|  | 

Саясат

“АЗАТ” ҚОЗҒАЛЫСЫ ӨЗ МАҚСАТЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ МЕ?

Бүгін «Азат» қозғалысы құрылғанына ресми түрде 25 жыл толып отыр. Қозғалыс құрылтайының алғашқы мәжілісі  1990 жылы, 30 маусымда Алматыда өткен болатын. Атаулы датаға орай қозғалыс ардагерлерінің бірі, белгілі журналист Жұмаш Кенебайдан шағын сұхбат алған едік.

- «Азат» қозғалысы өз мақсатына қол жеткізді ме? Қайраткерлі бүгінде қайда жүр? 

- Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысының негізін қалаушы қайраткерлерінің дені бұл дүниеде жоқ. Атап айтар болсам, «Азат» қозғалысының ақсақалы Жағда Бабалықұлы, жеті төрағаның ішінен Сәбетқазы Ақатай және Нұрбақыт Қойшыбеков, «Азат» газетінің бас редактоы Батырхан Дәрімбет.

Этнограф ғалым Мақаш Тәтімов зейнетте, Марат Шорманов кәсіпкер, Гүлжихан Биболдинованың қайда екенін білмеймін.

Сол жылдары қозғалысқа белсене қатысқан Жасарал Қуанышәлі, Хасен Қожа-Ахмет, Айсұлу Қадырбай, Серік Ерғали, Сағат Жүсіп, Дәурен Сатыбалды, Асқар Сырғабаев, Рахат Алтай, Самат Сақалұлы, Гүлшат Еру, т.б. азаматтар дін аман, ортамызда жүр.

Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысы дүниеге келген жылдары әртүрлі қудалаулардың болғаны рас. Дәл қазір, яғни, бүгіндері сол қозғалысқа мүше болғандарды қудалау туралы өз басым естімеппін.

Сұрағыңызға жауапты толығырақ беру үшін, ертеректе жазған мақаламынан үзінді ұсынамын:  «Жұмаш КӨКБӨРІ.

Қазақстанның азаматтық “Азат” қозғалысы 

Ең алдымен «Азат» Қозғалысының тарихи маңызы мен оның құрылу тарихына қысқаша шолу жасап көрелік:

Қазқстандағы тұңғыш саяси ұйым – «Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысында» болған небары екі жылға жетер-жетпес уақытым, тұтастай бір ғасырға татырлық жылдарым болғанын несіне жасырамын. «Азат» қозғалысы ең алдымен Қазақстан тәуелсіздігінің қарсаңында дүниеге келіп, қысқа мерзімде ел тәуелсіздігін жүзеге асыруға өлшеусіз үлес қосқан саяси ұйым бола білді. Осы жылдар ішінде «Азат» қозғалысы:

Ең бірінші, «Қазақстан» тәуелсіздігінің декларациясы Жобасын дүниеге әкелді, Қазақстан халқын осынау ұлы күнге әзірледі,  «Одақтық шарт» дегенді болдырмай тастады, «ГКЧП» (бұл Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет дегенді ұқтыратын)   кезінде «Азаттықтар» халық жағында жәе ҚР президенті жағында болып, төңкерісшілерді ашық мойындамады. Оған дәлел «Азат» газетінің «Бүлікшілер» деген ортақ атпен төтенше санының жарық көруі болған. ҚР Жаңа Конституциясының жобасын әзірлеген де осы «Азат» болды.

Екінші, «Азат» – Қазақстандағы тұңғыш демократия бастауында тұрды және демократияны іс жүзінде жүзеге асыра білді, қозғалыстың алғашқы бөлімшесі Шымкентте құрылған «Бетбұрыс» ұйымынан бастау алады. Бөлімшенің тең төрағалары: Шәкен Орынбеков, Ілесбек Байжанов, Данияр Ілиясов, Әбіласан Шәденовтар болды,

Үшінші, Республика Жоғарғы Кеңесі Парламентінде қаралып жатқан мемлекеттік тіл тартысында «Азат» өзінің сонда депутат болып отырған  тең төрағасы  Нұрбақыт Қойшыбеков арқылы және сол күндері «Азат» қозғалысы белсенділері Үкімет үйінің алдында осы оқиғаға байланысты бейбіт митингі өткізіп, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуына зор ықпал еткені де жалған емес,

Төртінші, «Азаттықтар» «Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияның» жаңа нұсқасын әзірлеп, оның қалай да дер кезінде қабылдауына ат салысты,

Бесінші, «Азат», 1986 жылғы Алматыдағы әйгілі Желтоқсан көтерілісіне саяси баға беруге ықпал жасап, бақты және тар қапаста отырған Желтоқсан қаһармандарын мерзімінен бұрын босатып алуға бар күштерін жұмсады, сол шараларды жүзеге асыру үшін Үкімет Үйі алдында «азаттық» азаматтар аштық та жариялады.

Алтыншы, Орал орыс казактарының бассыздықтарын дер кезінде ауыздықтатқан да осы Қозғалыс болып, оған «Азат» қозғалысынан 113 адам қатысып, олардың араларында: А.Зейнуллин, О.Сәулебай, Ж.Қуанышәлі, А.Қадырбаева, Н.Оразбаев, Д.Сатыбалды, С.Ерғали сынды қозғалыс белсенділері болды,

Жетінші, Бейбіт елге қырық жыл қырғын жасап келген Семей ядролық полигонын жабауға бір кісідей ат салысты, ол кезде Семейде болған «Азат» белсенділері мыналар еді: Жамбыл облыстық бөлімшілерінің басшылары: А.Сырғабаев, А.Үсібалиева, Ж.Абдуллаева, Н.Әлімұлов, Ш.Жалжанова, семейліктер: Р.Алтайұлы, С.Сақалұлы, Г.Еруова, алматыдан:М.Есенәлиев, А.Асылбеков, Ж.Кенебайлар болды, Павлодардағы Ермак басқыншының (ұйымдастырушылар: А.Асылбеков, Бикеш Дүрменова, светлана Қондыкерова, Б.Дәрімбет, Д.Сатыпалды, т.б., Алматыдағы Дзержинский жауыздың ескерткіштерін күшпен алдырды «ұйымдастырушы Хасен Қожа-Ахмет, т.б.), т.б. толып жатқан еліміз өміріндегі аса маңызды оқиғаларға ат салысты, Қазақстан тәуелсіздігін баянды етті. Қозғалыстан тұңғыш рет республика парламентіне: Нұрбақыт Қойшыбеков, Асқар Сырғабаев, Жасарал Қуанышәлінің әр қайсысы өз күшімен жеңіске жетіп,  депутаттар болды.

Бұл жеті тармақ – «Азат» қозғалысы уақыт-уақытымен ұлт игілігі үшін жүзеге асыра білген ең маңызды саяси шаралар бола білді. Соның нәтижесінде «Азат» қозғалысы шын мәніндегі ұлттық саяси қозғалысқа айналды.  Бұл сол тұс үшін үлкен жетістік еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ мемлекеттігінің бастауында болған «Алашорлда» Үкіметінің серкелері: Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Халел Досмұхаметұлы, Жаханша Досмұхаметұлы, Мұстафа Шоқай, т.б. ұлт көсемдерінен кейін саясат сахнасынан «Азаттықтар» шыққан еді.

Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысының тұңғыш Құрылтайы Алматы қаласында 1990 жылдың 30-маусымында салтанатты жағдайда ашылды. Азаматтық «Азат» қозғалысының жеті тең төрағасы сайланып, Қозғалыстың Жарғысы мен Бағдарламасы бекітілді. Құрылтайды үш адам жүргізіп отырды. Олар: Қазақстан КП Алматы қалалық комитетінің бұрынғы екінші хатшысы Марат Шорманов, тарих ғылымдарының кандидаты Сәбетқазы Ақатаев және Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, сәулетші әрі құрылысшы Нұрбақыт Қойшыбеков еді.

Құрылтай барысында жеті адам тең төраға болып сайланды: Михаил Есенәлиев, Сәбетқазы Ақатаев, Марат Шорманов, Нұрбақыт Қойшыбеков, Сайын Шапағатов, Гүлжихан Биболдинова және Геннадий Головастиков. Ал, Мардан Бәйділдаев пен Мақаш Тәтімов құрметті төрағалар болды. Сәкен Жүнісов пен Дулат Исабековтерге «Азат» газетін шығару тапсырылды (бұл екі жазушы ол міндетті атқара алмаған сияқты. Кейін, газеттің бас редакторы болып – Батырхан Дәрімбет, орынбасары болып, мен, Жұмаш Кенебаев сайланған едік…). 40-қа жуық азамат Үйлестіру Кеңесінің мүшесі болып сайланды.

«Азаттың» мына облыстарда бөлімшелері болды: Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе (06.04.1991), Қызылорда (24.11.1990), Батыс Қазақстан (08.12.1990), Жамбыл (12.01.1991), Семей (29.06.1991), Маңғыстау (09.12.1990), Алматы қалалық, Алматы облыстық және мына қалаларда: Көкшетау (19.01.1991), Павлодар (30.03.1991), Солтүстік Қазақстан, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, т.б.

«Азаттың» Ақсақалдар алқасына: Мақаш Тәтімов, Мардан Бәйділдәев, Камал Ормантаев, Әмина Нұғыманова, Жағда Бабалықов сайланды.

«Азат» қозғалысының үні әрі жәрдемшісі «Азат» газеті болды. Оны негізінен бас редактор Батырхан Дәрімбет және мен Жұмаш Кенебай  шығарып тұрдық. Бұдан басқа «Азат» қозғалысын кеңінен насихаттап тұрған «Азаттық» радиосының Қазақстандағы бюросының бастығы Қиял Сабдалин болды. Кейін оның қасына Саясат Бейісбай келіп, атсалысты. Бұадан кейін Батырхан Дәрімбет пен мен  ол радионың штаттан тыс тілшісі болып, хабарлар беріп тұрдық. Ал, Алманияның Мүнх қаласындағы «Азаттық» радиосы қазақ бөлімінің директоры Хасен Оралтай, тілшілер: Суат Шеруші, Нұркәмал Пынар, Әбдулақап Қара, т.б. азаматтар Қазақстандағы саяси жағдайларды жіті бақылап отырды. Оның ішінде біздің «Азат» қозғалысына басты назар аударып тұрды.

«Азат» қозғалысының өміріндегі тағы бір айтулы оқиға, 1991 жылдың маусымында Алматыға Түркиядан жүз елудей кілең бір «сен тұр, мен атайын» дейтіндей, қаны сорғалап тұрған ұлтшыл, түрікшіл азаматтар шығып, жолай Баку, Қазанды басып, бізге табан тіреулері болды. Ол топты «Азаттық» радиосы қазақ бөлімінің директоры Хасен Оралтай, үлкен түрікшіл ғалым Тұран Язған, Шабан Қараташ, Шеризат Доғры, Ердоған Асылүйже, Сыдыхан Ұлышай, т.б. есімдері түрік әлеміне жақсы таныс тұлғалар бар болатын. Үш күн олармен бірге болып, естен кетпес ғажайып күндерді басымыздан кешкеніміз, Хасен Оралтай мен Әмина Нұғыманова тұңғыш рет Медеу шатқалын күңірентіп, «Алаш» маршын орындағаны, ол арада «Азаттық» радиосының тілшісі Қиял Сабдалиннің болғаны, Сәбетқазы Азқатай, Марат Шорманов, Жағда Бабалықұлы, Хасен Қожа Ахмет, ақын Мұхтар Шахановтың қонақтарды арнайы күтіп алғаны, Компартия өкілдері Төлен Әбдік пен Ғадылбек Шалахметовтардың біздің «Алаш» маршын орындағанымыздан шошып кетіп, қаша жөнелгендірі, түрік миллетшілерімен жақсы достық қарым-қатынас орнатқанымыз, бірнеше рет Түркияда, Алманияда болғанымыз, соған куә…»

Міне, Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысының құрылу тарихы қысқаша осындай болған.

- «Азат» қозғалысын кейінгі буын біле бермейді, бұл осы қозғалыстың атқарған қызметі өз уақытындағы науқан ғана болып қалды деген сөз емес пе?

- Бұл сұраққа жоғарыда толық жауап бердім ғой деп ойлаймын.

- Кезінде теле хабарлар жасап, түрік әлемінің бірлігін насихаттадыңыз. Қазір бұл тақырып қоғамда қозғала бермейді. Сіз неге тоқтадыңыз?

- Иә, «Түрік даналары» атты авторлық телебағдарламамның 1992-2000 жылдар аралығында «Қазақстан» телеарнасының таңғы «Таңшолпан» бағдарламасынан небары жеті минут көлемінде алғаш көрсетіле бастағаны белгілі. Сол кездегі «Таңшолпан» редакциясының бас редакторы  Иманбай Жұбаевтың менің бұл авторлық телебағдарламамның көпшілік аудиториясыныа кеңінен тарауына қосқан үлесі айрықша еді.

Ал, 1994- 2000 жылдар аралығында «Түрік даналары» атты авторлық телебағдарламам апта сайын «Қазақстан» және «Алатау» телеарналарынан тұрақты түрде көрсетіліп тұрды. Осы жылдар аралығында барша түрік халықтарының ортақ ұлы тұлғалары: Ишпақай, Томирис, Мөде қаған, Атилла, Білге қаған, Күлтегіннен бастау алатын біздің ұлы бабаларымыз саналатын айрықша тұлғалар туралы әр қайсысы отыз минуттан қырыққа жуық теле хабар түсіріппін.

Бұл телебағдарламаның көптеген хабарларының дүниеге келуіне Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше  және өкілетті елшісі Құртылыш Ташкент, елшінің кеңесшісі Алладин Қорықмаз, сол кездегі «Азаттық» радиосы қазақ бөлімінің директоры Хасен Орлатайдың, қазақ ғалымдары:  Мәмбет Қойгелді, Алма Қыраубайқызы, Марат Барманқұлов, Әмір Молдабек және т.б. азаматтардың қосқан үлесі өлшеусіз дер едім.

1999 жылы «Алатау» телеарнасының кенеттен жабылуына байланысты менің бұл телебағдарламам өзінің өмір сүруін тоқтатқан еді. Кейін марқұм Абдолла Алтый «Таңшолпанға» бас редактор болып келген күннен бастап, «Түрік даналары» ықшамдалған түрде эфирден көрсетіле бастады. Шамамен бір жылдан кейін «Түрік даналары» эфирден алынып тасталды.

Оның үстіне бұл телебағдарламаның авторы әрі жүргізушісі маған «пантүркист», «түрікшіл», «алашордашыл», «ұлтшыл» деген айыптар тағылып, мені де, менің телебағдарламаларымды да эфирден көрсетпейтін болды.

Шамалауымша қазір менің «Түрік даналары», «Тұлпардың тұяғы», «Дара тұлғалар», т.б. телехабарларымның дені телевизияның негізгі қорында сақтаулы тұрған сияқты. Менің «Түрік даналары» авторлық телебағдарламам Түркияның электронды ақпарат құралдарында, Әзірбайжан телестудиясында күні бүгінге дейін көрсетіліп келе жатқанын жақсы білемін.

-    Бүгінде «түрікшілдік» идеясы, дәлірек айтқанда түрік қанды ұлттардың бауырмалдығы саяси элитадан тыс қоғамда белсенді емес. Неліктен олай деп ойлайсыз?

- Қазақстан тәуелсіздігінің қарсаңында біздер: Хасен Оралтай, Фәдли Әли, Батырхан Дәрімбет, т.б. бір топ азамат түрікшілдік идеясын ту етіп көтеріп шыққандай болған едік. Амал қанша, біздің ол идеямыз ұзаққа бармады. Қазіргі орысшыл, мәскеушіл биліктің қыспағына ұшырап, ақыры құрдымға кеткендей болған. Біз Зия Гөкалып, Нихал Атсыз, Жүсіп Ақшора, Гаспралы, Міржақып Дулат, Мағжан Жұмабайұлы армандарын жүзеге асыруға қанша тырысқанымызбен онымыздан түкте шықпады. Менің авторлық телебағдарламам “Түрік даналарының” негізгі мақсаты осы түрікшілдік идеясын насихаттау болған.

Бүгіндері біз түрікшілдікті қойып, қазақшылдық идеясынның ашық айта алмайтын қалге жеткендейміз. Бұл, ащы да болса, ақиқат! …

-     «Азат» қозғалысы елдің бүгінгі аяқ алысын қалай бағалайды?

- «Азат» қозғалысының негізгі мақсаты Қазақстан тәуелсіздігі болатын. Қозғалыс негізінен өзінің түпкі мақсатын орындады деп айтса да болады.

Ал, Қазақстанның  тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі өсу жолы негізінен сол мәскеушілдігімен ерекшеленеді. Егер ғайыптан «Азат» қозғалысы қайтадан атқа мінсе, бүгінгі орысқұл биліктің ұлтсыздану саясатымен ашық күресер еді деп ойлаймын.

Қазақстанның өз алдына ел болған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде тек қана бір ұлттты, біз қазақтарды діні, тілі және барлық ұлттық құндылықтары жағынан тұқыртып келе жатқанын ешкім жоққа шығара алмаса керек.

Шектен шыққан мәскеушілдік, орысшылдық, ұлтсыздық қазақ халқының аяғына тұсау салып отырғанын мен жоққа шығара алмаймын. Әңгіменің ашығын айтсам, тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ халқы емес, кешегі қызыл коммунистердің өздері немесе олардың ұрпағы ғана сияқты әсер етеді маған. Қазақ ұлтының шын тәуелсіздігі әлі де алда сияқты…

- Әңгімеңізге размет! «Азаттың» рухы өскелең ұрпақтың қанында туласын!

Ақан Бектас

Abai.kz

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: