Астананы су тасқынынан сақтайтын бөгет салынады
Сақтықта қорлық жоқ деп есептейтін билік Астанада су тасқынынан қорғайтын бөгет салмақ. Қала әкімдігінің хабарлауынша, ол көктем айларында қарғын судың жайылуына тосқауыл қояды.
Мұнымен қоса, Есілдің жағалауында жаңа 14 нысан бой көтеріп, суға шомылатын арнайы орын жасақталмақ.
17 кемеге шақталған су бекеті де жаңғыртылады. Бір сөзбен айтқанда, астаналықтар мен қала қонақтары серуендейтін сүйікті орын Есіл жағалауы жаңа кейіпке енеді.
Дереккөз: 24.kz
Пікір қалдыру