|  | 

Саясат

Сергей Медведев: Кремль Қазақстан мен Беларусьті басқа геосаяси ойыншылардың құшағына итеріп отыр

. ҚазТАГ – Сергей Зелепухин. Ресейдің сыртқы саясаты Еуразиялық экономикалық одақ аясында интеграциялық үдерістерді тереңдету болашағына балта шауып отыр, деп санайды РФ жоғары экономика мектебінің профессоры Сергей Медведев. Оның пікірінше, Кремльдің сыртқы саяси әрекеті ЕАЭО аясындағы саяси интеграцияны ғана емес, валюталық одақ құруды да мүмкін емес қылып отыр. Бұл ретте Қазақстан бұл жағдайдан тек көпполярлы саясат жасау арқылы ғана шыға алады. ҚазТАГ-ге берген сұхбатында ресейлік сарапшы еуразиялық интеграция болашағына баға береді.

- Сергей Александрұлы, 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ іске кірісті. Сол қазіргі жағдайдағы форматта әрекет етіп жатқан еуразиялық интеграцияның болашағы қандай деп ойлайсыз? Ол үшін қандай позитивті және негативті форматтар бар? – Болашағының жақсы жақтары өте аз. Тіпті оларды жоқ деп айтсақ та болады. Десек те позитивті факторлар бар – бұл мәдени ортақтық және тармақты экономикалық байланыс. Бұл ретте Ресей мен Қазақстанның геосаяси орналасуының өзі диалогтың қандай да бір нормаларын іздеуге мәжбүр етеді. Яғни ортақ факторлар турасында. Алайда еуразиялық интеграцияны тереңдету үшін, әсіресе Украинаға қарсы ресейлік агрессиядан, Қырымның басқындығынан кейін қандай да бір саяси алғышарттарды көріп отырған жоқпын.

- Сіз Кремль өз саясатымен Украинадағы еуразиялық интеграция идеясының өзінің беделін түсірді деп ойлайсыз ба? – Одан зорын айтайын. Негізі Кремль өз әрекетімен бүкіл посткеңестік кезеңде және әсіресе соңғы жылдары белсенді айналысқан барлық интеграциялық жобаларды бұзды. Яғни Украина ісіне Ресейдің араласуынан кейін Ресейдің посткеңестік кеңістіктегі тұрақтылық кепілінен оның қаупіне айналғаны бірден белгілі болды. Және бұл жағдайда еуразиялық интеграцияның тереңдеуі мен кеңейтілуі туралы айту қиын. Әрине, экономикалық байланыстар қалады: өзара сауда, мұнай-газ ынтымақтастығы, газ құбыры жүйесі бойынша өзара қарым- қатынас. Дегенмен қазіргідей жағдайда өміршең және табысты Кеден одағы, экономикалық және валюталық одақ туралы айту, оның үстіне қандай да бір әскери-саяси бірлестіктер туралы айту мүмкін емес.

- Сонда сіз украиналық жағдайлардан соң, және ондағы Ресейдің рөлінен кейін валюталық одақ құру болашағына, тіпті бұл туралы ресейлік президент Владимир Путин жақында сөз қозғағанда да крест қоюға болады деп ойлайсыз ба?

- ЕАЭО аясында валюталық одақты қазіргідей форматта құру шындыққа жанаспайды. Қазір қалыптасып отырған геосаяси жағдай тұрғысында. Тағы қайталап айтайын, еуразиялық интеграция аясында қазір жүзеге асыруға болатын нәрсе ол тек қана экономикалық ынтымақтастықты жалғастыру. Және мен Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенконы қоса алғанда Ресейдің болашақтағы сыртқы саяси ұстанымын болжап біле алмай отырған қазіргі таңда ЕАЭО аясында интеграцияны тереңдетуге қадам жасайтын, дұрыс ойлайтын бірде-бір еуразиялық саясаткерді көріп отырған жоқпын.

- Бұл ретте сіз Қазақстан мен Белоруссия үшін қандай болашақ көріп отырсыз? – Мен Қытайдың Қазақстанға ықпалының арту мүмкіндігін, Ресей ұстанымының нығаюынан гөрі, Белоруссияның Еуропалық одаққа тіпті НАТО-ға жақындауы мүмкін деп ойлаймын. Басқаша айтсақ, Ресей өзінің сыртқы саясатымен посткеңестік кеңістіктегі өз одақтастарын жақындатқаннан гөрі, оларды өзінен алыстатып, басқа геосаяси ойыншылардың құшағына итеріп жатыр. – Яғни сіз, Кремльдің қазіргі сыртқы саясаты Ресейдің оқшаулануына алып келеді деп ойлайсыз ба?

- Иә, нақ солай болады. Және бұл соңғы бірнеше жыл бойы жалғасып келеді. Әрине, ресейлік басшылық серпін бойынша ортақ валюта, еуразиялық одақ, интеграцияны тереңдету т.б. жөнінде айтуды жалғастыруда. Алайда ағымдағы геосаяси жағдайда бұл әдеттегі әрекетті еске салады. Мәселе Кремльдің қазіргі саясатын ешкімнің болжап білмейтінінде. Путин ары қарай не қабылдауы мүмкін екенін, 2016 жылғы парламент сайлауында не болатынын, 2018 жылы ол президент болғанда не болатынын, «қырымдық көпшіліктің» путиндік консенсусын қолдау үшін не қажет екенін ешкім блімейді. – Владимир Путиннің 2018 жылы да президенті атанатынынан бөлек, ресейлік саясатта бәрі соншалық болжамға келмей ме?

- Тек бұл ғана емес. Қазіргі жағдайда Ресейдің ішкі саясаты құрылатын жалғыз тұғырнама ол – соғыс. Украинамен соғыс және Батыспен соғыс. Бірақ соғыс позициясында Қазақстанмен, Беларусьпен және басқа да посткеңестік елдермен өзара қарым-қатынас құруға болмайды. – Ендеше бұл жағдайда Қазақстан үшін Сіз қандай басты қауіп- қатерлерді көріп отырсыз?

- Бірінші үлкен қауіп ол – Ресей. Екінші қауіп және сонымен қатар, сірә, мүмкіндік бұл – ресейлік сыртқы саясатқа деген реакция есебінде күшейген Қытай белсенділігі және оның өңір елдеріне одан бетер сұғына түсуі. Үшінші қауіп бұл – геосаяси ахуалдың өзгеруімен байланысты Батыстың посткеңестік мемлекеттерге деген анық өсіп отырған белсенділігі. Әлбетте, Қазақстан үшін Шығыста да, Батыста да етек жайып келе жатқан ислам фундаментализмінің белсенділігі қауіп болып қала береді. Аталған жағдайда Қазақстан – әлдебір қауіпсіздік мекені секілді, онда сан алуан діндерге бейбіт түрде құрмет көрсетіледі және ислам экстремизмі мен терроризмінің айқын көрінуі жоқ. Осы орайда Қазақстан позициялары бұл қауіптерге көбірек шалдыққан. Осыған әлемдік экономикалық конъюнктураның нашарлауы салдарынан пайда болған барлық қауіп-қатерлерді қосуға болады. Бұл тек Украинадағы оқиғалармен ғана емес, сонымен бірге мұнай ағындарының өзгеруімен және мұнай бағасының дереу құлдырауымен байланысты. – Ал осы қауіп-қатерлердің жүзеге асырылуын болдырмау үшін, Сіздің пікіріңізше, Қазақстанға не қабылдау қажет?

- Бұл ақылды көпвекторлы және көпполярлы саясат жүргізуде жатыр деп ойлаймын. Ресеймен, Батыспен және Қытаймен бір мезгілде қарым-қатынас құрып, осы үш бұрыш аясында, бір кәрзеңкеге барлық жұмыртқаны салмай-ақ және, әрине, Ресеймен ешқандай әскери-саяси одаққа кірмей-ақ, теңбе-тең байланыс құрастыруда.

- Бірақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы бар емес пе? – Иә, ол бар. Бірақ мәселенің бәрі оның тиімділігінде, ҰҚШҰ құрылымдары ықтимал дағдарыс жағдайында қаншалықты қолданылатын болады, өзге елдердің ішкі істеріне араласу үшін Қазақстан немесе Ресей олардың қолданылуын қалай ма екен, сонда. – Және соңғы сұрақ. Ресей үшін Сіз қандай перспективаларды көріп отырсыз және өзгерген геосаяси жағдайда Қазақстанға не істеу қажет?

- Ресейдегі қазіргі кезең мәңгілік емес және ішкі саяси ахуал ерте ме кеш пе өзгереді. Тіпті жылдам өзгерістер де жоққа шығарылмайды, Ресей тарихында бұған дейін бірнеше рет орын алғандай. Осы жағдайда Қазақстанға барлық қауіп-қатерді жай ғана хеджерлеу керек. Әрине, Ресеймен қарым-қатынасты бұзбаған жөн, бірақ ағымдағы кезеңде оларды қазіргі кезгідей етіп қатырып қойған саналырақ болар ма еді. Сонымен қатар Батыс пен Шығыста ашылып отырған мүмкіндіктерді пайдалануға ұмтылу керек: еуропалық және атлантикалық құрылымдармен өзара іс-әрекеттесіп, Қытаймен және Түркиямен қарым-қатынасты дамытқан және еуразиялық кеңістікте саяси желдің қашан өзгеретінін күткен жөн.

kaztag.info

 

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: