|  | 

Көз қарас

Орысшыл түркологтар шынайы тарих жасай алмайды

Tieuhan Almajany

Тілеухан МӘЖЕНИ – 1951 жылы ҚХР,  Тарғабатай  уәлаятының,  Толы (Керей) ауданы , Майлы тауында туған.  1978 – жылы інісі Кәдірхан екеуі,   Қытайдағы әсіре қызыл  режімнің азаптауымен   «Қара-қақпадағы » қаһарлы  түнектен құтылу үшін өздері мақтаныш  санйтын тарйхый отаны, Қазақ еліне қашып келді. 1990- жылға деиін Көкшетаудағы Кеңестік КГБ-ның қатаң бақылауында болып , бұл  қуғыннан  босаған Тілеухан дереу Алматыға  келеді. Тікең, 1991 – 1997 жылдар  аралығында, Қ Р мемілекеттік  Мұражайында—Деректаныу  маманы; Халқаралық «Түрік дұнясы » журналының әдеби қызыметкері; «Алатау»  тел-арнсында «Исләм мәдениеті» Тел журналының жоба авторы һәм жүргізушісі;  1998 жылдан  қайтыс болғанға дейін  Халықарлық  Абай   қорының  шығыстілдер бөлімінің  жетекшісі болды . 2013 жылы  Алматы қаласында қайтыс болды.

 Иманы жолдас болсын !

kerey.kz

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 1993 жылдары сіз өзіңіздің жаңа заманға сай жұмысыңызды «Түркі дүниесі» атты Халықаралық журналдан бастапсыз, осы игілікті істің алғашқы барысы және алға қойған мақсаты қандай болған еді?— 1978 жылы Қытай Халық рес-публикасынан он екі жылдық саяси қуғын-сүргінді бастан кешіріп, тарихи отаныма қашып келіп, сол кездегі Кеңестік заңнамалар бойынша диссидент — «барлық құқығы қатаң шектелген, азаматтығы жоқ адам» ретінде Көкшетау облысындағы Кеңестік КГБ-ның «Золотая Нива» кеңшарында қатаң бақылаудан он бір жылдан әрең босап «Кеңес Одағы азаматтығы» паспортын алған соң, өзім армандаған Алматы қаласына келдім. Бірінші топтағы мүгедек, аурулығыма қарамай, білім-ғылыммен айналысып, еңбек етуге талпындым. 
Қазақстан Республикасындағы тұңғыш мұсылмандар діни басқармасының баспасөз орталығында жұмыс істеп, тұңғыш қазақ елінің «Иман» атты газетін шығаруға атсалыс- тым. Одан кейін Қазақстанның Орталық мұражайында деректану бөлімінде ғылыми қызметкер болдым. Шамамен 1993 жылы Алматыдағы белгілі журналист Бекетаев Қанапия марқұмның таныстыруымен, Түркия Республикасының Халықаралық журналы «Түркі дүниесінің» Алматыдағы әдеби қызметкері болып, менің атыма Бакуден жіберілген N1 куәлікпен жұмыс іс-тей бастадым. Халықаралық журналдың ТМД бойынша бас редакторы қазақстандық жазушы Яшар Паша еді. Сол кезден бастап, мен ҚР-дағы түркітану саласына мұқият назар аудара бастадым. Ол кезде кеңестік түріктерге мойын бұрған «Түркі дүниесі» журналының басты мақсаты жетпіс жылға жуық мәскеулік қызыл жүйенің түркі халқының тұтастығын бөлшектеген гео-саяси режимінен туындаған. Түркі халықтарының тоқтап қалған өзара мәдени рухани байланыстарын қалпына келтіру тұтас түрік әлемі сынды тарихи бауырластықты қалпына келтіруді мақсат еткен еді. Алғашында Баку қаласынан орыс тілінде екі айда бір шықпақ болған халықаралық журнал 4-5 нөмірінен кейін тоқырай бастағандай болды. Дегенмен кеңестік түрік республикаларында «түркі бірлігі, түркітану идеялары» түрліше бағытта өрістей бастағаны да шындық еді.

Қазақ елінің тәуелсіздік таңымен бірге Сіздің түркі дүниесіне деген ұлтжандылық ниетіңізден туында-ған шығармашылық және іскерлік бағыттағы есте қаларлықтай озық талпыныстарыңыздан мысал етіп айтар әсеріңіз бар ма?

— Маған іскерлік жағын атай көрме-ңіз. Өйткені, сауда мен кәсіпкерлікке мүлде қырым жоқ. Оның үстіне, бұрыңғы қызылдардан құрам тапқан осы заманғы жылпос қазақстандық кәсіпкерлердің маңайына барудан арланамын. Ал рухани бауырластық негізінде түрік жұртының араласуын қуана құптайтын қазақтың бірімін. Түркияда тұратын менің бауырларым бар. Солар ұмытпасам, 1994 жылы Алматыға келгенде, «бізде мәдәният уә тижараға байланысты жақсы жұмыс істейтін «Заман» деген чиркатлар бар. Сіз солармен жұмыс істеймін деп хат жазбайсыз ба?» деген ұсыныс айтты. Мен оларға: «мен тижараға жоқ адаммын. Істей алмаспын. Бірақ «Заман» ұйымының адамдарына бір хат жазып жіберейін. Апарып беріңдер», — деп ұсыныс жасадым да, Түркиядағы «Заман» ұйымының мырзаларына хат жаздым. Хатымның мазмұны: «Түрік халықтары түбіміз бір, туысқан жұртпыз. Сіздер Қазақстанға келіп, түріктің еуропалық мәдениетін, тұрмыс салтын, дін ислам ұстау қағидаларын, орыстың боданынан шыққан қазақ халқына үйретсеңіздер, жақсы болар еді» деген мазмұнда жаздым. Өзімнің 24 жылдық ғұмырым Қытаймен орыстың коммунистік зұлматынан қуғын-сүргін көріп, қиыншылықты бас-тан өткізген мұқажырлық жағдайдағы шығыстүркістандық қазақ екендігімді хатта жаздым. Хат араб графикасымен дәптердің 3-4 бетіне жазылған-ды. Меркіт Мұхаммед деген Түркияда тұратын туысымнан беріп жібергем.

Сіздің ойыңызша, түркі әлемінің бірлігі мен тірлігіне тән ортақ ой, ортақ іс-әрекеттердің дамуы бір ізге түсіп, қалыптасты ма?

— Біріншіден, қазақ елі 1914 жылдардан кейін, Алашорда туын көтеріп, «Біз түрік бірлігін қалыптастыруға ат салысуымыз керек». «Біз тірі болуымыз керек, тірі болу үшін ірі болуымыз керек» деп және «Арғы атам — Ер түрік, Біз – Қазақ еліміз, Сарыарқа самал тау, Кең-байтақ жеріміз» деп – ақын Мағжан мен Ахмет молла – тұтас қазақ халқын түрік бірлігіне үндеді. Мыржақып атаңыздың «Оян, қазақ!» деп ұран тастаған кезде де, осы еді. Бұл — XIX-XX ғасырдың тоғысындағы Алаш тулы қазақ елінің түркітану идеясының тұжырымдамасы. Жалпы, жеке өз басым түріктану және түркология деген сөздерге күлкім келеді. Неге десеңіз, мен өзім қазақ-түркімін һәм түрік ретінде, иншалла, өз халқымды азды-көпті тарихи тұрғыдан танитын секілдімін. Ал енді, түркологияға еуропалықтармен қысықкөз көсе шығысазиялықтар, яғни қытайлар мен жапондар қызығып, түріктануды мақсат етіп жазса, мұның жөні бір бөлек. Өйткені, олардың атасы басқа. Әрі олар түріктануға мүдделі, себебі тарихи тұрғыдан өнеге мен өнер түріктерден тараған. Өз кезінде әлем түріктерге қараған. Әлемдік қоғамтану ғылымы түрік жұртын жоғары бағалаған. Бұл — бір. Екінші жағынан, түркітану деймісің, түркология деймісің, осының өзін мәскеулік орыстардың бодандығынан тек қана Алланың жәрдемімен құтылған. «ТМД түрік ғалымдары үшін» жоғалған әкемізбен жүздесіп, қайта танысу секілді күлкілі жағдайға тап болып отырмыз. 1930 жылдарға дейін түрік әлемінің тілі мен жазуы ортақ болған. Ал хакім Абай «біздің көбіміз, аздаған түркітанырлық сауатқа мәзбіз» деп ой түйіп, сол дәуірдің өзінде, түркі жұртының ақыл-ойы, діни ұстанымы, мәдени тіршілігі, жазу-сызуы, әдет-ғұрпы ортақ болғанына ешкімнің де дауы болмаған. Мұның бәрі түптеп келгенде, түркі халқының ортақ әліппеден айырылып, ортақ тілден қожырап, Түркістан халқының Мәскеудің темір ноқтасына бас сұнған, «әй-қап» деп алданған тарихының тапауатына қатысты өкінішті өткен шақ еді. Сондықтан жалпы Түркістанды түрікшілдікте «ондай еді, мұндай еді» деп айта алмаймын. Ал біздің қазақ елінде, түріктану Мәскеудің тақиясына қарай етек-жеңін жиғысы келеді. Таңдайына «борщтың» дәмі әбден сіңіп кеткен орысшыл түркітанушылармен «русскоязычный турколог» бауырларымызға «Пожалуйста, ауырмаған жамбасыңмен жат!» — демекпін. Сайып келгенде, ҚР-да түріктану маңызды ма, түрік бауырластығы маңызды ма? Бұған ғалымдар ортақ пікір айтып, түйінді сөзге нүкте қойған жоқ. Әрине, бұл мәселе жайымен бір жүйе, бір ізге түсіп, қалыптасуы қиын емес сияқты. Бірлік түбі – тірлік. Түркістан халқы үшін түбі бір түрік бауырластығы аса маңызды деп білемін.

