|  | 

Әлеумет

ҰБТ қарсаңындағы жүйке мен қалтаның жұқаруы

Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 2-сі күні басталады. Алматы облысы Талғар қаласындағы №2 орта мектеп түлегі Арайлым Қаратай «сынаққа дайынмын» дейді.

ҰБТ тапсырып шығып келе жатқан түлектер. Алматы, 3 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

ҰБТ тапсырып шығып келе жатқан түлектер. Алматы, 3 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

   Биыл Арайлым Қаратай 11-сыныпты «4 пен 5-ке бітірмек». Оның сыныбы қыркүйектен бастап күні бүгінге дейін ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындалып келеді. Бойжеткеннің айтуынша, тестке дайындыққа көп уақыт пен қажыр-қайрат жұмсаған әрі бұл процесс әке-шешесінің қалтасын да «жұқартқан».

 - Сабағымыз ауыр, оның үстіне түстен кейін сағатына 500 теңге төлеп, ақылы сабақтарға барамыз. Таңертең көңілім алаң болып оянамын. Кейде отырып «төмен ұпай алып қалсам қайтемін, әке-шешемнің жайы не болады, туыстарым не ойлайды» деп уайымдаймын. Осы ойлар жегідей жеп жүр, – дейді Арайлым Қаратай.

Соңғы қоңыраудан кейін түлектер күн сайын мектептегі қосымша сабақтарға барып жүр. Таңғы сағат тоғыздан кешкі алтыға дейін «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Қазақстан тарихы», «Математика» және таңдаған пәні бойынша тестке дайындалады.

Арайлым Қаратай мен анасы Марина Сәрсенбаева. Алматы, 26 мамыр 2015 жыл.
Арайлым Қаратай мен анасы Марина Сәрсенбаева. Алматы, 26 мамыр 2015 жыл.

Арайлымның анасы Марина Сәрсенбаева қызы оқитын мектепте орыс тілі пәнінен сабақ береді. Ол «Мына қосымша сабақтар балаларды мүлде діңкелетіп жіберді. Биыл қызымның жүйкесі жұқарып бітті, селқос болып барады» дейді.

- Қазір балалар таңнан кешке дейін мектепте болады. Меніңше, одан да үйде, тыныштықта отырып дайындалғаны дұрыс сияқты. Мектепте бәрібір баланың көңілі бөлінеді, дұрыс тамақтанбайды ғой, – дейді Марина Сәрсенбаева Азаттық тілшісіне.

Арайлымның анасы ҰБТ сынағын алып тастайтын шығар деп үміттенеді.

- Одан да емтихан тапсырып, мұғаліммен көзбе көз тілдесіп, ойын тілмен жеткізгені жөн болар еді. Қызым тест сұрақтары жауабын құр жаттаумен жүр. Айналдырған екі сағат баланың тағдырын шеше салады. ҰБТ-ны алып тастап, орнына балама бірдеңе ойлап тапса екен, – дейді ол Азаттық тілшісіне.

Арайлым көргенін есте сақтау қабілеті мықты екенін айтады. Есте жақсы сақтау үшін ол жауаптарды түрлі түспен белгілейді. Жыл бойы ол 45 сынақ тесттерін сатып алған. Бірақ ол «математикадан нашармын» деп уайымдайды.

«Сүйікті пәні география» екенін айтқан Арайлым «бүкіл әлемді аралап шыққым келеді әрі ағылшын тілінен қиналмаймын» дейді.

- Жыл бойы аптасына екі рет 400 теңгеден ақылы тест тапсырып жүрдік.Ақылы тестке әр отбасы қыруар ақша жұмсады. Тестке төлейтін ақша таппай қиналған отбасылар да бар, – дейді Арайлым Қаратай.

Арайлымның анасы айына 90 мың теңге (480 долларға жуық) жалақы алады. Әкесі құрылыс компаниясында маусымдық жұмыстар істейді.

Арайлым Қаратайдың ҰБТ-ға дайындалып жатқан тест жинақтары.
Арайлым Қаратайдың ҰБТ-ға дайындалып жатқан тест жинақтары.

«Менің оқуымның ақшасын төлеуге әке-шешемнің шамасы келмейді» деген Арайлым грантқа түсуді армандайды. Бірақ ол біліміне сенеді және Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «әлеуметтік-мәдени сервис» факультетінде оқығысы келеді. Бұл университетке ауылдық квотамен 86 балмен түсуге болады.

Арайлым Қаратай бос уақытында табиғат аясында серуендегенді, велосипед тепкенді жақсы көреді, әдеби кітапты көп оқиды. Ол бұрын дәмді тағамдар әзірлеуді, бәліш пісіруді ұнататынын, ал қазір оған уақыты жоқ екенін айтады.

- Біздің мектеп тестті бірінші ағыммен тапсыратын болды. Тексеруден өтетінімізді ойлап уайымдайды екенсің. Егер аяқасты бірдеңе шығып қалса, бәрін ұмытып қалуың мүмкін. Біз тест тапсыратын аудиторияның балконында полицейлер, ал әр қатарды мұғалімдер бақылап тұратынын айтты. Былтыр тапсырған түлектер «Мұғалімдер аралап, шпаргалкаңды шығар деп талап етеді. Тіпті шпаргалкаң жоқ болса да айғайлап, есіңді шығарып жібереді де, бәрін ұмытып қаласың» дейді. Мұны ойласам, тамағым құрғап кетеді, – дейді Арайлым Қаратай.

Ол тиісті пәндерден дайын шпаргалкалардың бағасы 500-1000 теңге (шамамен 2,6-5,2 доллар) тұратынын да біледі. «Мүмкін, математикадан шпаргалкаға сүйенетін шығармын» дейді ол.

- Бәрін уақыт көрсетеді, бірақ ҰБТ-ны өз күшіммен тапсыруға тырысамын, – дейді Арайлым Қаратай.

Арайлымның сыныбы ҰБТ тапсырғаннан кейін Алматы түбіндегі Есік көліне барып демалмақ.

Алма КЕНЖЕБЕКОВА

azattyq.org

Tags

Related Articles

  • Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге “Аллаһты еске салды” дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы. Екінші, жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, “ұйқыдағы” сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе

  • Әйелдің бағы бес елі екен. Өйткені ол АҚШ-та тұрады…

    Полицейдің жуан білегіне қолын сүйеп, басын иіп шексіз ризашылықтың ишарасын білдіріп тұрған мына әйел күн бұрын дүкеннен бес жұмыртқа ұрлап, қолға түседі. Оқиға орнына жеткен Уильям Стейси ұрының қолына кісен салып, қамаудың орнына бес жұмыртқаға бола басын қатерге тіккен бейбақты сөзге тартады. Сұрай келе үйінде төрт баласы ашқұрсақ отырғанын, екі тәуліктен бері нәр татпағанын біледі. Шиеттей бала-шағамен айына 120 долларға ғана жан бағатынын, оның өзін біреуге ұрлатып алғанын естиді. Мән-жайға қаныққан офицер сол жерде әйелді босатып, үйіне жеткізіп салады. Күдігін сейілту үшін отбасының жағдайымен танысып, байғұс ананың алдамағанына көз жеткізеді. Кетерінде ұрлық жасау – тығырықтан шығар жол еместігін айтып, бұдан былай заң бұзбауын ескертеді. Бие сауым уақыт өткен соң ашқұрсақ

  • Талдықорғанда дәрігерлерге ескерткіш ашылды

    Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында «Аяулы алақан» аллеясы ашылды. Жетісудың бас шаһары Талдықорған қаласының облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай, қаланың көркіне-көрік қосатын тағы бір жер орын тепті. Бұл мекенде ақ халатты абзал жандарға деген алғыстың нышаны ретінде «Аяулы алақан» мүсіні қойылған. Жоба авторы, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов. Мүсінде адамзаттың қос алақаны бейнеленген. Ал екі уыстың арасында жапырағы жайқалған жас ағаш өсіп тұр. Бұл жан жылуының әр тіршілік иесіне өмір сыйлай алатынын бейнелеп тұрған ерекше сәулет өнері. «Пандемияның алғашқы күндерінен-ақ Елбасы үндеуімен еліміз бірігіп, індетті жеңуге жұмылды. Қиын жағдайда алдыңғы қатарда күрескен – медицина қызметкерлері болды. Бүгінгі ашылған «Аяулы алақан» ескерткіш – аса қауіпті індетпен бетпе-бет келген

  • Жетісуда 60 жуық жанұя баспаналы болды

    Талдықорғанда алпысқа жуық отбасы баспаналы болды. “Болашақ” шағын ауданында берілген көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы ауданы 5 мың шаршы метрден асады. “Талдықорғанда соңғы 20 жылда аймақтағы барлық салалар бойынша өсу қарқыны орын алды. Қала жан-жақты дамыды. Жаңадан шағын аудандар ашылып, түрлі әлеуметтік нысандар бой көтерді. Бұның барлығын жасау үшін, қазынаға түсетін салықтың көлемі де артуы керек. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 860 млрд. теңгені құрап отыр. Осының арқасында бүгінгі деңгейге жетіп отырмыз. Елбасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауы да қазіргі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отырғанын атап өткен жөн”,- деді облыс әкімі Амандық Баталов. Жаңа пәтер кілтін алғандардың арасында қартаналар, көп балалы және әлеуметтік әлсіз топқа жататын отбасылар да бар. “Балам

  • Талдықорғанда жаңа эко-автобустар қолданысқа берілді

    Бүгін, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыс орталығының Талдықорғанға қоныс аударуының 20 жылдығы аясында айтулы оқиға өтті. Көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында қалада автобус паркі жаңартылды. “Жетісу” ӘКК арқылы жалпы сомасы 2,3 млрд.теңгеден асатын газбен жүретін 55 экологиялық автобус сатып алынады, олар тасымалдаушыларға 7 жылға лизингке беріледі (жылдық 4% – бен). Оның 32-сі қала тұрғындарына пайдалануға берілді. Мереке қарсаңында орталық алаңда облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен “Ютонг” маркалы 32 жаңа автобустың алғашқы партиясын-тапсыру салтанаты өтті. Қалған 23 автобус (14 ПАЗ және 9 “Ютонг”) жыл соңына дейін Талдықорған көшелерімен жүреді. “Бірнеше күн бойы жаңа автобустар қалалық бағыттар бойынша сыналды. Жалпы, олар барлық заманауи талаптарға жауап береді. Олардың кейбіреулері – 10 метр, басқалары-8,5

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: