|  | 

Әдеби әлем

Төр Алтай қарымды қаламгерімен қоштасты

Dydahimet Ashimhan Бүкіл саналы ғұмырын шығармашылыққа арнаған қарымды қаламгер Дидахмет Әшімханұлының өмірі 65 жасында үзіліп, мәйіті Алматыдан туған топырағы Төр Алтайға әкелініп, жер бесікке берілді.

Алматы мен Астанадан, тағы басқа өңірлерден келген марқұмның жақын достары, қаламдастары, ет жақын туыстары, аудан жұртшылығы қатысқан қаралы жиынды жүргізген жазушы Әлібек Қаңтарбаевтың сөзімен айтқанда, қазақтың сөз өнері аламанына кілең бір сүлейлерін қосқан Катонқарағай халқы тағы бір асыл ұлынан, жыршысынан айырылды. Оралхан Бөкейді елуіне жеткізбей аяқтан шалған сұм ажал біраз ентігін басқандай болып еді, енді келіп Алтайдың алып бәйтеректерін сұлата бастады. Қалихан Ысқақтай өнер саңлағының өмірден озғаны кеше ғана еді, міне, бүгін Дидахмет сынды арда ұлымызды, арысымызды арамыздан алып кетті. Төр Алтай Алатауға Қал­ағаңды да, Оралханды да, Дидахметті де кеуделері арманға, жүректері жалынға толы күйлерінде аттандырған еді, енді, міне, елге құрыш табытпен оралтып жатыр. Бұдан асқан қасірет бар ма?..

Аз жазса да, саз жазатын, қаламдастарының арасында жиырмасыншы ғасырдың Бейімбет Майлині деп мойындалған, адамдықтан аспаған, арамдыққа баспаған Дидахмет Әшімханұлын соңғы сапарға шығарып салуға арналған жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Шығыстың шамшырағы болған қаламгердің қазасы бүкіл еліміздің, алты алаштың қайғысы екендігін білдіре келе, марқұмның отбасына, туған­туысқандарына, бүкіл аудан жұртына көңіл айтып, аймақ басшысы Даниал АХМЕТОВ пен Премьер­министрдің орынбасары Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ қайғыға ортақтасқан сәлемдерін жеткізді. Дидахмет Әшімханұлының досы, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек Есдәулет екеуінің бірге басталған студенттік кездері, Дидахметтің дарындылығы, шығармашылыққа, достыққа деген адалдығы мен тазалығы, жазушылар арасындағы беделі жөнінде айтып, қаламгер қазасына орай жазған жырын оқыды.

Жазушы жерлесіміз, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әлібек Асқаровтың сөзі де қалың жұртшылықты толқытып, көзге жас алдырды. Сыңарынан айырылған аққудың күйін кешіп тұрып, ол талантты жазушы­публицист Дидахмет досының екінші өмірінің осы сағаттан басталғанын, оның оқырманы, халқы барда өлмейтінін айтып, жерлестерін рухтандырып, Қытайдағы қандастарымыз бен Түркиядағы достарынан, Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматуллин мен «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектен келген көңіл айтуларды жеткізді, көрнекті мемлекет қайраткері Мұхтар Құл­Мұхаммедтің жеделхатын оқып берді. Катонқарағай ауданының әкімі Қалихан Байғонысов Дидахмет Әшімханұлының керемет жазушылығын, оның азаматтығын, ауданның мақтанышы екендігін тілге тиек етіп, марқұмның отбасының, туған­туысқандарының қайғысымен бөлісті, оның жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады деп сөзін қорытындылады. Көрнекті жазушы Дидахмет Әшімханұлын жерлеген соң, құран­қатым бағышталды.

Жәнібек Қызыр Катонқарағай ауданы.

Ұлықбек Есдәулет,

Мемлекеттік сыйлықтың иегері

Қарағай

(Дидахмет Әшімханұлына)

Алтай тауы аңыраса аспан жұтып дауысын,

Күңгір­күңгір тас құласа күңірентіп тау ішін.

Тал бесік пен жер бесіктің арасында самғаған

Тау қойнына табыстадық алты алаштың арысын.

Жыршысынан айырылған Ақ Қабаның толқыны,

Жартасты ұрып быт­шыт болды көбік шашып сол күні.

Қайғыдан қарс айрылмаған қайран жүрек­жүрек пе,

Мәңгілікке мекен болса туған таудың қолтығы.

Не бар екен біздің өлмес сағынышты басардай?

Тарих? Уақыт?

Қойса нетті шаш ал десе – бас алмай?

Қазағымның ауыр жүгін арқалаған Толағай,

Қапияда сүріндің бе, соңғы белден аса алмай?

Жер аңсаған сары атандай алды­артыңа қарамай,

Асу асып кете бардың өз өлкеңді аралай.

Туған жерге тұлға болып, еңсе болып тұрарсың,

Алтайыңның орманына қайта оралған қарағай…

25 мамыр, 2015 жыл

Алматы – Катонқарағай.

Дидар газеті

 

Related Articles

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: