|  | 

Тұлғалар

Жәнібек туын алып шығып бүкіл әскери адамдар мен ел бастықтары тудың алдында ант берді

Оспан батыр

Қапас екеумізді Қоңырқай дарасындағы бекініске апарып бақты. Қапас тез жазылып кетті. Өйткені оқ сүбені тесіп өтіп кетіпті. Әкем алтын салған аю өтімен 31 күн емдеп жазылып кеттім. 30 кісі ертіп беріп Сұлубайды Бұлғындағы Жәнібек аулына Жәнібектің туын алып келуге жібердік. Сұлубай туды алып Зарыққанды ертіп Күртіде отырған Оспанға келді.

Ту келгеннен кейін Арал елін шақырып ат шаптырып той қылдық. Жәнібек туын алып шығып бүкіл әскери адамдар мен ел бастықтары тудың алдында ант берді. Соғысты жалғастыра беруге серт берістік.[52]

Алтай үкіметінің бастығы Гау Бауиға қағаз жібердік. “Біз ұлттық езгіге қарсы күресеміз. Өз тәуелсіздігімізді алмай қоймаймыз. Шынжаң деген бүкіл территорияны босатып аламыз. Өз алдымызға Шығыс Түркістан мемлекетін құрамыз. Бүгіннен тартып бандит Шың Сысай жеріне қайтсын. Шың Сысай өз сөзінде тұрмады. Шың Сысай 1933 жылы таққа шыққаннан бері жазықсыз 15 мыңнан астам қатын-баламызды қырды. Қазақтарды, ұйғырларды езуді бандит Шың Сысай өзінің меншікті мүлкіне айналдырып алды. Шынжаңдағы мұсылман халықтарын құлдыққа айналдырып барады. Сұмырай Шың Сысайдың 1934 жылы жариялаған алты жолы Шынжаң мұсылмандарына пәле мен қаза әкелді. Онан біз әбден сабақ алдық. Біз Шынжаң халқы Жын Шурын атты қасқырды есіктен қуып шығып Шың Сысай атты жолбасырты шаңырақтан түсіріп алғанымызды әбден түсініп болдық. Біздің өлкеміздің негізгі аты Түркістан еді.

Altaydagi Qazaq rulari kereyler

1919 жылы Коминтерн құрылғаннан кейін Шығыс Түркістан деп атап кеткенбіз. 1923 жылы Ян Зы Шың Құлжадағы сауда тоқтамын Түркістан – Шынжаң саудасы деп атап Шұй Го Жын қол қойған еді. Сол Түркістанның Шығыс Түркістаны біз едік. 1932 жылы сәуірдің 5 күні Коминтерн “Шығыс Түркістан тәуелсіз ел” деп жариялап жарнама шығарып Қожаниязға (77) халықаралық үлкен жәрдем берілді. Бандит Шың Шысай 1942 жылы қыркүйекте Коминтерннен қол үздім деп жариялағанда 1942 жылы 20 қарашада Коминтерн “Шығыс Түркістан тәуелсіз халық республикасы” деп жарнама жариялады. Соңғы кезінде Оспан тобы осы жарнаманың негізгі орны болып қалды. Бұның барлығы кешегі тарихта еді. Осы тарихи құжаттардың қазірге дейін сиясы кепкен жоқ.

Сонау өткен заман тарихын алып айтсақ оны қытайдың өзі белгілеп 17 өлкесін кесіп 300 жылдық жасаған ұзын қорғаны бар еді. Осы қорғанның сыртының барлығы Түркістан жері, Шынжаң деген сөз 1738 жылы Манчу Хандығының Шынжаңға жіберілген Генералы Зо Зұ Таң қойып алған есімі еді. Сол кезден бұрын да, және кейін де осы біз айтып отырған Шығыс Түркістан өлкесі Жұнғария – Қашқария болып екі әкімшілік район арқылы іс жүргізіп келді. Қашқария, яғни Алтышар ұйғыр халқының мекені, ал Жұнғария Қазақ халқының атамекені болып келе жатыр. Сонау 552 жылы қазақтардың Үйсін Хандығының орталығы қазіргі Жемсары ауданындағы Қағанбұт қаласы еді. Сондықтан біздер Шынжаң деген жер атын танымаймыз. Ол кездегі Жұнғария – Алтай, Тарбағатай, Іле, Үрімжі, Құмыл, Гансудың Жу жуан аймағы еді. Біз төңкерісшілер осы жерлерді дауламай тұра алмаймыз. Үкіметтеріңізге жоғарғы қолбасшыларыңызға жеткізіп қоясыздар” деп , Сәдуақас молланы жібердік.

Mominbay by Buqpatayuli

Момынбай би Бұқпатайұлы

burkitbay

 

 

Осы өкілдерді қорғап Бүркітбай батыр алып барып Сарсүмбе қаласына енгізіп жіберді. Қайтарында Ертіс бойлап Шібеті өрлей келе жатып жау қолына түсіп кетіп 13 адамды бандит Шың Шысай 1943 жылы 18 қыркүйекте Сарсүмбе қаласына апарып атты.[53] Осы жылдың жазында 12 адамдық бір шолғыншы жіберілді. Сарсүмбеге дейінгі екі арадағы жер тазалығын тексеруге кетіп еді. Шың Сысай бандылары Алтайдағы монғолдан Бурыл бастық 19 адамды Шаңырақты Қызылдағы қарауылға жіберіп ол жердегі Оспан қарауылын талқандап келуге бұйырыпты. Кәмел, Қапас қатарлы адамдар (78) бұл қарауылды қиратып 18 мылтық, ат-көліктерін түсіріп келді. Тек Бурыл дейтін бір монғол қашып құтылған болатын.

“Нұрғожай батыр естеліктенінен”

Дайындаған Жұмабай Мәдібайұлы

Related Articles

  • САРБАС РУЫ ЖӘНЕ САРТОҚАЙ БАТЫР

    Тарихты түгендеу, өткеннің шежіресін кейінге жалғау – атадан балаға жалғасқан ежелгі дәстүр. Шежіре, ұлт-ру, тайпа тарихы – атаны білу, арғы тарихты білу болып қалмастан ұлттың ұлт болып қалыптасуы жолындағы бастан кешкен сан қилы оқиғалары мен ауыр тағдырынан да мол дерек береді. Шежіре – тұтас халық тарихының іргетасы ғана емес, ұлт пен ұлыс танудың әліппесі  саналады. «Қазақ халқы 200-ден аса рудан құралса да әр рудың өз шежіресі болған. Шежірешілер жүз, тайпа, ру, ата тарихын терең талдай білген»(1). Патшалық ресейдің дәурені аяқталар тұста қазақтың мемлекеттігін қалпына келтіруді мақсат тұтқан Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан (1866-1937) алғашқы болып қазақ тарихының қажеттілігін алға тартып, башқұрттың әйгілі ғалымы Уәлиди Тоғанмен кездесіпті. Уәлиди Тоған өзінің естелігінде: «Мен бірнеше

  • ТӘҢІРІ ҚАЛАУЫ ТҮСКЕН ЖАН

    Мандоки Қоңырдың туғанына 80 жыл толуына орай «Тәңірі мені таңдады»  Мұхтар Мағауин Мандоки Қоңыр Иштван – отаны Мажарстан ғана емес, күллі түркі дүниесі қастерлейтін ұлық есімдер қатарындағы көрнекті тұлға. Шыңғыс жорығы тұсында Карпат қойнауындағы мадиярлар арасынан пана тапқан құман-қыпшақ жұртының тумасы Мандоки Қоңыр оннан аса тілді еркін меңгерген, бұған қоса зерттеушілік қарымы ерен, Тұран халықтарының фольклорлық-дүниетанымдық санасын бойына дарытқан ғалым. Ол түркология ғылымымен дендеп айналысып қана қоймай, ХХ ғасырдың төртінші ширегінде Шығыс пен Батыс­тың арасында алтын көпірге айналды, миллиондардың ықылас алқауына бөленді. Яки ол халықтар арасын жақындас­тырған мәмілегер, озықтарға ой салған көреген еді. Замана алға жылжыған сайын мерейтой иелері туралы айтылатын жайттар естелік пен өткен шақ еншісіне көшеді. Көзі тірі

  • Нұралы батырдың кесенесі  жөнінде

    Кейінгі кезде Нұралы батырдың кесенесі жөнінде әртүрлі әңгімелер шығып жүрген көрінеді. Оның бірі Моңғолиядан келген бір туысқанымыз басқа бір белгілі жерлесіміздің Нұралы батырдың зираты деп кигіз үй сияқты саман кірпіштен қаланған  әдемі зираттың жанына барып құран оқығанына куә болғанын келтіріпті. Ол жігіттің  көргені де, айтып отырғаны да шыңдық. Өйткені 1982 жылға дейін елдің көпшілігі, оның ішінде  мен де солай  ойладым. Әңгіме түсінікті болу үшін мен сол кездегі оқиғадан бастап баяндайын. Мен 1961 жылы Семейдің  мал дәрігерлік институтын бітіріп келдім. Мені  сол кездегі  С.М. Киров атындағы  колхозға мал дәрігері етіп жіберді. 1962 жылы бұл колхоз «Горный» совхозына айналды. Біз бала кезімізден: «Нұралы атамыздың зираты С.М Киров атындағы колхоздың жерінде орналасқан,   Бабамыз батыр болған кісі, ал оның жанындағы қабырдың  ұзындығы жеті кез, біздің  бабамыздан  да  асқан

  • Алыстағы ағайынның Атамекенге оралу жолын тұңғыш ашқан қазақтың қаһарман қызы

    Ол кім дейсіз ғой, турасын айтсам ол Сағат Зақанқызы. Тоқсаныншы жылдардағы алғашқы көш Моңғолия қазақтартарынан басталған. Сол көшті алғаш бастаған адам Сағат Зақанқызы. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Жарғақ құлағы жасттыққа тимей, сонау қиын-қыстау заманында алыстағы ағайындардың жолын ашқан осы адамды қазақтың қаһарман қызы атауымыздың өзіндік себебі бар. “Көш басшысымен көрікті”  “Көргені жақсы көш бастар”  дейді атам қазақ.   Осы екі ауыз сөздің астарына үңіліп қарасақ, онда, үлкен мән мағына бар екеніне көз жеткіземіз.       Бұрынғы ауыл көшінің өзінде, көш басшылары төрт түлік малдың өрісінің жағдайына қарай, әр мезгілдегі ауарайының өзгерісіне сай, көшіп қонуда бір басына жетіп артылар  үлкен жауапкершілік  жүктесе, Моңғолияда тұратын қандастарымыздың бір жарым ғасыр ғұмыр кешкен ел жерінен ,

  • КЕНЕСАРЫ ХАНҒА ТАҒЗЫМ

    Жүз елу жыл! Биыл Кенесары ханның шәйіт болғанына бір жүз елу жыл толды. Кенесары ғана емес. Наурызбай бахадұр сұлтан, Ержан сұлтан, Құдайменде сұлтан. Қыпшақ Иман батыр, Тама Құрман батыр, Дулат Бұғыбай батыр, Дулат Жауғаш батыр, Дулат Медеу би, қылыштың жүзі, найзаның сүңгісі болған тағы қаншама азамат. Қазақ Ордасының ең соңғы жарақты жасағында қалған үш мыңнан астам аламан. Бәрі де шәйіт болды.Кенесары ханның, оның ең соңғы жауынгер серіктерінің қасиетті қаны шашылған ақырғы сағатта төрт ғасыр бойы төре таңбалы қызыл туы желбіреген ұлы мемлекет Қазақ Ордасы шайқалып барып құлады. Алаш баласы сонау Үйсін, Ғұн, Түрік заманынан тартылған, Алтын Ордаға жалғасқан, Қазақ Ордасына ұласқан, Орталық Азия төсінде жиырма ғасырдан астам, ғаламат ұзақ уақыт

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: