Жүк көлігі шұңқырға құлап кетті
ШҚО-ның Ұлан ауданында жүк көлігінің жүргізушісі қираған көпірді байқамай, жол өтпесінің бетон жабындыларының қирауынан қалыптасқан шұңқырға құлап кетті.
Оқиға салдарынан екі адам жарақаттанды, деп хабарлайды BNews.kz.
Төтенше жағдай Ұлан ауданының Привольное ауылының маңында орын алды. Көктем кезінде су тасқынынан шағын өзен жағалауға шығып, көпірдің бетон плиталары қирап қалған болатын.
Осылайша, «Өскемен-Семей» республикалық маңызды тас жолы жабылып қалды. Жол қызметінің мамандары жедел түрде айналма жол жасады, дегенмен қираған жол өтпесін ешкім жөндемеді.
«Тіркемемен келе жатқан «Howo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі болжам бойынша қоршауды байқамай қалып, көпір жаққа жүрген, – деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. –
Автокөлік жоғары жылдамдықпен келе жатып, шұңқырға құлап, бетон плитаға соғылған. Жүргізуші мен жолаушы түрлі жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.
Пікір қалдыру