|  | 

Суреттер сөйлейді

Кіші жүздің ханы Жантөре Айшуақұлының құлпытасы табылды!

KISHI JUZ HANIJANTORE AYSHUAQULI

БҚО, Теректі ауданы, Шағатай ауылдық округі, Қызылжар ауылынан Кіші жүздің ханы болған Жантөре Айшуақұлының құлпытасы табылды-деп хабарлады Еркін Ырғалиев facebook парақшасында.

JANTORE AYSHUAQ ULI

 

Жантөре Айшуақұлы (1759 — 02.11.1809) — мемлекет қайраткері, дипломат, Кіші жүз ханы (1805 — 1809). Ресейдің қазақ жеріне ықпалын тежеу саясатын ұстанды. Хан сайланған алғашқы айлардан бастап-ақ билікке таласқан бәсекелестерінің қарсылығына тап болды. Әсіресе, өзінің нағашысы Қаратай сұлтанның оны хан ретінде танудан бас тартуы Кіші жүздегі саяси ахуалды шиеленістірді. Алғашқы кезде сөз жүзінде хандық кеңестің төрағасы болып есептелінген, алайда Ішкі орданы билеген Бөкей де Жантөренің жаулары Қаратайды, Орманды, хандық кеңестің мүшесі Уқа Төлеповты қолдап, Жантөреге кедергі жасады. Жантөре осындай қарсылық жағдайында, Жетіру бірлестігіне арқа сүйеп, шебер дипломатиялық саясатымен қарсыластарының арасына іріткі салды. Байұлының бір бөлігі Жантөреге қолдау көрсетті. Жантөре бес жылға жуық хандық билігі тұсында Кіші жүз арқылы өтетін Ресей мен Хиуа, Бұхар хандықтары арасындағы транзиттік керуен саудасының қазақтар үшін пайдалы екенін түсініп, оны қолдады. Сауда керуендерінен баж салығын үстемелеп алып, хандық қазынаны молайтты. Кіші жүз қазақтарының Орынбор және басқа қалалармен керуен саудасына жағдай жасауға тырысты. Керуендерді тонауға қатысқан ру басыларын, старшындарды жазаға тартты. Жантөре хандық соттың, кеңестің құқықтық жағдайын қалпына келтіруге тырысты. Алайда, Бөкейдің орнына хандық кеңестің төрағасы болып сайланған Орман Жантөреге қарсылығын тоқтатпады. Жантөре өзінің туған інілеріШерғазы, Баймұхамед, Арыстан және басқа беделді сұлтандарға арқа сүйеп, хандық билікті күшейтуге тырысты. Жантөренің беделінің күшеюінен сескенген Ресей үкіметі өлкені отарлауды жеделдету мақсатында әр түрлі әскери-саяси шаралар арқылы Жантөренің билігін шектеуге тырысып бақты. 1806 жылы 31 мамырда император Александр І “Кіші жүздегі хандық кеңестің ережелері” атты жаңа заң қабылдады. Осы заң сот, әкімшілік басқару жүйесінде ханның құқықтарын бірқатар шектеді. Орынбордың әскери губернаторы князь Г.С. Волконский Жантөре жөнінде екі ұшты саясат жүргізді. Бір жағынан, халық өкілдері сайлаған ханмен санаспауға бата алмай, оның саясатына қолдау көрсеткен болды. Екінші жағынан, Жантөренің күш алып кетуінен сескеніп, оның қарсыластары — сұлтандар Қаратайды, Орманды ханға қарсы жасырын айтақтап отырды. Жантөре шебер дипломат ретінде старшындардың және сұлтандардың біраз бөлігіне иек артып, Кіші жүзде өз саясатын дәйекті іске асырып отырды. Хиуа хандығымен, Бұхар әмірлігімен байланыстарын бірқалыпты деңгейде ұстады. Хиуа билеушілерінің Қаратайды қолдауына қарамастан, бұл хандықтармен сауда, саяси қарым-қатынастарын үзбеді. 1807 жылы Кіші жүзді бұрын болып көрмеген табиғи апат — жұт жайлады. Малдың қырылып қалуы, мыңдаған жандардың аштыққа ұшырауына себепші болды. Жасөспірімдерді өлім апатынан сақтау үшін Жантөре бірқатар шараларды іске асырды. Хан бұл арада осалдық та көрсетті. Көптеген қазақ балалары мен қыздары Ресейде христиан дініне жазылды, Хиуа мен Бұхар әмірліктерінде өзбектермен араласып, ұлттық нышандарын жоғалтты. Ханның жаулары осы ахуалды өздерінің ықпалын күшейту үшін ұтымды пайдаланып кетті. 1808 жылдың соңына қарай Жантөренің жағдайы қиындады. Кіші жүз шын мәнінде бұрынғы тұтастығынан айрылды. Өлкенің батыс өңірін Ішкі Орданың билеушісі Бөкей өзіне бағындыруға тырысты, Хиуа шекарасымен іргелес рулар Қаратайдың қол астына топтасты. Орман сұлтан болса Волконскиймен ауыз жаласып, оның қазақ елін “бөліп алда билей бер” саясатына су бүрікті. Осындай жағдайда Кіші жүздің тұтастығын қайтадан қалпына келтіру үшін Жантөре 1808 жылы 2 шілдеде қазақ сұлтандары, билері, беделді старшындарының арнайы құрылтайын шақыртты. Хандық кеңестің төрағасы Орман құрылтайды ханға қарсы бағыттауға күш салды. Хан билігінің күшеюінен қауіптенген губернатор Волконский ханға қарсы іріткі салу мақсатында өзінің өкілі майор Скрыпинді жіберді. Бұл саясатты дер кезінде түсінген Жантөре қазақтарда сақталған әдет-ғұрыпты демеу етіп Скрыпинді құрылтайға қатыстырмады. Алайда Жантөре мақсатына жете алмады, құрылтай нәтижесіз аяқталды. Бөкейдің үгіт-насихатымен Жантөренің билігіндегі қазақ ауылдарының бір бөлігі Жайықтың оң жағасына, Нарын құмдарына өтіп кетті. 1000 адамдық сарбаздарымен Қаратай да ханның ауылдарына шабуылдарын жиілетті. Бірте-бірте билігі әлсіреген Жантөре Ресей үкіметінен қолдау табу мақсатымен Жайық шебіне жақындап қоныстанды. Алғашында Мерген форпосты төңірегінде, кейінненСахарная бекінісі маңына орнығып, күш жинай бастады. 1809 жылы 2 қарашада ханның өз сақшыларын және төлеңгіттерін түнде ауылдарына таратып жіберетінін біліп қалған Қаратай 200 жігітпен кенеттен Жантөренің ауылына шабуыл жасады. 27 ауыр жарақат алған Жантөре қаза тапты.

Related Articles

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: