|  | 

Руханият

«Бала Абай» Үрімшіде түсірілмек, біз неге қалғып отырмыз?

Bala AbayБиыл ұлы Абайдың туғанына – 170 жыл. Қазақтың кемеңгер ойшылы, сарқылмас қазынасы, данышпан ұлы Абайдың мерейтойына арналып, түрлі мерекелік шаралар басталып кетті.

170 жылдықтың құрметіне орай туған топырағы Шығыс Қазақстан өңірінде дүбірлі той өтпек. Ақын мұрасын дәріптеуде Үрімшідегі қандастарымыз да шет қалмаса керек. Хакім ата тойына арнап 3D-де мультфильм түсіруді қолға алыпты. Фильмнің режиссері Ғұсман Қажытайұлы. Абайдың балалық шағы туралы түсірілетін анимациялық фильм 104 сериядан тұрады. «Бала Абай» компанияның алғашқы жобасы. Бұл сәтті болып шықса, Үрімшідегі қандастарымыз толық метражды фильмдерді түсіруді де қолға алмақ екен.
Режиссердің айтуынша, мультфильмнің сценарийін Қазақстан азаматтары мен Үрімшідегі қандастарымыз ортақтасып жазыпты. Негізінен, қазақтың мифтік аңыздары мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан алынған. Режиссер «100 пайыз романнан алынды деп айта ал­маймыз. Өйткені бұл мультфильмде Абайдың бала кезі, қазақ балаларының үлкенді сыйлап, кішіні аялайтын тәр­биелілігі, қиыншылық алдында сабыр­лылығы мен тапқырлығы, ала жіпті ат­та­май­тын адалдығы мен ақылды Абай образы сомдалады. Негізінен, балалық шағы айты­лады» дейді.
Тіпті, Ғұсман Қажытайұлы басқаратын «Абай» академиясы қазақ аниматорларын дайындауға күш салуда. «Біз кемінде 500-ден астам аниматор мамандар дайын­дауымыз керек» деуі осының дәлелі. Өйткені 500-ден артық аниматор ұл­ты­мыздың атадан келе жатқан мифтік аңыз-әңгімелері негізінде анимациялық фильм­дер түсірсе, ел руханияты үшін құнды қа­зынаға айналар еді. Жыл сайын академия кемінде елу шәкірт тәрбиелеуді қолға алуда. Әр жылы қабылданатын ба­лалардың саны да арта түспек.
«Бала Абай» жобасы жан дүниемізбен, терең сүйіспеншілікпен, қоғам және ұрпақ алдындағы жауапкершілікпен, ең озық технологиялармен халықаралық деңгейге, нарыққа шығуға күш салып жатырмыз» деген екен режиссер. Үрімшіде тұрып, қазақ анимациясының өсіп-өркендеуіне үлес қосып жатқан қандастарымыздың бұл игі ісі қуантарлық жайт. Олар шетте жүрсе де қазақ мәдениетінің болашағына алаң­дай­ды. Қазақ мультфильмінің әлемдік на­рыққа шыққанын қалайды.
«Бір ұлттың мәдениеті – сол ұлттың гені». Ғұсман Қажытайұлының бұл пі­кірінің жаны бар. Ұлттың мәдениеті де­геніміз – киносы, мультфильмі, өнері, әні мен жыры, күйі, жыр-дастаны. Сол себепті, шеттегі қандастарымыз ұлттық өнерге жаны ауырады. Ұлттық мәдениетті да­мытқысы келеді. Ұлттық мәдениетке бүйрегі бұрып тұрады.
Бізде ше? Рас, еліміздегі қазақ ани­маторларының «шекесі шылқып» тұрған жоқ. Қазақ анимациясының да күйі кері кеткен. Әйтпесе, қазақ мультфильміне негіз боларлық дүние қазақ мифоло­гия­сында жетіп артылады. Өзіміздегі барды ұқсата алмайтынымыз не себептен?! «Бала Абай» жобасы қолға алынды деп қуанамыз, бірақ соны өзімізде жасағымыз келмейтіні қалай?! Қазақ аниматорларын тәрбиелеуді шеттегі қандастарымыз қолға алды деп өрекпиміз, өзімізде дамытуға кежегеміз кері тартып тұратыны неліктен?!
Осындай сауалдар аяқ басқан сайын алдымыздан шығады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы келе жатыр. Ширек ғасыр бойы шешілмеген сансыз сауал ауада тұра бере ме? Әлде ұлы Абай айтқандай «орынды қарекет» жасаудың кезі әлі жетпеді ме?!
Қазақ келер таңда өзге ұлттың мәде­ниетін қабылдаушы ғана емес, өз мәде­ниетін таратушы ұлтқа айналуы керек. Сонда ғана қазақ мәдениетінің күні оңынан туатын болады.
Ал әзірге Қытайдағы қандастарымыздың «Бала Абайы» ғана көңілге медет. «Дана Абай» бейнесін еліміздің кино мен ани­мация саласынан көретін күн қашан келер екен?..

«Айқын»

Tags

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: