|  |  | 

Оқиға Әлеумет

Шымкенттегі № 53 мектептен шу шықты

Шымкенттегі № 53 мектептен шу шықты. Осындағы 10-сынып оқушысы өз ұстазының үстінен арыз түсірген дейді тәртіп сақшылары. Анық болғаны, мұғалім ағай кабинетке үш қызды шақырып алып, киімін шешуді бұйырған болуы мүмкін.

Бұл оқиға құзырлы орган қызметкерлерінің құлағына жетіп, үлкен тексеру басталды. Нәтижесінде білім ордасының бірнеше былықтары ашылып отыр.

002

Хамза атындағы № 53 орта мектеп Коммунизм бөлімшесінде орналасқан. Осы мектептің 10-сынып оқушысы қыздарды бөлек кабинетке шақырған мұғалімнің үстінен арызданады. Шағымнан кейін мектепте дүрбелең басталыпты. Мамыр айының басында басталған тексеріс тоқсан қорытып жатқан ұстаздарға әжептеуір кедергісін тигізген.

Дегенмен, білім ордасының директоры Ахмет Мамшетов бұл оқиғаны жоққа шығарады. Оның айтуынша, математика пәнінің мұғалімі үш қызға сабақ үлгерімі нашарлағаны үшін ұрысқан. Осы сәтті пайдаланған біреулер мұғалімнің оқушыларға ұрсатын құқығы жоқ деп, шағымдануға ақыл берген болуы мүмкін. Себебі, арыз қазақ тілінде жазылған. Ал оқушы қыздар — өзбек сыныбында оқиды.

Прокурорлардың тексеруінен кейін оқушының шағымы шындыққа жанаспайтыны анықталған. Есесіне білім ордасының өзге былықтарының беті ашылды. Мектептің биылғы оқу бітіргелі отырған түлегі нәпақа табу мақсатында шетелге кетіп қалған. Ал мұғалімдер сынып журналына сол оқушыны келмей қалғанын белгілемей, тіпті, баға қойып келіпті. Ал бітіруші баланың ата-анасы оның шетелге ем алу үшін аттанғанын айтып ақталады.

Бұған қоса мектеп оқушылары сабаққа толық келмейтіні анықталды. Ал мұны мектеп директоры ауа райымен байланыстырып отыр.

Прокурорлар анықталған мәселелер бойынша тез арада мұғалімдерді жинап, жиын өткізді. Білім ордасындағы былықтарға жол бергендер жазаланады деді. Осы орайда қадағалаушы органның қызметкерлері қалалық білім бөліміне арнайы хат та жолдады.

Ернар Балабеков

otyrar.kz/

Related Articles

  • Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге “Аллаһты еске салды” дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы. Екінші, жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, “ұйқыдағы” сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе

  • “Украинадағы соғыс ондаған жылға созылуы мүмкін”. Британ генералымен сұхбат

    Важа ТАВБЕРИДЗЕ Украин сарбаздары зенитті қарумен атқылауда. Архив суреті. Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы, қорғаныс және қауіпсіздік тақырыбында кеңес беріп, дәріс оқитын генерал сэр Ричард Бэрронс майдандағы айла-тәсіл, өндірістік мобилизация және Украина мен Батыс елдері таңдауы соғыстың ондаған жылға жалғасуына қалай әсер ететінін айтып берді.  Генерал сэр Ричард Бэрронс Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы. Қазір Universal Defense & Security Solutions қорғаныс және күзет компаниясын басқарады. Ол Азаттықтың Грузин қызметімен сөйлесіп, Украинадағы соғыс неге ұзаққа созылатынын талдап берді. Азаттық: Украинада соғыс басталғалы бір жылдан асты. Осы уақыт ішінде қандай сабақ алдық? Ричард Бэрронс: Еуропа үшін жоғары деңгейде сабақ алатын дүниелер болды. Біріншісі, 90-жылдары Қырғиқабақ соғыс аяқталғаннан кейін көбі “енді соғыспайтындай болдық” деп ойлағанымен,

  • Былтыр сахнада бас сүйек ұстап сөйлеген Игорь Мангушев Луганскіде бас жарақатынан қайтыс болды

    Игорь Мангушев. Ақпанның басында Украинаның Луганск облысында басына оқ тиіп, ауыр жараланған саясат технологі, Ресей армиясының офицері Игорь Мангушев ауруханада қайтыс болды. Бұл жөнінде РИА Новости агенттігіне оның досы, әскери журналист Аким Апачев хабарлады. Мангушев былтыр жазда сахнаға қолына “біреу өлтірген украин жауынгерінің бас сүйегін ұстап шығып”, “танылған”. Апачевтің айтуынша, ол жуырда Мангушевке кіріп шыққанда, досы ес-түссіз жатқанын көрген. Мангушев есін жимаған күйі көз жұмған. 4 ақпанда Украинаның Луганск облысында Мангушевтің басына оқ тиген. Ол қалай жараланғаны белгісіз. Соғыста жараланбаған деп айтылады. “МИГ” Telegram-арнасының хабарлауынша, оқиға Стаханов маңындағы блокбекетте болған. Мангушевке жақын жерден оқ атылған. Оған кім оқ атуы мүмкін екені әзірше хабарланбады. Мангушевтің сахнада бас сүйек ұстап сөйлеп тұрғаны түсірілген видео

  • Қара теңізде Ресейдің “Мәскеу” крейсері суға батты. Оған не болды?

    Марк КРУТОВ “Мәскеу” крейсері Ресейдің Қара теңіздегі әскери флотының флагманы болған. 14 сәуір кешке Ресей қорғаныс министрлігі елдің Қара теңіздегі әскери флотының флагманы – “Мәскеу” крейсері суға батқанын хабарлады. Сарапшылар зымыран қаруы бар крейсерден айырылу Ресей флотына елеулі соққы болып тиетінін айтады. 13 сәуір кешке Украинаның Одесса облыстық әскери әкімшілігінің басшысы, полковник Максим Марченко telegram-каналына Ресейдің Қара теңіз флотының флагманы (жолбасшы кеме) саналатын, зымыранмен жабдықталған “Мәскеу” крейсеріне Украинаның кемеге қарсы екі “Нептун” зымыраны тигенін жазды. Бірнеше сағаттан кейін Ресей қорғаныс министрлігі ТАСС агенттігіне кемеде өрт болғанын растады. Әскери ведомство “Өрт салдарынан “Мәскеу” зымыран крейсерінде оқ-дәрі қоры жарылды. Кемеге едәуір зақым келді. Экипаж толықтай эвакуацияланды” деп мәлімдеп, өрттің шығу себебі анықталып жатқанын айтқан.

  • Әйелдің бағы бес елі екен. Өйткені ол АҚШ-та тұрады…

    Полицейдің жуан білегіне қолын сүйеп, басын иіп шексіз ризашылықтың ишарасын білдіріп тұрған мына әйел күн бұрын дүкеннен бес жұмыртқа ұрлап, қолға түседі. Оқиға орнына жеткен Уильям Стейси ұрының қолына кісен салып, қамаудың орнына бес жұмыртқаға бола басын қатерге тіккен бейбақты сөзге тартады. Сұрай келе үйінде төрт баласы ашқұрсақ отырғанын, екі тәуліктен бері нәр татпағанын біледі. Шиеттей бала-шағамен айына 120 долларға ғана жан бағатынын, оның өзін біреуге ұрлатып алғанын естиді. Мән-жайға қаныққан офицер сол жерде әйелді босатып, үйіне жеткізіп салады. Күдігін сейілту үшін отбасының жағдайымен танысып, байғұс ананың алдамағанына көз жеткізеді. Кетерінде ұрлық жасау – тығырықтан шығар жол еместігін айтып, бұдан былай заң бұзбауын ескертеді. Бие сауым уақыт өткен соң ашқұрсақ

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: