«ОРДА» ТОБЫНЫҢ ТАРАЙТЫНЫ РАС ПА?
«Алаш айнасының» ақпаратына сүйенген www.juldizdar.kz сайты «Орда» тобы тарады» деген мақала жариялаған болатын.
Мәселенің анық-қанығын білу мақсатында топ жетекшісі Ерболат Беделханға хабарластық.
Ол «Ордада» ешқандай өзгерістің болмағанын жеткізді.
«Ал, қауесеттің шығуына топ мүшесі Нұрлан Алымбетовтың отбасылық жағдайына байланысты Қырғызстанның Бішкек қаласына қоныс аударуы себеп болуы мүмкін.
Алайда, оның көшуі топ жұмысына кедергі келтірмейді»,- дейді ол. Шығармашылыққа қадам басқалы 15 жыл болған «Орда» тобының жігіттері бүгінде отбасылы азаматтар. Жастары отыздан асып, қырыққа жетсе де «тыңдармандарымыздан ажырамайтынымыз анық»,- дейді олар.
baistars.kz
Пікір қалдыру