|  | 

Шоу-бизнис

Айнұр Тұрсынбаева «Муз-ТВ» жүлдесін тапсыру рәсімінде қазақтың намысы тапталғанына сенімді

Белгілі айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева жұрт арасында үлкен дау тудырған Астанада өткен «Муз-ТВ» жүлдесі жайлы өз ойын Іnstagram парақшасында жазды деп хабрлайдыNUR.KZ.

1100641F4652CFE902304003E76B63AB4B9C0F-1A9E-219B-CEF5-67E379A26137

«Интернеттегi көп саясатқа араласқым келмейдi, жалпы.. Алтындарым, ауыр сөз есту кiмге оңай?! Бiзде де жүрек бар ғой… Маған Муз-ТВ-да неғып жүрсiз деп аузына келгенiн құсып жатқандар бар. Осыдан 2-3 жыл бұрын Арман Дәулетияров қазаққа жаны ашыса қазақтың ұл-қызын көтерсiн деп бiр пост жазған едiм… Соған орай шақырған соң бардым, Арман көтерiп жатқан қазақты көрген жоқпын, пiкiрiмдi жаздым..! Мен Ресей әншiлерiмен бiрге отырдым сол жерде! Сырт көзге жарқ-жұрқ етiп тұрды… Намыстың қаншалықты тапталғанын өз көзiммен көрдiм… Жiгiттердің неге қарсы болғанын ұқтым! Қазақтың дардай әншi жiгiттерi қайдағы бiр қызтекелерге суретке түсейiкшi деп жалынып жүрдi… Әжептәуiр ел танитын ағамызға «ВИА Гра» тобының жалаңаш қыздары «надоели» деп мұрнын шүйiрiп, кетiп бара жатты», — дейді Тұрсынбаева.

Ақын кеш барысында кейбір белгілі тұлғалардың атын атай алмай шатасқан қазақстандық жүргізушілерге «орысша сөйле» деп бұйрық берiлiп тұрғанын да айтты.

Жүргiзушiлерге сценарийдi қайта-қайта өзгертiп, құлағындағы құлаққаппен орысша сөйле деп бұйрық берiлiп тұрған

«Жүргiзушiлерге сценарийдi қайта-қайта өзгертiп, құлағындағы құлаққаппен орысша сөйле деп бұйрық берiлiп тұрған екен! Дұрыс ашылып сөйлеуге жол бермедi… Құрысын, өттi, кеттi! Шетелдiң топырлап келiп, төрiмiзде тайраңдауының басы да, соңы да осы болса екен деп тiлейiк… Не болса соған алданбайықшы… Қазақтар шоу жасай алмайды, қазақта әншi жоқ деп кiм айтты?! Мақпалды 5 минутқа шығарсыншы ана жерге, залды қақ айырып жiберсiн… Жұбанышқа айтқызсын «Дударайды»! Көрсетер едi қалай ән салуды… Амал қанша сондай момынбыз… Көндiк!», — деп жазды ол.

Тұрсынбаева Сәкеннің, (МузАрт тобының әншісі) парақшасын көріп көзіне жас үйірілгенін атап өтіп, шын мәнінде қазаққа кім жақын екенін ойлануға шақырды.

«Бүгiн Сәкен досымның парақшасын көрiп көзiме жас келдi… Айтыңыздаршы, оның бар жазығы қазақтың өз әнi, өз өнерi, өз дауысы бар. Қонақ болып келсiн, ән салсын, бiрақ топырлап кеп төрiмiздi билемесiн дегенi ме?! Ағайындар-ау, сiздерге кiм жақын? МузАрт па Муз-ТВ ма? Таразының екi басына тартып, қазаққа қайсысы көп еңбек сiңiргенiн ойлайықшы! Қазақтың әнiн жүрекке жеткiзiп жүрген кiм? Ауыл-ауылды аралап, қара қазақты қуантып жүрген кiм?! Азғындап кеткен гей топтарға қарсы шығып, үн қосқан кiм?! МузАрт-тың гонорары удай дептi бiр сауатсыздар. МузАрт-тың 20 жылда жинай алмаған ақшасын Муз-ТВ бiр-ақ күнде қылғыта салған жоқ па?! Неге бiз осындай жеңiл ойлаймыз? Бiреу жылт етiп келiп, жарқ-жұрқ той жасап берiп едi, басымыз айналып, бауырымыздағы баламызды басынан тебе салдық! Iшiм ашиды! МузАрт бiр күндiк емес! Осында туды, осында өледi! Қусаң да кетпейдi!!! Сiздерге кiм жақ?», — деп жазды ақын өз парақшасында.

Еске сала кетсек, Астанада  5-6 маусым күндері өткен «Муз-ТВ» арнасының жүлдесін табыстау рәсіміне атақты «МузАрт» тобының жігіттері бармайтынын айтқан еді.

nur.kz

Related Articles

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: