|  | 

Шоу-бизнис

Майра Мұхамедқызы

Mayra kereyМайра Мұхамедқызы – (сахнада Maira Kerey – Майра Керей есімін пайдаланады) (1965 жылдың 5 қыркүйек күні Қытайдың Құлжа қаласында дүниеге келді) қазақтың ең атақты опера әншiсi (сопрано), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Париждегі “Гранд Операның” қазақстаннан шыққан жалғыз тұңғыш әнші.Майра Мұхамедқызы ҚХР-да өнерлі отбасында туып, өскен. Тарихи отанына 1994 жылы оралды. Әкесі Мұхамед Әбдіқадырұлы — композитор, профессор, музыка зерттеу саласы бойынша көптеген кітаптардың авторы. Анасы Камал Қуанышқызы — әнші, ҚХР Халық әртісі.

Майра Мұхамедқызы Бейжің Ұлттар Университетінің Музыка Факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы) және Пекин Консерваториясын (Го Шу Джен сыныбы) бітірген. Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында (профессор Н.А. Шариповтің сыныбы) стажировкадан өткен.
Шығармашылығы

Майра Мұхамедқызының (Еуропа сахнасында Майра Керей) шығармашылық өміріндегі айтулы кезеңі Францияның Гранд-опера театрымен (Opéra National de Paris) келісім-шарт жасауынан басталады. Әлем опера аренасына Пуччинидің «Богемасындағы» Мюзетта рөлімен дебют жасап, опера жұлдыздары тенор Роберто Аланья, Марселло Альварез қатарлас әншілермен бірге ән салды. Г.Доницеттидың «Махаббат дәрісі» (L’Elisir d’Amore) атты комедиялық операсында Адина рөлімен Opéra National de Lorraine, Opéra de Rennes, Théâtre de Caen, Grand Théâtre de Reims және Opéra National Bordeaux сахналарында өнерін көрсетті. Әлемдік классикалық операның үздік үлгілеріне қатысып, жетекші партияларды орындап, европадағы опера карьерасын бүгінге дейін жалғастырып келеді.
Қазақ опера театрында Абай спекталінде Майра Ажар рөлінде

2005 жылы Майра Мұхамедқызы әйгілі әлем опера жұлдызы Пласидо Домингоның шақыруымен АҚШ опера сахнасына көтерілді. Вашингтон Ұлттық Опера Театрында П.И.Чайковскийдің «Орлеан Бикешінен» Агнесс Сорель партиясын орындады, аты аңызға айналған әлем опера жұлдызы Мирелла Френимен бір сахнада ән салды.

Gay City News ақпарат құралы айтуынша, Майра Керей — керемет орындаушылық шеберлігімен қоса табиғат берген ажары мен өнері астасқан дарынды әнші. «Тамаша дауыстың иесі Майра Керей бірегей дарынымен, табиғи қуатты, ашық таза, жағымды да әдемі дауысымен көрермендер жүрегін жаулап алды. Майра Керей Вашингтон операсына үлкен рөлдермен қайта оралатынына кәміл сенеміз», — деп жазады The Washington Times.

Майра Мұхамедқызы Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театрының сопрано дауысты жетекші әрі беделді әншісі. Майраның театрдағы репертуарында Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы Жібек, Жубанов пен Хамидидің «Абай» операсындағы Ажар, Вердидің «Травиатасындағы» Виолетта, «Риголеттодағы» Джильда, Бизенің «Кармен» операсындағы Микаэла, Доницеттидің «Лючия ди Ламмермурдегі» Лючия, Гуноның «Фаустындағы» Маргарита, Пуччинидің «Турандот» операсындағы Лию және басқа да партиялары бар.

Соңғы опера маусымында Майра Мұхамедқызы Гуноның «Ромео мен Джульетта» операсындағы басты партияны Opéra National de Lorraine опера театрында, Доницеттидің «Дон Паскуале» операсындағы Норина рөлін Grand Théâtre de Genève және Théâtre de Caen сахналарында, Пуччини «Богемасындағы» Мюзетта партиясы және Гуноның «Фаустындағы» Маргарита партиясын Opéra National Bordeaux опера театрында, Бритиннің «Жазғы түндегі түс» операсында Титания рөлін Opéra National de Lorraine, Grand Théâtre de Тoulon және Opéra National Bordeaux сахналарында сомдады. Altamusica келесідей хабарлайды: Қазақтың әнші қызы Майра сомдаған образдар ешкімге ұқсамайтын, ешкімді қайталамайтын өзіндік ажар-айшығымен ерекшеленеді. Кейіпкерлерінің бойына табиғи сұлулық пен ішкі жан-дүниесі мен сыртқы келбетінің астасып адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, көрермендер жүрегін әншілік шынайылығымен, орындаушылық шеберлігімен баурап алады»

Майра Мұхамедқызының концерттік репертуары бай да байсалды. Әншінің әлемдік классикалық операсынан бөлек, оперетта, мюзикл, камералық вокалды шығармалардан, халық әндерінен тұратын бай репертуары үнемі толықтырылу үстінде. Репертуарындағы көптеген шығармалар Қазақстан сахнасында бұрын соңды орындалмаған. Опералық және концерттік репертуарын асқан талғампаздықпен таңдап, үлкен еңбекқорлық пен ізденістің үлгісін көрсетіп келеді. Майраның орындаушылық тәжірибесі Бетховеннің 9-ші симфониясын, Гайдннің «Әлем жаратылысы» ораториясын, Мендельсоннің Elijah ораториясын, Моцарттың Exultate Jubilate, Перголезидің «Stabat Mater», Россинидің «Кішкене Салтанатты Месса», Вилло-Лобостың «Bachianas Brasileiras No. 5» т.б. қамтиды.

Майра Мұхамедқызы жеке концерттік, гастрольдік сапарда жиі болады. Ол Пекин, Гонконг, Стамбул, Дели, Сеул, Мәскеу, Санкт-Петербург, Будапешт қалаларында және Словакияда Форе, Пуленк, Дебюсси, Рахманинов, Чайковский, сонымен қатар, қазақ және қытай халық әндерін орындады. Пекиннің «Жон Шань Ли Тан» концерттік залында орталық Пекин опера театрының симфониялық оркестрімен және Ұлыбританиядағы «Кадоган-холл» концерттік залында Лондоннің Корольдық симфониялық оркестрімен жеке концерттері өтті.

2009—2010 опера маусымында Майра Мұхамедқызы Керубинидің «Медея» операсындағы Глауче ролын сомдайды. Сонымен қатар, Opéra National de Lorraine театрының симфониялық оркестрі сүйемелдеуімен Mozart et les femmes атты жеке концерті Францияның Нанси қаласында өтеді.

Қазақ мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театры 2009—2010 маусымында Майра Мұхамедқызына арнайы Доницеттидың «Махаббат дәрісі» (L’Elisir d’Amore) атты комедиялық операсының жаңа қойылымын ұйымдастыруда.

Майра Мұхамедқызы Қазақстанның өнер Елшісі болып, қазақты өзге елдерге танытып, ұлттық опера өнерінің жалауын көптеген алыс-жақын шетелдерде желбіретіп, мәртебесін көтерді, егемен еліміздің мақтанышы, қазақ халқының жұлдызды әншісіне айналды. Қазақ мемлекеттік Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрімен осыған дейін орындалмаған халық әндерінен тұратын «Інжу Маржан» таспасын жазып, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Майраның өнері жайлы бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен насихаттады. Майра тамаша әншілігімен қатар, Әмір Қарақұловтың «Жылама!» атты көркем фильмінде басты рөлді шебер орындап, жаңа бір қырынан көрінді.

Related Articles

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

  • Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Microsoft компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Билл Гейтс өзінің байлығын қайда жұмсайтынын ресми мәлімдеді. Кәсіпкер Африка елдеріндегі денсаулық сақтау, білім беру және кедейлікпен күрес салаларына шамамен 200 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. «Жуырда мен өз байлығымды 20 жылдың ішінде толықтай тарату жөнінде шешім қабылдадым. Қаражаттың басым бөлігі осы жерде, Африкада, түрлі мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталады», – деді Билл Гейтс өзінің қорымен бірлескен баспасөз мәслихатында. Басты басымдықтар: – инфекциялық аурулармен күрес (соның ішінде безгек, туберкулез, ВИЧ); – ана мен бала денсаулығын жақсарту; – ауылдық аудандардағы білім беру сапасын арттыру; – таза ауызсу мен санитария инфрақұрылымын дамыту; Билл Гейтс: «Бұл – қайырымдылық емес, бұл – инвестиция.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: