«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылық құрамындағы офицерлердің басым көпшілігі аттестацияның барлық кезеңдерінен сәтті өтті
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылық құрамындағы офицерлердің басым көпшілігі аттестацияның барлық кезеңдерінен сәтті өтті «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылық құрамындағы офицерлердің 40%-астамы аттестацияның барлық кезеңдерінен сәтті өтті. Аталған іс-шараның негізі міндеттері – кәсіби және іскерлік қасиеттер тұрғысындағы сипатын, әр әскери қызметшінің жауынгерлік әлеуетін анықтау болатын.
«Бүгінгі күнге дейін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылық құрамындағы офицерлердің 40 пайызы аттестацияны аяқтады. Бұл қазақстандық армиядағы офицерлердің білім, шеберлік және кәсіби деңгейінің айтарлықтай жоғары екенін білдіреді», – деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің басқармасы кадрлар бөлімінің бастығы подполковник Михаил Пичкарев.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында 1 600 офицер сынақтан өтетінін айта кеткен жөн. Аттестация бірнеше кезеңдер бойынша тапсыратын емтихандардан тұрады. Бірінші кезекте дене, атыс, кәсіби, саптық даярлықтардан сынақтар тапсырылады. Негізгі басшылық құжаттарынан, сондай-ақ басқа да әскери тәртіп бойынша міндетті пәндерден білім деңгейі тексеріледі.
Содан кейін әскери полиция өкілдері Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы бойынша білімін тексеріп, ал психологтар интелект, мінездегі өзін-өзі ұстай білуі мен қобалжу деңгейіне психологиялық тестілеу жүргізеді.
Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылы Қарулы Күштердегі офицерлік корпустың жоспарлы аттестациясы 2015 жылдың 12 қаңтарынан басталып, 1 қарашаға дейін жалғасады. 2015 жылдың 12 қаңтары мен 1 маусымы аралығында батальондар (дивизиондар), бөлімдер командирлері мен олардың орынбасарлары лауазымдарында әскери қызмет өтеп жүрген офицерлер, сондай-ақ жеке мінез-құлқы бойынша қызметте айтарлықтай кемшіліктері бар офицерлер аттестациядан өтеді. Екінші кезең 2015 жылдың 1 маусымы мен 1 қарашасы аралығында қалған офицерлік құрам толық аттестациядан өтетін болады.
ҚР ҚМ баспа сөз қызметі
Пікір қалдыру