|  | 

Тұлғалар

Абайдың сәулесі

abai
 

Біздің балалық дәуірімізде тек қана қытай әдебиеті оқытылатын еді. Сол себепті бастауыш сыныптарда қазақ әдебиеті туралы ештеңе білмейтінбіз деп айтуға әбден болатын. Алайда әкелерімізден, ауыл қарттарынан, әжелерден дегендей ертегі-аңыздарға елітіп, Абай есіміне де ерте қанықтық.

Әсіресе, әкемнің аузынан үнемі «Абай айтыпты» деген сөздерді жиі еститінбіз. Мысалы:

Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сенде бір керпіш дүниеге,

Кетігін тапта бар қалан.

Немесе:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға,

Үстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға.

Және:

Ақыл мен қайрат жол табар,

Қашқанға да қуғанға….», - дегендерді алғаш рет әке аузынан жаттадық.

Кейін ойласам  күллі қазақтың мақтанына айналған Абай сәулесінің біздің ауылға кеңінен түсуінің бірнеше тарихи негізі бар екен.

Біріншіден, біздің керейдің шежіреші қарттары Абайды атақты керей Жәнібек батырдың жиені қылып айтады. Абайдың арғы атасы Ырғызбай Жәнібекке күйеу бала, яғни оның туған қарындасы Ермек тобықтының жігітіне, сонау Ырғыз өзені бойында жүргенде туған Ырғызбайға қосылып, Өскенбайды дүниеге әкел­гені, одан Құнанбай, одан Абай болып жалғасып жататыны тарихи шындық. Ер Жәнібектің жалғыз қызы Әймен де Ыбырай Алтынсариннің әжесі, яғни Балғожа бидің бәйбішесі болған.

Осы себептерге байланысты Абайдың өзі де: «жігіт тағайына тартып тумаушы ма еді» деп айтыпты деп, қарттарымыз әрі батыр әрі шешен ер Жәнібектің суырып салмалық бір тегін Абайдан тапқандай болатын. Абайдың әкесі Құнанбайдың Өр Алтайдағы абақ керей арасында болып қайтқанын да үлкен аңызбен айтушы еді. Құнайбай есімін аға сұлтандықпен емес, «аға баласы» деп қадірлеп, құрметтейтін. Жиен ретінде де бүйрегі бұрылып тұратын.

Екіншіден, Құнанбай ауылымен болған құдандалық және басқа да байланыстар. Өтеу бабамыздың дәурендеп тұрған шағында баласы Шомақ та пысық, атқа мінер азаматтың бірі болып, оған Құнанбай ауылының бір қызына құдаласып, оны келін қылып алады. Сол Шомақтан туған Тұрғамбай ашамайлы ерге мінетін болғанда ата-анасы оны нағашыларына ертіп барады. Төркіндеп келген қызды күтіп алған Құнанбай қажы «жиеніме ат мінгізіп қайтарамын» деп екі құлағы қап-қара мөлдір ақбоз ат сыйлап, оған көксауыр былғарымен шыбарланып қапталған, бұршақ басты шегемен алды-артқы қастарына алтын жалатып, жез қаптаған ер салып қайтарады. Қазір сол ер Алтайдың Шірікши деген жерінде Тұрғамбайдың немересі Өмірбек Баймұхаметұлының үйінде сақтаулы.

Құнанбай қажы мен Алтайдағы Мәметек төре(Мәми бейсінің қайын атасы) арасында да бір-бірін сынап, сыйласқан қызықты хикаялар бар.

Базарқұл Ешен қажы(шын аты Мәсалима) Жұртбайұлы үшінші реткі қажылық сапарынан қайтып келе жатып, 1904 жылдар шамасы Қарқаралыда қайтыс болып, уақыттық сол жерге аманат жерленеді. 1905 жылы Қанапия бейсі, Нұртаза қажы, есіркеп Құрманхан Бозайұлы секілді адамдар Ешен қажының басына күмбез орнатып қайтады.

Олар қайтар жолында Абайға ас беріп жатқан Құнанбай ауылын соғып, Айгерім мен ақынның ұрпақтарына көңіл айтып, құран оқиды.

Жоғарыдағы қарым-қатынастардан қалса, біздің ауыл Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ғана қазіргі Шығыс Қазақстан обылысының Зайсан ауданынан Қытайға қарай ауғандықтан, оған дейін Абай өнегесін қабылдаудың шекаралық шектемесіне ұшыраған жоқ.

Үшіншіден, Әзімбай Бердешұлы, Зят Шәкерімұлы бастаған Құнанбай ауылының адамдарының 1931 жылы Қытайға қашып өтіп, Алтайға ат басын тіреуі де сол дәуірдегі Алтай әдебиеті мен мәдениетіне белгілі ықпал еттті. Әкемнің ағасы Бидахмет Мұқайұлы ол кісілердің оқиғасын жыр қылып айтып отыратын.

Төртіншіден, әкем Шәкен Мұқайұлы болсын, оның ағалары Бидахмет, Қызыр бәрі де «кітапты жастанып оқиды» дегендей білімге құмар жандар болды. Әкем: «армиядағы кезімде кітапты өте көп оқыдым. Көбі Кеңестер одағынан келген әдебиеттер еді» дейтін әңгімелерінде. Онысы 1957 жылға дейінгі Қытай-Кеңес Одағы арасындағы әртүрлі байланыстың тереңдеуі, әсіресе, мәдениет алмасу, әдебиеттік қарым-қатынастарға байланысты Қазақстан жазушылары шығармаларының Шынжаңға көбірек жетіп тұрғанын меңзегені еді.

Осылайша күллі Қазаққа мақтаныш болған Абай рухы Қытай қоғамы есік терезесін тарс бекітіп алған «төңкеріс» заманында да біздің ауылда шам- шырағын сөндірген жоқ.

Жәди Шәкенұлы

ABAI.KZ

Related Articles

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: