плок Ақсуда тұрған. Командирі Амантұр Байзақов (қырғыз), саяси комиссары Уаң Гаугың болды. 38-ші полк Қашқарда тұрды да, командирі Құрбан Мамытов болды. 39-шы полк Хотанда тұрды да, командирі Әбдірейім Самсақ, саяси комиссары Уаң Уей болды.

14-ші дивизия(қазақты негіз еткен) штабы Шихуда орналасып, командирі Ыбырайымбай (қазақ, Қорғастық), саяси комиссары Хуаң Жұң болды. 40-шы полк Үрімжіде тұрды, командирі Юсуфов Мәметжан, саяси комиссары Дұң Шансың болды. 41- полк Шәуешекте тұрды, командирі Алексеніски (орыс, Кеңестер одағынан), саяси комиссары Жаң Шыфың болды. 42-ші полк Құлжада тұрды, командирі Рамазан Оспанұлы (қазақ), саяси комиссары Жың Баушан болды.

Екі двизиядан өзге, ұлттық армияның тағы екі полкі болды. Сарсүмбе 1-ші атты полк (Алтайда тұрған), командирі Бәделқан Сүгірбаев болды. Кеңсай атты 2-ші полк, командирі Сопахұн, саяси комиссары Шүй Маужың еді.

Қарап отырсақ, басшылық құрамға қытайлар араластырып, бақылау рөлін атқарған. 1950-1953 жылдары осы ұлттық армия бөлімдері қызыл қытай билігіне қарсы ашық соғысқа шыққан Оспан батыр, Оразбайлардың неше мыңдаған қарулы күштеріне қарсы соғыста алдыға салынды.

1950 жылы 13-ші қыркүйектегі мәлімет (әскери архивке түскен) бойынша, азаттық армияға қосылған ұлттық армия саны мынадай болған:

  1. Қазақ 6866 адам (46,2%)
  2. Ұйғыр 5567 (37,5 %)
  3. Моңғол 731
  4. Орыс 487
  5. Дұңған 229
  6. Қырғыз 206
  7. Татар 185
  8. Өзбек 183
  9. Сібе 159
  10. Қытай 92
  11. Дағұр 21
  12. Тәжік 8

Армияның жалпы саны 14 840 адам болған. Осы әскери мәліметті 5-ші корпус қолбасшысының орынбасары Марғұп Ысхақов пен құрлыс бөлімінің бастығы Сыдық Салахидин 1950 жылы 23-ші қыркүйекте қол қойып жолдаған екен (97).

Кей адамдар ойлауы мүмкін, бәрі Кеңестер одағының көмегімен жүзеге асыпты деп, бірақ Моңғолияның мемлекет ретінде құрылуы мен социялизмге өтуі, Кеңестер одағының көмегімен болған жоқ па? Тіпті, қазіргі Қытай халық республикасының коммунистік жүйе болып орнауына да Кеңестер одағы зор көмек берді емес пе? Көмектің бәрі тегін бола бермеген, алғашқыда қару саудасында бір мылтыққа бір жылқы айырбастап отырған. Майтау кені, әсіресе Көктоғай уран кенін Кеңестер одағы қалағанынша пайдаланды. Әрине қытай армиясымен соғысып, 20-25 мың әскерін жою үшін, бекіністерді бұзу үшін ауыр қарулар керек, 30 мың, 15 мың әскерді асырауға да, соғысқа да қыруар қаражат керек. Оған әрине Кеңестер одағы көмектесті, бірақ жерлік қазақ, ұйғыр, өзбек, татар байлар да көп көмек берген. Солардың бірі – Тарбағатай әкімі Басбай еді, енді бірі – Құлжадағы Мұсабаевтар әулеті болды.

Кеңестер одағының, әсіресе, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан республикалары  экономикалық жақтан «Шығыс Түркістанға көмек берген, мысалы: 1946 жылы Берияның қолдауымен Өзбекстаннан көмекке Шығыс Түркістанға 5 миллион рубль берген» (98).

Ұлттық армияның біржола жойылуы да 1958 жылдан бастап Кеңестер одағымен Қытай ара қарым-қатынастың ушығуымен қатысты болды. Армия таратылып, көптеген әскер, іскери басшылар тобымен Кеңестер одағына өтіп кетті.

Бұл деректер 1945-1949 арасында Кеңестер одағының Қытайда коммунистік жүйені орнатуға бар күшін салып көмектескенін, өздері 1933 жылдан бері ықпалында, кейін тіке меңгеріп отырған үш аймақты Қытайға сыйға бергенін көруге болады. Ал осы үш аймақ төңкерісі барысында қытай армиясы мен халқынан мөлшерімен 30 мыңнан аса адам қаза тапты. Жәй халықты оққа ұстау көбінде ұшқары діншіл адамдар жағынан болды. Ал қазақ халқы ол кезде ұшқары діншіл емес еді, тіпті «Шығыс Түркістан»,«пантүркизм» (түрікшілдік) идеясы да болмаған еді.

1944-1946 жылғы әскери операция Кеңестер одағының көмегімен жане ондағы қазақтардың негізі күш ретінде қатысуы арқылы жүзеге асқан болатын. Соның нәижесінде Совет бермеген теңдікті Қытай үкіметі беріп, осы үш аймақ – «Іле қазақ автономиялы облысы» болып құрылып, Пәтіқан Сүгірбаев тұңғыш облыс әкімі болды.

Бүгінгі қытай мемлекеті үшін де бұл қозғалыс пайдалы болған, өйткені осы үш аймақтан олар Гомин қытай билігін жойды. Шыңжаңға 100 мың әскерді әкеп орналастыруына тура келді. Бұл коммунистік қытай армиясының жүгін сәлде болса жеңілдетті. Әрі Шыңжаң өлкесіне 100 мың коммунистік қытай армиясы бір оқ атпай иелік етті. Үш аймақ армиясы да оларды қарсы алып алдарынан шықты.

 

 

1950 жылы бағынған Гомин әскерлері қайта бүлік шығарған кезде, Оспан батыр мен Оразбай әкім қызыл қытайға қарсы соғысты. Ал үш аймақ армиясы осы көтерілген қазақтарға қарсы соғысып, коммунистік жүйенің құрылуына көмектесті. Сондықтан бұндағы мемлекет аты «Шығыс Түркістан» ол ешқандайда үш аймақтағы қазақ халқы өздері таңдаған атау емес екенін түсіну керек!

Әдебиеттер:

  1. Үш аймақ төңкерісі тарихы, 141 бет.Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  2. Үш аймақ төңкерісі тарихы. 147 бет.Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  3. Пәтіқан Сүгірбаев. Алтай арпалыстары. 14 бет. Шыңжаң халық баспасы.
  4. Фэн Руи. Қазақ ұлтының қалыптасу процесі туралы зерттеулер. «Ұлттар» баспасы. 2004 ж.
  5. Уаң Хы. Шығыс Түркістан дербестікке ұмтылу құзғалысы. 303 бет.
  6. Үш аймақ төңкерісі тарихы. 69 бет.Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  7. Үш аймақ төңкерісі тарихы. 58 бет.Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  8. https://www.gov.cn.
  9. Қожай Доқасұлы. Отқа оранған жылдар. 1 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2001).
  10. Тарихи дерек, келелі кеңес. Асқар Татанайұлы. Шыңжаң халық баспасы, 1989 ж. Үрімжі.
  11. Алтай арпалыстары. Пәтіқан Сүгірбаев. 10-11 беттер. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі.
  12. Алтай арпалыстары. Пәтіқан Сүгірбаев. 5-10 беттер. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі.
  13. Тарихи дерек, келелі кеңес. Асқар Татанайұлы. 77 бет. Шыңжаң халық баспасы, 1989 ж. Үрімжі.
  14. Шыңжаңның жергілікті тарихы. 664 бет. Шыңжаң университеті баспасы. 1989ж. Үрімжі.
  15. Алтай арпалыстары. Пәтіқан Сүгірбаев. 16-31 беттер. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі.
  16. Тарихи дерек, келелі кеңес. Асқар Татанайұлы. 73-95 беттер. Шыңжаң халық баспасы, 1989 ж. Үрімжі.
  17. Алтай арпалыстары. Пәтіқан Сүгірбаев 35-39 беттер.
  18. Асқар Татанай. Тарихи дерек, келелі келес. 98-103 беттер. Шыңжаң халық баспасы, 1989 ж. Үрімжі.
  19. Алтай арпалыстары. Пәтіқан Сүгірбаев. 40-51 беттер. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі.
  20. Шыңжаңның жергілікті тарихы. 665 бет, Шыңжаң университеті баспасы. 1989ж. Үрімжі.
  21. Уаң Хы, Шығыс Түркістан Тәуелсіздік қозғалысы. Қытай университетінің баспасы, 2013, isbn: 978-962-996-500-6, 212-218 бет.
  22. Чианг Кай-шимен сегіз жыл – Хатшылықтың аға қызметкері Тан Цзунның күнделігі, Массс баспасы (Пекин), 1991 ж., желтоқсан. 422 б.
  23. Үш аймақ төңкерісі тарихы . 43-48 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 2001.
  24. Пәтіқан Сүгірбаев. Алтай арпалыстары. 104 бет. Шыңжаң халық баспасы.
  25. Қожай Доқасұлы. Отқа оранған жылдар. 7 бет. Қлттар баспасы, Пекин. 2001.
  26. Үш аймақ төңкерісі тарихы . 47 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  27. Алтай арпалыстары. Пәтіқан Сүгірбаев. 64-65 беттер. Шыңжаң халық баспасы.
  28. Асқар Татанай. Тарихи дерек, келелі кеңес. 130-134 беттер.
  29. Ду Жункун, Цзи Дачун, Рен Ифэй, Лю Вэньюань, Шыңжаңның үш аймағындағы революция тарихы, Қоғамдық ғылымдар академиялық баспасы, 1 бет. 45.
  30. Алтай арпалыстары. Пәтіқан Сүгірбаев 71-72 беттер. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі.
  31. Үш аймақ төңкерісі тарихы . 47 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  32. Асқар Татанай. Тарихи дерек, келелі кеңес. 138-139 бет. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1989.
  33. Уаң Хы, Шығыс Түркістан Тәуелсіздік қозғалысы, Қытай университетінің баспасы, 2013. 217-218.
  34. Қожай Доқасұлы. Отқа оранған жылдар. 8 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2001.
  35. Шыңжаң жергілікті тарихы. Шыңжаң университет баспасы. 665 бет.
  36. Гао Венде, ред., Қытайдың этникалық азшылықтар тарихының энциклопедиясы: Цзилинь білім баспасы, 1995 ж., желтоқсан. 676.
  37. Лю Сюецяо (2013), 188-189 беттер.
  38. Үш аймақ төңкерісі тарихы . 53 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  39. Әділ Жұма Тұрды. Қытай халқының толық кітабы: Қытайдағы қырғыз ұлты. Инчуань: Ниншя халық баспасы. 2012.
  40. Оспан батыр. Жәди Шәкенұлы. Тұран баспасы. Алматы.
  41. Үш аймақ төңкерісі тарихы . 73 бет.Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  42. «Шыңжаң ұлттар сөздігі», «Шыңжаң халық баспасы», 1995 ж.
  43. Цзи Дачун, «Шыңжаң тарихы сөздігі» Шыңжаң халық баспасы, 1994 ж.
  44. Жаң Дажүн. Шыңжаңда дауылда өткен 70 жыл. 62-69, 62-70 б.
  45. 揭秘中亞「東突」頭目新疆「建國」夢碎之路. 环球时报. 2012-11-01 [2014-09-23].
  46. Еркін Экрем, Қытай-Кеңес қатынастарындағы «Шығыс Түркістан» мәселесі (1944-1945), бұғаз аралық даму тарихы зерттеулері, т. 6, 109-213 беттер.
  47. Еркін Экрем, Қытай-Кеңес қатынастарындағы «Шығыс Түркістан» мәселесі (1944-1945), бұғаз аралық даму тарихы зерттеулері, т. 6, 109-213 беттер.
  48. Чжоу Цзинхон, Абдукерім Аббасов: Марксизммен қаруланған пролетариат күрескері, Қытай ұлттары мен діндері желісі, 2009-07-24 Түпнұсқадан мұрағатталған 05.06.2014 ж. Wayback Machine сайтында.
  49. Тимур Даваматтың редакциясымен, Қытай этникалық азшылық мәдениетінің сөздігі: Солтүстік-Батыс аймақ томы, Ұлттар баспасы, 1999 ж.
  50. Еркін Экрем, Қытай-Кеңес қатынастарындағы «Шығыс Түркістан» мәселесі (1944-1945), бұғаз аралық даму тарихы зерттеулері, т. 6, 109-213 беттер.
  51. Үш аймақ төңкерісі  тарихы.  78-85 беттер.Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  52. Оспан. Жәди Шәкенұлы.
  53. Үш аймақ төңкерісі тарихы. 74 бет.Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  54. Үш аймақ төңкерісі тарихы , 75 бет.Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  55. Чжан Дацзюнь: «Жетпіс жыл Шыңжаң дауылы», 48-65 бет.
  56. Үш аймақ төңкерісі  тарихы.  97 бет.Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  57. Дил·Жума Тұрды. Қытай ұлттарының толық кітабы·Қытайдағы қырғыз ұлты. Инчуань: Ниншя халық баспасы. 2012.
  58. Үш аймақ төңкерісі тарихы. 108 бет.Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  59. Уаң Хы, Шығыс Түркістан Тәуелсіздік қозғалысы, Қытай университетінің баспасы, 2013, 207 бет.
  60. Революция (жалғасы), Іле білім институты журналы, 16-том, 14 бет.
  61. Лубянка. ВЧК-ОГПУ-КВД-НКГБ-МГБ-МВД-КГБ. 1917—1960. Справочник. Сост. А. И. Кокурин, Н. В. Петров. М.: 1997. Дата обращения: 27 декабря 2013. Архивировано 27 декабря 2013 года.
  62. Алексеев М. А., Колпакиди А. И., Кочик В. Я. Энциклопедия военной разведки. 1918—1945 гг. М., 2012, с. 303. Дата обращения: 27 декабря 2013. Архивировано 28 декабря 2013 года.
  63. Ли Шэн: «Қытайдың жаңа тарихы мен қазіргі жағдайы» .Үрімші: Шыңжаң халық баспасы, 2006, 149 бет.
  64. Үш аймақ төңкерісі тарихы . 102 бет.Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  65. Үшаймақ төңкерісі тарихы. 126-127 беттер.Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  66. А. П. Паршев, В. Н. Степаков. Когда началась и когда закончилась Вторая мировая. — М.: Яуза, 2007. — С. 373.
  67. Үш аймақ төңкерісі тарихы . 128-129.Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  68. Үш аймақ төңкерісі тарихы . 55-56 .Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  69. Үш аймақ төңкерісі тарихы.142-143 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2000ж.
  70. «Отқа оранған жылдар». Қожай Доқас ұлы. 6-8 беттер.Ұлттар баспасы. Пекин. 2001.
  71. Оспан. Жәди Шәкенұлы.
  72. Үш аймақ төңкерісі тарихы. 144 бет.  Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  73. «Үш аймақ төңкерісі тарихы» 145-146 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 2000ж.
  74. «Отқа оранған жылдар». Қожай Доқас ұлы. 10-11 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 2001.
  75. «Үш аймақ төңкерісі тарихы». 147 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2000ж.
  76. Қожай Доқасұлы. «Отқа оранған жылдар». 10-11 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин.  2001.
  77. Қожай Доқасұлы. «Отқа оранған жылдар». 10-11 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин.  2001.
  78. Қожай Доқасұлы. «Отқа оранған жылдар». 10-11 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин.  2001.
  79. Қожай Доқасұлы. «Отқа оранған жылдар». 8-12 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин.  2001.
  80. Қожай Доқасұлы. «Отқа оранған жылдар». 12 бет. Ұлттар баспасы. Пекин.  2001.
  81. Қожай Доқасұлы. «Отқа оранған жылдар». 10-12 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин.  2001.
  82. Үш аймақ төңкерісі тарихы. 172-173. Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  83. Қожай Доқасұлы. «Отқа оранған жылдар». 10-11 беттер . Ұлттар баспасы. Пекин. 2001.
  84. Үш аймақ төңкерісі тарихы. . 173 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  85. Қожай Доқасұлы. «Отқа оранған жылдар». 14-15 беттер . Ұлттар баспасы. Пекин. 2001.
  86. «Үш аймақ төңкерісі тарихы». 169 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2000ж.
  87. Елім-Айлап өткен өмір. Қасен Өралтай.
  88. Үш аймақ. 170 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж.
  89. Алтай арпалыстары .Пәтіқан Сүгірбев. 116 бет.
  90. Пәтіқан Сүгірбаев. Алтай арпалыстары . 115-118 беттер.
  91. Қожай Доқас. Отқа оарнған жылдар. 5 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2001.
  92. Обухов В.Г.. Уран для Берии. Восточный Туркестан в атомном проекте Кремля. Москва: Вече. 2010.
  93. Қожай Доқас. Отқа оарнған жылдар. 13 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2001.
  94. Қожай Доқас. Отқа оарнған жылдар. 13 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2001.
  95. Қожай Доқас. Отқа оранған жылдар. 13-14 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2001.
  96. Сюй Цзяньин, 1940 жылдардағы Қытайдағы Шыңжаңға қатысты АҚШ саясаты туралы зерттеу, Юньнань қалыпты университетінің журналы (философия және әлеуметтік ғылымдар), № 4, 2011. [2015-03-12].
  97. Қожай Доқас. Отқа оранған жылдар. 15-19 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 2001.
  98. Жұңго Шыңжаңының тарихи жане қазіргі жағыдайы. 285 бет. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 2006).

Ерзат Кәрібай

Related Articles

  • Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Осы уақытқа дейін құпия сақталып келген 106-қазақ атты әскер дивизиясының деректері енді белгілі бола бастады. 1942 жылы дивизия Ақмолада жасақталыпты. Әскери шала дайындықпен жасақталған дивизия 1942 жылдың мамырында, Харьков түбіндегі қоршауды бұзып шығуға бұйрық берер алдында, 4091 сарбазға 71мылтық, яғни 7 адамға бір мылтық және бәріне 3100 жарылғыш оқ –дәрі бәріліпті. Қазақ боздақтарын қарусыз жалаң қылышпен өлімге жұмсауы – «Гитлермен салыстырғанда Сталин солдаттарды өлімге 8 есе көп жұмсадының» айғағы (Михаил Гареев, Әскери академиядан.2005 жыл). “Төртінші билік» газетінің 2016 – жылғы мамырдың 28-жұлдызындағы санында шетелдік архивтерден алынған видеосюжеттегі 106-атты әскер дивизиясы жөніндегі неміс офицерінің айтқаны: «Не деген қырғыз (қазақ) деген жан кешті батыр халық, атқа мініп, ажалға қаймықпай жалаң қылышпен танктерге

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

  • БҰЛАНТЫ-АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСТАРЫ: ЖАЛҒАНЫ МЕН ШЫНДЫҒЫ

    БҰЛАНТЫ-АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСТАРЫ: ЖАЛҒАНЫ МЕН ШЫНДЫҒЫ

    СӨЗ БАСЫ «Совет өкіметі тұсында қазақ тарихы бұрмаланып, теріс түсінік берілді» деген сөз жиі айтылады қазір. Басылым беттерінде болсын, тарихшылардың бас қосқан жиындарында болсын. Жалғаны жоқ, анық еді. Куәміз, 70-жылдардағы қазақ тарихы оқулығының қалыңдығы пышақтың қырындай ғана-тын. Оның өзі мардымды оқытылмады. Бұл шежіреміздің отар кездегі күйі еді… Ал қазіргі тарихымыз бұрынғыдан да бетер сорақы жағдайға түсті. Білім мен ғылымға көңіл бөлудің орнына бүгінгі қазақ ру-тайпа ұймасынан шыға алмай жүр. Осы күні әркім өз аталасының немесе бабасының би болғанын, жырау не батыр болғанын ойдан шығарған жалған деректерімен үздіксіз насихаттап, кейін оған сан миллиондаған қаржы шашып, кітап шығару, ас беріп, кесене, ескерткіш орнату сықылды т.б. берекесіз істің соңына түскен. Өкінішке қарай, жағымсыз

  • Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025

  • Қазақ жерінің қилы тағдыры

    Қазақ жерінің қилы тағдыры

    Бүгінгі таңда, 1920 жылы құрылып, 1925 жылы бірігуі аяқталған Қазақ республикасының 1925-1936 жылдардағы жер көлемі мен қазақ халқының саны туралы нақты ғылыми зерттеу жұмысы жоқ. Олай деуге, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2000 жылдардың бірінші онжылдығында шығарған «Қазақстан тарихы» атты академиялық 5 томдықта берілген деректер мен сол ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында жарық көрген ресми еңбектердегі статистикалық мәліметтердің мүлдем сәйкес келмейтіні негіз болады. Біз, аталған институт ғалымдары шығарған академиялық 5 томдықтағы мәліметтердің дұрыстығына үлкен күмән келтіреміз және онда халық санының да, жер көлемінің де кемітіліп берілгені туралы мәлімдейміз. Бүгін осы мақаламызда халық санына қатысты емес, жеріміздің көлемі мен оны жырымдау тарихына қатысты тоқталатын боламыз. 1924 жылдың соңында Орта Азия мен

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: