|  | 

Суреттер сөйлейді

Назарбаев атындағы көшелер

Жуырда Түркияда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тағы бір көше аталды. Бұл – көшеcіне Назарбаев есімі берілген Түркияның төртінші қаласы.

Түркиядағы «Адана хаберлери» агенттігінің Нұрсұлтан Назарбаев атында көше ашылғаны жайлы жаңалығынан алынған фотокопия.

Түркиядағы «Адана хаберлери» агенттігінің Нұрсұлтан Назарбаев атында көше ашылғаны жайлы жаңалығынан алынған фотокопия.

Түркияның Адана қаласындағы орталық даңғылдардың біріне Назарбаев есімі берілді.

Түріктің «Адана хабарлары» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, губернатор Мұстафа Буюк даңғылдың ашылу салтанатында «Назарбаев -халықаралық деңгейде танылған тұлға. Оның елін дамыту стратегиясын Түркияның іргесін қалаған Мұстафа Кемал Ататүріктің жоспарымен салыстыруға болады. Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан әлемнің көптеген халықтары үшін өркендеудің, бейбітшілік пен тұрақтылықтың символына айналғанын атап өткім келеді» деп мәлімдеген.

Бұл – орталық көшелерінің біріне Назарбаевтың аты берілген Түркияның төртінші қаласы. 2011 жылдың сәуірінде Назарбаевтың құрметіне Невшехир қаласы көшелерінің бірін атаған. 2012 жылдың қазанында Назарбаев есімі Қыршехир қаласындағы, ал 2013 жылы Гебзе қаласындағы көшеге берілген.

ШЕШЕНСТАНДА БАСТАЛҒАН 

2010 жылдың маусымында Түркия астанасында Назарбаевқа ескерткіш орнатылды. Оны ашу салтанатында сол кездегі Түркия президенті Абдулла Гүл «бұл – оның күллі түркі әлемі үшін жасап жатқан игі істеріне ризашылық белгісі» деді.

Қазақстан парламенті депутаты Айгүл Соловьева түрік қаласы көшесіне президент есімін беру туралы шешімді заң шығарушы орган қабылдағандықтан, оның заңдылығы мен жариялылығына күмән жоқ деп санайды.

Түркиядағы «Адана хаберлери» агенттігінің Нұрсұлтан Назарбаев атында көше ашылғаны жайлы жаңалығынан алынған фотокопия.
Түркиядағы «Адана хаберлери» агенттігінің Нұрсұлтан Назарбаев атында көше ашылғаны жайлы жаңалығынан алынған фотокопия.

- Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Қазақстан-Түркия қатынастарын дамытуға Назарбаевтың қосқан үлесі өлшеусіз әрі ол кісінің қолдауымен қазақ-түрік достығы нығая беретініне сенімдімін, – дейді ол.

Түркия билігі шешімін тәуелсіз журналист Сергей Дуванов та орынды санайды. Ол Азаттыққа «Қазақстан-Түркия қарым-қатынасын дамытуға Нұрсұлтан Назарбаев шынымен зор үлес қосты» дейді.

Қазақстаннан тысқары жерлерде президент Назарбаевтың құрметіне аталған тұңғыш көше 2007 жылы Шешен Республикасының Грозный қаласында пайда болған. Кейін Назарбаев есімі қаладағы бір мектепке де берілді.

2010 жылдан бері Иордания астанасы Амман қаласында да Назарбаев атындағы көше бар. Ал Қырғызстандағы Шолпан Ата қаласында Нұрсұлтан Назарбаевқа қола мүсін орнатылған. Қазір Ош қаласында Назарбаев атындағы саябақ пен мектеп салынып жатыр. БАҚ-тың хабарлауынша, мектеп құрылысын Қазақстан қаржыландырады.

ҚАЗАҚСТАНДА НАЗАРБАЕВ КӨШЕСІ ЖОҚ

Назарбаевқа алғашқы ескерткіш Украинаның Днепродзержинск қаласында орнатылған. 1958-1960 жылдары Қазақстанның болашақ президенті осы елде жергілікті кәсіптік училищеде оқыған.

Ал Қазақстанның өзінде Назарбаевтың есімімен аталатын көше жоқ. Соңғы жылдары шенеуніктер мен парламент депутаттары Астана әуежайы мен ел астанасын Нұрсұлтан деп атауды талай ұсынған, бірақ президент бұл ұсыныстарды қабылдамады.

Астанадағы жаңа университет Назарбаевтың есімімен аталады. Қазақстандағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» аталатын мемлекеттік элиталық мектептер желісі ғылым, экономика және саяси саладағы дарынды балаларды оқытуға арналған.

2010 жылдың шілдесі – Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні қарсаңында Алматыда дендропарк ашылып, президент құрметіне аталды. Оның есімімен аталатын саябақтар Астана, Ақтөбе қалаларында да бар.

2001 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордені тағайындалған. Наградалар жүйесіндегі дәрежесі – үшінші орында.

Іле Алатауының Тян-Шань жотасының солтүстік беткейіндегі Комсомол шыңы атауы 1998 жылы «Нұрсұлтан шыңы» деп өзгертілген.

2015 жылы Нидерланд Назарбаевтың бейнесі салынған пошта маркасы мен «президент Назарбаев» қызғалдағының жаңа сортын таныстырды.

Related Articles

  • Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025

  • Ураңхай таңбалары

    Ураңхай таңбалары

    Бұл қолжазба польяк текті орыс зерттеушісі Г.Е. Грумм-Гржимайлоның 1903 жылы Тува мен Батыс Моңғолияға жасаған экспедициясы барысында жазған күнделігінен алынды. Жазбада Ураңхай таңбалары берілген. Олардың қайдан алынғаны және атаулары жазылған. Жошы Ұлысы таңбаларымен ұқсастық байқалады Қажымұрат Төлегенұлы

  • АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Келесі миллиард секундта, яғни басқаша санағанда, отыз жылда астрономияда қандай жаңалық ашылуы мүмкін? Астрофизик, ғылым насихатшысы, Абдус Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығының (Триест, Италия) зерттеушісі Сергей Поповтың мақаласын ықшамдап аударып беріп отырмыз. *** Алдымен өткен 30 жылға көз тастайық. Отыз жыл бұрын КҮНГЕ ҰҚСАС ЖҰЛДЫЗДЫ АЙНАЛАТЫН ПЛАНЕТА ашылмаған-тұғын және ӘЛЕМНІҢ ҚАЗІР ҮДЕЙ КЕҢЕЙІП бара жатқанын білмейтінбіз. Бірінші ашылымды алдын-ала болжау мүмкін еді, екіншісін — жоқ. Біріншісі экзопланеталарды іздеуге бағытталған жүйелі еңбектің нәтижесі болса, екіншісін ғалымдардың көбі күтпеген-ді. Бұларды 1960-шы жылдардан бергі екі ең басты астрономиялық жаңалық дей аламын. Демек болашақ ірі жетістіктің де кейбірін болжай аламыз, ал басқалары тосыннан ашылады. Жалпы, ғылыми ашылымдарды неліктен болжауға болады? Өйткені көптеген маңызды

  • 1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада, Даниялық ғалым В.Томсен құлпытастағы бітік жазудың құпиясын ашты. Ғылыми жаңалық еуропа қоғамын дүр сілкіндіреді. Тосмен алғаш «түрік», «күлтегін», «тәңірі» деген сөздерді шешіп оқиды. Бітіктастағы жазудың келесі беті қытай иероглифімен бәдізделген-ді. Томсен иероглифтегі есімдердің реттік (қайталану) жилігіне қарап отырып келесі бетіндегі құпия таңбаларды біртіндеп сөйлете бастайды. Сол дәуірде шығыстану соның ішінде түркітану саласы жеке ғылым ретінде абройлы зерттеу нысанына айналды. В.Томсен таңбаны шешіп құпиясын ашқанымен көне түрік тілін білмеуші еді, сол себепті «бұл мәтінді оқыса Радлов оқиды» деген. Көп өтпей Радлов, Томсен шешкен таңбаның ізінше мәтін жолдарын оқыған. Сонымен жұмбақ күйде қалған тастағы бітік жазуы сөйлей бастаған… 25 қараша күні маңызды күн. Бітік жазу күні құтты болсын!

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: