|  | 

Тұлғалар

Тарих: бір адам, бір тағдыр, бір халық

Тарих дегенде бірінші еліміздің, жеріміздің тарихы ойға оралары сөзсіз. Осы біздің жерлер осы күнге қалай жетті? Қалай сақталды? Ата-бабамыз жерді сақтап қалу үшін қаншама қиындықтар мен күрестерді бастан өткерді!

Тарихтың қойнауына сүңгісек, тарихи оқиғанынң мыңдағанын табарымыз сөзсіз. Мен бүгін арыға бармай-ақ, Кеңес одағы кезінде Оңтүстік жерін Өзбекстанға, солтүстік жерін Ресейге қосуға қарсы шығып, күрескен Жұмабек Ташенев туралы, оның тарихта жүріп өткен жолдары туралы жазғым келді. Өйткені, биыл Жұмабек Ташеневтің туғанына 100 жыл толды. Осы айтулы датаға байланысты жыл басынан бері талай іс-шаралар өткізілуде. Алайда ұмабек Ташеновтың кім болғанын, қандай саясаткер болғанын біздер, жастар жағы аз болмаса, көп біле бермейміз.

Жұмабек Ахметұлы Тәшенeв
Дүниеге келгені: 1915 ж. наурыздың 20 (100 жас)
Ақмола облысы Аршалы ауданыТанагүл ауылы
Қайтыс болғаны: 1986 ж. қарашаның 18 (71 жаста)
Шымкент қаласы
Ұлты: Қазақ
Мансабы: мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты

-

-деп көрсетеді Википедия. Бірақ көрнекті қайраткер туралы ғаламтордан емес, саясаткерлер мен туыстарын, экономисттер мен білетін азаматтарды сөйлетіп, толық тануға тырысып көрейік.

Айтпақшы, ұмытпай тұрғанда айтып қояйын, баршаңыз білетін де шығарсыз, көрнекті

мемлекет қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтың туғанына 100 жыл толуына орай, қазақ шекарасының бүтіндігін сақтап қалған саясаткердің туған жері Қызылжарда ескерткіші ашылып, мектеп аты берілді.

Шынжырда өткен жолбарыс тағдырдың бір үзігі туралы айтып, жазып көруге тырысайын.

1915 жылы Ақмола облысына қарасты Бабатай ауылында дүниеге келген Жұмабек Ахметұлы Ташенов еңбек жолын СҚО Бейнетқор ауданы атқару комитетінің хатшысы болып бастайды. Соғыстан кейінгі қиын жылдардағы еңбек жолы тартысқа толы болды.

Саян ТАШЕНЕВ,  Жұмабек Тәшеневтің ұлы: 

- Әкем осы Қызылжар өңірінде отыз жасқа дейін еңбек етті. Өз жұмысын жақсы білді және әр ісін ерекше жақсы көріп атқарды. Әсірісе Алматыға келген жылдары 3-4 ай бойы қар түскенше егінді жинап алу үшін бас алмай жұмыс істеді. Әрқашан егін алқабында болды. Ол кісі өте еңбекқор болатын. 60 жылдары тың игеру науқаны басталған Хрущевқа қарсы шығып, өз қызметін құрбандыққа шалды.  Ширек ғасыр қуғынды болып министрлер кеңесі төрағасынан Шымкент облыстық атқару комиеті төрағасының орынбасарлығына түсіп қалды.

Сейфолла САПАНОВ, саясаттанушы:

- Жұмабек Тәшенев Маңғыстау өңірін Түркментсанға солтүстіктегі бес облысты Ресей құрамына қосуға тосқауыл жасаған ұлт жанашыры, қазақ мемлекетінің тұтастығына сақтап қалған қайраткер. Егер Қазақстанның Солтүстік пен орталықтағы бес облысы Ресей құрамына өтсе конституцияға өзгеріс еңгізу керек. Өйткені әр ұлттың өз атамекені өзіне тиесілі болу керек. Немесе мен БҰҰ-на шағымданамын деп  Жұмабек Тәшенев Хрущевтың ауызына құм құяды. Сондай-ақ, Кремльдің  Маңғыстау өңірін Түркментсанға, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға қосу бастамасына да тойтарыс берген азамат.

Осындай ел азаматы өзі қызметте тұрғанда алаш арыстырының жақындарына да көмек қолын аямады.  «халық жауы» жаласынан арылмаған Мағжан Жұмабаевтың зайыбы Зылиха анамызға  Алматы Әуезов мен Ғабдуллин көшелерінің қиылысында салынған үйден баспана бергені әлі де ел есінде.

1960 жылдары Министрлер кеңесіне төраға болып, қазіргі Қонаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы 121 пәтерлі үйді түгелімен өнер мен әдебиет қайраткерлеріне бергізеді. Ол үйді осы күнге дейін «Қазақ ауылы» немесе «Тәшеновтің үйі» деп айтады. Бұл үйде Илияс Омаров, Бибігүл Төлегенова, Кәукен Кенжетаев, Жамал Омарова, Шара Жиенқұлова сынды танымал тұлғалар тұрған.

Тіпті Алматыдағы бір Абай ескеркіші мен ұлы ақын атындағы даңғылдың болуы туралы бастаманы алғаш Жұмабек Ахметұлы Тәшенов көтерді. Кремльдегі басшыларға «Қазақтың Абай деген ұлы ақыны» бар деп  игі іске себепші болды. Бір қызығы, Ташенов осы ескерткішті қарапайым  колхоздың ұстасы, арнаулы білім алмаған, Хакімжан Наурызбаевқа жасатыпты. Осылайша, Хәкімжан ағамыздың сәулет өнеріндегі жолы Ұлы хәкімнің ескерткішінен басталған. Бүгінде Жұмекең өзі лентасын қиып ашқызған Абай ескерткіші қаланың қақ төрінде тұр.

Тарих ешқашан ұмытылмайды. Тек дәріптей білуіміз керек.

Мұсабекқызы Ақботаның блогы

 

Related Articles

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: