Дидағама арналған ас бүгін 29-мамырда Астанадағы «Тұран» мейрамханасында өтеді.
Қадірлі достар, өздеріңіз білетіндей мамырдың соңғы апталары біздің отбасымызды мұң торлатып, жүрекке ауыр салмақ салып кетті. Әкемдей ақылшым, сырласым болған, рухы Алтайдың асқар тауындай биік, көңілі Сарыарқаның даласындай кең Дидағам мәңгілік мекеніне аттанды. Өзекті өртеп, орны толмас қайғы артып кетті бізге. Амал жоқ, Алланың жазғанына көнемiз де…
Менің өмірімде Дидағамның орыны бөлек болатын. Нағыз Азамат, Елдің ағасы, Алаш қайраткері едi. Дидағам ірі болатын, пенделіктен ада еді. Осы жылдары қанша рет бірге болсақ та, сапарда да, үйде де, дастарханның басында да 4-5 сағат отырғанда бір рет те күйбiң тірлік мәселесін ортаға салмаппыз, қашан да әңгімімеміз тек тарих, мәдениет, өнер, әдебиет, мемлекет пен қоғам тақырыптарының төңірегінде өрбитiн. Ұсақ-түйек, пенделiктен биік еді ол кісі. Сол биік күйінде өмірден өттi. Өкініштісі, Дидағамның әдемі әңгімелерін, адамдық ақылын тыңдау енді бізге қайтадан бұйырмас… Дегенмен, Аллаға тәубе дейміз, артында ел-жұрты, үрiм-бұтағы, тасқа қашап қалдырғандай шығармалары мен іздеп оқитын оқырмандары қалды. Осы күндерi қайғымызға ортақтасып, қолдау көрсеткен барша азаматтарға шексіз алғыс білдіреміз. Дидағама арналған ас бүгін 29-мамырда Астанадағы «Тұран» мейрамханасында өтеді. Барлықтарыңызға ең бастысы, амандық-саулық тілеймін! Амандықта кездесейік!
Ерлан Қарин
facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру