«РЭКЕТИР» ФИЛЬМНІҢ ЖҰЛДЫЗЫ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІН ЖАНҰЯСЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ
«РЭКЕТИР»ФИЛЬМІНДЕ БАСТЫ РӨЛДІ СОМДАҒАН САЯТ ИСЕМБАЕВ ХАЛЫҚҚА ӨЗ ОТБАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ.
Бұл туралы comode.kz жазады.
Бүгінде актер ретінде көптің кумиріне айналған Саят Исембаевтың жанкүйерлері киноларын жақсы білгенімен, оның отбасы туралы көп біле бермейді. Алайда, актер жақында тіркелген Инстаграм желісіне қызы Сара мен ұлы Аленнің суретін жариялады.
«Осы жыл мен үшін сәтті болды, себебі Рэкетир-2 фильмінің тұсау кесерімен қатар, қызымды қолыма алу бақыты бұйырды» деп қуанышымен бөлісті.
Әкесі сияқты актер болсын деген оқырманның пікіріне Саят мырза «ол әлі кішкентай, кім болатынын болашақта өзі шешеді, бірақ киноға бермеймін» деп жазған болатын. Актер болмайды деп айтқанына қарағанда, кино саласының қиыншылықтарын меңзеген шығар.
Сондай-ақ, актер әйелі Миленаның да суретін көрсетті. Бірақ жары басқа ұлттың өкілі болғандықтан, кейбір оқырмандарға ұнамай қалған сияқты.
Дереккөз: Nur.kz
Пікір қалдыру