Түркі әлемінің рухани тұтастығына байланысты халқымыздың жадында сақталған әдебиет мен мәдениет құндылықтары және дәстүрлі салт- жоралғылары туралы ойыңызды білсек?

— Әуел баста, Исламдық Хақ дінімізді басты парыз ете отырып, түркі жұрты Имам ағзам Әбу Ханифа мазхабын негіз етіп, мұсылман болған жұртпыз. Түркия халқы ҚР-дағы әлемге әйгілі Түркістан шаһарын және сол қаладағы, Қожа- Ахмет Ясауи бабамыздың қасиетті кесенесін өздерінің сан ғасырдан бергі ортақ рухани көшбасшысы деп таниды. Қазақ халқы түркі жұртының ішінде, суырылып алға шығып, исламдық қағидаттар мен ислам тарихына қатысты уақиғаларды, Құран мен сүннет негіздегі аңыз риуаяттарды халқымызға түсіндіруде ислам әдебиетінің «назиралық» жанр үлгісін негіз етіп, XVII-XX ғасыр аралығында мыңдаған қисса дастандар жазған. Мұның дәлелі, түркі жұртының әлемге әйгілі Ыстамбұлдағы, Қашқардағы, Қазандағы, Ташкенттегі, Алматыда-ғы, Омбыдағы, Үрімжідегі, Бішкектегі, Санкт-Петербордағы, Бакудегі ғылы-ми кітапханаларындағы Ақытқажы Үлімжіұлының (Алтайскийдің), Жүсіпбек қожа Шайыхсләмовтың, Тұрмағанбет молла Ізтілеуовтың, Шәкәрім қажының, Дүйсебай қажы Шоманақовтың, міне, осы қатарлы жүздеген ақын, шайырлардың қисса дастандар әлемі және қазақ еліндегі ағайынды Кәрімовтардың баспасы шығарған кітаптарымен Қазақстан кітапханаларындағы қолжазба әдеби мұралар түрік әлемі әдебиетінің құрамдас бөлігі. Сондай-ақ, түрік халықтарының әдет-ғұрыптарының этнографиялық қағидаларының ұқсас- тығы, көптеген салттық әдеттердің Алланы мадақтауға бейім екендігі, қонақжайлылық пен қайыр садақаға қолының кеңдігі. Музыка мәдениеті мен ақындық өнерінің өзара жақындығы қырғыздың манасшылары мен қазақ-тың суырыпсалма ақын жыраулығы, құдаласу қағидаттары, дастарқан әдебі тағы басқа салт-санасы өзара жақын, өзара үндестік тауып жатады. Түркі жұртының діни ғұламалары ешқашан түркі халқының ойын-сауық музыка өнері ғылым техниканың жаңалығын кеудеден итеріп, шетке тұрғызып көрмеген. Яғни, барлық заманауи жаңалықтарды ша-риғаттық ұстанымдарды бұзбау шарты астында халқының игілігіне айналдыра білген жұртпыз.

Бүгінгі таңда түркі халықтарының жаңа ғасырға тән мәдени-рухани байланыстары және қазақ елінің басқа түрік жұртының мәдениетіне деген көзқарасы туралы не айтасыз?

— Соңғы жиырма жылдан бері қазақ елі еуропалық мәдениетпен өсіп-өркендеген Түркия халқымен мәдени жақтан да, экономикалық жақтан да қоян-қолтық араласа бастады. Бұл — қанның, дін мен тілдің өте жақын екендігінің дәлелі. Соңғы жылдары қазақ телеарналарында түрік кино хикаялары молынан көрсетілуде. Бұған қарата қоғамда әртүрлі пікір бары рас. Халқымыздың көпшілігі түрік сериялдарын көреді, ұнатады. Ішінара ұнатпайтын, сын айтатын «қырағы» жандар да бар. Дегенмен, Түркияның киногерлік саласы әлемдік киноөнердің алдыңғы қатарына шыққандығы шындық. Қазақ-түріктерде бұған ішіміз жылиды. Сондай-ақ, Түркия мен Қазақстан спорттық мәдени ойын-сауық шаралары, фестивальдар арқылы жиі араласып тұрады. Сауда мен түрлі кәсіпкерлік саланың ортақ дамуы да байқалуда.

Ал қазақ елінен түрік жұрты нендей өнегелер алып отырғанын өздері айта жатар. Қорытып айтқанда, түріктану ұғымынан гөрі біз үшін түркі дүниесінің бірлігі өте маңызды деп білемін. Өйткені, біз — Түркістан халқымыз.

 

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: