Түркияның Маниса провинциясында «Қазақстанның күндері» болып өтті

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің және Маниса провинциясы басшылығының ұйымдастыруымен түрік Маниса провинциясында халықаралық «Месір» фестивалі аясында «Қазақстанның күндері» өтті.
Қазақстан Орал қаласы әкімінің орынбасары, Елшілік пен Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығы қызметкерлері және «Оралым» шығармашылық тобымен ұсынылды.
Фестиваль алаңындағы «Қазақ үйінде» қазақ халқының салты мен дәстүрін көрсететін экспонаттар, ұлттық киім, елдің көрнекі жері мен табиғатын баяндайтын суреттер бейнеленген альбомдар қойылды. Фестивальдің қонақтарына қазақ ұлттық тағамдары да берілді.
Қазақстанға арналған кеш барысында республикамыз туралы фильм көрсетіліп, «Оралым» шығармашылық топ тарапынан концерт берілді. Топтың орындауындағы қазақ ұлттық би мен әндері Маниса тұрғындары мен қонақтарын қайран қалдырды. Мұнда Қазақстанның фото-көрмесі де ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Орал мен Маниса қалалары басшылары қалалар арасында бауырлас байланыстарды орнату жөніндегі ниет протоколына қол қойды.
Манисадағы «Қазақстан күндері» аясында қазақ делегациясы өңірдің бизнес-қауымдастықтары өкілдерімен кездесулер өткізіп, Батыс-Қазақстан облысының индустриялдық мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі баяндады және түрік бизнесмендерін Орал қаласында жоспарланған Қазақстан-Түркия индустриялдық аймақтың аумағындағы әртүрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
Іс-шара қорытындылары бойынша Әкім орынбасары Қайсар Маңқараев индустриялдық саланы дамыту жөніндегі қазақ бастамаларының Қазақстанның болашақ дамуының маңызды бөлігі екендігін және Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының, «Қазақстан-2050» даму стратегиясының, «Нұрлы жол» атты Елбасы Жолдауы айқындайтын жаңа жалпыұлттық бағдардың ажырамас бөлігі болып табылатынын мәлім етті.
СІМ басспа сөз қызметі

Пікір қалдыру