|  | 

Әлеумет

Ынтымақтан әкетілген тәжік отбасы үйіне қайтуды аңсайды

Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылының тұрғыны Бақытжан Артықовтың қазасынан соң билік ауылдан әкеткен Зайнидин Нарметовтың отбасы үйіне қайтып оралғысы келеді.

Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылында жүрген жедел жәрдем көліктері. Оңтүстік Қазақстан облысы, 11 ақпан 2015 жыл.

Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылында жүрген жедел жәрдем көліктері. Оңтүстік Қазақстан облысы, 11 ақпан 2015 жыл.

Сәуірдің 29-ы күні Азаттыққа телефон соғып, өзін Зайнидин Нарметов деп таныстырған адам биыл ақпанда Сарыағаш ауданында болған тәріпсіздіктерден соң Ынтымақ аулынынан көшірілген тәжік отбасының бірі екенін айтты. Ол ақпандағы тәртіпсіздіктерге себеп болған кісі өліміне күдікті Навмидин Нарметовтің туған ағасы екенін жеткізді.

«Кісі өлтірген бауырымның полицияға берілуіне өзім көмектестім, сол үшін құқық қорғау органдары басшылары рақметін айтқан» дейді Зайнитдин Нарметов. Ол ауылдағы тәртіпсіздіктерден кейінгі екі жарым ай Шымкент қаласында отбасымен бірге полицияның қадағалауында үйқамақта отырғандай күн кешіп жатқанын айтады.

Ақпанның 3-і күні Ынтымақ ауылының тұрғыны Бақытжан Артықовтың кісі қолынан мерт болуы Бостандық және Ынтымақ ауылдарында ақпанның 5-і мен 6-сында тәртіпсіздіктерге ұласып, салдарынан жергілікті тәжік тұрғындарының меншігіндегі бірнеше тұрғын үй мен автокөліктер өртенгені хабарланған еді. Өлген жігіттің туыстары осы оқиға кезінде аталған ауылдардағы этникалық тәжіктерді көшіруді талап еткені туралы сол кезде сөз болған.

Зайнидин Нарметовтың айтуынша, Сарыағаштағы оқиғадан соң ақпанның 11-інде аудан әкімдігі ағайынды Нарметовтер отбасын Шардара кентіндегі белгісіз үйге апарған. Онда жағдай жоқтығына байланысты Зайниддин Нарметов әйелі және 19 жастағы ұлымен бірге Шымкент қаласында пәтер жалдап тұратын қызының қолына сұранып, сонда келген. Оның сөзінше, кісі өліміне күдікті інісі Навмидин Нарметовтің әйелі мен балалары және әке-шешесі де қазір Шымкент қаласында полицияның бақылауында отыр екен.

– Туған ағасы болғаныммен, ол үйден бөлек тұрғаныма 30 жыл болды. Соған қарамастан менің отбасымды да үйқамақта ұстағандай етіп отырғанын ұға алмаймын. Әуелі аудан әкімі Бұқарбай Парманов «2-3 күн ғана отырасыңдар» деген, кейін «Қазақстан президенті сайлауы өткен соң қайтасыңдар» деген сөз шықты, – дейді ол.

Ынтымақ ауылындағы өртенген үйге қарап тұрған адам. 11 ақпан 2015 жыл.
Ынтымақ ауылындағы өртенген үйге қарап тұрған адам. 11 ақпан 2015 жыл.

Зайнитдин Нарметов бұрыннан сусамыр (қант диабетімен) дертімен ауыратынын, бір аяғы мен бір көзден айырылып, екінші көзіне бірнеше рет операция жасатқан екінші топтағы мүгедек екенін айтады.

Өз сөзінше, ауылдағы орта мектепте 30 жылға жуық мұғалім болып істеп келе жатқан оның жинаған қаржысы да жоқ, мойнында өтелмеген кредиті бар. Шымкентке келгелі азық-түлік, дәрі-дәрмек алатын ақшалары таусылған. Зайнитдин Нарметов өзіне күніне төрт рет инсулин егетінін, қазір көзі де нашарлап, екпені баласы салып жүргенін айтады.

– Азық-түлік алатын ақшамыз да жоқ. Бізді қарауылдап жүрген құқық қорғау органдарының қызметкерлері жаны ашып, кейде өз қалталарынан ақша шығарып, азық-түлік әкеп жүр, – дейді ол.

Зайнитдин Нарметов өзін заңсыз ұстап отырғанын айтып бас прокуратураға, президент әкімшілігіне хат жазыпты. Бірақ олар хатты Сарыағаш ауданы прокуратурасына жолдаған, ол жердегілер Сарыағаш ауданы әкімдігіне жіберіп, мәселені қарауды сұраған. Зайнитдин Нарметов Азаттыққа жіберген хаттардың арасында Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Құзырет Қыстаубаевтың Жартытөбе ауылдық округіне «мәселені қарау жөнінде» сәуірдің 7-сінде жазған хаты да бар.

«РАЙЫНАН ҚАЙТҚАН ЖОҚ»

Азаттық тілшісі Жартытөбе ауылдық округіне жаңадан тағайындалған әкім Абай Әшіров «Зайнитдин Нарметовтің отбасын ауылдан уақытша кетіру – ауыл тыныштығын сақтау үшін жасалған шара» деп түсіндірді. Оның сөзіне қарағанда, ақпандағы оқиғадан кейін ауыл тынышталған. Бірақ, кісі өлтірген азаматтың жақын туысы ауылға қайта оралуға әлі ерте деп санайды әкім.

– Ауылдағы тәжік диаспорасы баласы қаза болған үйге барып көңіл айтып, бірнеше рет кешірім сұрады. Бірақ, кісі өліміне күдікті Навмидин Нарметовтің жақын туыстары енді ғана кешірім сұрап жатыр. Бірден сұрауға бата алмады. Зайнитдин Нарметов сәл шыдаса ауылдағы ахуалға да жақсы болар еді, бұл мәселе шешілетін уақытта дәл айта алмаймын, – дейді ол.

Әкім ауылда ұлтаралық татулық мәселесі жайында бірнеше рет жиылыс өткенін айтты.

– Қаза болған Бақытжанның ата-анасы мен туыстарының алдынан өтіп жатырмыз. Бүгін, сәуірдің 30-ы – Бақытжанның туған күні, Құран оқытып, ас береді, соған барғалы тұрмын, – деді ол Азаттық тілшісіне.

Ауыл әкімінің сөзін Сарыағаш ауданы тәжік диаспорасының жетекшісі Нұрәлі Шаолиев те растады.

– Тәжік ақсақалдары бірнеше рет кешірім сұрап бардық. Бірақ, Нарметов әулетінің өзі барса кешірім берер деп күтіп отырмыз. Кісісі қаза болған азаматтың туыстары «ауылдан көшсін» деген талабынан қайтса Зайнидин Нарметовтің отбасы да қайта оралады, – дейді ол.

Ынтымақ ауылындағы жылыжайлардың бірі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы, 11 ақпан 2015 жыл.
Ынтымақ ауылындағы жылыжайлардың бірі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы, 11 ақпан 2015 жыл.

Өзі де Ынтымақ ауылында тұратын Нұрәлі Шоалиев Зайнитдин Нарметовтің «ауылдан көшірілетін отбасылардың тізіміне асығыстықпен» ілініп кеткенін айтады.

– Олар бөлек үйде тұратын отбасы. Зайнитдиннің денсаулығы нашар екенін де білеміз. Кредиттерін төлеп, жәрдемдесіп жатырмыз. Өзіне де бірнеше рет барып, шыдай тұруды өтіндік. Ол қайтып келсе ауылдан тыныштық кетуі мүмкін. Қайтыс болған үйдің туыстары әлі райынан қайтқан жоқ. Зайнитдин Нарметовтің үйінде қазір туыстары тұрады, есік алдындағы бақшасын егіп жүр, – дейді ол.

Нұрәлі Шаолиевтің айтуынша, қазір Жартытөбе ауылдық округінде түнге қарай оннан аса полиция көлігі кезекшілік етеді. Ауылда құрамында 71 адам бар көше комитеті сайланып, жастар мен беделді адамдар түнімен кезектесіп көше аралайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Ынтымақ пен Бостандық ауылдарында ақпанның 5-і күні қазақ жастары жаппай көшеге шығып, сол ауылдағы жергілікті этникалық тәжіктерге тиесілі ондаған үй мен көліктер өртенген.

Ынтымақ ауылдық әкімдігі алдында тұрған полиция қызметкерлері. 11 ақпан 2015 жыл.
Ынтымақ ауылдық әкімдігі алдында тұрған полиция қызметкерлері. 11 ақпан 2015 жыл.

Құқық қорғау органдары таратқан ақпаратқа қарағанда, қазақ жастарының наразылығына ақпанның 3-і күні кісі қолынан қаза болған Ынтымақ ауылы тұрғыны Бақытжан Артықовтың өлімі себеп болған. Азаттық тілшісімен сөйлескен жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда, қаза тапқан азамат өзіне тиесілі жылыжайды Бостандық ауылының тұрғынына жалға берген. Кейін екеуінің арасында дау туып, оның соңы кісі өліміне соқтырған.

Қылмысқа күдікті Бостандық ауылының тұрғыны Навмидин Нарметов арада бірнеше күн өткенде Өзбекстан аумағында ұсталып, Қазақстанға жеткізілген. Оның үстінен «адам өлтіру» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа ақпанның 24-і күні түскен.

Наурыздың бас кезінде Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Абинур Қарабаев «Сарыағаш оқиғасына» қатысты қозғалған қылмыстық іс қосымша айғақтар табылуына байланысты қайта тергеуге жібергенін хабарлаған.

azattyq.org

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: