|  |  | 

Мәдениет Әдеби әлем

Ортақ мұралар жайында

3tb_140228003222drly512293

“Татар әдебиеті тарихынан” алынған кітабынан Хасан Кайгының өлеңдерінің бірі:

Гаделлекнең билгесе –
Белә тора бормаса.
Акыллының билгесе-
Үткән эшне кумаса.
Җаманнарның билгесе-
Җауга каршы тормаса.
Залимнәрнең билгесе-
Бай-бәднең малын урласа.
Наданнарның билгесе –
Белгәннең телен алмаса.
Артында калыр атак1 юк,
Тередә даның булмаса.

Татар тілінің Қазақ тіліне қаншалықты жақын, қаншалықты алыс екенін, немесе қаншалықты түсінікті екенін Татарларды көп көре бермейтін Қытай мен Монғолиядағы, Оңтүстік Қазақстандағы бауырлар көп білмейтін шығар. Ұқсай ма, ұқсамай ма – өздері оқып шешеді ғой, қазақша аудармасы (егер бұндайды “аударма” деуге келетін болса):

Әділдіктің белгісі –
Біле тұра бұрмаса.
Акылдының белгісі -
Өткен істі қумаса.
Җамандардың белгісі -
Җауға қарсы тұрмаса.
Залымдардың белгісі-
Байғұстың малын ұрласа.
Надандардың белгісі –
Білгеннің тілін алмаса.
Артында қалар атың жоқ,
Тіріде даңқың болмаса.

Асан Қайғының Татар әдебиетінде жүргеніне еш қарсылығым жоқ. Тек Қазақ, Татар, Ноғай, Башқұрт, Құмық халықтарындағы Асан Қайғының барлық өлеңдерін бір жерге жинап алса және бұл халықтар ұлы Жыраудың өлеңдерін сенікі-менікі демей бір-бірінен жырларды өздеріне ала берсе, “Асан Қайғының жырлары” деп аталатын ортақ қор молая түсер еді дегенім ғой…

Кешегі Алаш халқы – бүгінгі Қазақ халқы

apatai, Ә. Марғұланның “Шене бөрі ғұн” деп отырғаны Бөрте Чино бөржігін ғой. Жалпы “Бөржігін” деген сөзді – “бөрі ғұн” деп түсіндіру қате. Біз “Ғұндар” деп атайтын халық өздерін ешқашан “Ғұндар” деп атамаған. Оларды көршілері де Ғұндар деп атамаған. Соның ішінде “ғ” дейтін дыбыс – Көне түркі-монғол тілдерінің ешқайсысында жоқ. Қытайлар ғана ол халықты “Хунну” деп атаған. Оның мағынасы Қытай жазбалары өздері жақсы түсіндіреді – “жауыз, кекшіл құлдар” деген сөз. Яғни қазақшаласақ, Қодар-құл, Ұлтан-құл дегендей ғой, “өшпенді жатжерліктер” деген сөз. Көне Қытайлықтар іргесіндегі Көшпенділерді өте жек көрген. Бұл, әрқашан солай. Тіпті ғұлама Аристотельдің өзі – Гректен басқа халықты “сөйлейтін жануарлар” деп атаған. Және соған сенген. Ал Римдіктер солтүстіктегі көршілерін, Герман тайпаларын “варварлар”, яғни мағынасына келсек “жабайылар” деп атаған. Көне заманның адамдары өзінен өзге халықты “біз ғана адамбыз”, ал “бұлар адамдар емес” деп ойлаған. Шынымен солай ойлаған. Ендеше көне Қытайлардың Хуннуларды – “Құлдар” деп атауы әбден табиғи құбылыс…

Ал Ғұн халқының өздері-өздерін “Ғұн”, “Хунну” деп – яғни Құлдар деп атауы мүмкін емес. Тұтас халық халық өздерін “Құлдармыз” атамайды. “Моңғол” деген сөз – “Мың-қол” деген сөзден емес, сол “Мұңқұл” деген сөзден шыққан. Сол баяғы – Құл (жатжерліктер). Рашид-ад-диннің бұлайша түсіндіруі көңілге қонымды. Сондықтан “Мұңғұлдар” (Хуннулар) – өздерін “Оғыздар” (Окустар) деп атаған. Ал Окс – қазіргі түркі тілдерінің бәрінде сақталған өзен деген сөз. Мысалы, “Аягөз” дегендегі – “Гуз” осы сөз. Араб-парсылар да бұл халықты “Гуздар” деп атаған…

Ал “шене бөрі-ғұн” десек, “Шене” деген сөз – онсыз да “қасқыр” дегенді білдіреді (Бөрте-шина және А-шина ғой – “қасқыр” атауы екі сөзде де тұр). “Бөржігін” деген сөздің мағынасын Рашид-ад-дин анық түсіндірген – ол “көк көзділер” деген сөз. Сондай-ақ “Шыңғысхан” деген сөзді де бұрмалап керегі жоқ. Ол – “Теңізхан” деген сөз. Ертедегі Оғыз қағанның (Мөде қағанның) бір баласы да “Теңіз хан” деп аталған. Бұл Ергенекөн тайпаларының шыққан арғы тегін көрсетеді.

Бөржігіндердің атасы Бодончар (Бутанцар) 970-1031 жылдар аралығында өмір сүрген адам. Оның ұрпақтары Бөржігіндер деп аталады. Бөржігін деген ру не тайпа емес, ол сол әулеттің атауы. Қазақ руларын Бөржігіннен шықты деу – сол 11 ғасырға дейін Қыпшақ, Арғын, Қоңырат т.б. аталған рулар болмады, яғни бәрі де сол Бодончардың балалары еді дегенге ғана әкеледі. Бодончар деген кім, ол Шыңғысханның 12-ші атасы және Амур өзенінің бойында балық аулап жеп күнелткен бір жалаңаяқ балықшы…

Шыңғысханның ұрпақтары – Қазақ жүздеріне қосылмайтын ақсүйек Төрелер. Шыңғысхан Қазақ руынан болса, оны қанша жерден Төре болса да Үш жүздің біреуіне, ең туыс руға әкеліп қосар еді. Жамбыл Шыңғысханның тұқымы болу үшін – Жамбылдың руы Төре екенін дәлелдеу керек.

Ал жоғарыдағы өзің келтірген руларға келсек, Абақ деген ру – Ферғана Қыпшақтарында бар екенін көрдік. Қыпшақ-сарай бірлестігінің құрамында. Бұл – Қазақтағы Абақ Керей деген ру. Албан, Суан – Рашид-ад-динде Ергенекөн тайпаларының ішінде бар, Рашид-ад-динше айтқанда – “Монғол тайпалары”, яғни Юебань (Чубан) ғұндарының ұрпақтары деген пікірді орнықтыра түседі. Ращид-ад-диннің және Әбілғазының “Монғолдар” (Мұңғұлдар) дегенін әрқашан – Ғұндар (Оғыздар) деп түсіну қажет…

Үлкен Ғұндардың Қоян (Қиян) тайпасы Солтүстік Ғұндардың билік басына 114 жылы келген. Соған қарағанда Қияттарды “Ғұндардың атасы” дегеннен гөрі – “Ғұндардың билеушілері” деген дұрыс. Ғұндарда Қияттан басқа да тайпалар көп болған…

Кердері руы – көне замандарда Арал теңізі “Кердері теңізі” деп аталған. Соған қарағанда бұл жергілікті Сақ тайпасы. Абдал – Түрікмендердің басты руларының бірі. Қазақта олар Таз руына кірме болмаса, онда Абдалдар – Керейлердің бір бөлігі. Егер Кіші жүзге кірме ру болса, Абдалдар – Эфталдардың (тарихта Көне түркілермен соғысатын ақ Ғұндар – Эфталлиттер империясы) мемлекетінің ұпақтары, яғни сол империяның мұрагерлері Түрікмендерден келіп, жартысы Қазаққа қосылған болса, онда – Оғыз тайпасы. Онда олардың арғы атасы – шыныда да эфталдар (ақ ғұндар) болады.

Ал Адай руы туралы жоғарыда айттым, ол – өзара туыстығы жақын рулар Керейлер (жазбаларда Хереит) мен Меркіттердің (жазбаларда Мекрин) және Уақтардың (жазбаларда Оңғұт) ағайыны. Адайлар – (жазбаларда Одай) Қимақтар заманында (9 ғасыр) Алтайдан келген тайпа. Бұлар рулардың ішкі тайпалық құрылымы да ұқсас. Кіші жүздің көпшілік бөлігі Керейлер мен Уақтарға туыс болып келеді…

Ал Керей мен Найманның арғы аталарының өзара туыстығы – сәл-пәл алыстау. Себебі, Керейлер кезінде Ляо империясына, яғни Қидандарға қарсы көп қарсыласқан тайпа… Қарап отырсақ, Қазақ руларының “Қазаққа дейінгі келген жолдары мен тағдырлары” сан-сан тарау. Халық деген бір атаның балалары емес, ол тек қана туыстық бойынша бірікпейді. Егер туыстық ең маңыздысы болса – қазақтағы Қыпшақ, Арғын, Найманның бөліктері Өзбек пен Қырғызда, Башқұрт пен Татарда, Ноғай мен Құмықта әр халықта бытырап жүрмес еді. Егер туыстық ең маңыздысы болса – Албан, Суан сияқты көне Ғұн тайпалары мен Қаңлы, Шанышқылы сияқты көне Сақ тайпалары, Найман, Керей сияқты көне Сәнби тайпаларының басы қосылып, ешқашан бір халыққа бірікпес еді.

Халық – ортақ тұрмыс-тіршілік пен осы даладағы біртұтас өмір салты және қилы замандарда бастан өткерген саяси көзқарастары бойынша қарекеті, ұзақ-ұзақ тарихтың өткелдері мен татар дәм-тұзының ортақтығы тұрғысынан бірігеді. Біз Жапондар мен Кәрістер сияқты сияқты мыңдаған жылдар бойы бір аралға, бір қуыстағы түбекке тығылып отырғанымыз жоқ. Сондықтан, біздің аласапыранға толы көшпенділер даласында “халық” дегенді – “қаны бірге туған туыстар” дегеннен гөрі, қандай қиын жағдайда да ажырамай, іргесі сөгілмей, қуанған күндері бірге қуанып, қайғырған күндері бірге қайғырып, ашыққанда бірге ашығып, сырттан дұшпан келсе, бірге қорғап, рулардың арғы тегі туған ағайын болмаса да, құдандалы, нағашылы, жиенді, қайынды болу арқылы ағайын болып – ертеден бірге келе жатқан достар деп түсінген ыңғайлы. Сондықтан жалпы Қазақ халқының, біздің бәрімізге ортақ болатын бір ата-бабаның болмауы да заңды…

NARbala, Жәнібек пен Керейдің халқы өздерін-өздері алғашқыда “Қазақпыз” деп атамаған. Ол көршілеріміздің (Өзбектер мен Моғолстандықтардың) бізге берген атауы. Жалпы Жәнібек пен Керей де, оның халқы да ол кезде өз алдына бөлек бір Халық құрып жатырмыз деп ойламаған. Жәнібек пен Керей – өздерінің атасы Орыс хан мен Барақ ханның Ақ Ордасын қалпына келтіріп жатырмыз деп ойлаған. Сондықтан, бұрынғы Ақ Орданың халқы Қазақ болу үшін емес, сол Орыс ханның балалары болғандықтан, Жәнібек пен Керейдің соңына ерген. Сол заманында “Қазақ” сөзі – “еркін адамдар”, “бөлінгендер”, “бағынбайтындар”, “Ордадағы қару ұстаушылар” деген мағына берген. Кейін осы сөз халыққа атау болған…

“Тоқтамыс қазақланып кетті” деп жазады орта ғасыр жылнамаларында. Алтын орданың Тоқтамыс ханы “Қазақ болып” кеткен жоқ. Ол бөлініп, оқшауланып, еркін болып және қаруланып, Ордадағы басқа хандарға бағынбай кетті. Кейін Алтын Орданың тағын қайтарып алды.

Жәнібек пен Керей хандар да сөйтіп қазақланып кетті. Алайда Жәнібек пен Керей хандар бұл жолы шыныда да “Қазақ болып” кетті. Кейін Шайбанилерді қуып жіберіп, өздерінің атасының Ақ Ордасының тағын қайтарып алды. Керей мен Жәнібек – Орыс ханның балалары болғандықтан, Қазақ хандығы алғашқыда кейде Ресейлік зерттеулерде “Государство Урусидов” (“Государство Шейбанидов” деген сияқты) деп те айтылады.

“Шайбани әулеті билеген мемлекет” (Үлкен Әбілхайыр хандығы) және одан бөлініп көшкен “Орыс ханның әулеті билеген мемлекет” (Жәнібек пен Керейдің хандығы, одан соң олардың баласының атымен “Қасым хандығы” деп аталады). Ал Қазақ тарихында әлі күнге дейін қолданылып келе жатқан “бөлініп көшкен” деген сөзді қолдану дұрыс емес, өз мемлекетін (Ақ Орданы) қалпына келтірген. “Бөлініп көшкен” деген сөзді Мұхамед Хайдар Дулати қолданған болатын. Дулати, әрине, Қазақтарды жақсы көрген жоқ. Сондықтан, “бөлініп көшкен” деп әдейі қолданды. Сосын көп кешікпей сол Дулати тарихшы, Қасым хан қаза болған соң: “Қазақтар жер бетінен мүлде жойылып кетті” деп те жар салды.

Ал Қазақтың өз тарихшысы Қадырғали Жалаири ешқандай “бөлініп көшу” жөнінде мүлде сөз айтпайды. Ол Жәнібек пен Керей хандарды өздерінің ата-бабасынан бері – Ақ Орда тағының (Алаш жұртының) заңды билеушілері деп есептейді. Жәнібек пен Керей хандар өздерінің 12-ші атасынан бері Ақ Орданы үздіксіз билеп келе жатқан болса, жергілікті халық басқа не айтуы керек…

Сондықтан, Қазақ мемлекетінің тарихын Ақ Ордамен байланысты қарау керек және Қазақ елінің мерейтойын тойлау керек болса, Ақ Орда құрылған күннен бастап – яғни 1226 жылдан бастап санау қажет. Мысалы, келер жылы Қазақ еліне 803 жыл толады.

Алайда Жәнібек пен Керейдің құрған мемлекеті енді “Ақ Орда” емес, өзіне “Қазақ Ордасы” деген атты мәңгілікке жамап алды. Ал Жәнібек пен Керейдің де, олардың әкесі Барақ хан мен Құйыршық ханның да, арғы аталары Орыс ханның да халқы өздерін “Алаш жұрты” деп атаған. Жалпы Қазақтар (“Қазақтар” деген сөзге құлақтары үйренгенше) – өздерін “Алаш халқы” деп атаған. “Қазақ халқы”, “Қазақ Ордасы”, “Қазақ хандығы” деген атаудың кеңінен қолданылуы тек Хақназар ханның кезінен басталады…

Неге – “Алаш халқы”. Халықтың атауы оны билеген адамның атымен аталады. “Өзбектер” – Өзбек ханның елі. “Ноғайлылар” – Ноғай сұлтанның елі. “Алаш халқы” – Алаша ханның елі. Солай солай кете береді. “Алаша хан” деп – Қазақтар Жәнібек пен Керейдің арғы атасын, Орыс (Өріс) ханды айтқан. Сөйтіп кешегі Орыс ханның халқы (Алаша ханның – Алаш халқы) – бүгінгі Қазақтар…

* Қазақтың тарихына қызығушылық танытқандарыңызға, бұл жазбаларға лебіз білдіргендеріңізге рахмет. Қазақтың тарихының даладағы ең бір тартымды тарихтардың бірі екені де рас. Соның ішінде, әсіресе, 9-11 ғасырлар қызықты. Себебі, бұл кезең біздің халықтың қайдан келгенін, қалай бастап қалыптасқанын көрсетеді. Сосын, 2-5 ғасырлар қызықты, ол кезең Көне Түркі халықтары мен тайпаларының, бүгінгі Түркі жұрттарының қалай таралып, қалай шыққанын көрсетеді.

*** “Қазақтың тарихы” – ол егер “Қазақ” деген халықты ешқашан естімеген адам болса әрқашан айтамын: бұл – көшпенділерділердің ұлы даласындағы бір кішкене көшпенді халықтың тарихы…

Мынау байтақ дүние, маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені, мен – қазақтың баласы!

 

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: