Қытайдан келген Қазақ оқушы «Алтын белгі» иегері атанды
Қытайдан келген Расул Сұңқар Мәдениетқызы Қоянды орта мектебінің тұңғыш «Алтын белгі» иегері атанды.
Тағы бір оқу жылын артта қалдырған Қоянды орта мектебінің оқушылары арасында 11 сынып бітіруші түлектер алтын ұяларымен қимай-қимай қоштасты. Он бір жыл бойы төккен тер мен еңбектің ақталар сәті – ҰБТ екені анық. Қоянды орта мектебінде тұңғыш «Алтын белгі» иегері Сұңқар Мәдениетқызы ата-анасының, ұстаздарының үмітін ақтап, өз білімін қорғап шықты.
1996 жылы 10 қарашада ҚХР-да дүниеге келген Сұңқар көздеген мақсатына жету үшін ерінбей оқып, ізденіп, көптеген байқауларға қатысып, жүлделермен оралған. Түркістан қаласында өткен Республикалық Ясауи олимпиядасынан үшінші орын алып, Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің грантын қанжығаға байлап қайтқан еді.
«Алтын белгі» иегері асқақ арманына қанат бітірген мектеп басшысы Жәди Шәкенұлы мен аяулы ұстаздарына алғысының шексіз екенін айтты. Биыл осы мектепті бітіруші түлектердің көпшілігі жоғарғы ұпайлар жинап, мектептің абыройын ақтап шықты.
Пікір қалдыру