«МузАРТ» тобына халықтың ықыласы ерекше.
Соңғы 15 жылда Қазақстан эстрада сахнасына өзгеше құбылыс болып келген «МузАРТ» тобына халықтың ықыласы ерекше. Көне түркі тілінен алғанда «АРТ» сөзі – биік, шың, тау деген мағынаны білдіреді екен. Атына заты сай топтың музыканың шыңына шығып, биік белестерді бағындырғанына ел куә.
«МузАРТ» бүгінгі таңда эстрадалық топ деңгейінен шықты. «МузАРТ» қазақ мәдениетінің, өнерінің бетке ұстарына айналды. Қоғамда болып жатқан мәселелерге қатысты білдірген сындарлы көзқарастарымен, өз азаматтық ұстанымымен халықтың жүрегінен орын алып, өнердегі өзге азаматтарға үлгі боларлық биікке көтерілді. Сондықтан өнер мен мәдениет саласында елді елеңдеткен бір жаңалық болса, «МузАРТ» не дер екен деп халықтың оларды іздеуі де түсінікті.
Кейде тұлғаның елі үшін жасаған бір жақсылығы, орынды айтқан сөзі халықтың сан жылдар бойы аузынан тастамай, сүйсіне есіне алып жүретін өміршең дүниеге айналып жатады. Қоғамды шулатқан «МузТВ» жобасына қатысты «МузАРТ» тобының ұстанымы сондай бір елдің есінен кетпес, өзгеге үлгі боларлық қадам болды.
Әрдайым осылай биіктен көрін, қазақтың мақтанышы болған «МузАРТ» тобы!
Бауыржан Серікбай
facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру